Дебиторлық берешекті басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 17:43, курсовая работа

Краткое описание

Дебиторлық берешек – кәсіпорынға (ұйымға, мекемеге) шаруашылық қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде басқа бір заңды немесе жеке тұлғаның берешек болған борышы. Бұл бір кәсіпорынның айналымдағы қаржысын екінші бір ұйым немесе жеке адамның пайдаланғандығын көрсетеді.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3

Бөлім 1. Дебиторлық берешекті басқарудың теориялық негіздері
1.1. Дебиторлық берешек туралы түсінік және оның түрлері.............................5
1.2. Кәсіпорын қызметіндегі дебиторлық қарыздың рөлі мен мәні...................9
1.3. Дебиторлық қарызды басқару әдістері.........................................................11

Бөлім 2. «ӨТМК» АҚ экономикалық сипаттамасы және қаржылық жағдайы
2.1. «ӨТМК» АҚ-ң даму тарихы және оның экономикалық сипаттамасы......14
2.2. «ӨТМК» АҚ-ң қаржылық жағдайына сипаттама........................................21

Бөлім 3.«ӨТМК» АҚ-да дебиторлық берешекті басқарудың ұйымдастырылуы және оны жетілдіру
3.1. «ӨТМК» АҚ-ның дебиторлық берешекті басқарудағы проблемалар мен оларды жетілдіру жолдары...................................................................................27


Қорытынды............................................................................................................30
Қолданылатын әдебиеттер....................................................................................32

Файлы: 1 файл

Дебиторлык берешекти баскару.doc

— 197.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ – Бөлім. «ӨТМК» АҚ-да дебиторлық берешекті басқарудың ұйымдастырылуы және оны жетілдіру

3.1. «ӨТМК» АҚ-ның дебиторлық берешекті басқарудағы проблемалар мен оларды жетілдіру жолдары

Қазіргі таңда ҚР Үкіметі  жүзеге асырып отырған шараларға  қарамастан төлемеушілік мәселесі, яғни, кәсіпорын берешектері жоғары деңгейде болуда. Осыған орай кәсіпорындардың ауқымды бөлігі өз дебиторлық берешектерін өндіре алмау және соған байланысты өз міндеттемелерін өтей алмау жағдайында болып отыр.

Экономикалық мәні бойынша  дебиторлық берешек бухгалтерлік бақылаудың объектісі ретінде айналым капиталының элементі болып табылады. Бұл берешек құрамына кәсіпорынға заңды және жеке тұлғалардан тиесілі сомалар жатады. Дебиторлық берешек есеп айырысуларда контрагенттермен қарым-қатынас сипатына қарай түрлі себептерге байланысты пайда болады. Көптеген кәсіпорындарда дебиторлық берешектің жалпы көлемінің басымды бөлігі сатып алушылар мен тапсырысшылардың берешегі немесе халықаралық терминологияға сәйкес төленуге тиіс шоттар болып табылады. Бұл дебиторлық берешек тауарлық мәміленің туындауы мен өтелу мерзіміндегі уақыт алшақтығына байланысты объективті түрде пайда болады. Сату көлемін ұлғайту және соған байланысты өткізуден пайданы жоғарылату мақсатында қазіргі нарық жағдайында кәсіпорындар тәжірибесінде өнім мен қызмет көрсетуді қарызға немесе коммерциялық несие шартында өткізу кең тараған.

  Отандық экономиканың қазіргі заманға сай дамуы кәсіпорындарға өнім мен қызмет көрсету нарығын, бизнес серіктестері мен болашақ дебиторларды таңдауда толық шаруашылық дербестік ұсынылу жағдайымен тығыз байланысты. Сондықтан да, нағыз актив ретіндегі дебиторлық берешектің кәсіпкерлік қызмет аумағында атқаратын ролі маңызды болып саналады. Активтердің жалпы құрамындағы бұл берешектің ауқымды үлесі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен өтімділігін төмендетіп, қаржылық залалдар шегу тәуекелін жоғарылатады. Коммерциялық несиені дұрыс әрі орынды қолдану сату көлемінің, кәсіпорынның нарықтағы үлесінің ұлғаюына және қаржылық нәтижелердің жақсаруына айтарлықтай септігін тигізеді.

«ӨТМК» АҚ-ның дебиторлық берешекті басқарудағы туындайтын проблемалар екі факторға байланысты болып келеді: сыртқы және ішкі. Сыртқы факторлар: бұл өндірістің төмендеуі; төлем айналымының баяулауы; салық жуйесіні тұрақсыздығы; өнімге, қызметке сұраныстың азаюы. Ал ішкі факторлар: тиімді емес маркетинг немесе оның жоқтығы; ағымдағы шығындардың тиімді емес құрылымы; тиімді емес өндірістік менеджмент.  «ӨТМК» АҚ-ның дебиторлық берешекті басқарудағы туындайтын проблемаларды шешу үшін ең алдымен, кәсіпорында басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды барынша төмендету керек және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін қадағалайтын білікті менеджерлерді жұмысқа тарту керек. Осы компаниядағы өнім мен қызметке сұранысты жоғарлату үшін маркетигтік жарнамаларды дайындап ұсыну  керек.

«ӨТМК» АҚ-ның дебиторлық берешекті басқарудағы жетілдіру жолдары: 

· дебиторлық берешекті басқару механизмдерін оңтайландыру;

  ·дебиторлық берешекті есепке алу ерекшеліктері мен қаржылық есептілікте ашып көрсету жағдайларын зерделеу;

  ·күмәнді талаптар бойынша резерв құру әдістерін айқындау;

  ·дебиторлық берешектің аудиттік тексеруін ұйымдастыру бойынша амалдарды жалпылау мен үдеріс кезеңдерін анықтау;

  ·кәсіпорынның дебиторлық берешегін талдау арқылы оны басқарудың тиімді жолдарын анықтау.

  ·кәсіпорынның айналым активтерін есепке алу, аудиттік тексеру, талдау мәліметтері негізінде басқару үдерісін қазіргі заманғы жаңа тетіктерді қолдану арқылы үнемі жаңартып отыру.

Сондықтан да нарықтық экономика жағдайында дебиторлық берешекті басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру арнайы кешенді зерттеуді талап етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Біздің еліміз “Қазақстан – 2030” ұзақ мерзімді бағдарламасына және онжылдық стратегиялық жоспарға сәйкес ойдағыдай ілгері дамып  келеді. Соңғы жылдары біздің қолымыз жеткен табыстар аз емес. Қазақстанның нарықтық жаңғырулардағы жетістіктері, экономикалық өрлеуі мен халықтың тұрмыс деңгейін көтеруі жалпыға мәлім, әрі әлемдік қоғамдастыққа да танылып отыр. Ең бастысы бізде қоғам мен мемлекетті, экономика мен әлеуметтік саланы тұрлаулы дамытудың келелі жолдарын іздестіру тынымсыз әрі нәтижелі жүргізіліп келеді.

Дебиторлық берешек  – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің шаруашылық жүргізуші  субъект алдындағы өткізілген тауар (жұмыс, көрсетілген қызмет) үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері.

Дебиторлық  берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша  міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.

Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін  сатып алушылардың міндеттеме сомасы.

Саудалық емес дебиторлық берешек – іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (мыс: қызметтерге аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер алуға арналған дивидендтер мен % - р және т.б) пайда болады.

Дебиторлық қарыз шаруашылық субъектілер қорларының маңызды  бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, кез келген кәсіпорын балансының қазіргі қазақстандық құрылымы бойынша ол бірінші және екінші  бөлімдерінде бола алады.

Фирманың  дебиторлық қарызын білікті басқару негізінде  келесі іргелі мәселелер бойынша  қаржыылық шешімдер қабылдау жатыр:

  • әрбір есеп беру күніне дебиторлық қарызды есептеу;
  • фирмада дебиторлық қарызды жоюға байланысты жағымсыз жағдай қалыптасқан жағдайлар мен себептерді диагностикалық талдау;
  • барабар саясатты әзірлеу және фирманың тәжірибесіне дебиторлық қарызды басқарудың қазіргі әдістерін енгізу;
  • дебиторлық қарыздың ағымдағы жағдайын бақылау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» : оқулық / Қ. К. Кеулімжаев, Н. А. Құдайбергенов. - Алматы : Экономика, 2006.
  2. «Қоғам және дәуір» : ғылыми – сараптамалық журнал: Экономика, №4 (28) 2010
  3. Абдрамов М.А., Александрова Л.С. «Финансы денежное обращение и кредит», Москва: Банки и биржа, 1996 г.
  4. Абленов Д.О.Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит алматы – 2007
  5. Бусыгин Е.Г  «Финансовый бизнес»  Алматы – 2011
  6. Витулаева Т. «Дебиторлық борышты беру-сату». Бухгалтер бюллетені – 2001 – № 46 – 9 -11 бетке дейін.
  7. Есенгелдин Б.С. Қаржылық менеджмент Алматы – 2011
  8. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп: өңделіп және толықтырылып 3-ші рет басылуы. – Алматы : Қазақстан аудит орталығы, 2002, –  656  беттер қолданылды.
  9. Кеулімжаев Қ.К. Бухгалтерлік есеп принциптер Алматы – 2004
  10. Қаржылық есеп: Оқу құралы. / Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. – Алматы: Экономика, 2001, – 330 бет. 108 – 129 беттер қолданылды.
  11. Мадиярова Э. С. Қаржылық менджмент Алматы – 2009
  12. Муратқызы Қ. Экономика – 2011 10-16 қараша
  13. Просветов Г.И. Финансовый менеджмент: Задачи и решения.-2007
  14. Радостовец Р.К., Радостовец В.В., Ғабдулин Т.Ғ., Шмидт О.И.
  15. Талмағанбетов Т.А. – Алматы: Дәуір, 1998,– 480 бет
  16. Хегай И.В. «Күмәнді борыш бойынша резерв есебі». Бухгалтер бюллетені 1998 – № 41 – 10 -12 бетке дейін.
  17. Экономика и статистика. №4, 2006
  18. http://economkaz.kz
  19. http://hfs.kz/view
  20. http://hfs.kz/view.php?id=23




Информация о работе Дебиторлық берешекті басқару