Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 23:43, курсовая работа
Несие қабілеттілікті анықтауда әр түрлі қарыз бойынша барлық клиент үшін (сала ерекшелігіне) бір ғана әдісті қолдану үлкен қателік, осы аталғандарға байланысты қарыз алушының несие қабілеттілігін талдаудың теориялық-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік тәртібін одан әрі өңдеп және жетілдіруге байланысты іздену, зерттеу қажеттілігі туындады. Жасалған зерттеулер мен ізденістерге қарамастан қарыз алушының несие қабілеттілігі несие операцияларының күрделілігі мен сантүрлілігіне байланысты несие қабілеттілікті талдаудың тиімділігін арттыруға байланысты жаңа әдістер мен тәуекелдердің алдын алу мен төмендету жөніндегі нақты ұсыныстар әзірлеуді қажет етеді.
Үшінші сатыда дайындалған өнім ақшаға сатылады. Сөйтіп, құнның тауарлық нысаны қайтадан, өзінің бастапқы нысаны-ақша нысанына ауысады, тек бұрынғыдан өткен мөлшерде өндірушінің таза пайдасы қосылады.
Осыдан ауыспалы айналымның мынандай формуласы бар-
А-Т ..Өп .. Т-А-онда
А-ақша нысаны
Т-тауар нысаны
Өп-өндіріс процесі.
Т-тауар нысаны,өсісімен:
А-ақша нысаны, өсімімен:
Ақшалай қаражат ауыспалы айналыммен қатар айналымнан өтеді. Олай деудің себебі, сатылған өнімнен түскен ақшаға қайтадан өндіріс құрал-жабдықтары сатылып алынады, еңбек ақы төленеді т.б. Сөйтіп, ауыспалы айналым қайтарылынады. Қаржының осындай үздіксіз қайтып оралып отыруын оның айналымы деп атайды.
Сонымен қатар, осындай ақшаның матариалдық нысанға ауысып, одан қайтадан ақшаға айналуы әрбір шаруашылықта бір кезде өтпейді. Бір шаруашылық өндіріс кезеңін жаңа бастап жатса, екіншісі оның орта шенінде жүреді, ал үшінші, оны аяқтап, енді өнімдірін сата бастайды. Әрине, іс жүзінде әр өндіріс кезеңдерінің, тап осындай шектелуін байқау қиын. Өйткені, өндіру мен өткізу кезеңдері үздіксіз, күнбе-күн жүріп жатады. Дегенмен, өндірістің осындай кезеңділігінің салдарынан кезкелген шаруашылықта ақшаның құйылу мен тартылу сәттері болып тұрады. Өйткені, өндіріс пен айналым кезеңінің ұзақтылығы әр шаруашылықта әр түрлі. Оған себеп, әр шаруашалықтың әртүрлі табиғи жағдайлары, техникалық жабдықтану деңгейі, шикі заттар мен отын жеткізушілірдің және дайын өнімді тұтынушылардың, алыс-жақындығы, жұмысшы-қызметкерлердің мамандық дәрежесі мен өндірісті ұйымдастыру қабілетінің деңгейі т.с.с. Кейде мүлде бірдей жағдайда істейтін екі кәсіпорынның айналым мерзімі бірдей болмайды. Өйткені, өндірісті ұйымдастыру оны керекті заттармен қамтамасыз етіп, шыққан өнімді өткізу деңгейлері оларда мүлде бірдей болмайды.
Сонымен қатар, өндіру мен өткізу процесінде басқа да , айналымды жеделдететін, немесе бәсеңдететін, кездейсоқ қозғаушы күштер пайда болады.
Мысалы:
-Шикізаттар мен материалдық түсуінің бір қалыпты болмауы:
-Тасымалдау
жағдайының қиындылығынан (мысалы,
темір жол вагодарының болмай
қалуы) дайын өнімді өткізудің
- Өткізілген өнім үшін, немесе, көрсетілген қызмет үшін, уақытында төленбеушілік т.с.с.
Несиенің мазмұнын анықтағанда оның әлеуметтік, экономикалық жағын да ұмытпаған жөн. Өйткені несиенің өзі қоғамдық қажеттіліктің туындысы болып табылады. Қоғам қандай экономикалық формацияда болса да, несие соның мақсатына қызмет атқаруға тиіс.
Несиенің мазмұнын ашып көрсету жолында кейбір экономистер оның сенімділігіне көбірек көңіл бөледі. Өйткені, « Несие» деген сөздің орысшасы, «кредитә, латынның «Credere» деген сөзінен шыққан. Оны, егер, орысшаға аударса «верить» деген сөз, қазақша «сену»болады. Бірақ, мәселені бұл тұрғыдан қараған дұрыс емес. Несие еш уақытта құр сеніммен берілмейді. Несие алу үшін, алдымен оның кезінде қайтаррылуын қамтамасыз ететін кепілдемелер беру керек.Әрине , банктер кейде өзінің өте сенімді, көп жылдан бері қарым-қатнастары нығайған, қаржы жағынан тапшылық көрмейтін клиенттеріне сенім көрсетеді. Оларға несие «сенім несиесі» деп аталады. Бірақ мұндай жағдай сирек кездеседі, әсіресе экономикалық дағдарыс, нарықтық қарым-қатнастың жетілмеген кезеңінде. [5;58б].
Әрбір экономикалық категорияның
мәні оның атқаратын қызметі
басқа категориялардан
Айырбас процесінде уақытша бөлініп шыққан құнды кейін өзінің алғашқы иесіне өсім ақымен қайтарып беру келісімібойынша несие беруші мен қарыз алушының арсында несие қатнастыры пайда болады. Бұл қайта бөлу-несиенің алғашқы қызметі.Несие арқылы( бөлу қызметінің белгілері қандай?.) бөлінетін не? Соны анықтау қажет, яғни несиенің қайта қызметінің белгілері қандай? Несие беруші несие мәмілесі арқылы қарыздарға бір жағдайда уақытша қолдануға тауарлы-материалдық құндылықтарды: ал басқа жағдайда ақша қаражытн беруі мүмкін. Екі жағдайда да мәміленің мәні бірдей болғанымен берілетін зат әр түрлі. Алайда заттың формасының әртүрлі болуына қарамастан, оның мазмұны өзгермейді; қайта бөлінетін заттың құны.
Сонымен, несиенің қайта бөлу қызметіне құнды бөлуқасиеті тән.Ол аймақтық, салалық, шаруашылық нышандарына байланысты; аймақтықаралық, салалықаралық, слалық және шаруашылықаралық түрлерге бөлінеді. Несие қатнастары, тұратын орнына қарамай, адамдар мен әр түрлі ұйымдар арасында туындаса ол құнды аймақтықаралық қайта бөлу деп есептеледі. Егер слалық банктен несие алынса, ол несиені салалық қайта бөлу, ал егер несие беруші экономиканың бір саласында болып, қарыздар кәсіпорын басқа слада болса, онда несиені салалықаралық қайта бөлу болады. Несиені шаруашылықаралық қайта бөлу бір кәсіпорын деңгейінде жургізілмейді, ол тек екі шаруашылық субъектісі арсында уақытша бос ақша қаражатын несие көзі пайдаланғанда туындайды.
Қайта бөлуді несие ресурстарын пайдаланушы субъектілердің әр түрлі деңгейіне байланысты да қарауға болады. Мысалы: несие қатнастарының субъектісі ретінде кәсіпорын деңгейінде құнның қайталама айналымы және айналымы шеңберінде ақша қаражаты мен тауарлы-материалдық құндылықтар қайта бөлінеді. Ал халық шаруашылығы деңгейінде несиенің қатысуыменжиынтық өнім, ұлттық табыс қайта бөлінеді. Айта кететін бірінші жәйт, неисенің қайта меншік иесі өзгермейді, қайта бөлінетін құн несие берушінің меншігі болып қала береді. Екінші, несиенің қайтабөлу қызметі жалпы құнның қайта бөлінуін емес, (тек уақытша бөлініп шыққан құнның қайта бөлінуін емес) тек уақытша бөлініп шыққан құнды қамтиды.
Несиенің келесі атқаратын қызметі- нақты ақшаны несие операцияларымен алмастыру. Тауарлы шаруашылықта нақты ақшаның орнына несие операцияларын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалған. Сатылып алынған тауарлармен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға байланысты, өзара есептесу бойынша бір шоттан екіншісіне ақша аудару қолма-қол ақша төлемін қысқартуға, ақша айналымының құрылымын жақсартуға, төлем айналымын кеңейтуге мүмкіндік беріп, нәтижесінде айналыс шығындарын азайтады. Қазіргі тауарлы шаруашылықта қарызға берілген құн шаруашылық айналымында жалпы ақшаның орнына жүрмейді. Экономикалық айналымда ақшаны тек уақытша алмастыру қызметін атқаратынын айта кету керек. Қарыздардың қарызға алған құны шаруашылық айналымында ақшаға тән «қызметін» атқарады.
Нақты ақшаны несие операцияларымен алмастыру үшін бірсыпыра алдын-ала жасалған жағдайлар болуы шарт;
Несиенің қызметтерін айта келіп, кейбір экономистер оның бақылау қызметін де атап өтеді. Бірақ, біздің тұжырым бойынша, бақылау банк мекмесінде қызмет жолайтын мамандардың саналы да мақсатты іс-әрекеті, ал экономикалық категория сол бақылаудың негізгі және құралы болып табылады.
Несиенің экономика дамуындағы ролі деп несиені қолдану әдістерін пайдаланып, мемлекет пен халық үшін қол жеткізген нәтижелерді айтады. Несиені қолдану әдістеріне: оны қайтарып беру, белгілі бір мерзім аралығында пайдалану, пайдаланғаны үшін ақы төлеу жатады. Несиенің бұл ерекшеліктерінің ресурстарды тиімді пайдалануда маңызы зор.Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдану аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық несиелерді пайдалану жаңғыртылды, сонымен бірге несие қатнастары мен несиенің көлемі де өзгереді.
Акционерлік компаниялардың пайда болып, олардың акциялар шығаруы, бюджеттің әр түрлі бағалы қағаздар тарту арқылы қаржысын кеңейту бағалы қағаздар мен жүргізілетін несие операцияларын дамытты. Сондай-ақ несие беру тәсілдерінің жоғары сатыға көтерілуі несиенің маңызын арттырады. Бұрын банктік несие орталықтан қатаң басқарылып, қарыз алушыларға белгілі бір шектеулі сана берілетін. Қазір нарықтың экономика жағдайында жылжымайтын мүлікті кепілдікке салып күрделі қаражат алуға мүмкіндік бар. [7;113б]
Несиенің қызметтері | |
Ынталандыру |
Орнын ауыстыру |
|
Қолма-қол ақшаны несиелік ақшамен ауыстыру |
Бөлу |
1.3
Несиелік ресурстар және олардың қалыптасу
көздері
Нарық жағдайында банктердің ресурстық потенциалын өсіру мәселелері және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету бірінші дәрежелі маңызға ие. Несиелік ресурстар халық шаруашылығының уақытша бос ресурстары мен жинақтары (ақшалай және тауарлай формада) және банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттарының жиынтығы.
Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы. Біздің көзқарасымызша, экономикалық белгісі бойынша анағұрлым дұрысы, несиелік ресурстардың кайтарымдылық негізде уақытша пайдаланылатын ақшалай қаражаттардың бөліктері ретінде айқындалуы болып табылады.
Коммерциялық банктер қарыз беру процесінде пайдалану үшін жинақтайтын несиелік ресурстар келесі көздер есебінен құралады:
• депозиттер;
• банкаралық займдар;
• депозиттік емес көздер;
• коммерциялық банктердің меншікті каражаттар.
Нарықтық экономикаға өту және банктік жүйені басқару күрылымындағы және сызбасындағы өзгерістер несиелік ресурстардың құрамында және көздерінде көрініс тапты. Несиелік ресурстардың құрамы біртекті емес. Несиелік ресурстардың анагұрлым тұрақты бөлігі болып депозитгік қаражаттар табылады, олар әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Депозиттердің салым ретінде орналастырылуы мүмкін ең төменгі шегі деген ұғым жоқ. Теория жүзінде ең жоғарғы шегі бар, өйткені банк Орталық банк анықтайтын өз қаражаггары мен міндеттемелері арасындағы нормативтік арақатынасты сақтауға міндеттенеді.
Депозиттер
деп әдетте клиенттердің банкке белгілі
бір талаптарының бар екенін куәландыратын
банктік шоттардағы жазулар немесе
клиенттердің банктердегі келісімдер
және шарттар бойынша салымдар формасындағы
ақшалай қаражаттары түсіндіріледі.
2 БАНК ҚЫЗМЕТІНДЕГІ
НЕСИЕ ТӘУЕКЕЛДІЛІКТЕРІН
2.1 Несие тәуекелділігін
басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие
қабілеттілігін бағалау және талдаудың
теориялық негіздері
Бірінші бөлімде несиелеумен байланысты тәуекелдерді басқарудағы елеулі кемшіліктердің банк жүйесінің дағдарысына әсері ашылды. Бірқатар банктерде тәуекел-менеджмент жүйесі мүлдем құрылмаған болса, басқаларында – осы функцияның тәуелсіздігі қамтамасыз етілмеген, үшіншілерінде – жоғары басшылық тәуекел-менеджерлердің туындаған проблемалар жөніндегі ескертулеріне құлақ аспайды. Банк жүйесінің даму кезеңінде басшылық тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін құру үшін айтарлықтай күш-жігер салуға тиіс. Ал ол үшін жоғары басшылықтың саяси еркі қажет. Біздің ойымызша, «Несие тәуекелділігі - сыртқы және ішкі орта факторлары әсерінен қарыз алушы тұлғаның банк алдындағы өз міндеттемелерін орындаудан жартылай немесе толықтай айырылуы». Шынайы экономикаға жіберілген қарыздарды икемді басқарудың бірден-бір жолы – тәуекелдерді дұрыс басқара білу.
Қарыз алушыларды несиелеу кезінде туындайтын төлемсіздікті, жалпы тәуекелділікті төмендету үшін бірнеше факторларды ескерген жөн:
Информация о работе Коммерциялық банктердің несие тәуекелділіктерін басқару және реттеу