Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі және еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 12:37, дипломная работа

Краткое описание

Несиелік механизмнің қызмет етуін түбегейлі жақсартудың басты міндеттері несиені және банктерді басқарудың экономикалық әдістерін дәлелдеуді тәжіриебеде пайдалануды бірінші қатарға шығарады. Бұл ақша айналымы және халық шаруашылығына тиімсіз және дәлелсіз несиелік салымдарды салудан, олардың құрылымының өзгеруінен, несиелердің уақытына және толық қайтарылуын қамтамасыз етілуін сақтайды. Ал ол өз алдына материалдық және ақшалай ресурстарды пайдалану тиімділігін жоғарлатады. Несиенің нақты көлемі туралы сұрақ түбегейлі зерттелген. Оны тек сандық жағынан нақты анықталған көлем деп ұғынуға болмайды. Теориялық жағынан бастысы өзгермелі жағдайда несиелендірудің қажеттілігі мен мүмкіндігін қалыптастыру факторларын анықтау болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ………………………………………………………...............................3
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚАРЫЗАЛУШЫЛАРҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ.........................6
1.1 Несиелік жүйе және оның элементтері…………...........................................6
1.2 Несиелеуді ұйымдастыру принциптері………............................................12
1.3 Несиелік портфельді басқару.........................................................................27
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ҚАРЫЗАЛУШЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТІН БАҒАЛАУ («Казкомерцбанк» АҚ-ның мысалында)............................................................................................................30
2.1. Заңды тұлғаның несиелік қабілетін бағалау….........................…………...30
2.2. Жеке тұлғаның төлем қабілетін бағалау……............…........................…..46
2.3 Несиелік тәуекелді басқару және банктің несиелік портфелінің сапасын
бағалау ……...……………................................................................................…53
3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................................................................66
3.1. Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудың шетелдік тәжірибесін
енгізу бағыттары ...................................................................................................66
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………...................................................75
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................78
ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................80

Файлы: 1 файл

Коммерциялық банктер.doc

— 582.50 Кб (Скачать)
  • ссудалық портфельді классификациялау методикасы;
  • компания банктерінің несиелік портфелін классификациялағанда қолданылатың ішкі методика.

Несиелерді классификациялау критерийлері:

  • қарызшының қаржылық жағдайын ағымды ақпарат көмегімен талдау, активтер сапалылығын, олардың айналу жылдамдығын, өтімділік көрсеткіштерін, зайымдық және меншікті капиталарасындағықарым – қатынасы;
  • несиенің берілуінде банк пен қарызшы арасындағы қарым –қатынас шарттарын түсіну қажет;
  • несиенің уақытылы жабылуы.

Осы критерилер көмегімен  несиенің қай класқа жататының анықтауға болады. Несиелік портфельді классификациялау ҚР-ның «банк активтерін және шартты міндеттемелерін, сонымен қатар олар бойынша екінші деңгейлі банктердін есептеулерін классификациялау түрлері туралы» заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 25.05.1997 жылы шыққан №218 жарлығына сәйкес жүргізіледі. Несиелік портфель барлық несиелер бойынша классификацияланады. Банктің несиелерін қарызшының несиені жабу мерзіміне сәйкес, сапалылығына байланысты, өтімділік, сенімділік, қарызшының қаржылық жағдайына байланысты жасалынады және келесі топтарға бөлінеді:

      • стандартты;
      • сенімсіз;
      • күдікті.

Стандартты несие –  несиенің қайтару мерзімі келмеген және сапасы ешқандай күдік туғызбайды, яғни:

  • қарызшының қаржылық жағдайы тұрақты, меншікті капиталы жеткілікті;
  • несиенің сенімді, өтімді қамтылуы.

Бұл категория несиелерінің қайтарылмау белгілері болмайды. Субстандартты несие – келесі негіздеменің біреуінің болғанына негізделеді:

  • несие үшін төлемін 30 күнге кешіктірсе;
  • бір рет жасалған пролонгация;
  • бұл топтағы да несиелер берілген клиенттің жағдайы тұрақты, бірақ кейбір көрсеткіштер қанағаттанарлық (дебиторлық қарыздың өсуі, өтімді емес тауарлық қорлар).

Қанағаттанарлық несиелер:

    • несие үшін төлемнің 30 күннен 60 күнге дейін кешіктірілсе;
    • бір рет жасалған пролонгация;
    • қарызшының қаржылық жағдайының нашарлауы;
    • қарызшыға арналған несиелік досьенің болмауы.

Жоғары тәуекелді күдікті  несиелер:

    • несие үшін төлемнің 60 күнге дейін кешіктірілген;
    • бір жылға санкция жариялау;
    • клиентке материялдық қиыншылықтар әкелген, бірақ оның қызметін тоқтатпаған форс – мажорлық жағдайлар.

Сенімсіз несиелер:

    • несие үшін төлем 90 күннен жоғары кешіктірілсе;
    • қарызшының өзін банкрот деп жарияласа;
    • бір жылға санкция белгілеу;
    • форс – мажорлық санкциялар.

Несиелік портфельді талдау жүйесі өзіне келесі элементтерді біріктіреді:

    • несиелік портфельді құрайтын несиелер сапасын бағалау;
    • несиелердің сапасы негізінде портфель құрылымын анықтау;
    • несиелік портфель құрылымы негізінде несие бойынша шығындарды жабу үшін қажет резерфтер көлемін анықтау.

Кесте 8 Несие портфелінің топ бойынша жіктелуі [16,64].

Портфельді талдау өзіне мерзімінде өтеу бойынша, тәуекел дәрежесі бойынша, қарыз валютасы бойынша өзара байланысты тұлғаларды несиелеудіталдауды біріктіреді. Банк несиелік портфельді қажетті деңгейде келесі параметрлер бойынша ұстап тұрады:

    • теңге және шетел валюталары;
    • өтеу мерзімі: 3 айға дейін, 6 – 12 айға дейін, 1 – 2 жылға дейін және 2 жылдан жоғары;

қызмет түрлері:

    • сауда, құрылыс, өндіріс, энергетика, транспорт, ауылшаруашылығы;
    • географиялық жағдайы;

кәсіпорын түрі:

    • шағын кәсіпорын, жеке кәсіпорын, ұжымдық кәсіпорын,  мемлекеттік коммуналды кәсіпорын, аралас кәсіпорын, жалға алынған кәсіпорын, акционерлік қоғам;
    • несиелік өнім түрі;
    • кепіл түрі;

пайыздық ставка деңгейі:

    • теңгеде;
    • долларда;
    • басқа да валюталарда.
    • банк клиенті немесе клиенті емес;
    • жобаның түрі.

Несие портфелін таза басқару барлық тәуекел түрлерін үнемі басқаруды қажет етеді: географиялық, салалық, несие алушы тәуекелі. Ай сайын сәйкес есеп беру жүйесі дайындалады. Мұндағы негізгі мақсат – несиелердің шектен тыс щоғырлануына кедергі жасау. Банк әкімшілігі тәуекелдің көлемімен мүмкін болатын түрін анықтауда жауапты. Тәуекел көлеміне шектерді қою процесі икемдіболуы тиіс. Ол нарықты зерттеуге, болжамдауға, сезімталдықты талдауға негізделеді. Батыс банктерінің тәжіребиесінде пайдаланылатын тәуекелді басқарудың қазіргі замаңғы концепциясы статистикалық әдістерді пайдалану негізінде құралған. Қазақстандық банктердің өз қызметін модификациялау бойынша тәуекелді бағалаудың және басқарудың жаңа стандарттары жасақталуда.

 

3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1 Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудың шетелдік тәжірибесін енгізу бағыттары

 Шетелде клиенттердің  несиелік қабілеті туралы ақпараттар  жинауға маманданған және олар  туралы анықтамалар беретін арнайы фирмалар немесе агенттіктер жұмыс жасайды. Бұл тәуелсіз үйымдар банктерғе келісім-шарт неғізінде қызмет көрсетеді. Мысалға, фирма "Дан энд Брэд форд" 3 млн. жуық АҚШ-тың, Канаданың, Данияның фирмалары туралы ақпараттар жинақтап, жалпы ұлттық және аймақтық анықтамаларда жариялайды. Несиелер бойынша банктердің зиянға ұшырауының өсуіне біршама әсер ететін факторларға жасалған талдау, батыстың банкирлеріне мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Дүние жүзілік банктің мәліметтеріне сәйкес, несиелер бойынша банктердің зиян шегуінің басты себебіне, 67% - ішкі факторлар, ал 33%-ы сыртқы факторлар үлесі келеді.

 

Кесте 11 Несиелеу барысындағы банктің зиян шегуіне әкелетін факторлар [20,41].

