Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 12:37, дипломная работа
Несиелік механизмнің қызмет етуін түбегейлі жақсартудың басты міндеттері несиені және банктерді басқарудың экономикалық әдістерін дәлелдеуді тәжіриебеде пайдалануды бірінші қатарға шығарады. Бұл ақша айналымы және халық шаруашылығына тиімсіз және дәлелсіз несиелік салымдарды салудан, олардың құрылымының өзгеруінен, несиелердің уақытына және толық қайтарылуын қамтамасыз етілуін сақтайды. Ал ол өз алдына материалдық және ақшалай ресурстарды пайдалану тиімділігін жоғарлатады. Несиенің нақты көлемі туралы сұрақ түбегейлі зерттелген. Оны тек сандық жағынан нақты анықталған көлем деп ұғынуға болмайды. Теориялық жағынан бастысы өзгермелі жағдайда несиелендірудің қажеттілігі мен мүмкіндігін қалыптастыру факторларын анықтау болып табылады.
КІРІСПЕ………………………………………………………...............................3
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚАРЫЗАЛУШЫЛАРҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ.........................6
1.1 Несиелік жүйе және оның элементтері…………...........................................6
1.2 Несиелеуді ұйымдастыру принциптері………............................................12
1.3 Несиелік портфельді басқару.........................................................................27
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ҚАРЫЗАЛУШЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТІН БАҒАЛАУ («Казкомерцбанк» АҚ-ның мысалында)............................................................................................................30
2.1. Заңды тұлғаның несиелік қабілетін бағалау….........................…………...30
2.2. Жеке тұлғаның төлем қабілетін бағалау……............…........................…..46
2.3 Несиелік тәуекелді басқару және банктің несиелік портфелінің сапасын
бағалау ……...……………................................................................................…53
3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................................................................66
3.1. Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудың шетелдік тәжірибесін
енгізу бағыттары ...................................................................................................66
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………...................................................75
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................78
ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................80
Келесі бір дамып отырған несиеге – ипотекалық несиені жатқызуға болады. Казкоммерцбанкте ипотекалық несие беру шарттары мынадай:
Кесте 3 Қарыз алушы-жеке тұлғаның төлем қабілетін бағалау көрсеткіштері [4,66].
Көрсеткіштердің аттары |
Есептеу алгоритимі | |
1 |
Негізгі қарыз төлемінің айлық мөлшері (НҚАТ); |
Несиенің мөлшері / несиенің мерзімі |
2 |
Сыйақы мөлшерлемесі бойынша төлемнің айлық мөлшері (СМАТ); |
Несиенің мөлшері * сыйақы мөлшерлемесі /12 ай |
3 |
Негізгі қарыз және сыйақы мөлшерлемесі бойынша төлемнің айлық мөлшері (НҚСАТ); |
НҚАТ + СМАТ |
4 |
Таза табыс (ТТ) |
Жалпы табыс – салықтық және басқа да төлемдер |
5 |
Нақты несиелік қабілеті (ННҚ) |
НҚСАТ/ ТТ (мәні жобамен 35-45%-дан төмен болмауы тиіс) |
Банк тарапынан бағалаушы-
1. Пәтердің тозу коэффициенті = Пәтердің нарықтық құны * 3% (тозу коэффициенті) = 1500000 * 0,03 = 45000 теңге.
2. Алдағы уақытта пәтердің бағасының төмендеу тәуекелі = Пәтердің нарықтық құны * 15 % (төмендеу коэффициенті) = 1500000 * 0,15 = 225000 теңге.
3. Пәтердің бағалау құны = Пәтердің нарықтық құны – Пәтердің тозу коэффициенті - Пәтердің бағасының төмендеу тәуекелі = 1500000 – 45000 - 225000 = 123000 теңғе.
Пәтердің кепіл құны = Пәтердің бағалау құны * 60 % = 1230000 * 0,6 = 738000 теңге. Бұл көрсеткіш сұралатын несиенің кепілмен қатмамасыз етілу дәрежесін сипаттайды. Жалпы, “Казкоммерцбанк” АҚ есептерінің мәліметтері бойынша 2006 жылдың аяғында банк активі 434,2 млрд.теңге құрды. Яғни өткен жылмен салыстырғанда 58 %-ға жоғарылаған. 2006 жылы орташа актив 2005 жылмен салыстырғанда 66,5 %–ға өсті(орташа жылдық көлемі 350,8 млрд.теңге). Активтердің өсімі клиенттерге берілген несиенің өсімі есебінен (107,8 млрд.теңге), бағалы қағаздарға салым салу есебінен 2,7 есе (44,5 млрд.теңге) және Ұлттық банктегі касса мен қаражаттар есебінен 46,9%–ға (9,1 млрд.теңге) жоғарылап отыр. Банк активінің өсімін және банктің 2006 жылғы активінің динамикасы мәліметінен алынды (Қосымша А). 2006 жылы клиенттерге берілген қарыз банктік актив құрылымының 65,2 % құрады. 2005 жылы бұл көрсеткіш 63,8 % құрады (Қосымша Ә).
