Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі және еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 12:37, дипломная работа

Краткое описание

Несиелік механизмнің қызмет етуін түбегейлі жақсартудың басты міндеттері несиені және банктерді басқарудың экономикалық әдістерін дәлелдеуді тәжіриебеде пайдалануды бірінші қатарға шығарады. Бұл ақша айналымы және халық шаруашылығына тиімсіз және дәлелсіз несиелік салымдарды салудан, олардың құрылымының өзгеруінен, несиелердің уақытына және толық қайтарылуын қамтамасыз етілуін сақтайды. Ал ол өз алдына материалдық және ақшалай ресурстарды пайдалану тиімділігін жоғарлатады. Несиенің нақты көлемі туралы сұрақ түбегейлі зерттелген. Оны тек сандық жағынан нақты анықталған көлем деп ұғынуға болмайды. Теориялық жағынан бастысы өзгермелі жағдайда несиелендірудің қажеттілігі мен мүмкіндігін қалыптастыру факторларын анықтау болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ………………………………………………………...............................3
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚАРЫЗАЛУШЫЛАРҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ.........................6
1.1 Несиелік жүйе және оның элементтері…………...........................................6
1.2 Несиелеуді ұйымдастыру принциптері………............................................12
1.3 Несиелік портфельді басқару.........................................................................27
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ҚАРЫЗАЛУШЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТІН БАҒАЛАУ («Казкомерцбанк» АҚ-ның мысалында)............................................................................................................30
2.1. Заңды тұлғаның несиелік қабілетін бағалау….........................…………...30
2.2. Жеке тұлғаның төлем қабілетін бағалау……............…........................…..46
2.3 Несиелік тәуекелді басқару және банктің несиелік портфелінің сапасын
бағалау ……...……………................................................................................…53
3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................................................................66
3.1. Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудың шетелдік тәжірибесін
енгізу бағыттары ...................................................................................................66
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………...................................................75
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................78
ҚОСЫМШАЛАР...................................................................................................80

Файлы: 1 файл

Коммерциялық банктер.doc

— 582.50 Кб (Скачать)

 

1.3. Несиелік  портфельді басқару – банк  активінің сапасын қамтамасыз  ету мен тәуекелдерді минимизациялау  әдісі ретінде

Қандай да банктің  қызметінде несиелендіру – банктік  бизнестің дәстүрлі жүрегі. Несиелік операциялар кірістердің ірі көзі және активтердің ірі статьясы болып табылады. Бірақ, сонымен қатар бұндай несиелік портфель банктің қауіпсіз және сенімді ең үлкен көзі болып табылады. Несиелендіру стандарттарының жеңілденуінен, несиелердің тиімсіз ревизиялары, экономиканың әлсіреуінен туындаған ссудалық портфель проблемалары – шығындардың ең басты себебі.

Кез – келген банктің  несиелік портфельі басқарылады, реттеледі, өйткені портфель сапасы банк сенімділігі  мен тәуекелдерді бағалауда үлкен  роль атқарады. Несиелік портфельді тиімді басқару тәуекелдердің минимизациясына және барлық ссудалық операциялардың табыстылығына әсер етеді. Максималды пайда алу жұмысы тәуекел деңгейімен өзгертілуі қажет. Төменде несиелік портфель сапасына әсер етуші екі негізгі тәуекел категориясы берілген.

Банктің несиелік портфелімен  байланысты тәуекелдер:

  • өтімділік тәуекелі – банктің өз міндеттемелері бойынша жауап бере
  • алмауымен байланысты тәуекел, өйткені банк активінің көп бөлігі ссудалық портфельдің сапасы мен құрылымынан тәуелді;
  • пайыз ставкілерінің өзгеру тәуекелі – пайыз ставкілерінің қозғалысына
  • сезімтал барлық құралдардың құнына әсер ететін пайыздық ставкалардың деңгейінің өзгерісі;
  • валюталық тәуекел – ұлттық валютаға қатынасы бойынша валюталық
  • бағамның кенеттен өзгеруі. Валюта түрлері бойынша несиелік портфельдің дұрыс құрылымы валюталық бағамның күтілмеген өзгерісі нәтижесінде болатын шығындарға банктің ұшырамауын қамтамасыз етеді;
  • нарық тәуекелі – ссудалық активтердің нарықтық құнының өзгеру
  • тәуекелі;
  • функционалдық тәуекел – төлемдерді жүзеге асыруымен, банктік
  • зайым келісім –шарттарын жасаумен  және т.б. байланысты тәуекелдер.

Жеке клиенттер бойынша тәуекелдер:

  • клиент тәуекелі – клиенттің қаржылық жағдайымен және қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер;
  • мәміле жасау тәуекелі – клиент биснесімен клиенттің нарықта орналасуымен, клиент ұсынып отырған проектіні қаржыландыру мәнімен байланысты;
  • қамтамасыз ету тәуекелі – банк алдындағы өз міндеттемелерін жабу үшін клиентпен ұсынылатын қамтамасыздықпен байланысты тәуекелдер;
  • валюталық тәуекел – валюталық бағамның өзгеруі қарызшының қаржылық жағдайын нашарлатады (мысалы, егер несие шетел валютасында алынса, ал қарыз алушының кірісі теңгемен болса);
  • төлем тәуекелі – клиент жағынан төлемнің орындалмау тәуекелі [14,61].

Банктік тәжіребиеде  жиі қаржылық ақпарат сенімсіз болып  келеді, ал құқықтық құрылым қарызды жабу боәйынша міндеттемелерді жүзеге асыруға жиі ықпал етпейді. Несиелік саясат несиелік портфель құрамын және оны бақылауды қамтуы керек, сонымен қатар нақты несиелік шешім қабылдау үшін стандарттар бекітуі тиіс. Қазақстандық банктік жүйеде бұл көрсеткіштер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бекітілген экономикалық нормативтермен реттеледі. Банктер реттеуші органдардың ұсынуына қарағанда тәуекелдің төмендеу деңгейін қалайды. Несиелік тәуекел мен ссудалық портфельдің қалыптасуын бағалау несиелік өтініштің анализінен басталады.

Клиентті бағалау кең  сұрақтарды қамтиды, яғни мысалға, бағалау  сапасы, салалық көрсеткіштері, бәсеке қабілеттігі және стратегиялық бағыттары. Несиелік портфельді басқару әр бір несиені жеке және жиынтық түрінде басқарумен түсіндіріледі. Несиелік портфельді басқару несиелік тәуекелді басқару сияқты өте қиын жүйе және ағымдық процесс болып табылады. Процесс мақсатты нарықты анықтаумен басталады, одан соң несиенің жүзеге асуы, қолдау, келісімдер, несиені жабу шарттары мен мерзімі, несиені бағалау, құжаттардың дайындалуы  жүзеге асырылады және егер құжаттар дұрыс және толық жиналған болса, онда несие беріледі. Одан соң несиенің қайтарылуы бақыланады.

Ескеретін жай несиелік портфельді басқару тек несиеге  шолу жасауды ғана емес, сонымен  қатар төлем қайтарылуы, кепіл, түрлі  келісімдерді, алдын – ала көруге мүмкін емес жағдайларды шешу бойынша шарттарды, заңдылық шарттарды қамтиды. Несиелік портфельді басқару кезінде анықталған тәуекелдер:

  1. ссуданы қайтармау тәуекелі – бұл қарызшының алған қарызын және несие бойынша пайызын белгіленген уақытта қандай да бір жағдайларға байланысты қайтара алмау салдарынан банктің шығынға ұшырауы;
  2. орның толтыру тәуекелі – бұл нарықтық ставкалардың өзгеруіне байланысты келісім- шарттарға қосымша жасалатын міндеттемелерді екінші жақтын орындамауынан пайда болатын шығындардың орның толтыруға кететін банктің шығындары;
  3. есеп айырысу тәуекелі – бұл тәуекел банк, тапсырыс берушінің тапсырысының құнын (мысалы бағалы қағаздар шығаратын болса) контрагентпен белгіленген бағаға сәйкестігін анықтамай – ақ жүзеге асыру нәтижесінде пайда болады [15,85].

Банктер басқа кредиторларға қарағанда тәуекелге ұшырамауға көбірек тырысады немесе тырысуы керек. Неге? Өйткені банктер өздерінің меншігін емес, керісінше халықтан (салымшылардан) тартылған қаражаттарды несиелеуге жібереді. Жалпы банкир ретінде олардың жүзеге асуы жаңару негізінде халықтан тартылған қаржыларды тиімді орналастырудан тәуелді. Салымшылардың түсінуі бойынша бұл қабілеттілік банктің несие қабілеттігінен тәуелді, яғни салымды уақытында қайтару қабілеттігі, ал «уақытында қайтару» жиі бірінші талапты білдіреді. Бұл мүмкіндік банк үшін ең біріншіден беріп отырған несиелерімен байланысты тәуекелді дұрыс бағалаудан тәуелді.

Несиелік портфельдің  негізін қалаушы болып табылатын  несиелік тәуекел келесі көрсеткіштермен  өлшенеді:

    1. Актив сапасының коэффициенті:

К1 = ссудалар бойынша шығын / ссудалар бойынша

қарыздардың орташа көлемі

К2 = ссудалар бойынша  шығын / ссудалар жалпы соммасы

Тәуекелге байланысты өзгертілген  маржа = таза пайыздық табыс – ссудалар бойынша шығын / активтер

Бұл көрсеткіштің оптималды  мәні 3 – 3,5%

Таза пайыздық маржа = таза пайыздық кіріс / активтер

Валюталық пайыздық маржа = таза пайыздық кіріс + басқа да кірістер / активтер

Несиелік тәуекел пайызы = проблемді несиелер / несиенің жалпы  соммасы

Несиені диверсификациялау  пайызы = бір қарызшының ссудасы / меншікті капитал

Халықаралық банктік  тәжірибе бойынша өзінің меншікті капиталының 25%

артық соммада бір  тұлғаға берілмеуі керек [16,69].

Қазіргі уақытта ҚР-ның  Ұлттық Банкі банктік жүйенің, соның  ішінде несиелік тәуекелді басқаруды (ссудалық портфель) жетілдіру саясатын жүргізуде. Қазақстан Республикасының жаңа банктік жүйесінде банктер арасындағы қарызшылар жөнінде ақпарат алмасу қиыншылығы тұр. Коммерциялық құпияға жүгіне отырып, банктер өздерінің қарызшылары жөнінде ақпарат бермейді, осының салдарынан көптеген банктер бірнеше банктен несие алған және мүлдем төлемқабілетсіз зайымшылармен кездеседі.

Бұл проблеманы шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының қаулы бойынша 17.07.1996 жылы № 246 «Екінші деңгейлі банктерінің  несиелік тіркеу үшін қажет ақпаратты Ұлттық Банкке ұсынуы туралы ереже» қабылданды. Осы ережеге сәйкес екінші деңгейлі банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қарызшы жөнінде мәліметтер, соның ішінде қарызшы жөнінде персоналды ақпарат және оған берілген несие, гарантияларымен басқа да міндеттемелері туралы ақпарат, сонымен қатар пролонгация, төленуі және баланстан шығарылуы және т.б. мәліметтерді ұсынуы тиіс.

Екінші деңгейлі банктің  ресми сұраулары бойынша Ұлттық Банк, оларға несиелік тіркеудегі зайымшылар жөнінде ақпараттар береді: жалпы бережақ сомма, оның қайтарылу уақыты, классификациясы, кепіл жөнінде мәлімет, бірақ ол зайымшының қай банктен екені жөнінде мәлімет берілмейді. Ұлттық Банк екінші деңгейлі банктерге міндетті түрде несиелік тіркеудегі ақпараттарға сәйкес адалсыз зайымшылардың тізімін жібереді. Тәуекел деңгейінің жоғарылауы мен тұрақсыздығы – бұл алынған экономикалық бостандық үшін төлем.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ҚАРЫЗАЛУШЫНЫҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТІН БАҒАЛАУ (« КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ-НЫҢ МЫСАЛЫНДА)

 

2.1. Заңды тұлғаның несиелік  қабілетін бағалау

Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау өдістерінде  де негізделеді. Айта кету керек, қарыз  алушының несиелік қабілеті - бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады. Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк ссудасының берілуі алдын-ала ықпал ететін факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай жасайды. Қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша толық және уақтылы есеп айырысу қабілеті. Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы - онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу қабілетін болжанады. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егерде қарыз алушының мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілетті бар клиенттер банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді. Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға беретін нақты ссудасымен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің дәрежесін көрсетеді. Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді. Әлемдік және отандық банктік төжірибе қарыз алушының несиелік қабілетінің мынадай критерийлерін бөліп қарайды: қарыз алушының мінездемесі, қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барысында қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкіндігі), қапиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай, бақылау (қарыз алушының қызметінің зандылық негізі, банк стандарты мен қадағалау ұйымдарына ссуданың сипатының дәл келуі). Қарыз алушының мінездемесі деп оның занды тұлға ретіндегі беделі және менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.

     Қарыз алушының заңды  тұлға ретінде беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет етуінен, экономиқалық қөрсеткіштерінің орташа салалық қөрсеткіштерге сай қелуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіқтестерінің (жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен тұрады. Менеджерлерінің беделі олардың қәсіби жарамдылығына (білімі, жұмыс тәжірибесі) моральдық сапасына, жеке қаржылық және жанұялық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді. Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге, несиелік қелісім-шартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқының болуын, яғни қәсіпорынның немесе фирманың өкілдерінде белгілі бір өкілеттіліктерінің болуын білдіреді. Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі - оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілу барысында қаражат табу қабілеті болып табылады. Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілетінің біршама маңызды қритерийі болып саналады. Оны бағалауда төмендегідей екі шарттың маңызы зор:

1) оның жеткіліктілігі, яғни Орталық банктің тарапынан  жарғылық қордың (ақционерлік капиталдың) ең төменгі мөлшеріне қойылатын  талабы және қаржы левераж  қоэффициенті негізінде талданады;

2) несиеленетін операцияларға  меншікті қапиталдың жұмсау дәрежесі, яғни ол банк пен қарыз алушының арасында төуекелдің бөлінуін қуәландырады. Қаншалықты меншік капитал жұмсалымы қөбірек болса, соғұрлым қарыз алушының несиеліқк төуекеліне ықпал ететін факторларды қадағалап отыруға мүмкіндік туады [17,93].

Несиенің қамтамасыз етілуі - қарыз алушының активтерінің құны және несиелік келісім-шартта қөрсетілетін қарызды өтеуде еқінші қосымша қездердің (кепіл, кепіл-хад, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының) болуы. Мұндағы қосымша  қөздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уақтылы орындауына кепілдік береді. Кепілдік сапасы, кепіл-хат беруші, кепілдемеші мен сақтандырушының тұрақты болуы, қарыз алушының ақшалай қаражаттың жеткіліксіздігі жағдайында аса маңызды. Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған эқономиқалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бүл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды. Соңғы қритерий — бақылау, бұл мынадай сұрақтарды ескереді: қарыз алушының қызмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін занды және нормативтік негіз бар ма? Зандардағы қүтілетін өзгерістер (мысалы салық заңы) қарыз алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік өтініште көрсетілген қарыз алушы жөне ссуда туралы мәліметтер, банктің несиелік саясаты туралы қүжатта белгіленген банктің стандартына, сол сияқты, ссудалардың сапалылығын бақылап отырып, банктік қадағалау ұйымдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес қеледі?

Информация о работе Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі және еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдар