Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 12:37, дипломная работа
Несиелік механизмнің қызмет етуін түбегейлі жақсартудың басты міндеттері несиені және банктерді басқарудың экономикалық әдістерін дәлелдеуді тәжіриебеде пайдалануды бірінші қатарға шығарады. Бұл ақша айналымы және халық шаруашылығына тиімсіз және дәлелсіз несиелік салымдарды салудан, олардың құрылымының өзгеруінен, несиелердің уақытына және толық қайтарылуын қамтамасыз етілуін сақтайды. Ал ол өз алдына материалдық және ақшалай ресурстарды пайдалану тиімділігін жоғарлатады. Несиенің нақты көлемі туралы сұрақ түбегейлі зерттелген. Оны тек сандық жағынан нақты анықталған көлем деп ұғынуға болмайды. Теориялық жағынан бастысы өзгермелі жағдайда несиелендірудің қажеттілігі мен мүмкіндігін қалыптастыру факторларын анықтау болып табылады.
КІРІСПЕ………………………………………………………...............................3
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚАРЫЗАЛУШЫЛАРҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ.........................6
1.1 Несиелік жүйе және оның элементтері…………...........................................6
1.2 Несиелеуді ұйымдастыру принциптері………............................................12
1.3 Несиелік портфельді басқару.........................................................................27
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ҚАРЫЗАЛУШЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТІН БАҒАЛАУ («Казкомерцбанк» АҚ-ның мысалында)............................................................................................................30
2.1. Заңды тұлғаның несиелік қабілетін бағалау….........................…………...30
2.2. Жеке тұлғаның төлем қабілетін бағалау……............…........................…..46
2.3 Несиелік тәуекелді басқару және банктің несиелік портфелінің сапасын
бағалау ……...……………................................................................................…53
3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................................................................66
3.1. Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудың шетелдік тәжірибесін
енгізу бағыттары ...................................................................................................66
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………...................................................75
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................78
ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................80
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық Академиясы
Экономика пәндері кафедрасы
ҚұдайбергеновТ.К.
Садыкова Эльмира Айтпайқызы
ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫДАН ҰСТАЛАТЫН ҰСТАЛЫМДАР
Дипломдық жұмысы
Талдықорған 2009
МАЗМҰНЫ
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ЖҮЙЕСІ
ЖӘНЕ
ҚАРЫЗАЛУШЫЛАРҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ...................
1.1 Несиелік жүйе және
оның элементтері…………..........
1.2 Несиелеуді ұйымдастыру принциптері………................
1.3 Несиелік портфельді
басқару.......................
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ҚАРЫЗАЛУШЫНЫҢ
НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТІН БАҒАЛАУ («Казкомерцбанк»
АҚ-ның мысалында)....................
2.1. Заңды тұлғаның
несиелік қабілетін бағалау…...
2.2. Жеке тұлғаның төлем қабілетін
бағалау……............…........
2.3 Несиелік тәуекелді басқару және банктің несиелік портфелінің сапасын
бағалау ……...……………....................
3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ НЕСИЕЛЕНДІРУ
ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР
ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.......................
3.1. Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудың шетелдік тәжірибесін
енгізу бағыттары ..............................
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………........
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
ҚОСЫМШАЛАР....................
КІРІСПЕ
Несиелік механизмнің қызмет етуін түбегейлі жақсартудың басты міндеттері несиені және банктерді басқарудың экономикалық әдістерін дәлелдеуді тәжіриебеде пайдалануды бірінші қатарға шығарады. Бұл ақша айналымы және халық шаруашылығына тиімсіз және дәлелсіз несиелік салымдарды салудан, олардың құрылымының өзгеруінен, несиелердің уақытына және толық қайтарылуын қамтамасыз етілуін сақтайды. Ал ол өз алдына материалдық және ақшалай ресурстарды пайдалану тиімділігін жоғарлатады. Несиенің нақты көлемі туралы сұрақ түбегейлі зерттелген. Оны тек сандық жағынан нақты анықталған көлем деп ұғынуға болмайды. Теориялық жағынан бастысы өзгермелі жағдайда несиелендірудің қажеттілігі мен мүмкіндігін қалыптастыру факторларын анықтау болып табылады.
Несиелеу объектісі - бұл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады. Несиенің нақты көлемі түнігімен қатар несиені нақты пайдалану түсінігі бар. Ол несие қатынастары субъектілері мен несиелер түрлеріне қатысты нақты көрсеткіштер түрінде бекітіледі. Несиелендіру шектері макроэкономикалық деңгейде нақты пропорциялар түрінде қалыптасуы мүмкін (мысалыға, несиелер көлемі мен жиынтық қоғамдық өнім арасында). Оған экономикалық әсер ету шаралар жүесі арқылы қол жеткізуге болады. Оның ішінде несиелендіруді кәсіпорындар мен ұйымдардың несиеқабілеттілігі есебімен ұйымдастыру, банктердің өтімділігін сақтау шараларын жатқызуға болады.
Несиелік механизмнің қарыз алушының несиеқабілеттілігін зерттеуге бағытталуы өз мәнінде несиелендіруді оның экономикалық шекарасы есебімен ұйымдастыруды білдіреді. Бәрінен бұрын кәсіпорынның немесе ұйымдардың несиеқабілеттілігі туралы ақпарат банктерге қажет. Өйткені, банктердің пайдалылығы мен өтімділігі өздерінің клиенттерінің қаржылық жағдайына тәуелді. Ссудалық операцияларды жүргізген кезде тәуекелділікті төмендету банк клиенттерінің несиеқабілеттілігін кешенді түрде зерттеу жолымен қол жеткізуге болады. Ал ол несиені пайдалану шегі есебімен несиелендіруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - несиелендіру қызметін ұйымдасыртырудың дұрыс әрі тиімді жолдарын қарастыру, несиелік қызметті ұйымдастырудағы әр кезеңді, нақты шараларды тәжірибе жүзінде қолдана білетіндей етіп, құруға бағыт-бағдар беру. Әрине ол үшін несиеқабілеттілік және төлемқабілеттілік түсініктерін кең ауқымда талқылап, несиелік қызметті ұйымдастырудағы тәуекелдерді дұрыс бағалау жолдарын қарастыру, сонымен қатар, аталған экономикалық категориялардың мәнін талдап көрсету болып табылады. Дипломдық жұмыстың міндеті – жоспарланған тақырыпты кең ауқымда қарастырып, несиелік қызметті ұйымдастыру қағидаларын дұрыс орындау.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі – қазіргі таңда заңды және жеке тұлғалар үшін қызмет етуінің, өмір сүруінің басты ажырамас элементтерінің бірі – несие болып табылады. Несие беру және алу процедуралары, яғни несиелендіру қызметі кең ауқымды жұмысты талап етеді. Коммерциялық банктер бұл процесті толығымен атқарады. Несиелендіру процесіндегі кез-келген процедура үлкен назарды талап етеді. Несие берместен бұрын қарыз алушының несиеқабілеттілігін анықтау банктің ең бірінші мәселелерінің бірі. Күнделікті өмірде коммерциялық банктердің несиелендіру бөлімдерінің мамандары қарыз алушының несиеқабілеттілігін анықтау үшін ондаған есептемелер жасайды. Олардың негізінде несиені берудің мақсаттылығы туралы шешімдер қабылданады. Солай бола тұрсада, бұл оңай проблема емес. Банктердің бұл проблемаға көп көңіл бөлмеунен көтеген банктер айтарлықтай шығындарға душар болады. Несиеқабілеттілік мәселелерін қарастырудың бірнеше негізгі принциптері бар. Осы принциптердің біреуінде орындамаған кезде несиені беру туралы дұрыс емес шешім қабылдауға әкеледі. Бұл жерде қарыз алушының несиеқабілеттілігін зерттеудің қазіргі методикасын меңгеріп алу өте маңызды болып табылады. Өйткені, ол қарыз алушының алған несиені тиімді қолдану және оны уақытылы өтеу қабілетін жан-жақты және негізделген түрде бағалауға мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмысты жазу
барысында Қазақстан
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ
БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ЖҮЙЕСІ
1.1 Несиелік жүйе және оның элементтері
Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін оларды іске асыру құралдарымен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру принциптері және тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм көмегімен жүзеге асырылады. Несиелік саясат – банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары.
Кең мағынасында, несиелік
саясатты несие беруші банк пен қарыз
алушылар тұрғысынан қарастыруға болады.
Тар мағынасында несиелік саясат
– бұл несиелік процесті ұйымдастыру
барысындағы банктің
Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуға тиіс:
Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік қызметтің төмендегідей негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:
• несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен критерийлерін;
• несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың басты іс-әрекеттерін;
• сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің сапалығын;
• ішкі бақылау қағидаларын.
Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-әрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірибеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясатпен оны іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің негізін құрайды.
Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторы дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қаблетіне қарап “өз клиентін” таңдаудғы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ, несиелік саясат банктің бүгінгі иелігндегі немесе ертең еңгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Мысалға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер және ұзақ мерзімді инвистициялық несиелер берген қолайлы [2,55].
Несиелік саясаттың маңызы элементі банктегі бақылауды ұйымдастыру болып табылады (потенциалды қарыз алушыны нисиелеу мүмкіндігі туралы сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау; жекелеген несиелік қызметкерлердің құзыретін сақтауға бақылау жасау; банктің несиелік портфелінің жағдайында және оның ішінде проблемалық несиелерге қойылатын жалпы бақылау). Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен стратегиялық мақсаттармен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталғаннан соң, соның негізінде банк қызметкерлерінің қажетті несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін банк несиелік саясатын және оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік нұсқаулықтары жасалады. Несиелік стандарттар мен нұсқаулықтарды жасаудың бастапқы кезеңі аяқталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші редакциясы тәжірибелі қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс. Сараптаушылардың талдауы және ұсыныстары енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша комитет (немесе директорлары кеңесі, несиелік комитет) саясатты және соған сәйкес нұсқаулықтарды бекітеді. Несиелік саясат несиелеу лимиттерін, тәртібін кейде несиелеу бойынша жекелеген ережелерді де қамтиды. Мысалға, несиелік саясатта бір қарыз алушыға келетін тәуекел анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта барлық несиелердің несиелік құжаттарда деген мақсаттарға сай берілуі де қарастырылуы мүмкін. Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ережеде қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысында қорытынды жасап несиені беруге байланысты мәселелерді қамтиды. Отандық банктер тәжірибесіндегі несиелік комитеттің шешетін мәселелері мынадай:
Несиелік саясатта қарыз
алушылардың негізгі қызметіне
байланысты тәуекелділігі
• несиелік қызметті ұйымдастыру;
• несиелік портфельді басқаруда;
• несиелеуге бақылау жасау;
• құзыретті бөлу принциптері;
• несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;
• несиелердің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;
• несиелер жасалатын
ағымдық жұмыстардың
• несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.
Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерді белгілі бір формада, яғни соған сай келетін төмендегідей үш құжат түрінде көруге болады:
Сондай-ақ аталған үш құжат ерекше бір құжатта – “Несиелік саясат бойынша жетекшілік ету” – біріктіріледі. Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтары мен несиелеу стандартты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады. Несиелеу стандарты – бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.