Ішкі факторлар

67%

Сыртқы факторлар

33%

Қамтамасыз етудің жетіспушілігі

22%

Компанияның банкроттығы

12%

Несиеге деген өтінішті оқып үйрену барысында ақпаратты  дұрыс бағалауы

21%

Кредиторлық қарызды  қайтаруын талап етуі

11%

Алдын ала ескерту  белгісіне кеш көңіл бөлуі  және операциялық бақылаудың әлсіздігі

18%

Жұмыссыздық\ Жанұя мәселелері

6%

Қамтамасыз етілудің сапасының нашарлығы

5%

Ұрлық\ Алдау

4%


 

     Несие бойынша  банктердің зиян шегуіне себеп  болатын сыртқы факторлар қатарында  бірінші орында компаниялардың  банкроттығының тұруы тегін емес. Банктің кез келген қарыз алушысы мұндай факторларды басынан кешуі мүмкін. Сондықтан да қарыз алушының несиелік қабілетін талдай отырып, банк қызметкерлері міндетті түрде оның қаржылық жағдайын толық анықтап білуге тиіс. Банкроттықтың басты себептеріне басқарудағы жетіспеушілік, тиімді басқаратын ақпараттар   жүйесінің   болмауы,   нарық   жағдайларындағы өзгерістер мен бәсекеге төселе алмауы, өз мүмкіндіктерінің шамадан тыс көбейіп кетуі, яғни ресурстардың жоқтығына қарамастан   компанияның   жылдам   кеңеюі,   акционерлік капиталдың  жетіспеушілігі  және   заемдық  қаражаттардың үлесінің жоғарылығы жатады.

Қарыз алушының сәтсіздікке  ұшырауын куәландыратын белгілерге: шоттағы айналым қаражаттарының қысқаруы, алдында мерзімі ұзартылған несиелер бойынша төлемдердің уақытын созуын өтінуі (екінші рет мерзімі ұзартылғанан кейін несие проблемалық несиелер қатарына жатқызылады) және басқаларды жатқызуға болады. Несиелерді қамтамасыз ету құнына, барлық несиелік құжаттардың дұрыстығына байланысты несиелерді мынадай тәуекел кластарына жіктейді:

    • ең төменгі тәуекелі бар несиелер (жіктеуге жатпайтын несиелер);
    • ең жоғарғы тәуекелі бар несиелер;
    • шектеулі тәуекелі бар несиелер;
    • ережеден    шығу    барысында    берілген    несиелер (стандартты емес несиелер).

Әр тәуекел кластарына өтелмеген тәуекелдер үшін, өтелмеген несиелердің өзіндік үлесі белгіленеді. Несиелік теуекелді төмендетудің ең басты тәсіліне — потенциалды қарыз алушыларды таңдау жатады. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдауда және оның алған қарызды банкке уақтылы қайтаруына байланысты сенімділігін бағалауда көптеген әдістер қолданылуда. Шетелдік банктердің тәжірибесінде қарыз алушының несиелік қабілетін жете бағалау несиелік тәуекелді төмендетудегі басты шара болып табылады. Қарыз алушыға кандидатты бағалау жүйесінде ағылшынның клирингтік банктерінде кеңінен пайдаланып келетін әдістердің біріне РАRSЕR немесе САМРАRІ әдістерін жатқызуға болады.

РАRSЕR:

Р- Регsоn- потенциалды  қарыз алушы туралы ақпарат, оның беделі;

А- Аmount - сұрайтын несие  сомасының негіздемесі;

R- Rерауmеnt- несиені қайтару мүмкіндігі;

S- Security- қамтамасыз ету  құралы;

Е- Ехреdiency- несиенің мақсаттылығы;

R- Remuneration - несиені беру  тәуекелі үшін банктің пайыз  мөлшерлемесі.

САМРАRІ:

Сhагасtег - қарыз алушының беделі;

А- Аbilitу - қарыз алушының бизнесін бағалау;

М- Меаns - ссудаға деген  қажеттілігін талдау;

Р- Рurpous - несиенің мақсаты;

А- Аmount  - несие сомасының  негізделуі;

R- Repayment - несиені қайтару  мүмкіндігі;

I- Іnsurans - несиелік тәуекелден  сақтандыру әдісі.

Американдық банктер  тәжірибесінде потенциалды қарыз алушыларды дұрыс таңдай білуде "алты си ережесі" қолданылады:

    • character (қарыз алушының сипаты);
    • сарасіtу (қаржылық мүмкіндігі);
    • сash (ақшалай қаражаты);
    • соllateral ( қамтамасыз етуі);
    • соnditions (жалпы экономикалық жағдай);
    • соntrol (бақылау).

Қарыз алушының сипаты бұл  оның беделін, жауапкершілік дәрежесін, қарызды етеуге дайындығын және қалуын білдіреді. Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның несиені қайтару қабілетін сипаттайды. Ол оның кірістері мен шығыстары және олардың алдағы уақыттардағы өзгеру перспективаларын нақты талдау көмегімен анықталады.

Ақшалай қаражаты. Жалпы  қарыз алушының алған несиені  қайтаруының үш көзі болады:

1.  Нақты ақшалар  тасқыны;

2. Активтерді сату;

3. К,аржыларды тарту.

Керсетілген көздердің  кез келгені несиені қайтаруға арналған қаражаттың қалдық сомасын қамтамасыз ете алады. Бірақ та банктер несиені қайтарудың негізгі көзі ретінде нақты ақшалар тасқынын маңызды санайды, себебі активтерді сату қарыз алушының балансын нашарлатып жіберуі мүмкін деп санаса, ал қосымша қаражат тарту банктің кредитор ретіндегі позициясын бәсеңдетеді. Нақты ақшалардың жетіспеуі қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлығын сипаттайтын басты көрсеткіш болып табылады.

Нақты ақшалар тасқыны  мынадай түрде анықталады: Нақты ақшалар = Таза пайда + Амортизация тасқыны + Кредиторлық қарыз - Тауарлы-материалды құндылықтар қоры  және Дебиторлық Қарыз. Бұл формуланың артықшылығы - оның кемегімен несиелік қызметкер қарыз алушының менеджерлерінің біліктілігін және тәжірибесін, сол сияқты қарыз алушының жұмыс жасайтын нарығының жағдайын анықтай алады.

Сондай-ақ банк қарыздың қамтамасыз етілуі яғни, оның жеткіліктілігіне, сапасына және қарыздың қайтарылмау  жағдайында оның өкімділік дәрежесіне мән береді.  Экономикалық жағдай. Несиеге деген өтінішті қарау барсында банк жалпы шарт ретінде елдегі іскерлік жағдай және оның банк жұмысына, сол сияқты қарыз алушының жағдайына тигізер ықпалын сипаттайтын экономикалық конъюктуралық жағдай, бәсекелестерінің болуы, салық, баға және т.б. қарастырады.

Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы соңғы факторға бақылау жатады. Мұнда өзгерген заңдылықтар, құқықтар, экономикалық және саяси жағдайлардың қарыз алушы қызметіне қаншалықты әсері болады деген сияқты сұрақтарға жауап іздейді. Әлемдік банктік тәжірибеде несиелік тәуекелді бағалауда мынадай көрсеткіштер қолданылады:

Активтер сапасындағы  коэффиценттер:

а) К1 = Несие бойынша  зияндар/Несие бойынша қарыздың орташа сомасы

б) К2 = Несие бойынша  зияндар/ Несиелердің жалпы сомасы

Екі коэффициент те (К1 және К2) банктердегі активрердің сапасын бағалау үшін пайдаланылады. К1-дің критериалды деңгейі Солтүстік Американың банктерінде (үмітсіз қарыздар бар болса) К1 коэффициентінің деңгейі 1,5-1,0%, ал К2-кі 0,7-1,5%. Оңтүстік Американың банктерінде (үмітсіз қарыздар бар болса) К1 коэффициентінің деңгейі 1,5-2,0%. Солтүстік Америкада 1980 жылдардың басы мен ортасында жылжымайтын мүлікті несиелеу сферасындағы дағдарысқа байланысты ипотекалық несиелер бойынша көптеп шығындануы кезеңінде К1-дің мәні 1%-ке жуық болған. Ал қазіргі кезде американдық банктерде К1 шамамен 0,45%-0,6%-ті құрайды. Тәуекелге шағылған маржа (RAM – risk abjusted margin), - бұл несиелік тәуекелге шағылған жалпы пайыздық маржа (GIM – gross interest margin). Халықаралық деңгейде танылған нормалар қатарында RAM көрсеткіші болмағанмен де шетелдік банктер оны несиелік тәуекел деңгейін бағалауда кеңірек қолданады. Бұл жерде статистикалық мәліметтер, оның оңтайлы мәнінің 3-3,5%-ды құрайтынын куәландырады.

Информация о работе Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі және еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдар