Банктің Өтімділік тәуекелін басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 10:40, реферат

Краткое описание

Банктер басқа да коммерциялық ұйымдар сияқты белгілі бір мақсатқа сүйенеді – пайданы барынша көбейту. Бірақ бұл мақсатқа жету барысында банк мынандай заңдылыққа қарама – қайшы келеді, « Пайда жоғарланған сайын, тәуекелділік те жоғарылайды ». Ал банк жүйесінде жүретін операциялардың соңғы нәтижесін, ол дегеніміз пайданы максималандыра білу, осы тәуекелділіктердің басқарып білумен тура байланысты. Міне, осы мәселенің барлығы бірінші бөлімде қарастырылған.

Оглавление

Өтімділік тәуекелін басқарудың саясатына
Өтімділіктің ішкі және сыртқы түрлері

Файлы: 1 файл

БТ 6-тапсырма.docx

— 524.10 Кб (Скачать)
 
 
 
 
 

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Тақырыбы:

  • Өтімділік  тәуекелін  басқарудың саясатына
  • Өтімділіктің ішкі және сыртқы түрлері

      
 
 
 
 
 

    Орындаған: Бейсенова Н.А. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Алматы 2011ж.

    Өтімділік тәуекелін басқару 

    Банктер  басқа  да   коммерциялық   ұйымдар  сияқты   белгілі  бір   мақсатқа  сүйенеді – пайданы  барынша  көбейту.   Бірақ  бұл  мақсатқа  жету  барысында  банк  мынандай  заңдылыққа  қарама –  қайшы  келеді, « Пайда  жоғарланған   сайын,  тәуекелділік  те  жоғарылайды  ».  Ал  банк  жүйесінде   жүретін  операциялардың  соңғы  нәтижесін,  ол   дегеніміз  пайданы  максималандыра  білу,  осы  тәуекелділіктердің  басқарып  білумен  тура  байланысты.   Міне,  осы  мәселенің  барлығы   бірінші  бөлімде  қарастырылған.

    Барынша көп пайда табуға ұмтылу нарықгық қатынастар жағдайындағы коммерциялық банктер жұмысының басты қағидасы болып саналады.

    Кез келген шаруашылық қызметінде қандай да бір шаруашылық операцияларыньң өзіндік ерекшеліктерінен туындайтын әрқашанда ақша ысырыптарының болу қауіпі өмір сүреді. Мұндай ысыраптар қауіпі қаржы тәуекелдерін білдіреді. Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақтылығы банк саласы қызметінің сенімділігіне көп байланысты.Бірақ банкілер өткізетін операциялар тәуелділікпен жүргізіледі.

    Тәуекел — бұл табысқа жете алмаған жағдайдағы оның болуы мүмкін зардаптары мен одан шығудың белгісіздік жағдайын көрсететін кез келген өндірушінің, оның ішінде банк қызметінің ахуалдық сипаттамасы болып саналады.

    Тәуекел пайданы жоғалту және берілген несиелерді уақытында төлемеушіліктің салдарынан шағымдардың пайда болуы, ресурстық базаның қысқаруы, баланстық операциялардан сыртқары түрде төлемдерді жүзеге асыру сияқты кажетсіз нәтижелердің болу ықтималдылығынан көрінеді. Сонымен бір мезгілде тәуекел деңгейі неғұрлым төмен болса, жоғары пайда алуға деген сенім де соғұрлым аз болады. Соңдықтан, біріншіден, кез келген өңдіруші тәуекел дәрежесін барынша төмендетуге тырысады жөне бірнеше баламалы шешімдердің ішінен әрқашанда тәуекел деңгейі төменін таңдайды, екіншіден, іскер белсенділік, кірістілік дәрежелері мен тәуекел деңгейінің оңтайлы арақатынасын таңдауы қажет болады.

    Банк  операцияларының түгеліне жуық түрлері тәуекел жағдайында болады. Өткен кезендегі Казақстанның коммерциялық банктерінің тәуекелдеріне талдау жасай келіп, келесілерді атап көрсетуге болады:

    1. көптеген үйымдардың өндірістік  құлдырауы және қаржылық тұрақсыздығымен, бірсыпыра шаруашылық байланыстарының жойылуымен байланысты экономиканьң дағдарысты жағдайы;

    2.  Банк жүйелерін құрудың аяқталмаушылығы;

    3.  кейбір негізгі заң актілерінің  жоқтығы немесе жетілдірілмегендігі, база мен нақты ахуал арасындағы сәйкессіздік;

    4.  инфляция.

    Бұл жағдайлар туындайтын банк теуекелдері  мен оларды зерттеу үдістеріне түбегейлі өзгерістер енгізеді. Дегенмен, аталмыш жағдай тәуекелдердің туындауы мен олардың даму деңгейінің үрдістеріндегі ортақ проблемалардың болуын жоққа шығармайды.

    Тәуекелдер нақты деректерден, бүгінгі жағдай мен болашақ дамуға баға берудегі ауытқушьлықтардан пайда болады. Бұл ауытқулар оң жөне теріс болуы мүмкін.

    Тәуекел — бұл көпшілігі сәйкес келмейтін, ал кейбір жағдайларда қарама-қайшы негіздерге ие күрделі, жүйелі құбылыс болып саналады. Тәуекел:

    Болуы мүмкін қауіп пен сәтсіздіктің шегі.

    Сәтті бастау негізінде үміт ете отырып жасалатын қызмет.

    Бірнеше баламалы ахуалдан бірін таңдай отырып, қателік жасау немесе табысқа жету сияқты әртүрліше түсіндіріледі.

    Теорияға  сәйкес, тәуекелге  мыналар тән болып  саналады:

    • белгісіздік;

    • баламалықды тандаудың қажеттілігі;

    • баламалықты жүзеге асырудың ықгималдылығын бағалау

    мүмкіндігі.

    Көрсетілген элементтер белгілі бір тәуекел  ету жағдайында шешім қабылдайтын нақты тұлғаның қызметімен тәуекелдің байланысты екендігін анықтайды. Соған сәйкес, тәуекел шешім қабылдау мен оны жүзеге асыру сатысында өмір сүреді.

    Тәуекел қарамақайшылық, баламалылық, белгісіздік  сияқты белгілермен сипатталады.

    Карамақайшылық  мынадай жағдайларда көрінеді. Біріншіден, тәуекел оң нәтиже алуға бағытталған. Екіншіден, ол субъективизмге және объективті заттарды елемеушілікке әкеледі.

    Баламалылық екі немесе одан да көп мүмкіндіктерден іс-қимыл жасау нұсқасын тандауды болжайды. Егер таңдау жоқ болса, онда тәуекел де жоқ. Баламалылық әртүрлі күрделілік дәрежесіне ие.

    Белгісіздік — бұл ең алдымен сенімнің, бір жақтылықтың болмауы.

    Тәуекелдің  — субъективті және объективті екі  тұжырымдамасының аражігі ажыратылады. Объективті тұжырымдама салыстырмалы түрде алып қарағанда оның болуы  немесе болмауы белгісіз тәуекелден туындайды. Субъективті тұжырымдама, тәуекел-қатердің қауіптілігі мен  болуы мүмкін зардаптарын ескере отырып, мінез-құлық нұсқаларын тандауына  негізделетін тұжырымда болып саналады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

        Өтімділікті жоғалту тәуекелі – банктің міндеттемелерін мүмкін орындамауына не уақытылы орындамауына байланысты тәуекел.

       Банктегі өтімділік тәуекелін тиімді басқару мақсатындағы басқарудың ағымдық және жедел деген екі бағыты бар.

      Банктің ағымдық өтімділігін басқару кезінде орналастырылған және тартылған ақша, сыйақы алуға (төлеуге) байланысты табыс пен шығыс мерзімдері салыстырылады және Банк пен уәкілетті орган нормативтерін орындау мақсатында ақша қаражатының резерві жүзеге асырылады.     

     Ағымдық өтімділікке қазынашылық бөлімшесі жауапты.

Банктің жедел өтімділігін басқару кезінде:

  • Gap-өтімділікті, ішкі және сыртқы факторлардың өтімділік позициясына ықпалын сараптау;
  • ақша ағындары мен қайтымдарына болжам жасау;
  • Банк өтімділігі тәуекелінің шығындарын бағалау;
  • өтімділік шектерін белгілеу;
  • қиын жағдайлардағы әрекет жоспарын әзірлеу жүзеге асырылады.

    Банктің жедел өтімділігіне тәуекел-менеджмент бөлімшесі жауапты.

Банктің өтімділігін жүйелік басқаруға  Банктің ішкі нормативтік құжаттарына  сай Активтер мен пассивтерді  басқару комитеті жауапты.

       Активтер мен пассивтерді басқарудың ең маңызды бағыттарының біріне қаржы нарығында экстремалды жағдайлар орын алуына байланысты өтімділікті жұмылдыру жоспарын жасау жатады.

      Өтімділікті жұмылдыру жоспарын жасау үшін жиі стресс-тестілеу жұмыстарын өткізген дұрыс. Стресс-тестілеудің мақсаты бұл банктің қалыпты іскерлік белсенділік уақытында немесе жалпы дағдарыс жағдайында өтімділік тәуекелінің факторларына деген банк балансының сезімталдығын анықтау.

   Банктің өтімділігін басқару өтімділік  келесідей қызмет атқарады:

  • Несиеге деген сұранысты қанағаттандыруы;
  • Банкаралық несиелер;
  • Бағалы қағаздарды өтеу;
  • Сыйақы төлеу;
  • Банкаралық нарықтан ақшалар тарту;
  • Депозиттік емес банктік қызмет көрсетуден түсетін табыстар;
  • Банктің активтерін сату;
  • Өзге дебиторлық қарыздардың өтелуі.

   Өтімді  қаражаттардың негізгі пайдалану  бағыттары:

  • Банктерге және өзге қаржы ұйымдарына несиелер беру;
  • Клиенттерге несиелер беру;
  • Бағалы қағаздарды сатып алу;
  • Өзге активтерді сатып алу.

    Банктің төлемдік міндеттемелерінің негізгі  бағыттары:

  • Заңды және жеке тұлғалар алдындағы депозиттік міндеттемелері;
  • Банкаралық несиелер;
  • Есептелген сыйақылар;
  • Есеп айырысу қызметі бойынша міндеттемелер;
  • Бюджетке төленетін салықтар мен өзге де төлемдер;
  • Кредиторлық қарыздар.

   Өтімді  қаражаттар мен төлемдік міндеттемелер  арасындағы айырма банктің ағымдағы өтімділік ұсынымын көрсетеді. Оның мәні теріс болса, онда ол банктегі өтімді қаражаттардың жеткіліксіздігін, ал оң болса, онда артық өтімділікті  көрсетеді. Банктің күнделікті ағымдық  өтімділігінің ұсынымын есептеу, оның өтімділігінің жағдайын анықтау  және өтімділік тапшылығының болуын ескерту мақсатында жүзеге асады.

   Банктік өтімділікті қамтамасыз етуді  ішкі және сыртқы көздерге бөліп қарайды: ішкі көздер, яғни банк активтерін қолма қол ақшаларға айналдыру және резерв құру;

  • Сыртқы көздер. Өтімді активтерді сатып алу. Статикалық аспект белгілі бір күнге банк өтімділігін сипаттайды және ол берілген нақты уақыт мерзімінде талап еткенге дейінгі міндеттемелерді өтеу үшін өтімділігі жоғары қаражаттар көлемінің жеткіліктілігімен байланысты. Бұл аспектіде банк өтімділігі оның қолма қол және қолма қолсыз ақша қаражаттарының жеткілікті мөлшері бола отырып, берілген нақты уақыт мерзімінде өз міндеттемелерін орындау қабілеті ретінде түсіндіріледі.

        Динамикалық аспект күрделірек, ол банктің болашақтағы өтімділігін сақтау қабілетін қарастырады. Ол арқылы банк өз міндеттемелерін уақытында және болашақта да өтеу қабілетін сақтайды.

       Тұрақты табыстар бұл банктің  өмір сүру қабілеттігінің кепілі  болып табылады. Сенімді табыстар  банкке өз қызметін жалғастыруға  мүмкіндік береді. Банк жүйесіне  қоғамның сенім білдіруінің негізгі  талаптарының бірі мынада: салымшылар  өз ақша қаражаттарын қалаған  және кез келген уақытта қайтарып  ала алатындығына және де осы  банкке өз ақша қаражаттарын  сала отырып ешқандай тәуекелге  ұшырамайтындығына сенімді болу  қажет. Сол себептен, салымшылар  қадағалау органдары,банк басқарушылары  мен клиенттері сияқты банк  активтерінің өтімділігіне қызығушылық  тудырады.

Әлемдік банктік тәжірибеде банктің активін  басқару бірқатар  әдістер арқылы жүзеге асырылады.

        Дағдарыс жағдайында депозиттерді  мерзімінен бұрын алу қауіпі  пайда болатындықтан, бұл жағдайда  барлық депозиттер талап еткенге  дейін депозиттер болуы мүмкін. Сондықтан, банктің бұл міндеттемелерді  өтеуге дайын болуы және ол  үшін бұл көлемге жеткілікті  өтімділігі жоғары қаражаттардың  болуы қажет. Ең бастысы ортақ  қор құру қажет. Бұл қордан  қаражаттар мынадай бағыттарда  үлестіреді: ең алдымен алғашқы резервтер, кейінен қысқа мерзімді өтімділігі жоғары бағалы қағаздар есебінен қосымша резервтер құрылады. Ары қарай, қор қаражаттары қарыз алуға негізделген барлық өнімдерді қаржыландыруға жіберіледі, бұл жерде несие қоржыны өтімділікті қамтамасыз етудің әдісі болып табылмайды. Несиеге деген сұраныстарды қанағаттандырғаннан кейін қалған қаражаттар мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалады. Бір жағынан, табыс көзі болып табылса, екінші жағынан, өтеу мерзімінің қысқа болуына қарай қосымша резервтер қатарын толықтырады.

   Ұзақ  мерзімді болашақта бірегей резервтік  қор әдісін қолданудың елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыру кезінде біршама  кемшіліктері бар.

  • банктің қаржылық тұрақтылығына ұзақ мерзімді перспективалада жағымсыз әсер ететін табыстылықтың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін өтімділігі жоғары қаражаттарды максиммизациялауға бағыт жасайды;
  • әртүрлі депозиттердің түрлерінің мерзімділігі ескерілмейді;
  • талап еткенге дейінгі депозиттер есеп айырысу үшін арналған, ал жинақ және біршама маңызды сақтау мерзімі бар;
  • бұл әдіс берілген қарыздардың қоржының өтімділігін есепке алмайды.

Информация о работе Банктің Өтімділік тәуекелін басқару