Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 12:37, дипломная работа
Несиелік механизмнің қызмет етуін түбегейлі жақсартудың басты міндеттері несиені және банктерді басқарудың экономикалық әдістерін дәлелдеуді тәжіриебеде пайдалануды бірінші қатарға шығарады. Бұл ақша айналымы және халық шаруашылығына тиімсіз және дәлелсіз несиелік салымдарды салудан, олардың құрылымының өзгеруінен, несиелердің уақытына және толық қайтарылуын қамтамасыз етілуін сақтайды. Ал ол өз алдына материалдық және ақшалай ресурстарды пайдалану тиімділігін жоғарлатады. Несиенің нақты көлемі туралы сұрақ түбегейлі зерттелген. Оны тек сандық жағынан нақты анықталған көлем деп ұғынуға болмайды. Теориялық жағынан бастысы өзгермелі жағдайда несиелендірудің қажеттілігі мен мүмкіндігін қалыптастыру факторларын анықтау болып табылады.
КІРІСПЕ………………………………………………………...............................3
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚАРЫЗАЛУШЫЛАРҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ.........................6
1.1 Несиелік жүйе және оның элементтері…………...........................................6
1.2 Несиелеуді ұйымдастыру принциптері………............................................12
1.3 Несиелік портфельді басқару.........................................................................27
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ҚАРЫЗАЛУШЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТІН БАҒАЛАУ («Казкомерцбанк» АҚ-ның мысалында)............................................................................................................30
2.1. Заңды тұлғаның несиелік қабілетін бағалау….........................…………...30
2.2. Жеке тұлғаның төлем қабілетін бағалау……............…........................…..46
2.3 Несиелік тәуекелді басқару және банктің несиелік портфелінің сапасын
бағалау ……...……………................................................................................…53
3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................................................................66
3.1. Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудың шетелдік тәжірибесін
енгізу бағыттары ...................................................................................................66
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………...................................................75
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................78
ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................80
Несиелерді қамтамасыз етудің келесі бір жолы -несиелерді сақтандыру. Бұл енді біздің тәжірибемізде кезінде қолданылғанымен де, оның айналасында көптеген мәселелер орын алуда. Несиелеу механизмін кеңес экономистері жалпы несиелік механизмнің "техникалық қабаты" ретінде бөліп қарастырады. Несиелеу механизмі — несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын несиелік механизмнің кұрамдас бөлігі.
Басқаша айтқанда, несиелеу механизмі бұл несиені пайдалану механизмін білдіреді. Несиелеу механизмі - бұл несиені ғылыми тұрғыда тану механизмін сипаттайды. Бұл механизм практикада нақты өрекет ететін, өзінің субъективтік сипаты бар механизм. Несиелеу механизмі өзінің мәні жағынан несиелік процесс технологиясын бейнелейді.
Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау. Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысал ретіндегі құжаттар пакетінің құрамына жататындар:
1) құрылтайшылық құжаттардың,
жарғының, жалға алу шарттарының,
тіркелген куәліктерінің
2) соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы және оған қосымша беттер;
3) несиеленетін шаралардың
рентабельдік деңгейін және
4) несиеленетін мәмілелерді растайтын келісім-шарттар көшірмелері (материаддық құндылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған шарттар, тауарлы-материалдық құндылықтар шотының көшірмелері және т.с.с),
5) басқа банктерден
алған несиелер туралы
6) қамтамасыз ету мақсатында
кепілге берілген мүлікке
7) несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар;
8) қызметін жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да құжаттары жоқ кәсіпорынның бизнес жоспары [10,102].
Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар, банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау үшін есеп карточкесін толтыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз алушының аты-жөні; қызметі және меншік түрі; клиенттің занды мекен-жайы; ағымдық және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттары; негізгі құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі; соңғы есептік күнге берілген баланс құрылымы және басқа да көрсеткіштер. Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған ссудасын қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар. Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады.
Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі. Қарыз алушының несиелік қабілеті — қарыз алушының алған ссудасы бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, соңдықтан да, банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділіғіне ықпал етеді.
Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады:
1) Ссудаға қатысты
қабілеттігі. Қарыз алушыға
2) Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісім-шартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі.
3) Табыс алу қабілеті.
Банк қарыз алушының ссуданы
қайтаруға жеткілікті
Қарыз алушының табыс
алу қабілетін анықтау
Несиелік және кепіл туралы келісім-шарт жасасу. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісім-шарт негізінде шешеді. Несиелік келісім-шарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:
- несиелеу мақсаты және объектісі;
- несиенің мөлшері;
- ссуданы беру мерзімі және қайтару шарттары;
- несиені қамтамасыз ету формасы;
- несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;
- несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;
- несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі.
Несиелік келісім-шарттың мазмұнын келісуші жақтардың өздері анықтайды. Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы келісім-шарттың орыны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты ажыратылады. Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік құқықтар жатады. Материалдық-заттық мазмұнына қарай кепіл заттары мынадай топтарға бөлінеді:
1. Клиенттің мүліктерінің кепілі:
• тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі:
а) шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;
ә) тауарлар және дайын өнімдер кепілі;
б) валюталық бағалылар (нақты валюталар), алтыннан жасалған бұйымдар кепілі;
в) басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі;
• бағалы қағаздар (вексельдер) кепілі;
• сол банктегі депозиттер кепілі;
•жылжымайтын мүлік кепілі (ипотека).
2. Муліктік құқықтар кепілі:
Несие беру кезеңі - бұл кезең ағымдық шот ашу, ссуданы беруді құжаттау тәртібін (қосымша құжаттартолтырылуы мүмкін), ссуданы беру тәсілін анықтайтыннесиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарынқамтиды. Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады. Біріншісі — несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайларда жұмсалынады. Екіншісі — несие алуға қүқығы қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші — белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады (мысалға, артық сыйақы төлегісі келмейді). Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес анықталады.
Несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау — несиелік операцияның маңызды кезеңі. Несиенің берілуі сияқты несиені қайтарудың бірегей жасалған үлгісі жоқ. Іс жүзінде ссуданы қайтарудың төмендегідей көптеген варианттары болады:
1) мерзімді міндеттемелер негізінде эпизодтық қайтару;
2) меншікті қаражаттардың
жинақталуының және несиеге
3) алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару;
4) түскен түсімді бірден
ссудалық қарызды жабуға
5) несиенің қайтарылу мерзімін созу;
6) мерзімі өткен қарызды "Мерзімі өткен несиелер" шотына аудару;
7) банк резерві есебінен мерзімі өткен ссудаларды шегеру.
Ссудалық қарызды қайтару туралы қарастырылған варианттар бұл процесті мынадай белгілеріне байланыты жіктейді:
Қайтаруына қарай:
1) несиені толық қайтару;
2) несиені жартылай қайтару.
Қайтару жиілігіне қарай:
1) несиені бірден қайтару;
2) несиені бөліп-бөліп қайтару.
Қайтарудың жүзеге асырылу уақытына қарай:
1) несиені жүйелі түрде қайтару;
2) несиені эпизодтық қайтару.
Қайтару мерзімдеріне қарай:
1) несиені мерзімді қайтару;
2) несиенің уақытын созып қайтару;
3) несиенің мерзімін өткізіп барып қайтару;
4) несиені мерзімінен бұрын қайтару.
Қайтару көздеріне қарай:
1) клиенттің меншікті қаражаттары;
2) жаңа несиені пайдалану;
3) кепіл берушінің шотынан шегеру;
4) басқа кәсіпорын шотынан түскен қаражаттар;
5) бюджеттік түсім және т.б. [13,95].
Несиенің қайтарылуын арнайы құжат арқылы жасауға да, жасамауға да болады. Несиенің қайтарылуын негіздейтін құжаттарға: клиенттің жазбаша үкімі, банктің өзінің үкімі, соттың бұйрықтары жатады. Клиенттің өзінің шотынан ақшалай қаражаттарды шегеру туралы берген үкімі жазбаша да және ауызша да болады. Несиенің қайтарылуы қағазсыз, яғни байланыс каналдары арқылы да жүзеге асырылады.
Ссуданың қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте ссудалар бойынша мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді. Банк қызметкерлері күнделікті қайтарылатын мерзімі жеткен ссудаларды қарай отырып, қарыз алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкім-ордерін береді. Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзімді міндеттеменің келесі бетіне тиісті белгілерін жасайды. Егер де қарыз алушының ағымдық шоты басқа банкте ашылған болса, ссуда бойынша қарызды және сыйақыны қайтару қарыз алушының төлем тапсырмасы негізінде жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда, қарыз алушының уақытша қаржылық қиындықтарға кезігуіне байланысты банк қайтару мерзімін кейінге қалдыруға рұқсат етуі мүмкін, бірақ бұл қарыз жоғарғы сыйақымен құжатталады.
Сыйақы мөлшері оны төлеу мерзімі және төртібі, сондай-ақ оларды іздестіру механизмі несиелік келісім-шартта анықталады. Сыйақы ай сайын, тоқсан сайын және т.б. есептелуі және қайтару кестесіне сәйкес іздестірілуі мүмкін. Пайызды есептеу барысында шартты түрде айдағы күндер саны — 30, ал жылдағы — 360 күнмен алынады. Банк несиелік келісім-шарттың орындалуына, қарыз алушының алған несиені пайдалануына және оны толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметіне, оның қаржылық жағдайына талдау жасап, қажет болған жағдайларда, орнында ақшалай және есеп айырысу құжаттарын, бухгалтерлік жазуларды, есептік материалдарды тексереді. Осы жерде қарыз алушыдан алған барлық қаржы ақпараттар түрлері мен басқа да ақпараттар, сондай-ақ басқа да кездер пайдаланылады. Әрбір банктің өзінің клиенттің несиелік ісін жүргізу жүйесі болады. Несиелік келісім-шартка байланысты өз міндеттемелерің орындамаған қарыз алушыларға қатысты, банк: қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы ескерту жасауға; несиелік шартында қарастырылғандай, беруді тоқтатуға құқы бар. Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі түрде орындамаған жағдайда банк несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы. Несиелеу процесіне жасалатын бақылау банктің несиелік портфелін мерзімді түрде тексеріп отырумен де толықтырылады. Өйткені, банктің несиелік портфелі оның табыс көзі және несиелік операцияларды жүргізу барысындағы тәуекел кезі болып табылады.