Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі және еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 12:37, дипломная работа

Краткое описание

Несиелік механизмнің қызмет етуін түбегейлі жақсартудың басты міндеттері несиені және банктерді басқарудың экономикалық әдістерін дәлелдеуді тәжіриебеде пайдалануды бірінші қатарға шығарады. Бұл ақша айналымы және халық шаруашылығына тиімсіз және дәлелсіз несиелік салымдарды салудан, олардың құрылымының өзгеруінен, несиелердің уақытына және толық қайтарылуын қамтамасыз етілуін сақтайды. Ал ол өз алдына материалдық және ақшалай ресурстарды пайдалану тиімділігін жоғарлатады. Несиенің нақты көлемі туралы сұрақ түбегейлі зерттелген. Оны тек сандық жағынан нақты анықталған көлем деп ұғынуға болмайды. Теориялық жағынан бастысы өзгермелі жағдайда несиелендірудің қажеттілігі мен мүмкіндігін қалыптастыру факторларын анықтау болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ………………………………………………………...............................3
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚАРЫЗАЛУШЫЛАРҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ.........................6
1.1 Несиелік жүйе және оның элементтері…………...........................................6
1.2 Несиелеуді ұйымдастыру принциптері………............................................12
1.3 Несиелік портфельді басқару.........................................................................27
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ҚАРЫЗАЛУШЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТІН БАҒАЛАУ («Казкомерцбанк» АҚ-ның мысалында)............................................................................................................30
2.1. Заңды тұлғаның несиелік қабілетін бағалау….........................…………...30
2.2. Жеке тұлғаның төлем қабілетін бағалау……............…........................…..46
2.3 Несиелік тәуекелді басқару және банктің несиелік портфелінің сапасын
бағалау ……...……………................................................................................…53
3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................................................................66
3.1. Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудың шетелдік тәжірибесін
енгізу бағыттары ...................................................................................................66
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………...................................................75
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................78
ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................80

Файлы: 1 файл

Коммерциялық банктер.doc

— 582.50 Кб (Скачать)

Американдық банктер  қолданылатын несие қабілеттілік көрсеткіштері. Американдық экономистер есептеменің сальдолық көрсеткіштері негізінде құрылған несие қабілеттілікті бағалау жүйесін көрсетеді. Американдық банктер 4 негізгі көрсеткіштер тобын қолданады:

    • Фирманың өтіміділігі;
    • Капиталдың айналымдылығы;
    • Қаржы тарту;
    • Пайда көрсеткіштері.

Бірінші топқа өтімділік  коэффициенті (Кө) мен өтеу коэффициенті (Көтеу) жатады. Өтімділік коэффициенті (Кө) ең жоғары өтімді қаражаттың ұзақ мерзімді борыштық міндетемелерге қатынасы болып табылады. Өтімді қаражаттар ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді дебиторлық борыштардан құралады. Борыштық міндеттемелер қысқа мерзімді несиелер бойынша борыштардан, вексельдер бойынша борыштардан, өтелмеген талаптардан және басқада қысқа міндемелерден құралады. К қарыз алушылық өз борышын жақын болашақта айналым капиталымының құрылымын бағалау негізінде оперативті жылдам өтеу мүмкіндігін болжайды. К жоғары болған сайын несиеқабілеттілікте жоғары болады. Өтеу коэффициенті (Көтеу) – айналым капиталының қысқа мерзімді борыштық міндеттемелерге қатынасын білдіреді. Көтеу  - несиелендіру шегін борышты өтеуге клиент қаржысының барлық түрлерінің жетістігін көрсетеді. Егер Көтеу 1-ден кем болса, онда несиелендіру шегі бұзылғандықты, қарыз алушыға енді несие бермеу қажеттілікті білдіреді. Яғни ол несие қабілетсіз деп саналады.

Екінші топқа жататын  капитал айналымдығы көрсеткіштері  айналым активтерінің сапасын білдіреді  және К өтеу өсімін бағалау үшін пайдалануға болады. Мысалы, запастардың өсуі есебінен осы коэффициент мәнінің өсуі кезінде және осы уақытта  олардың айналымдылығы төмендесе қарыз алушының несие қабілеттілігі жоғарлады деп шешім қабылдауға болмайды. Тарту коэффициенті (Ктарту) бағалау көрсеткіштерінің үшінші тобын құрайды. Олар барлық борыштық міндеттемелердің активтердің жалпы сомасына немесе негізігі кариталдың жалпы сомасына қатынасымен есептеледі. Яғни, фирманың заемдық қаржыдан тәуелділігін көрсетеді. Тарту коэффициенті жоғары болған сайын қарыз алушының несие қабілеттілігі төмен болады.

Көрсеткіштердің үшінші тобымен фирма  пайдасын көрсететін төртінші топтың көрсеткіштері тығыз байланысты. Оларға жататындар: табыстағы пайданың үлесі, активтердегі пайданың үлесі, акцияға  пайданың нормасы. Егер фирманың заемдық  қаржыдан тәуелдігі жоғарласа Ктарту негізінде бағаланған несие қабілеттіліктің төмендеуі пайданың өсуімен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Франциялық коммерциялық банктердің несиеқабілеттілікті бағалауы 3 бөлімнен тұрады:

  • Кәсіпорынды бағалау және оның балансы мен басқада есептемелерді талдау;
  • Басқада коммерциялық банктермен қабылданған клиенттің несиеқабіліттілігін бағалау әдістемелерінің негізінде.

Несиеқабілеттілікті бағалау  үшін Франция банкісі мәліметтерін пайдалану. Кәсіпорынды бағалаған  кезде банк келесі мәселелерді қарайды -кәсіпорын қызметі және оның қазмет ету ұзақтылығы өндіріс факторлары:

а) басшылардың және қызметкерлердің  еңбек ресурстары (білімі, басшының жұмыс істеу қабілеті мен жасы, оның ізбасарларының барлығы, жұмыс  орындары бойынша басшылардың өсуі), персоналдық құрылымы, тұрып қалу көрсеткіштері, еңбек ақы мен қосылған құнның қатынасы (ол шамамен 70% құрау қажет);

ә) өндірістік ресурстар (амортизация мен амортизациялатын құралдардың қатынасы, инвестиция деңгейі);

б) қаржылық ресурстар;

в) экономикалық ортасы (өндірілетін өнім қандай өмірлік циклда екені, кәсіпорын монопольді өндіруші ме екендігін, бәсекелестік жағдайы, кәсіпорның негізгі өнімі нарығының өсу кезеңдері, фирманың коммерциялық саясаты, маркетингтің әдістері мен амалдарының жетік білу деңгейі);

Баланстың актив бөлігін  талдаған кезде үш негізгі құрамдас бөлігі айрықша көрінеді:

  • иммобилизацияланған активтер;
  • айналым қаржысы (запастар, дебиторлар, басқалар);
  • қолма-қол ақша (касса, банк шотындағы ақша, құнды қағаздар) баланстың пассив тұрақты ресурстары, кредиторлық борышқа және қолма-қол ақшаға (вексельдерді есептеу және тағы басқалары) бөлінеді. Қызмет нәтижелерін есептеу негізінде келесі көрсеткіштер аынқталады (Қосымша Б)

Баланс және басқада  нысандағы есептемелер біріншіден, сальдолық көрсеткіштерінің қатынасын бағалау үшін, екіншіден, айналым қаражаттары негізінде несиеқабілеттілік коэффициенттерін есептеу үшін қолданады. Талдау үшін келесі пропорциялар қолданылады: ұзақ мерзімді борыштардың жеке қаражатқа қатынасы, тұрақты жеке ресурстардың активтер сомасына қатынасы, шығындар мен залалдардың өндірістің өсу қарқынымен салыстыру және тағы басқа. Фирманың қаржылық есептемесі жиынтық баланс мәліметтерімне салыстырлады. Ол біркелкі кәсіпорындар баланстарының негізінде жасады. Балансты талдаудың негізігі бағыттарының бірі банктік тәуекелділікті анықтау болып табылады.

Қолма-қол ақша жағдайының көрсеткіштері кәсіпорынның даму деңгейі, оның рентебельділігі есебінен және айналым қаражаттарында қажеттілік деңгейімен бағаланады.  Коммерциялық банктің клиенттің несиеқабілеттілігін бағалаудың әдістемесінің бірі ретінде Credіt Lіone әдістемесін келтіруге болады.

Жалпы қорытынды балмен есептеледі. Балдардың сомасы клиенттің  несиеқабілеттілік деңгейін анықтайды. Банктік несиені беру мақсаттылығын бағалайтын бұл әдістеме қарыз қаражатын алған кәсіпорындардың төлем қабілеттігінін анықтау, несиенің қажетті көлемі мен өтеу мерзімін бағалау үшін банктермен қолданады. Біріншіден қарыз алушының құжаттары қаралады. Несие алу үшін құжаттарды талдаудың негізгі мақсаты қарыз алушының талап ететін ссуданы белгіленген уақытта және толық көлемде қайтаруға мүмкіндігі мен дайындығын анықтау.

Қарыз алушы банкке келесі құжаттар ұсынады: заңды құжаттар:

    • тіркеу құжаттары: ұйым жарғысы, құрылтайшылық келісім шарт, тіркеу туралы шешім (куәлік);
    • нотариалды куәлендірілген (бірінші экземпляр) қол және мөр үлгілерінің карточкасы;
    • ұйым атынан келісім жүргізуге және келісім шарттарға қол қоюға құқығы бар тұлғаны тағайындайтын құжаттар немесе сәйкес куәлік (нотариалді куәлендірілген көшірме);
    • қарыз алушы ұйымның басшысы мен бас бухгалтерінің мекен-жайы турлы, төл құжаттардың берілгендері туралы анықтама; 
    • Соңғы екі есептік дата бойынша салық комитеті куәлендірген толық көлемдегі бухгалтерлік есептеме. Онда баланстың келесі баптары ашылып көрсетілуі қажет (соңғы есептік датаға): негізгі қорлар, өндірістік қорлар, дайын өнім, тауарлар, басқада қорлар мен шығындар, дебиторлар мен кредиторлар (ең үлкен соммалар бойынша);
    • Соңғы 3 ай ішінде – айлық датадағы жағдайы бойынша есептік және валюталық шоттардан жазбалардың көшірмесі және көрсетілген айлар барысында ірі түсімдердің жазба көшірмесі [20,92].

Несиеге сұраныс білдірген  датадағы жағдайы бойынша алынған  несие туралы анықтама. Бұған несиелік несиелік келісім шарттардың көшірмесі қосымша ретінде ұсынылады. Ұйым туралы ақпарат пен оның қызметі туралы қысқаша мәліметтер жазылған несие беру туралы хат (шығыс нөмірі тіркелген ұйымның бланкісі). Тіркелу құжаттары заңды тұлға ретінде қарыз алушының әләухатын білдіреді. Ұйым атынан банкпен келісім жүргізетін және келісім-шартқа қол қоятын тұлғаның құқығын анықтау принцпиальді жағдай болып табылады. Бұл құқықтар қарыз алушының жарғысындағы жағдайларға сәйкес белгіленеді.

Бухгалтерлік есептеме қарыз алушының нақты датадағы қаржылық жағдайын талдауға мүмкіндік береді. Ақпараттық базаның маңыздысы бухгалтерлік баланс болып табылады.Баланстың активті бөлігін қарағанда келесілерге көңіл бөлу қажет: негізгі қорларды, өндірістік қорларды, дайын өнімді, тауарларды, басқада запастарды кепілге алуды ұйымдастырғанда осы құндылықтардың құндары баланс құрамының сәйкес баптарына қосылуымен бекітілуі қажет. Есептік шоттағы қалдық банктің есептік датадағы жазбасындағы берілгендермен сәйкес келуі қажет Дебиторлық борышты таладау кезінде оны өтеу мерзіміне көңіл аудару қажет. Өйткені, қарыздардың түсуі қарыз алушының сұраныс етілген несиені қайтарудың бір көзі болып табылуы мүмкін.

Баланстың пассив бөлігі қарастырғанда несие және басқада  заемдық қаржы көрсетілетін бөлімдерге қарау қажет. Баланста көрсетілген  және сұраныс еткен датаға өтелмеген борыштар бойынша несиелік келісім-шарттарды талап ету қажет және олардың мерзімнен тыс еместігіне көз жеткізу қажет. Басқа банктердің несиелері бойынша мерзімнен тыс борышы жағымсыз фактор болып табылады және қарыз алушы қызметінің үзілді-кесілділігін білдіреді. Егер борыш мерзімнен тыс болмаса, несиені өтеу мерзімі басқа несиелерді өтеу мерзімінен бұрын болуды мейлінше қамтамасыз етуге тырысу қажет. Сонымен қатар, сұраныс етіліп отырған несиені қамтамасыз ететін кепіл басқа банкке кепілдікке беріліп қойылмағандығы бақылануы қажет.

Кредиторлық борыштың жағдайын бағалаған кезде қарыз алушы  бұрын пайдаланып жүрген қаражаттарын уақытылы өтейтіндігіне көз жеткізу  керек. Бұл бөлімде қарыз алушының өзінің сыбайластарынан зайымдық келісімдер бойынша алынған қаражаттарыда көрінісін табады. Бұл келісімдер қарыз алушының банкпен келісімдерімен бірге қарстырылуы қажет. Егер несиеге сұраныс етілген мерзім қаржылық есептеме жасалған мерзіммен сәйкес келмесе, әдетте, қарыз алушының банктік несиелері бойынша нақты борышы соңғы баланста көрсетілген борыштан айырмашылығы болады. Борыштың бар екендігін анықтау үшін бенкке несие сұраныс кезде өтелмеген борыштар туралы барлық анықтамалар және несиелік келісім-шарттардың көшірмелері қажет.

Жағымды факторлардың бірі ретінде банктің осы қарыз алушыны бұрын несиелендіру тәжіриебесін жатқызуға болады. Егер сұраныс етіліп отырған несие бұрын алынып жүрген несиелердің қатарындағы келесісі болса, онда қарыз алушы банкке өзінің заңды құжаттарын көрсетуіне болады. Бірақ онда болған өзгерістерді міндетті түрде банкке көрсетуі қажет.

Солай бола тұрсада бұл  әдістеме банк үшін кәсіпорынға несие  беру туралы шешім қабылдауға бірнеше  себептермен қолайлы емес. Бұл  әдістеме банктің инвестициялық  жобалардың (несиелендіруші, банктік консорциумға қатысушы және т.б ретінде) қатысушысы жағдайында мақсаттылық туралы шешім қабылдауға келмейді. Оған келесі септер бар: инвестициялық жобаларды бағалау кезінде қарыз алушының қаржылық жағдайы көп жағдайда анықтаушы фактор болып табыла бермейді.

Әдетте, несиелік ресурстарды  номиналды несие алушымен қатар  инвестициялық жобаға қатысушыларының  негізгілерінің қатарына: жобаның (ұйымдастырушы) демеушісі, мердігерлер, өндірістік құралдарды жабдықтаушылар, жүзеге асыратын ұйым (оператор), шикізат пен материалдармен жабдықтаушылар, өнімді сатып алушылар және тағы да басқа қатысушылар. Әдетте, сонымен қатар бірнеше нұсқаулар бойынша ресми қарыз алушы ретінде жаңадан құрылған құрылым болып табылады. Ал оның «нольдік» балансы және есертік шоттар бойынша қандайда болмасын айналым болмаған болады.

Әлемдік тәжіриебеге  сәйкес инвестициялық жобаларды  жүзеге асырмас бұрын жобаның кәсіби дайындалған техникоэкономикалық дәлелдемесі міндетті түрде болуы қажет. Онда халықаралық әдістемелерді пайдалана отырып жобаға техникалық және қаржылық зерттеу жасалуы қажет және мұнда қолма-қол ақша ағымының қозғалысына жасалады.

Шетелдік несиелерді инвестициялық қаржыландыру мақсатында тарту кезінде шетелдік несиелендірушіге (инвесторға) мынадай факторлар маңызды болады: қарыз алушының заңдық және ұйымдық-құқықтық статусы, қолайлы кепілдіктердің бар болуы (дамыған Қазақстандық банктерден, үкіметтен кепілдіктер және т.б.), халықаралық аудиторлардың қажетті қорытындылардың бар болуы, қолма-қол ақша ағымы қозғалысын талдаудың және жобаның қаржылық тұрақтылығының қолайлы нәтижелері. Мұнда қарыз алушының банктің несиелік рейтингі керек емес.

Халықаралық банктік  ортада банктің беделін және оның рейтингін көтеру үшін тәжіриебеге жалпы қабылданған халықаралық стандарттар енгізу қажет. Осындай кемшіліктеріне қарамастан бұл әдіс Қазақстандық коммерциялық банктермен кең ауқымда қолданылады.

 

2.2.  Жеке тұлғаның төлем қабілетін бағалау 

Қазіргі кезде екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларға беретін несиеліріне тұтыну және ипотекалық несиелер жатады. Тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда:

  • автомобилдік несие;
  • ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;
  • тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;
  • -кейінге қалдырмайтын қажеттіліктерге (оқу,  емделу, демалу және т.с.с) берілетін несие.

Мұнда автомобильдік  несие бойынша жаңа және жүрілген автомобильдерді банк несиесі көмегімен  алуға болады. Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:

      • жиһаз;
      • сантехника;
      • аудио-видео-және тұрмыстық техникалар;
      • компьютер және оргтехника;
      • басқа да тұтыну тауарлары.

Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде және сыртында құрылыс  және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу  жатады. Мысалға, Қазақстан Республикасындағы жетекші банк –“Казкоммерцбанк” АҚ-ның тұтыну несиесін беру шартын көруге болады (Қосымша Д).

Сонымен қатар жоғрыдағы  банктен тұтыну несиесін алуға қажетті  құжаттар тізімі мынадай:

  • Қарыз алушының анкетасы
  • Жеке куәлігі (көшірмесі)
  • СТТН (көшірмесі)
  • Соңғы 12 ай бөлініп көрсетілген жалақы және басқа табыстары туралы жұмыстан берілетін анықтама.
  • Жұмыс стажы туралы жұмыс орнынан анықтама.
  • Жанұя құрамы туралы анықтама (№3 форма)
  • Некеге тұрғандығын растайтын құжаттар (неке туралы куәлік, жұбайыңыздың жеке куәлігі)
  • Кепілге қоятын мүліктің құжаттары

Информация о работе Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі және еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдар