Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 12:37, дипломная работа
Несиелік механизмнің қызмет етуін түбегейлі жақсартудың басты міндеттері несиені және банктерді басқарудың экономикалық әдістерін дәлелдеуді тәжіриебеде пайдалануды бірінші қатарға шығарады. Бұл ақша айналымы және халық шаруашылығына тиімсіз және дәлелсіз несиелік салымдарды салудан, олардың құрылымының өзгеруінен, несиелердің уақытына және толық қайтарылуын қамтамасыз етілуін сақтайды. Ал ол өз алдына материалдық және ақшалай ресурстарды пайдалану тиімділігін жоғарлатады. Несиенің нақты көлемі туралы сұрақ түбегейлі зерттелген. Оны тек сандық жағынан нақты анықталған көлем деп ұғынуға болмайды. Теориялық жағынан бастысы өзгермелі жағдайда несиелендірудің қажеттілігі мен мүмкіндігін қалыптастыру факторларын анықтау болып табылады.
КІРІСПЕ………………………………………………………...............................3
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚАРЫЗАЛУШЫЛАРҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ.........................6
1.1 Несиелік жүйе және оның элементтері…………...........................................6
1.2 Несиелеуді ұйымдастыру принциптері………............................................12
1.3 Несиелік портфельді басқару.........................................................................27
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ҚАРЫЗАЛУШЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТІН БАҒАЛАУ («Казкомерцбанк» АҚ-ның мысалында)............................................................................................................30
2.1. Заңды тұлғаның несиелік қабілетін бағалау….........................…………...30
2.2. Жеке тұлғаның төлем қабілетін бағалау……............…........................…..46
2.3 Несиелік тәуекелді басқару және банктің несиелік портфелінің сапасын
бағалау ……...……………................................................................................…53
3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................................................................66
3.1. Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудың шетелдік тәжірибесін
енгізу бағыттары ...................................................................................................66
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………...................................................75
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................78
ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................80
Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады:
• қарыз алушыныңқаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;
• несиенің кепіл-хаттар және кепілдемелермен қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар;
• әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;
• қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәртібі;
• құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;
• несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер (мысалға, ипотекалық немесе тұтыну несиелері бойынша).
Барлық банктер бойынша
Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:
• банктегі несиелеу процесін ұйымдастыруға бақылау жасауға негіз ретінде болу;
• несиелеуді жүзеге асыруды бөлімдердің қызметкерлері үшін анықтама материал және нұсқаулық ретінде болу;
• несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаулардың талаптарының орындалуына бақылау жасау құралы;
• несиелік талдау және аудит бөлімі жұмыскерлерінің тексеруді жүзеге асыруына негіз болатын талаптарды анықтау [4,46].
Коммерциялық банктердің несиелік саясатын несиелік саясатын іске асыру процесінде проблемалық ссудалармен жасалатын жұмысқа ерекше көңіл бөлініп және қосымша бақылау жасауға тиіс. Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері деп атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды. Несие берушілерге мемлекет, банктер (орталық және коммерциялық), банк типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары да жатады. Кейбір жағдайларда, несиенің коммерциялық формада берілуіне байланысты несие берушіге өнім өндіруші кәсіпкерлер де жатуы мүмкін. Ал, қарыз алушыларға қаражатқа деген уақытша қажеттілігі бар кез келген занды; және жеке тұлғалар жатады.
Несиелеу объектісі - бұл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады. Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік шикізат қорларын, негізгі және көмекші матариалдарды, жанар-май, ыдыстар, сатып алынатын жартылай өнімдер, азықтар және басқа да материалды құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады. Мұндай қорларды жасау, ең бастысы, өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз байланысты [5,115].
Несиелеу объектісіне, экспортты және импортты тауарлар мен қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын занды және жеке түлғалардың сатып алынатын шикізаттары, материалдары, құралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық жатады. Ұзақ мерзімді несиелеу объектілеріне жататындар мынадай түрлерге бөлінеді:
1.2 Несиелеуді ұйымдастыру прициптері
Несиелеу принциптері несиенің мөнін жөне қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық зандардың талаптарын бейнелейді. Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері екі топқа бөлінеді:
I топқа — жалпы экономикалык, тәртіптегі принциптер:
ІІ топқа — несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:
Қазіргі несиенің дифференциялдық
принципінің мазмұны өзгерген десе
болады. Біріншіден, ол мерзімділік
принципімен байланысады, яғни несие
уақытында қайтара алатын шаруашылық
органдарына беріледі. Сондықтан
да несиелеудің дифференциациялану
Мерзімділік — белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылық принципі туындайды. Несиенің қайтарылымдылығы оның экономикалык категория ретінде басқа да тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатып ерекшелігімен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да, қайтарымдылық - несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл принципіне ерекше мән берілген. Біріншіден, оның сақталуына байланысты ұдайы өндірісте ақшалай қаражаттармен бірқалыпты қамтамасыз етілуі тәуелді. Екіншіден, бұл принципті сақтау коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз ету үшін қажет. Олардың жұмысын ұйымдастыру принциптері тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына жол бермейді. Үшіншіден, әр жекелеген қарыз алушы үшін бұл принциптің сақталуы банктен жаңа несие алуға мүмкіндік береді. Несиенің төлемділігі — бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан есп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі. Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады. Қазіргі банқтердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде ескеретін басты факторларына мыналар жатады:
Жай сыйақыны есептеу
формуласы келесідей түрде
мұндағы:
i – сыйақы мөлшері;
P – қарыз қалдығы;
n – сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны;
I – ссуданың барлық
мерзіміне есептелетін жай
Несие бойынша есептелетін күрделі сыйақыны есептеу формуласы төмендегідей:
мұндағы:
i – сыйақы мөлшерлемесі;
P – несиенің бастапқы сомасы;
I – несиенің барлық мерзіміне есептететін сыйақы сомасы;
n – аймен берілген несиенің ұзақтығы.
Егерде несиелеу мерзімі кезеңінде қарыз қалдығының бір бөлігі мерзімі өткен ссудалар шотына жатқызылса, онда мерзімі өткен ссудалық қарызға сыйақыны есептеу келесідей формулаға (3) байланысты жүргізіледі:
Ig = Q*[(1+
) – (1+
)],
мұндағы:
Ig – мерзімі өткен
қарыз бойынша есептелген
G – мерзімі өткен қарыз сомасы;
ig – мерзімі өткен қарыз сомасы бойынша сыйақы мөлшерлемесі (айып-пұл) [7,65].
Несилеудің келесі бір принципі – берілген ссудалардың материалдық жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл принциптің пайда болуы негізінен несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді. Бірақ та, уақыт өте келе, бұл принциптің мазмұны толығымен өзгерген. 80-ші жылдардың аяғына дейін ҚСРО-да несиенің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі тек қана тауарлы-материалдық құндылықтармен жүзеге асырылып келді. Бұл әрине, сол кезден экономикамыздағы өндірісті ұйымдастырудың социалистік принциптеріне сай негізделуімен, банк ісіне және өнеркәсіптік өндіріске монополияның араласуымен байланысты болды. Бұл аталған несиенің қағидасы көзге көрінгісіз, себебі қамтамасыз етілген құндылықтардың иесі мемлекет болғандықтан да, несиенің қамтамасыз етілуін тексеру процесі тек қағаз жүзінде ғана жүргізілді. Ал, бүгінгі несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепіл-хат, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері қолданылуда.
Енді осы несиенің қамтамасыз етілу тәсілдеріне тоқталайық. Кепілге берілетін ссуда – бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады. Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз алушының жағдайы жақсы болып келген жағдайларда несие қамтамасыз етілмеуі де мүмкін.
Кепіл несиені қамтамасыз
етудің ең тұрақты формасы ретінде
мынадай шарттарды сақтайды: біріншіден,
кепілдің құнын анықтау барысында
несие мөлшері мен пайыз
Несие берушінің кейбір активтерді анықтаудағы нақты мәселелері кездеседі. Сондықтан кепілге берілетін кейбір активтердің төмендегідей сипатта болуын білу шарт:
Кепіл-хат - қарыз алушы төлеуден бас тартқан жағдайда, үшінші бір жақтың қарызды өтеймін деген жазбаша міндеттемесін береді. Бұл жағдайда кепіл-хаттың заңдылығы туралы несие берушіге қарыз алушыдан төлеуді кепілдеуге, кепіл берушінің құқығы туралы сұрақтың маңыздылығын ескеру қажет. Кепіл-хаттың ссуданың қамтамасыз ету құралы ретінде пайдалану, кепіл-хатты берушінің тұрақтылығын алдын ала бағалап білуді талап етеді.
Кепіл-хат — күрделі экономикалық құрал ретінде мынадай түрлерге бөлінеді. Біріншіден, ол қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген болып келеді. Екіншіден, ол шектеулі немесе шектеусіз болады. Шектеусіз кепіл-хат бойынша, оны беруші бір қарыз алушының барлық қарызын несие берушіге төлей алмайтындығы жағдайында төлеуге кепіл береді. Мұндағы кепіл-хат қамтамасыз етілмеген болып келеді. Шектеулі кепілдеме - бұл нақты бір қарыз алушының ссудаға байланысты болатын қарызын төлеуге кепілдік береді. Кепіл-хаттың бұл түрлері біздің елімізде дами алған жоқ. Үшіншіден, жеке немесе корпоративтік кепіл-хаттар. Жеке кепіл-хат жеке тұлғаларды, серіктестіктерді несиелеу барысында қолданылады. Корпорациялардың кепіл-хаттары басқа бір корпорациялардың алған ссудаларын қамтамасыз етуде жиі пайдаланылады. Бұл аталған кепіл-хаттар дамыған елдер тәжірибесінде кең қолданылғанымен де, біздегі корпорациялардың беретін кепіл-хаттарына банктер өлі де болса, олардың түбінде өтей алатындығына сенімсіздік танытуда.