Дебиторлық берешекті басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 17:43, курсовая работа

Краткое описание

Дебиторлық берешек – кәсіпорынға (ұйымға, мекемеге) шаруашылық қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде басқа бір заңды немесе жеке тұлғаның берешек болған борышы. Бұл бір кәсіпорынның айналымдағы қаржысын екінші бір ұйым немесе жеке адамның пайдаланғандығын көрсетеді.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3

Бөлім 1. Дебиторлық берешекті басқарудың теориялық негіздері
1.1. Дебиторлық берешек туралы түсінік және оның түрлері.............................5
1.2. Кәсіпорын қызметіндегі дебиторлық қарыздың рөлі мен мәні...................9
1.3. Дебиторлық қарызды басқару әдістері.........................................................11

Бөлім 2. «ӨТМК» АҚ экономикалық сипаттамасы және қаржылық жағдайы
2.1. «ӨТМК» АҚ-ң даму тарихы және оның экономикалық сипаттамасы......14
2.2. «ӨТМК» АҚ-ң қаржылық жағдайына сипаттама........................................21

Бөлім 3.«ӨТМК» АҚ-да дебиторлық берешекті басқарудың ұйымдастырылуы және оны жетілдіру
3.1. «ӨТМК» АҚ-ның дебиторлық берешекті басқарудағы проблемалар мен оларды жетілдіру жолдары...................................................................................27


Қорытынды............................................................................................................30
Қолданылатын әдебиеттер....................................................................................32

Файлы: 1 файл

Дебиторлык берешекти баскару.doc

— 197.50 Кб (Скачать)

Комбинат өнім көлемін  ұлғайта отырып, жұмысшыларын қысқартуға жол берген жоқ. Былтыр ғана біз осында жылына 11 мың тонна өнім өндіретін  қуаты бар титан құймалары  мен қорытпаларын шығаратын жаңа өндірістің ашылғанына куә болдық. Ол зауытты іске қосуға 12 миллиардтан астам теңге жұмсалды. Сол жаңа өндірістің ашылуы арқасында бұл кәсіпорынға 300 адам жұмысқа орналасып, өткен он айдың ішінде өнім көлемі екі есеге өсіп, жұмысшылардың еңбекақысы қазір 150 мың теңгеге дейін жетіп отыр», – деді.

Заман талабына сай стандарттау  мен сертификаттау жүйелерін  енгізуге баса мән беріп, жұмысын  жүргізіп келе жатқан кәсіпорынның осы  қасиетін «Жасыл көпір» Астана бастамасын іске асыру жөніндегі ынтымақтастық  бағдарламасын талқылау бойынша  өткен кездесуде ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов ерекше атап көрсетіп, «Өскемендегі титан-магний зауыты халықаралық стандарттарға сәйкес келедi. Ол толығымен қайта құрудан өтті. Зауыт тіпті өзінің өндірістік мониторингін Казгидрометке, Интернетке шығара алады» деген пікірін де білдірген-ді. Кәсіпорындар молынан шоғырланған Өскеменнің экологиялық жағдайы күрделі екені айтпаса да белгілі. Ауаға шығарылатын зиянды заттардың қоршаған ортаға тигізіп жатқан залалы айтарлықтай.

Осы орайда өндіріс орны өзі орналасқан өңірдің экологиялық жағдайына аса мән беріп, жүргізілген түрлі жұмыстардың нәтижесінде 2001 жылдан бастап қоршаған ортаның өндірістік мониторингі жөніндегі бағдарлама қабылданған болатын. Өндірістік алаң мен комбинаттың санитарлық-қорғау аймағында ауаға хлордың аз тарауын бақылайтын автоматты жүйе енгізілді. Бұл маңызды мәселелерді жүзеге асыру барысында заң талаптарына сәйкес адамдардың денсаулығын сақтауға, олардың еңбек жағдайын жақсартуға айрықша мән беріліп отыр. Осы орайда, қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін өндіріске енгізу және өнеркәсіптегі қауіпсіздік пен адамдардың денсаулығына көңіл бөлудің арқасында кәсіпорын облыста бірінші болып ОНSAS 18001:1999 талабына сай өнеркәсіп орындарындағы қауіпсіздік шарасының міндетті орындап шыққанын айтуға болады.

     «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ осы жылдың бірінші жартысында, яғни қаңтар-маусым айларында 1,361 млрд теңге көлемінде таза пайда тапты. Бұл көрсеткішті өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 103 пайызға артқанын анық аңғарамыз.

Саудадан түскен пайда  аталған мерзім ішінде 1,7 есе өсіп, 12,720 млрд теңгеге жетсе, жалпы пайда 3,7 есе өсіп, 2,190 млрд теңгеге жеткен. «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ өндірісінің  негзігі түрі – жоғары сапалы титан  кеуегі мен Mg-90 маркалы магний.

          «Мемлекет басшысының Жолдауындағы  тау-кен-металлургия кешенін дамытуға  байланысты мәселе бізге өте  жақын» деген Өскемен титан-магний  комбинатының директоры Бағдат  Мұхаметұлы Шаяхметов бүгінде  елдің мақтанышы – «Өскемен  титан-магний комбинатының» барынша қарқынмен алға жылжуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін дерлік қолданып отырғандарын айтады.

2000-2015 жылдарға арналған  титан-магний өнеркәсібін ары  қарай дамытудың негізгі бағыттары  бойынша қазір кешенді жұмыстар  атқарылып жатыр. Титан өнеркәсібінің минералдық шикізат базасын құрудағы еліміздегі үш кешеннің іске қосылуы шынында да ауыз толтырып айтарлықтай көрсеткіш.

“ӨТМК” АҚ индустриялық-инновациялық даму стратегиясының негізгі бағыттарында мына мәселелерге баса назар аударылып  отыр.

Бірінші бағыт – “ӨТМК” АҚ негізінде титанды пигменттердің ірі тоннажды өндірісін ұйымдастыру;

Екінші бағыт –  құймалар, слябтар өндірісін ұйымдастыру  арқылы шығаратын өнімнің тауарлық әзірлігін арттыру;

Үшінші бағыт –  ғылыми-техникалық әзірлемелер: туынды энергия ресурстарын пайдалану және анодтарды суыту жүйесімен жоғары өнімді магний электролизерлерін енгізу, ильмениттік концентраттарды балқытудың термиялық пешін қайта құрастыру, өндіріс және технологиялық үдерістерді автоматтандырылған басқару жүйелерін жасау;

Төртінші бағыт – қазақстандық өнімді мұнай-газ және Қазақстан экономикасының басқа секторларында қолдану арқылы өткізу рыногын ұлғайту.

ӨТМК шикізат шығарудан  бастап металл өндіруге дейінгі кешенді  саланы қамтитын интеграцияланған титан  өнеркәсібі болып саналады. Сонымен бірге, ол – әуе-ғарыш өнеркәсібі үшін ірі әлемдік шикізат жеткізуші. Бүгінде – титанға деген сұраныс артқан күнде «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-тың барынша қанатын кеңге жаюуы қуантады. Академик Г. Марчук титанға «Бұл металдың әлеуетті мүмкіндіктері конструкциялық материал ретінде әзірше толық жүзеге асырылған жоқ. Титан өркениетті болашақ іргетасына қаланатын ең негізгі кірпіштердің бірі болуға сұранып тұрған жоқ па?!» деген анықтама берген екен.

Шынымен де «болашақ металы», «ғасыр металы» атанған титанға деген сұраныс химиялық, физикалық қасиеттерінің ерекшелігімен соңғы жылдары барынша арта түскен. 3000 градустық қызуға шыдас беретін металл темірден екі есе жеңіл, әрі берік екен. Алюминийден аздап ауырлау болғанымен, беріктігі одан алты есеге көп. Сондай-ақ коррозияға барынша төтеп бере алатындығының арқасында титан өндірістің қай саласында болмасын үлкен сұранысқа ие.

       Авиация, зымыран, кеме, автомобиль жасауда қолданылатын беріктігі жоғары титан құймаларын (Al, V, Mo, Mn, Cr, Sі, Fe, Sn, Zr, Nb, т.б.) дайындауға және радиоэлектроникада, тамақ, шарап, қағаз, бояу өнеркәсіптеріне қажетті аспаптар мен қондырғылар жасауда молынан пайдаланылады. Қазірде титан өндірісінің барынша жылдам қарқынмен жандануына да осы ғарыш- авиация техникаларын жасау мол ықпал етіп отыр.

 

2.2. «ӨТМК» АҚ-ң қаржылық жағдайына сипаттама

 

  Өскемен титан-магний  комбинаты – дүниежүзіндегі осы  саладағы ең ірі металлургиялық  өнеркәсіп орны. Еліміздің титан  өндірісі қанатын кеңге жайып,  комбинат Франция, Корея елдерімен бірлескен кәсіпорындар құрып, экономикалық-қаржылық дағдарыстарға қарамастан өркендеп, даму үстінде. Комбинат өнім көлемін ұлғайта отырып, жұмысшыларын қысқартуға жол берген жоқ. Былтыр ғана біз осында жылына 11 мың тонна өнім өндіретіндей қуаты бар титан құймалары мен қорытпаларын шығаратын жаңа өндірістің ашылғанына куә болдық. Ол зауытты іске қосуға 12 миллиардтан астам теңге жұмсалды. Сол жаңа өндірістің ашылуы арқасында бұл кәсіпорынға 300 адам жұмысқа орналасып, өткен он айдың ішінде өнім көлемі екі есеге өсіп, жұмысшылардың еңбекақысы қазір 150 мың теңгеге дейін жетіп отыр.

     Әлемдік титан экспортының географиясына келер болсақ, титан өнімін экспорттауда Қазақстан жалпы әлемдік көрсеткіш бойынша 7 пайызбен алдыңғы орында тұр.

Өткен жылы негізгі экспортерлер арасында тек Қытай мен Жапония титан өнімдерін экспорттау көлемін айтарлықтай ұлғайтты. Қазақстан болса, экспорт көлемін 4 пайызға төмендетіп, 15,4 мың тоннаға дейін, ал Украина 9 пайызға азайтып, 7,6 мың тоннаға дейін түсірді. Титан экспорты бойынша алдыңғылар қатарында тұрған Ресей болса, өткен жылы да 2009 жылғы көрсеткішті сақтап қалды.

         Титан кеуегін өндіру 2010 жылы 24 пайызға дейін артып, 155 мың тоннаға жетті.

Әлем бойынша титан  кеуегін негзігі өндіруші – 2010 жылы өндірісін 41 пайызға дейін арттырған Қытай саналады. Сондай-ақ титан кеуегін өндіруші басқа да елдер былтыры өз өндірістерін

          Әлемдік нарықта титан концентраттарының  импорты 2010 жылы 45 пайызға артып, 6,5 млн тоннаны құрады. Негізгі  үлкен импортерлер көшін әлемдік импорттағы 31 пайыз үлеспен Қытай бастаса, әр салаға қажетті замануаи құрал-жабдықтың сан түрін шығаратын Германияның бұл тұстағы еншісі 13 пайыз, ал АҚШ-тікі 12 пайыз екен.

          Ал әлемдік нарықта титан концентраттарының экспорты бойынша алдыңғы қатарда 25 пайыз көрсеткішпен ОАР тұрса, Вьетнамның үлесіне 22 пайыз келеді екен.

   

 

 

 

 

Кесте  2 - 01.07.12 ж жағдайы бойынша акционерлері

 

Ұстаушының атауы

 

 

Жай акциялары

Артықшылықты акциялары

Барлық акциялары

Саны 

Үлесі

Саны

Үлесі

SPECIALTY METALS HOLDING COMPANY (Brussels, Belgium)

917 235 

47,22

6102

923337

45,03

KOLUR HOLDING AG

 

131939

6,79

16172

148111

7,22

NEW ASIA INVESTMENT GROUP LIMITED

194000

9,99

-

194000

9,46

METAL RESOURCE & TECHNOLOGY PTE. LTD

155390

8,0

-

155390

7,58

NEW METAL INVESTMENTS PTE. LTD

155390

8,0

-

155390

7,58

METACAPITAL INVESTMENTS PTE. LTD

174815

9,0

-

174815

8,53

Bagdat Shayakhmetov

97120

5,0

5452

102572

5,0


 

    Кестеден «ӨТМК» Ақ-ң  акциясын ұстаушысы болып Белгиялық компанияның көп бөлігі үлесінде. Одан кейінгі ұстаушысы болып  NEW ASIA INVESTMENT GROUP LIMITED компаниясы иемденеді. Оның үлесі жай акция бойынша 9,99 пайыз.

     

Кесте 3 - «ӨТМК» АҚ-ның  қаржылық көрсеткіштері

 

Көрсеткіші

01.07.12 жылға

01.10.12 жылға

Жарғылық капиталы

159 988 мың теңге

159 988 мың теңге

Меншікті капиталы

16 820 354 мың теңге

17 488 765 мың теңге

Жиынтық активтері

34 013 380 мың теңге

35 528 593 мың теңге

Сатылым көлемі

17 683 177 мың теңге

26 497 565 мың теңге

Жалпы табыс

3 916 202 мың теңге

5 234 566 мың теңге

Таза пайда

2 498 325 мың теңге

3 166 736 мың теңге

Жай акцияның теңгерімдік  құны

8 652,00 теңге

8 997,00 теңге

Артықшылықты акциялның  теңгерімдік құны

20,00 теңге

20,00 теңге

ROA

7,35%

8,91%

ROE

14,85%

18,11%

  ROS

19,78%

22,15%


 

     Кестеден Меншікті капиталдың 01.07.12 жылғы 16 820 354 мың теңге 3айда 17 488 765 мың теңгеге өскен. Артықшылықты акциялның теңгерімдік құны өзгеріссіз 20,00 тенгені құрады.

    

Кесте 4 -Сауда-саттық тізімдеріне  енгізілген, "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ қаржы құралдары

 

Сауда-саттық коды

ҰСН немесе ISIN

Сектор

Санаты

Сауда-саттықтар 

Индексі

UTMK

KZ1C05500018 KZ000A1CTM59 

акциялар 

үшінші

28.10.97

UTMKp 

KZ1P05500114 KZ000A1CTM67

акциялар

үшінші

28.10.97


 

Кесте 5 - ӨТМКp бойынша  соңғы 52 аптадағы соңғы 10 мәміле (арнайы мамандандырылған сауда-саттықтарды  қоспағанда)

 

Мәміле

Датасы

Көлемі,

мың USD

Көлемі,

млн KZT

Көлемі,

бағалы қағаз

Бағасы

мәні 

тренд, %

15.10.12

0,339

0,051

17

3 000,00

22,08

14.09.12

1,5

0,227

59

3 850,00

1,28

10.09.12

3,5

0,519

133

3 900,00

12,16

03.09.12 

20,0

3,0

675

4 440,00

0

03.09.12

340,9

51,0

11485

4 440,00

0

03.09.12

0,030

0,004

1

4 440,00

11,00

03.09.12

21,6

3,2

808

4000,00

0

24.08.12

281,4

41,9

10 474

4 000,00

0

23.08.12 

0,027

0,004

1

4 000,0

9,91

13.08.12 

159,1

23,8

5361

4 440,00

11,00


        Кәсіпорын әлемдегі ең ірі кеуек титан, қорытпа және ұнтақ магний, ванадий тотығын өндірушілердің бірі болып табылады.

Кәсіпорын келесі өнім түрін  шығарады: түрлі маркалы кеуек  титан; чушкалардағы алғашқы магний; магний ұнтағы; ұнтақты ванадий тотығы.

Информация о работе Дебиторлық берешекті басқару