Банктің басқа банктерде орналастырған қаражаттары мен ссудалары жыл аяғындағы сомасы 38,583 млн. теңгені құрады. Өткен 2005 жылмен салыстырғанда 11,2 % төмендеген. Олардың банк активіндегі үлесі 8,9 %, өткен жылмен салыстырғанда 6,9 %-ға төмендеген. Теңгемен жалпы қаражаттың 4,6 % салынса, қалған қаражат АҚШ доллары және евро түрінде салынған. Теңгемен салынған қаражат 14,7 есе өсіп, 2006 жылдың аяғында 1,790 млн.теңге құрады. Шетел валютасында салынған қаражат 95,4 % құрады. Банктің қаражат орналастыру саясаты өте консервативті. Банк әдетте уақытша бос қаражаттарын белгіленген лимит бойынша қысқа мерзімге (әдетте 1 ай) және мемлекеттік құнды қағаздармен қамтамасыз етілген жағдайда орналастырады.
Кесте 4 Банктік қаражаттар мен ссудалары [13,15].
31 желтоқсан | ||
2006 |
2005 | |
Млн.теңге | ||
Банктегі қаражаттар мен депозиттер |
||
- теңгемен |
1,790 |
122 |
- шетел валютасымен |
35,321 |
43,499 |
Банктерге берілген ссудалары |
||
- теңгемен |
0 |
0 |
- шетел валютасымен |
1,887 |
0 |
Барлығы |
38,998 |
43,621 |
Ссудалары бойынша жоғалтулар резерві |
(415) |
(170) |
Барлық банктік қаражаттар мен ссудалары |
38,583 |
43,451 |
2006 жылдың 31 желтоқсанында
ссудалық қоржын (брутто) 302,132 млн.теңгені
құрады, жыл басымен салыстырғанда
59,6 %-ға өскен. Клиенттерге берілг
Кесте 5 Несиелік қоржын [13,35].
31 желтоқсан | ||
2006 |
2005 | |
Млн.теңге | ||
Клиенттерге берілген ссуда |
302,131 |
189,265 |
Ссудалар бойынша резервтер |
(19,069) |
(14,016) |
Резервті есепке қоспағандағы клиенттер ссудасы |
283,062 |
175,249 |
Шартты міндеттемелер |
||
Кепілдемелер |
22,769 |
18,951 |
Аккредитивтер |
23,409 |
18,466 |
Резервтер |
(1,426) |
(1,790) |
Барлығы (шартты міндемелер) |
44,752 |
35,627 |
Барлығы (ссудалар, кепілдемелер, аккредитивтер) |
327,814 |
210,87643451 |
Банк Қазақстан аумағында қызмет атқаратын, Қазақстандың ірі және орташа өнеркәсіпорынды мен ұйымдарды және трансұлттық компанияларды бірнеше бағытта несиелендірумен қызметтерімен айналысады. Яғни, қысқа мерзімді несиелендіру, сауданы қаржыландыру, жабаларды қаржыландыру,т.б.. Сондай-ақ банк жеке тұлғаларға да несиелендіру қызметін көрсетеді:
Европалық қайта құру және даму банкісінің (ЕБРР) шағын бизнесті несиелендіру бағадарламасы шеңберінде Банктің 2006 жылы несиелендіру қызметі айтарлықтай өсті. 2005 жылдың аяғында мұндай несие бойынша қарыз көлемі 30,577 мың АҚШ долларын құрады. 2004 жылдың аяғында бұл көрсеткіш 16,870 мың АҚШ долларын құрады. Стандартты несиелер көлемі 29,738 мың АҚШ долларын не жалпы көлемнің 97,26 % құрады. “Казкоммерцбанк” АҚ Европалық қайта құру және даму банкісінің (ЕБРР) линиясы бойынша шағын және орта бизнесті несиелендіру саласында жоғары деңгейде қызмет атқарды. Европалық қайта құру және даму банкісінің шағын және орта бизнесті несилендіру бағадарламасын орындауда “Казкоммерцбанк” АҚ 2006 жылдың аяғында жалпы үлестің 20,5 % құрады. 2006 жылы банк энергетика, құрылыс материалдарын өндірісін, мұнай-газ өнеркәсібін, ауыл шаруашылық, көлік және байланыс, тамақ өнеркәсібі және сауданы несиелендіруде қызмет көлемін арттырды. Құрылыс (11,4%) және қонақ-жай бизнесін несиелендіру (4,7% ) көлемі айтарлықтай артты [14,34].
Жеке жұлғаларды несиелендіру көлемі жыл басында 12,234 млн.теңгені құраса, жыл аяғында 31,791 млн.теңге құрады. Жеке тұлғаларды несиелендіру жалпы Банктің несиелендіру қоржыны көлемінің 25,9 % құрады (жыл басында 23,5 % құраған). Валюталық тәуекелді төмендету бағадарламасына сәйкес несиелердің басым бөлігін шетел валютасымен берілген несиелер құрайды, олар жалпы үлестің 79 % құрайды. Жыл соңында шетел валютасында берілген несиелерге қарағанда ұлттық валютада берілген несие көлемі 40,6 % -ға артты. Және олардың үлесі банк қоржынының 21 % құрайды. Ссудалық қоржынның қамтамасыз етілу құрылымы өте күрделі (Қосымша В).
Кесте 6 Кепілзаттың қамтамасыз етілуі [14,25].
31 желтоқсан | ||||
2006 |
Үлестік салмағы |
2005 |
Үлестік салмағы | |
млн.теңге |
% |
млн.теңге |
% | |
Қамтамасыз етілген |
289,853 |
95,9 |
180,340 |
95,3 |
Қамтамасыз етілмеген |
12,279 |
4,1 |
8,925 |
4,7 |
Барлығы |
302,132 |
100 |
189,265 |
100,0 |
Клиенттерге несие қозғалмайтын мүлікті жалға алу арқылы, кепілдемелер, туарлық қорлар, құрал-жабдықтар, мемлекеттік бағалы қағаздар, акция және депозиттер есебінен беріледі. Кепілзат консервативті бағаланады және қажет деп табылса тәуелсіз эксперттер шағырылады.”Казкоммерцбанк” АҚ-ның 2006 жыл нәтижесі бойынша кепілзіп 289,853 млн.теңгеге қамтасыз етілген, 12,279 млн.теңгеге қамтасыз етілмеген. Банк барлық уақытта да ссудалық қоржынның сапасын арттыру бағытында қызметтер атқарады. Жыл бойына күмәнді және шығынды ссудалардың үлесі 24,3 %–дан 18,0 %–ға төмендеді [14,25].
Кесте 7 “Казкоммерцбанк” АҚ-ның пайыздар бойынша табысы [14,34].
Табыс млн.теңге |
Орташа табыстылық (% жылдық) | |||||
2006 |
2005 |
2006 |
2005 | |||
теңге |
валюта |
теңге |
валюта | |||
Клиенттер ссудасы пайызы бойынша табыс |
29,749 |
23,044 |
14,9 |
14,3 |
13,7 |
14,0 |
7 Кестенің жалғасы
Банк ссудалары мен қаражаттары пайыздары бойынша табыс |
1,527 |
346 |
4,1 |
3,1 |
5,2 |
3,0 |
Бағалы қағаздар пайызы бойынша табыс |
3,830 |
1,111 |
5,1 |
6,4 |
6,2 |
9,3 |
Барлығы (пайыздар бойынша табыс) |
35,106 |
24,501 |
Банктің пайыздар бойынша табысы және активтер бойынша орташа табыстылығын анықтау несиелендіру процесін ұйымдастырудағы маңызды әрі ажырамас кезеңдердің бірі.Жалпы 2006 жыл бойы пайыздар бойынша табыс көлемі 35,106 млн.теңгені құрады, ал бұл көрсеткіш 2005 жылы 24,501 млн.теңге болатын. Яғни банктің пайыздар бойынша табысы айтарлықтай өскен [14,34].
2.3 Несиелік
тәуекелді баскару және
Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс. Несиелік тәуекел — қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
Несиелік тәуекелді
басқару жүйесінің негізгі
Кез келген банктік несие белгіленген мөлшер шегінде (лимит) беріледі. Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушымен бірлесе отырып, материалдық қорлардың құралу қажеттілігін зерттеу негізінде шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімнің өтімділігін, ауыл шаруашылық өнімдерін, оның қайта өңделуі және басқа да шығындарды ескере отырып анықтайды. Қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшері әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне байланысты. Бірақ та, бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен, сондай-ақ банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі мүмкін.
Екіншіден, несиенің мөлшері экономикалық жағдайларға байланысты, соның ішінде:
• қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;
• несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалды бағалылар қорына және олардың өтімділік дәрежесіне;
• маржа деңгейіне;
• несиелік төуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне;
• банкте бар ресурс көлеміне және т.б.
Несиелерді авторизациялау — несиелік тәуекелді төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар және тексерулер процесін білдіреді. Несиелік мониторинг — несие бойынша мәселе туындай қалған жағдайда, қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін қадағалап отыруға байланысты шаралар жүйесі болып табылады. Несиелік портфельді басқару — бұл банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.
Несиелік портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына жататындар: