Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі және еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 12:37, дипломная работа

Краткое описание

Несиелік механизмнің қызмет етуін түбегейлі жақсартудың басты міндеттері несиені және банктерді басқарудың экономикалық әдістерін дәлелдеуді тәжіриебеде пайдалануды бірінші қатарға шығарады. Бұл ақша айналымы және халық шаруашылығына тиімсіз және дәлелсіз несиелік салымдарды салудан, олардың құрылымының өзгеруінен, несиелердің уақытына және толық қайтарылуын қамтамасыз етілуін сақтайды. Ал ол өз алдына материалдық және ақшалай ресурстарды пайдалану тиімділігін жоғарлатады. Несиенің нақты көлемі туралы сұрақ түбегейлі зерттелген. Оны тек сандық жағынан нақты анықталған көлем деп ұғынуға болмайды. Теориялық жағынан бастысы өзгермелі жағдайда несиелендірудің қажеттілігі мен мүмкіндігін қалыптастыру факторларын анықтау болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ………………………………………………………...............................3
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚАРЫЗАЛУШЫЛАРҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ.........................6
1.1 Несиелік жүйе және оның элементтері…………...........................................6
1.2 Несиелеуді ұйымдастыру принциптері………............................................12
1.3 Несиелік портфельді басқару.........................................................................27
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ҚАРЫЗАЛУШЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТІН БАҒАЛАУ («Казкомерцбанк» АҚ-ның мысалында)............................................................................................................30
2.1. Заңды тұлғаның несиелік қабілетін бағалау….........................…………...30
2.2. Жеке тұлғаның төлем қабілетін бағалау……............…........................…..46
2.3 Несиелік тәуекелді басқару және банктің несиелік портфелінің сапасын
бағалау ……...……………................................................................................…53
3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................................................................66
3.1. Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудың шетелдік тәжірибесін
енгізу бағыттары ...................................................................................................66
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………...................................................75
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................78
ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................80

Файлы: 1 файл

Коммерциялық банктер.doc

— 582.50 Кб (Скачать)

Халықаралық банктік  тәжірибеде банктердің тәжірибеде банктердің бір қарыз алушыға келетін несиенің сомасы банктің меншікті капиталының 25%-нан аспау тиіс. Бұл әрине несиенің үлкен мөлшерін білдіреді. Банкпен тығыз байланысты қарыз алушыларға берілетін несиелер. Банктің меншікті капиталы. Банкпен тығыз байланысты қарыз алушыларға банктің құрылтайшыларын, директорларын, акционерлерін және банкпен тікелей байланысчта болып, несие алу барысындағы жеңілдіктерді пайдаланатын басқадай қарыз алушылар жатады.

Несиелерді сапасына қарай топтау және талдаудың маңызы бар. Несиенің сапасы деп сол несиеге тиісті несиелік тәуекелдің дәрежесі айтылады. Несие сапасының көрсеткішінің деңгейі несиелік тәуекел дің дәрежесі айтылады. Несие сапасының көрсеткішінің деңгейі несиелік тәуекел деңгейіне кері пропорционал (несие сапасы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым оның қайтарылуы күмәнсіз, және керісінше) болып келеді. Бұл жерде несиелік тәуекелдң көрсеткіштерінен несие сапасының немесе банктің несиелік портфелінің көрсеткіштерінің айырмашылығы – бұл банктің берген несиелері бойынша анықталатын нақты шамасында. Несиенің сапасының категорияларына байланысты несиелік портфель құрылымын және несиенің әр категориясы (соның ішінде, тұтыну, ипотекалық және басқа) бойынша проблемалық, мерзімі өткен, үмітсіз несиелерді біле отырып, банк несиелік операциялар бойынша зияндарды төмендетуге бағытталатын шаралар қатарына жүзеге асыруға мүмкіндікке қол жеткізеді.

Несиелік тәуекелді  басқару, реттеудің негізгі әдістеріне мыналар жатады:

    • Несиелік портфельді диверсификациялау;
    • Қарыз алушының төлем қабілетін алдын ала талдау;
    • Несиелік тәуеклді жабуға арналған резерв құру;
    • Несиелік портфельдің оңтайлы (банк үшін) құрылымын талдау жәе қолдау;
    • Несиелердің қамтамасыз етілуін және олардың мақстты пайдалануын қамтамасыз ету.

Несиелердің қайтарылмауынан  зиян шегу – кез келегн банк қызметінің қашса құтылмайтын үлесі. Оларды толық жою мүмкін емес, бірақ ең төменгі мөлшерге жеткізуге болады. Американдық коммерциялық банктерде проблемалық несиелердің пайда болцы себептерін айқындауға көмектесетін, сол сияқты олардың пайда болуын болжайтын толық жүйе жұмыс жасайды. Бұл жүйеге сәйкес, күмәнді несиелердің пайда болуына әсер ететін банкке байланысты және байланысты емес факторлар келтіріледі. Бірінші факторларға несиелік процеспен байланысты, яғни несиелік өтінішке, несиелік құжаттарға және т.б. жасалатын талдауды қамтитын барлық аспектілер жатады. Екінші факторларға қолайсыз экономикалық жағдай және төтенше оқиғалар жатады.

Американдық банктік  тәжірибе несиелік процестегі проблемалық  несиелерді анықтауда 25 белгіні қөолданады:

  • Қарыз алушының тарихына байланысты белгілер:
  • Таяу арадағы қарыз алушының қаржылай тұрақсыздығы;
  • Қарыз алушы туралы ақпараттардағы алшақтық және қарма-қайшылық;
  • Қарыз алушының жетекшілері мен басқармасына қатысты белгілер:
  • Қарыз алушының серіктестерінің тұрақсыздығы;
  • Басшыларының моральдық сапасының төмендігі;
  • Серіктестер арасында, компания иеленушілер, жанұя мүшелері арсындағы билік үшін күрестің болуы;
  • Басшылардың жиі ауысуы;
  • Басшылардың салмақсыздық мінезі;
  • Қарыз алушының басшының несиелік процесті жеделдетуге банк қызметкеріне қысым жасауға ынталы болуы.

Қарыз алушының өндірістік қызметн көрсететін «белгілер»:

  • Қарыз алушының жабдықтаушылары мен сатып алушылар ортасының өзгеріссіз болуы;
  • Қарыз аушының өз алашақтарына жасайтын бақылауының әлсіздігі;
  • Қарыз алушы саласының, сол уақыттарда проблемалық салаға жатуы;
  • Балансты жүргізудің қысқаруы, яғни актив және пассив баптарының толық берілмеуі.

Несиелеуді ұйымдастыруға  қатысты «белгілер»:

  • Қарыз алушының несиені сұраудағы нақты мақсаты болмауы;
  • Қарыз алушыда ссуданы қайтаруда анық бағдарламаның болмауы;
  • Несиені өтеудегі резервтік көздерінің болмауы;
  • Несие берілетін мақстаына қарыз алушы тарапынан материалдық қамтамасыз етілмеуі;
  • Қарыз алушының несиелік өтінішінің негізссіздігі;
  • Қарыз алушы несиені акционерлік капиталын кепілге бере отырып сұрауы;
  • Несиенің ең бастысы, өндіріске емес, айналыс аумағына бағытталуы;
  • Несиенің қайтару мерзімі жеткілікті негізделмеуі.

Белгіленген нормалардың  ауытқу белгілері:

  • Қарыз алушының шаруашылық қызметі туралы есеп беру мәліметінің мерзімінің бұзылуы;
  • Банк шоттарын жүргізу тәртібінің нормалардан ауытқуы;
  • Несиелеу шартының қайта қаралуы; несиенің қайтарылу схемасындағы өзгерістер; ссуданың мерзімінің мерзімін созу туралы өтініштің болуы;
  • Қарыз алушының шаруашылық-қаржылай керсеткіштерінің жоспардағыдан немесе күтілетін көрсеткіштерден ауытқуы.

Қарыз  алушының  есеп  және  бақылау жүйесіндегі ауытқуы. Бұл аталған "белгілер" банкті сақтандыра отырып, мерзімі өткен несиелердің алдын алуға немесе олардың пайда болуын анықтап беруге мүмкіндік береді. Егер де банк күмәнді несиелерді анықтап білсе, онда несиелердің өтелуіне бағытталатын әрекет ету бағдарламасын қолданады. Көптеген жағдайда қарыз алушы әлі де болса, өз міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетін жоғалтпаған жағдайда банк несиелік келісім-шарттарды өзгерту туралы сұрақтарды қарастырады.

Жаңа шарт несиені  қайтару кестесіне бағытталып, банк пен қарыз алушы арасындағы басты  мақсат - проблемалық несиелерді жою  жолында, өзара келісілген іс-әрекеттерді  қарайды. Сонымен қатар, американдық коммерциялық банктердің күмәнді несиелерді анықтау және жою жұмысы әр түрлі кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде банк және қарыз алушы нағыз серіктестер ретінде әрекет етеді. Олар жаңаша келісім жасай отырып, қарыз алушыға несиені өтеудегі мерзімінің кешіктірілуіне мүмкіндік беріледі.

Егер қосымша жасалған келісім нәтиже бермесе, яғни қарыз  алушының қаржылық жағдайы жақсармаса және ссуданың өтелуіне көз жеткізу  мүмкін болмаса, онда банк келесі кезеңге - қамтамасыз етілген мүлікті сатуға көшеді. Қамтамасыз етілген мүлікті сату — бұл несиенің қамтамасыз ету туралы келісім -шартына байланысты банктің ол мүлікті нақты ақшаға айналдыру процесін білдіреді. Қамтамасыз етілген мүлікті аукцион және басқа да жолдармен сату ссуданы қайтарудың ең қарапайым тәсілі болып табылады. Бірақ бұл жерде көптеген кедергілер де болуы мүмкін. Өйткені, қамтамасыз ету мүлкінің сату бағасы нарық жағдайына сәйкес ауытқуы мүмкін.

Бұл жерде оны бағалау, нарықтық перспективаларды есепке алып жүргізілуі тиіс. Егер қамтамасыз ету  құралы, проблемалық несиені қайтаруға толық мүмкіндік бермесе, үшінші кезең - несиені сот арқылы іздеу жұмысы жалғасады. Сот, қарыз алушының банктік міндеттемелері бойынша жауап беруін талап ету туралы шешім шығарады. Сот сондай-ақ, банкке қарыз алушының қандай табыс көздері мен активтері арқылы несиені қайтаруға болатынына көмектеседі.

Сот шешімінің орындалуын банк әр түрлі формада таңдап жүзеге асыра алады. Бұл проблемалық несиемен жұмыс жасаудың төртінші кезеңі болып табылады. Сонымен, таңдау жолдары келесідей:

1. Борышқордың мүлкін тәркілеу туралы сот шешімінің орындалу жолында қарызды қайтару.

2. Тіркелген мүлікті  баспа беттегі аукциондары арқылы

сату;

3. Борышқордың үшінші  бір тұлғадағы қаражаттарына

арест жасау.

4. Банкке тұрақсыз  борышқордың мүлкін басқарушы  тұлға ретінде мәртебе беріледі.

Мерзімі өткен ссудалармен  жасалатын банк жұмысының нәтижесі борышқордың банкроттығы болып  табылады. Бұл бесінші кезең, банкроттық - бұл күмәнді несиелерге қолданылатын соңғы шешім құралы.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Дипломдық жұмыстың мақсаты  несиелендіру қызметін ұйымдастырудың тиімді әдістері мен шараларын қарастыру. Сондай-ақ несиелендіру қызмет ұйымдастырудағы ажырамас кезең – клиенттердің несиеқабілеттілігін және төлемқабілеттілігін талдау мәселелерін, несиелік тәуекелдің алдын-алу шараларын қарастыру болып табылады. Жалпы коммерциялық банктердегі несиелік қызметті ұйымдастыруды анықтай, талдай келе төмендегідей қорытынды және ұсыныстар жасауға болады.

Бұл жұмыста берілген несиеқабілеттілік көрсеткіштерінің топтамасы шартты болып табылады. Бұл жерде мәселе әр түрлі заңды және жеке тұлғаларға қандай қаржылық көрсеткіштер қызығушылық тудыратыны жайлы болып отыр несиеқабілеттілікті анықтайтын әр бір көрсеткішінің деңгейі мен динамикасын дұрыс бағалау үшін кәсіпорынның барлық қаржылық жағдайын қарастыру қажет. Барлық көрсеткіштер бір-біріне тәуелді : мысалы, баланстық пайданың динамикасын, капиталдың рентабельділігі мен айналымдылығын, кәсіпорынның төлемқабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын талдамай акцияға келетін дивиденттердің қалыптасқан деңгейін дұрыс бағалау мүмкін емес. Әр бір көрсеткіштің деңгейң мен динамикасы басқа көрсеткіштердің деңгейі мен динамикасы арқылы қамтамасыз етіледі. Несиеқабілеттілікті талдауда барлық қаржылық көрсеткіштердің сапалық және сандық тәуелдіктерін бағалау қажет.

Қарыз алушының несиеқабілеттілігі қажетті, бірақ несиелендірудің  басты талабы болып табылмайды Соңғы  шешімді қабылдау үшін басқа факторлардың есебі керек Қарыз алушының несиеқабілеттілігін  бағалау мынадай сұраққа жауап  беруі керек: несиелендірудің белгілі жағдайлары кезінде қарыз алушы несиені және ол бойынша проценттерді уақытылы өтей алу жағдайын білу. Бұл сұраққа қанағаттанарлық жауап несиені беру мақсаттылығы туралы қанағаттанарлық қорытындымен тең емес:

Біріншіден, қарыз алушының оппортунистік деп аталатын мінез-құлқы бар кейбір клиенттер несиелік келісімнің шарттарын тек адамдық және іскерлік этика мен моральді спецификалық түсінуімен орындалуы мүмкін. Оппортунистік тәукелділікті ашу, әдетте қарыз алушының бастапқы несиелік тарихын қарастыру және бизнес қауымдастығында оның беделі турвлы мәліметтерді жинастыру жолдарымен анықталады. Қауыпты жағдай болған жағдайда келісімнің заңдылық жағдайлары қатаң бақыланады.

Екіншіден, капитал нарығында  экономикалық конъюктураның өзгеруңнен тәуекелдер болады. Бұл тәуекелдердің мәні қарапайым: ұзақ мерзімді несиелерді берген кезде банктің ресурстары ұзақ мерзімді уақытқа "байланып" қалады. Егер несиелік келісімнің қызмет ету кезінде орташа нарықтық проценттік ставкасының өсуі берілген ұзақ мерзімді несиелер банкке тиімді болмайды. Бұл проблема несиелік келісімнің спецификалық талаптарды белгілеумен шешңледң. Мысалы, икемді проценттік ставка деп аталатын ставка белгіленуі мүмкін. Ол несиелік нарықтың бірнеше индикаторымен (Ұлттық банктің есептік ставкасы, резервтік норма деңгейі және т.б.) байланыстырылуы мүмкін. Есептік проценттің жоғарылауы несие бойынша процент автоматты түрде жоғарлайды. Экономикалық конъюктураның тәуекелдерін төмендетудің тағы бір амалы несиелік желі ашу болып табылады. Бұл жағдайда кесімнің шарттары бойынша берілетін несиелік ресурстар сомасын және процент деңгейін қайта қарау мүмкіндігі болады.

Осылайша, қарыз алушының несиеқабілеттілігін талдау маңызды  болып табылады. Бірақ, несиені беру және несиенің талаптары туралы басқарушынық шешім қабылдаудың жағымсыз құралы емес. Коммерциялық банктің несиелік бөлімі берген қорытынды жалғыз құжат болып табылуы және оны банктің несиелік комитетінде қарастырылуы дұрыс емес.

Несиеқабілеттілікті талдаған кезде қарыз алушы фирма және жоба бойынша қаржылық ағымдарды бөлу. Әдетте, берілген несие мақсатты бағытта болады, яғни қарыз алушының белгілі шаруашылық операциясын қамтамасыз ету үшін қажет. Осылай бола тұрсада, фирма (рецепиент) және жоба бойынша болжамдалған қаржылық ағымдардың балансын талдау банкті түбегейлі кері қорытындыға әкелуі мүмкін. Мысалы, қаржыландырлатын жоба бойынша болжамдалған ақша ағымдарының оң сальдосы қарыз алушы фирпманың өтімділігі қананағаттанарлықсыз болуы мүмкін. Немесе керісінше, жобаның сенімсіз тиімділігі кезінді қарыз алушының қаржылық тұрақтылығы айтарлықтай жағымды деңгейде болуы мүмкін. Қолданылып жүрген шаруашылық заңдылықтарында қарыз алушы фирма мен жобаның қаржылық ағымдарын бөлудің бірнеше амалдары бар. Бұл жерде банк үшін алынған қаражаттар қарыз алушының басқада міндеттерін өтеу үшін жұмсалып кетпеуі маңызды. Бұл біріншіден, банк-агенті пайдалану арқылы кепілідік несиелендіру және жобадан түсетін барлық қаржылық түсімдер өтетін эскроу шоттарын ашу. Тағы бір нысаны ретінде бірлесіп қызмет жасау (концорциум) немесе жобаны жүзеге асыру үшін арнайы заңды тұлға құру арқылы жүзеге асыруға болады. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау кезінде және жоба бойынша қаржылық ағымдарды болжамдау бөлек қаралуы қажет.

Қарыз алушының несиеқабілеттілігін  бағалау несиеге мониторинг жасамаса тиімсіз болады. Бұл қарапайым принципті отандық банктер бұзады. Несие берілгеннен кейін төлемдер бойынша уақытын бұзуға дейін қарыз алушы жайлы ұмытып кетеді. Сонымен қатар қарыз алушының несиеқабілеттілігін талдау өзінің анықтамасы бойыцнша болжамды болып келеді. Банк несиені беру кезінде несиелік келісімді жүзеге асыру барысында рецепиенттің қаржылық жағдайы қалай өзгеретіні туралы білмейді. Осыған байланысты қарыз алушының қаржы ағымдары, табыстары мен шығыстарын мерзімді бақылауы бекітіліп қойған келісім бойынша банктің оперативті шешім қабылдауға өте маңызды болады.

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.    Овчаров А.О. Организация управления рисками в коммерческом банке.-М, 1998.-С.327

2. Романюк Ж.В. Моделирование кредитно-депозитной политики банка Автореф. на сосикание уч. степ. к.э.н. Алматы, 1998. - С.28

3.    Банковское дело. Под.ред. Лаврушина О.И. - М: Финансы и статистика, 1998. - С.458

Информация о работе Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі және еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдар