Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 10:40, реферат
Банктер басқа да коммерциялық ұйымдар сияқты белгілі бір мақсатқа сүйенеді – пайданы барынша көбейту. Бірақ бұл мақсатқа жету барысында банк мынандай заңдылыққа қарама – қайшы келеді, « Пайда жоғарланған сайын, тәуекелділік те жоғарылайды ». Ал банк жүйесінде жүретін операциялардың соңғы нәтижесін, ол дегеніміз пайданы максималандыра білу, осы тәуекелділіктердің басқарып білумен тура байланысты. Міне, осы мәселенің барлығы бірінші бөлімде қарастырылған.
Өтімділік тәуекелін басқарудың саясатына
Өтімділіктің ішкі және сыртқы түрлері
Бірегей
резервтік қор әдісінің көмегімен
өтімділікті басқару
Қаражаттарды орналастыру кезінде екінші бір мәселе бұл белгілі бір табыс әкелетін кассалық емес өтімді активтерді жасау болып табылады.
Екінші ретті резервтердің негізгі қолданымы бұл бірінші ретті резервтерді толықтыру көзінің болуында. Соңғысы сияқты бұл бухгалтерлік емес, экономикалық категория және ол да банк балансында көрсетілмейді. Екінші ретте резервтерге бағалы қағаздар қоржынын құрайтын активтер және де кейбір жағдайларда ссуалық шоттағы қаражаттар жатады.
Қаражаттардың ортақ қоры әдісі бойынша қаражаттарды орналастырудың үшінші сатысы несие қоржынын құру. Банк бірінші және екінші реттегі резервтердің мөлшерлерін анықтағаннан соң, ол өз клиенттеріне ссуданы ұсына алады. Бұл табыс әкелетін банк қызметтерінің маңызды түрі. Займдар бұл банк активтерінің ең маңызды бөлігі, ал займдар бойынша табыстар банк табысының ең ірі қатысушысы болып табылады. Займдық операциялар банк қызметінің ең тәуекелді түрі болып табылады.
Ең соңында құжаттарды алмастыру кезінде бағалы қағаздар қоржынының құрамы анықталады.
Активтерді басқару бойынша қаражаттардың ортақ қор әдісін қолдану банкке активті операциялар санаттарын таңдауда үлкен мүмкіндіктер береді. Бұл әдіс ортақ қалыптасатын артықшылықтарды белгілейді. Бұл әдісте активтердің санаттары бойынша қаражаттарды бөлу үшін нақты критерийлер жоқ және де бұл әдіс өтімділік-табыстылық дилеммасын шеше алмайды. Соңғысы банк басқармасының кәсіби белсенділігі мен интуицисына тәуелді болып келеді.
Банк қаражаттарын теңгерімді басқару әдісі - бос ақша қаражаттарын тарту көздерінің көп түрлілігіне негізделеді. Әрбір көздің өзіне тән өзгерімділігі, құны бар және оған белгілі бір талаптар қойылады. Сондықтан әрбір қаражат көзі жеке қарастырылады және оларды мерзіміне қарай активтермен сәйкестендіру қажет. Мысалы, талап ететін салымдар депозиттердің үлкен бөлігі бірінші және қосымша резервтерді толықтыруға, ал облигацияларды орналастырудан түсетін түсімдер ұзақ мерзімді несиелерді қаржыландыруға жұмсалады және т.с.с.
Коверсиондық әдісі - тәжірибеде қор қаражаттарын теңгерімді басқару әдісі деп атауға болады. Осы әдіске сәйкес әр түрлі көздерден тартылған қаражаттарды орналастыру үшін пайдаланатын табыстылық өтімділік анықталады. Талап ететін салымдар өтімді активтермен жоғары деңгейде қамтамасыз етілуді талап етеді, сондақытан талап ететін салымдардың үлкен бөлігін алғашқы резервтерде орналастыруға тиіс. Ал, талап ететін салымдарының қалған бөлігі қосымша резервтерге бағытталады және аз бөлігі ғана қысқа мерзімді несиелерге беріледі. Мерзімді салымдардың басым бөлігін қосымша резервтерді қалыптастыруға, орта және ұзақ мерзімді ссудаларға, сондай ақ ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға бағыттайды.
Жинақ салымдарының басым бөлігін алғашқы және қосымша резервтерге, қалған бөлігін сондай ақ несиелерге орналастыру қажет. Өзге қарыздарға бұл жерде банктердің Орталық банктен және өзге банктер мен қор нарығынан тартқан қаражаттары жатады. Оларды қосымша резервтерге, несиелерге, бағалы қағаздарға бағыттаған дұрыс.
Қорды
басқарудың теңгерімділік әдісінің
қаражаттардың ортақ қоры әдісінің
артықшылығы есептеудің арқасында
жоғарғы өтімді активтерінің үлесін
дәлірек анықтауға және олардың
азаюы есебіен қосымша
Бұл әдістің басты айырмашылығы банк табыстылығына жету болып табылады. Активті және пассивті операциялар арасындағы теңгерімділікті ұстау теориясында банктің өтімділігі жүз пайызды қамтамасыз етілер еді деген көзқарас бар. Бірақ тәжірибе жүзінде оған олардың серпініін болжау қиын болып табылатын факторлар үлкен әсер етеді. Мысалы, клиенттерге несиелерді өз уақытында қайтару бенктің қаражаттарына қайтару мүмкіндігіне байланысты емес, ол бірқатар тәуекелдерге байланысты. Соңғы он жылда өтімділікті басқаруда тәжірибе жүзінде барлық теориялар қолданылады деп айтуға болады.
Экономикалық тұрақтану, нарықтық қатынастардың тереңдеуі, несиелік операциялардың дамуы және қаржы құралдарының кең көлемінің пайда болуы жағдайында қаражаттарды сенімді және табысты орналастырудың мүмкіндіктері пайда болады. Сөйтіп көптеген шетелдік банктер, күтілген табыс теорияларын, сонымен қатар банк қаражаттарының аталған әдісін қолданады.
Экономикалық
айналымның кезеңдеріне байланыссыз
өтімді қаражаттарға деген сұраныс
пен ұсыныс сәйкес келмейді, яғни соның
нәтижесінде банктерде өтімді қаражаттардың
артықшылығы немесе тапшылығы байқалады.
Өтімшілікті артықшылығы немесе
тапшылығы тұсында уақытылы артық
қаражаттарды орналастырмаса не кем
қаражаттарды тартпаса банктің жоғалтып
тұрақсыздыққа ұшырауына жол
береді. Сыртқы көздерден қаражаттар
тартудың өзіндік шектеулер болуы
мүмкін, атап айтсақ, банктің несиелік
қабілеттігі, рейтингі, беделі, қаражаттарға
деген қажеттілік көлемі, пайыздық
мөлшерлемелердің деңгейі, және т.б. Ал
қаражаттарды орналастыруда да өтімділік
пен табыстылық дилеммасы орын алады.
Сөйтіп банктер өтімділікті қолдау
мақсатында қаражаттарының бір бөлігін
өтімді активтерге орналастырса, екінші
бөлігін пайда табу мақсатында табысты
активтерге орналастыруға тырысады.
Бұл жерде табысты активтерді
қайтарудың тәуекелмен байланыстығын
ескерсек, онда оңтайлы шамадан артық
өнімді активтерді ұстау өз кезегінде
банктің табыстылығын азайтып, банктің
құнына теріс әсер етеді. Бұл жерде
банк балансына талдау жасау үрдісінде
банк өтімділігі мен банктің капиталы
өзара тығыз байланыстығын
Баланстын өтімділігін талдауда барлық активтері екі топқа бөлу қажет: тұрақты және тұрақсыз. Бұл жерде банктің өтімді активтері мен тұрақсыз пассивтерін өзара салыстыру арқылы таза өтімді “Gap” анықтауға болады. Бұл әдістің мәні, яғни банк балансының өтімді активтері мен тұрақсыз пассивтері арасындағы алшақтықты айқындау болып табылады.
Отандық банктер тәжірибесінде бүгінгі күні өтімділікті басқару жоғарыда айтылған бастапқы екі әдістің көмегімен іске асырылуда:
Жиынтық қор әдісі - банктің өтімді қаражаттарға деген жалпы қажеттілігін, банктің өзінде бар барлық өтеу көздерімен салыстыруды сипаттайды. Ол үшін банк балансын өтімділігін бағалау көрсеткіштері қолданылады. Әр түрлі көздерден алынған банктің барлық қаражаты туралы ақпарат жинақталып, банктің өзінде бар жиынтық қор ретінде қарастырылады. Сөйтіп өтімділікті қамтамасыз ету мақсатында алғашқы және қосымша резервтер құрылады.
Алғашқы резервтер құрамына жоғары өтімді қаражаттар: касса және ҚҰБ гі шоттағы қаражаттар кірсе, ал қосымша резервтер құрамына да тез сатуға болатын банктің өтімді активтері, соның ішінде мемлекеттің қысқа және ұзақ мерзімді қаражаттары жатады. Егер де ұзақ валюталық ұстанымнан банк ұзақ мерзім ішінде табыс алатын болса, онда қосымша резервке шетел валюталары да жатуы мүмкін: Банктің күнделікті операциясына қажетті ақшалай резервінің болуы қажет.
Kонверсиялау әдіс - банктің қаражаттарын көздеріне және бағыттарына қарай байланыстыруда қажет етеді. Бұл әдісті қолдану барысында, біріншіден банктер қаражаттарды қалыптастыру көздеріне қарай және оларды қайтарылу мерзімдеріне қарай орналастыруға тиіс, екіншіден, әрбір қаражат көзін тиісті қаржыландыру бағытына бөлуі қажет. Аталған әдістің жекелеген элементтері белгілі бір бағдарламалармен тартылған қаражаттарды орналастыру барысында қолданылады.
Отандық банктерде банк өтімділігін банктегі талдаушылық қызметі тікелей жауапты, олар өз кезегінде банктің қаражаттарды тарту және орналастыруына жауапты құрылымдық бөлімшелерінің қызметтерін бақылай отырып, олардың қызметін үйлестіреді. Демек, талдаушылық қызмет қана банктің ағымдығы өтімділік жағдайын және пруденциялық нормативтердің сақталуына бақылауға қажетті барлық ақпараттарды ала алады.
Банктің өтімділік жағдайын талдауға қажетті ақпараттарды ішкі және сыртқы көздер жүйесінен тұрады. Сыртқы көздерден ақпарат алу, негізінен банктің бәсекелестері мен клиенттер нарығындағы және т.б. нарықтардағы жағдайлар туралы әр түрлі мәліметтерді жинақтауды білдіреді. Ішкі көздер жүйесі банктің қызметіне байланысты жағдайлар туралы мәліметтерді қамтиды, және ол кез келген уақытта банктің ағымдық жағдайы туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге тиіс. Банктің ағымдағы өтімділігін талдауға қажетті ішкі ақпараттарды анықтайтын құжаттарды берілу мерзімдеріне қарай, ақпараттарға қолжетімді жекелеген лауазымды және жауапты тұлғалар бере алады.
Банктің өтімділігін бағалау Қаржылық қадағалау агенттігінің өтімділікке және резервтерге қатысты қоятын талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Банк өтімділігін жеткілікті деңгейін сақтай отырып, оның активтерінің пайдалылығын арттыру үшін қайтару мерзімдіеріне байланысты тартылған қаражаттар мен активті операциялардан алынатын табыстар салыстырылады. Өтімділікті бақылау шегінде мұндай салыстырулар банктің ағымдағы өтімділік ұстанымын анықтау жолымен жасалады.
Банктің талдаушылық бөліміне өтімділікті басқару барысында келесі қызметтер мен міндеттер жүктеледі: