Дебиторлық берешекті басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 17:43, курсовая работа

Краткое описание

Дебиторлық берешек – кәсіпорынға (ұйымға, мекемеге) шаруашылық қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде басқа бір заңды немесе жеке тұлғаның берешек болған борышы. Бұл бір кәсіпорынның айналымдағы қаржысын екінші бір ұйым немесе жеке адамның пайдаланғандығын көрсетеді.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3

Бөлім 1. Дебиторлық берешекті басқарудың теориялық негіздері
1.1. Дебиторлық берешек туралы түсінік және оның түрлері.............................5
1.2. Кәсіпорын қызметіндегі дебиторлық қарыздың рөлі мен мәні...................9
1.3. Дебиторлық қарызды басқару әдістері.........................................................11

Бөлім 2. «ӨТМК» АҚ экономикалық сипаттамасы және қаржылық жағдайы
2.1. «ӨТМК» АҚ-ң даму тарихы және оның экономикалық сипаттамасы......14
2.2. «ӨТМК» АҚ-ң қаржылық жағдайына сипаттама........................................21

Бөлім 3.«ӨТМК» АҚ-да дебиторлық берешекті басқарудың ұйымдастырылуы және оны жетілдіру
3.1. «ӨТМК» АҚ-ның дебиторлық берешекті басқарудағы проблемалар мен оларды жетілдіру жолдары...................................................................................27


Қорытынды............................................................................................................30
Қолданылатын әдебиеттер....................................................................................32

Файлы: 1 файл

Дебиторлык берешекти баскару.doc

— 197.50 Кб (Скачать)

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................3

 

Бөлім 1. Дебиторлық  берешекті  басқарудың теориялық негіздері

1.1. Дебиторлық берешек туралы түсінік және оның түрлері.............................5

1.2. Кәсіпорын қызметіндегі дебиторлық қарыздың рөлі мен мәні...................9

1.3. Дебиторлық қарызды басқару әдістері.........................................................11                                                       

 

Бөлім 2. «ӨТМК» АҚ экономикалық сипаттамасы және қаржылық жағдайы

2.1. «ӨТМК» АҚ-ң даму  тарихы және оның экономикалық  сипаттамасы......14

2.2. «ӨТМК» АҚ-ң қаржылық  жағдайына сипаттама........................................21

 

Бөлім 3.«ӨТМК» АҚ-да дебиторлық берешекті басқарудың ұйымдастырылуы және оны жетілдіру

3.1. «ӨТМК» АҚ-ның дебиторлық берешекті басқарудағы проблемалар мен оларды жетілдіру жолдары...................................................................................27

 

 

Қорытынды............................................................................................................30

Қолданылатын әдебиеттер....................................................................................32

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Дебиторлық берешек – кәсіпорынға (ұйымға, мекемеге) шаруашылық қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде басқа бір заңды немесе жеке тұлғаның берешек болған борышы. Бұл бір кәсіпорынның айналымдағы қаржысын екінші бір ұйым немесе жеке адамның пайдаланғандығын көрсетеді. Дебиторлық берешек – кейде қаржы тәртібін бұзудан, қаржыны талан-таражға түсіруден, күрделі құрылысқа байланысты қарыздардан т.б. құралады. Дебиторлық берешектердің өсуі кәсіпорынның қаржы жағдайын ауырлатады. Осыған байланысты экономикада қоданылып жүрген есеп айырысу – несие қатынастарының тәртібі. Дебиторлық берешектің өсіп кетпеуін қадағалап отырады. Дебиторлық берешек дер кезінде өндіріліп алынуға тиіс. Егер өндіру мерзімі өтіп кетіп, дебиторлық берешек шығыстан шығарылған жағдайда, бұл мерзімді өткізіп алған адамдар тиісінше жауапқа тартылады.    

Дебиторлық берешекті  талдау қарыздарды басқару әдісінің бірі ретінде төлем қабілеттілік пен ұйымның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. Бұл көрсеткіштер баланс өтімділігі көрсеткіштерімен тығыз байланысты.

Көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар тауарлар мен қызметтерді сатып алу, пайдалану барысында сол мезетте қолма-қол ақшамен есептеспейді. Яғни тауарлар мен қызметтерді қарызға алады. Сол кезде тауарлар мен қызметтерді сатқан кәсіпорындар мен ұйымдар алынуға тиісті шарттар, яғни дебиторлық борыштар шотын ашады. Бұл өте қызықты бөлім. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Жалпы «дебиторлық берешек» - дегеніміз, бұл иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық  тиімділік.

Курстық жұмыстың мақсаты -дебиторлық берешекті басқару қажеттілігін анықтау.

Қойылған мақсатқа сәйкес курстық жұмысқа мына міндеттері қойылды: 
         · дебиторлық қарыздың кәсіпорын қызметіндегі рөлі;

          · дебиторлық қарыздың жіктелуі, түрлерін;

          ·дебиторлық қарызының басқару әдістерін зертеу;

· «ӨТМК» АҚ-да дебиторлық қарызды басқаруды бағалау және талдау

Қурстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде дебиторлық  берешекті  басқарудың теориялық негіздері қарастырылған.

  Екінші бөлімде  «ӨТМК» АҚ туралы оның даму  тарихы және оның қаржылық  жағдайын қарастырылған. Қазіргі  заман – технологияның қарқынды  дамып отырған заманы. Қай салада  болмасын, озық технология басты орында тұр. Осыған орай оң қасиеттерімен алдыңғылардың қатарынан табылатын титанға деген сұраныс соңғы жылдары еселеп артқан. Сондықтан да бүгінде титан өндірісін жандандырудың жөні бөлек. Осы орайда еліміздің мақтанышы – «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-тың алар орны ерекше.

Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде «ӨТМК» АҚ-ның дебиторлық берешекті басқарудағы проблемалар мен оларды жетілдіру жолдары қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І Бөлім. Дебиторлық  қарызды басқарудың теориялық негіздері

1.1. Дебиторлық берешек туралы түсінік және оның түрлері

Дебиторлық берешек  – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің шаруашылық жүргізуші  субъект алдындағы өткізілген тауар (жұмыс, көрсетілген қызмет) үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері.

Дебиторлық берешек - жеке немесе заңды тұлғалармен өзара шаруашылық қатынастардың нәтижесінде олардан кәсіпорынға (ұйымға‚ мекемеге) тиесілі борыштардың сомасы. Дебиторлық берешекте тұрған қаражат кәсіпорынның шаруашылық айналымына қатыспайды‚ сондықтан айтарлықтай сомада берешектің болуы оның қаржы жағдайына салқынын тигізеді‚ оны өндіріп алу мерзімін қысқарту шараларын қолдану қажет. Дебиторлық берешектің уақтылы өндіріп алынуы кәсіпорынның қаржы жағдайын жақсартудың аса маңызды құралдарының бірі. Түрлері: қалыпты (заңды) дебиторлық берешек – шартта белгіленген мерзімде кредитордың (сатып алушының) айналымынан қаражат алу; мерзімі өткен дебиторлық берешек – шартта белгіленген мерзімнен тыс төлем тәртібін бұзу жолымен айналым қаражатын алу; үмітсіз (неғайбыл) дебиторлық берешек – соттың өндіріп алудан бас тартуы немесе борышқордың төлем төлеуге қабілетсіздігі мүмкін емес деп танылған борыш. Үмітсіз дебиторлық берешек жағдайында берешек сомасы мен құжаттар бақылау үшін теңгерімде 3 жыл бойына (қуыну талабының ескіруі) және теңгерімнен тысқары шотта 5 жыл бойына есепке алынуға тиіс. Қуыну мерзімі өткеннен кейін дебиторлық берешек залалға жатқызылады; несиеге тауар, материал жеткізуге, қызметтер көрсетуге немесе бөліп-бөліп төлеуге байланысты алынуға тиесілі шоттар. Кең таралған түрлері: сатып алушылар мен тапсырыскерлердің өздеріне босатылған тауарлар, материалдар, көрсетілген қызметтер үшін берешегі; орындалған, бірақ ақысы уақытылы төленбеген жұмыстар үшін берешек; ұйым өз қызметкерлеріне берген несиенің осы мақсаттар үшін алынған несиеден асып түсуі. Дебиторлық берешек ұйымның айналысынан қаражатты алаңдатады, оның қаржы жағдайын нашарлатады. Оны уақтылы өндіріп алу – ұйым бухгалтериясының аса маңызды міндеті. Талап ету мерзімі өткеннен кейін дебиторлық берешек залалға жатқызылып, есептен шығарылуға тиіс.

Дебиторлық  берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша  міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.

Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін  сатып алушылардың міндеттеме сомасы.

Саудалық емес дебиторлық берешек – іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (мыс: қызметтерге аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер алуға арналған дивидендтер мен % - р және т.б) пайда болады. Дебиторлық берешек 3 топқа бөлінеді:

1) алынуға тиісті шоттар;

2) алынған вексельдер;

3) басқалар.

Алынуға тиісті шоттарға : ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке,  субъектілердің  ақшалай емес активтеріне деген тілек – талаптары кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек болып бөленеді. Дебиторлық берешек саудалық шот фактурамен расталады. Алынған вексельдер бабы ресми борыштық міндеттемелермен расталады. Дебиторлық берешек пайда болатын сипатына қарай қалыпты және аяқталмайтын болып бөлінеді. Субъектінің өндірістік шаруашылық іс-әрекетінің барысында, сондай-ақ есеп айрысудың қолданыста жүрген нысандары  мен пайда болатыны қалыптыға жатады. Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек аяқталмайтын болып саналады. Ол есеп және қаржы тәртібін бұрмаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшілктер, тауарлық-материадық қорларды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.

Дебиторлық берешек – кәсіпорынға (ұйымға, мекемеге) шаруашылық қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде басқа бір заңды немесе жеке тұлғаның берешек болған борышы. Бұл бір кәсіпорынның айналымдағы қаржысын екінші бір ұйым немесе жеке адамның пайдаланғандығын көрсетеді. Дебиторлық берешек – кейде қаржы тәртібін бұзудан, қаржыны талан-таражға түсіруден, күрделі құрылысқа байланысты қарыздардан т.б. құралады. Дебиторлық берешектердің өсуі кәсіпорынның қаржы жағдайын ауырлатады. Осыған байланысты экономикада қоданылып жүрген есеп айырысу – несие қатынастарының тәртібі. Дебиторлық берешектің өсіп кетпеуін қадағалап отырады. Дебиторлық берешек дер кезінде өндіріліп алынуға тиіс. Егер өндіру мерзімі өтіп кетіп, дебиторлық берешек шығыстан шығарылған жағдайда, бұл мерзімді өткізіп алған адамдар тиісінше жауапқа тартылады.    

Дебиторлық борыштар қаржылық активтер түсінігінің ішіне кіреді және жекелеген  мәселелері №39 «Қаржылық құралдар:  тану мен бағалау» ҚЕХС регламенттеледі, бұл жерде дебиторлық борышты тану мен бағалау критерилері құрылады. Осы стандарт бойынша қаржылық актив бастапқыда нақты шығындар бойынша анықталады, яғни берілген құралдың тең әділ құнымен бағаланады (66 тармақ). Дебиторлық борыш өнім өткізуде, қызмет көрсеткенде немесе жұмыс орындағанда пайда болады және сатып алушылардан алынатын ақшалай қаражат өлшемінде көрсетіледі. Дебиторлық борыш баланста күмәнді талаптар бойынша құрылған резервтерді шегеру арқылы көрсетіледі.

Ақша құралдары және оның эквиваленттерінен басқа қысқы  мерзімді өтімді активтерінің маңызды  түрлерінің бірі дебиторлық борыш (алынуға  тиісті шоттар)  және алынған вексельдер болып табылады. Олар тауарды несиеге  сатқанда пайда болады. Алынуға тиісті шоттар осы кәсіпорынның басқа компанияның ақша құралдарына, тауарлары мен қызметтеріне және өзге де ақшалай емес активтеріне қойылатын талабы болып табылады. Басқа заңды және жеке тұлғалардың кәсіпорынға қарызы дебиторлық борыш болып табылады. Дебиторлық борыш шот-фактурамен немесе ресми қарыздық міндеттемемен расталады (вексельдер).

Дебиторлық борыштар төлеу мерзіміне  сәйкес немесе борышты өтеу мерзіміне  қарай келесі түрлерге бөлінеді:

  • ұзақ мерзімді;
  • қысқа мерзімді (ағымдағы);

     Қысқа мерзімді  қарыздар- ұйымның бір жылға дейінгі  қарызы, ал бір жылдан жоғары- ұзақ мерзімді қарыздар болып  саналады.

Дебиторлық борышты  қалыпты өтеу мерзімі 5-90 күн болып  табылады, бұл мерзімнен асып кесте  дебиторлық борыштың өтелу мерзімі  өтіп кеткен болып саналады.

Қазақстандық және халықаралық  стандарттарға сәйкес, дебиторлық борыш  тек өзімен байланысты кіріспен бірге  танылады. Бұл кезде дебиторлық борыш  бастапқы құны бойынша бағаланады, дебиторлық борыш сомасы күмәнді  талаптар сомасына, ақша женілдіктеріне,  сату женілдіктерінің сомасына және қайтарылған тауарлар сомасына шегеріледі. Нәтижесінде дебиторлық борыштың таза құны анықталады.

Дебиторлық борыш есебі  бухгалтерлік есеп жұмыс жоспарының «Қысқа мерзімді активтер» атты бірінші  бөлімінің 1200-ші бөлімшесінде және «Ұзақ мерзімді активтер» атты екінші бөлімінде есептелінеді: Тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен бір жылдық есеп айырысу есебі 1210- Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі шотында жүргізіледі. Көрсетілген шоттың дебетінде клиенттің айдың басы мен айдың соңындағы қарыз сомасы және жыл ішінде алынатын сома,  кредитінде сатып алушыдан келіп түскен сома бейнеленеді.

Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек ақталмайтын  болып саналады. Ол есеп жэне қаржы тәртібін бұрмалаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшіліктер, тауарлық-материалдық қорларды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.

Қазақстан Республикасындағы  барлық шаруашылық субъектілеріндегі табысты есептеу тәсілімен айқындайтышдықтан, күдікті борыштар бойынша резерв құру қажеттілігі туады. Олар тәуекел қоры болып табылады, сол немесе басқа борыштың өтелмей қалуынан сақтандырады. Бухгалтерлік баланста дебиторлық берешек күмәнді борыштар бойынша резервті есептеп шығару үшін көрсетіледі.

                                  

1.2. Кәсіпорын   қызметіндегі  дебиторлық қарыздың рөлі мен  мәні

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан 2030» даму Стратегиясында көрсетілгендей, дамудың  соңғы мақсаты біздің еліміз үшін экономикалық өсу болып табылады, себебі экономикалық өсудің шарты «бүгінгі мен ертеңгі кунде және соңғы отыз жылдың ішіндегі ең маңыздысы».

Нарықтық қатыныстарды қалыптастыру кезінде экономикалық ақпаратты дер кезінде бермесе шаруашылық субъектілердің  экономикалық механизмін басқару мүмкін емес, оның негізгі бөлігін нақты қарастырылған бухгалтерлік есеп пен қаржылық шаруашылық әрекеттің талдауы береді. Бухгалтерлік есеп және қаржылық шаруашылық әрекеттің талдау мәліметтері шаруашылық субъектінің жұмысын жедел жүргізу үшін және олардың бөлімдеріне ағымдық жоспар мен экономикалық болжамдар жасау үшін, сонымен қатар, елдің экономикалық дамуының заңдылықтарын зерттеу мен оқу үшін қолданылады.

Қазақстан Республикасында  соңғы 5-6 жылдар аралығында бухгалтерлік есепке алудың жетілдіруі мен болашақ дамуы, нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау мен өңдеу, нарықтық экономикаға лайықты болатыыыыын жаңа жүйеге    алмасуын тездету бойынша улкен жұмыс жүргізіліп жатыр, 2001 жылдың 1 қаңтарында іске асырылған салық алудың жаңа заңы өңделген болатын. Ауыспалы кезеңде  өндірістің   апаттық төмендеуі, Қазақстан халық шаруашылығының кейбір салаларының тоқталуы – жұмыссыздық пен ақшаның құнсыздануының өсуін, сонымен қатар, ең бастысы, ол шаруашылық субъектілері арасындығы нарықтық қатынастардың  тұрақсыздығын, олардың қаржылық күйлерінің  нашарлауына әкеледі.

Қазіргі уақытта, шаруа  адамдардың арасындағы өзекті мәселенің  бірі  жалпы шаруашылық субъектінің  жұмысын үйлестіру рөлін атқаратын, есептеу-төлемдік операциялармен тікелей байланысты болатын сұрақ – бұл дебиторлық қарыз.

Дебиторлық қарыз шаруашылық субъектілер қорларының маңызды  бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, кез келген кәсіпорын балансының қазіргі қазақстандық құрылымы бойынша  ол бірінші және екінші  бөлімдерінде бола алады.

Кәсіпкерлік қызметті атқара отырып, мүліктік айналымның қатысушылары келесі болжам жасайды, олар шаруашылық операцияларды іске асыру кезінде  шығындарын қайтарып алғанымен бірге, табысқа ие бола алатындарын болжамдайды. Бірақ тәжірибе жүзінде, әсіресе нарықтық қатынастарға ауысумен бірге өндірістің төмендеуінен тұрақты турде келесі жағдайлар туындай береді: онда белгілі бір себептерге байланысты кәсіпорын контагенттерден қарыздарын ала алмайды. Дебиторлық қарыз көптеген айларға, кейбір жағдайларда жылдарға да созылады. Дебиторлық    қарыздың өсуі  кәсіпорындардың қаржылық жағдайын нашарлатып, кейде банкроттыққа ұшыратады. Айналым құралдарының бір бөлігі болып, нақты айтқанда қатынастық  қорлардың бөлігі бола отырып, дебиторлық қарыз, әсіресе ақталмаған түрі, төленбей   «тұрып қалған» түрі,  айналым құралдарының айналымдығын  қысқартады, яғни   кәсіпорынның табысын азайтады.

Информация о работе Дебиторлық берешекті басқару