Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 17:43, курсовая работа
Дебиторлық берешек – кәсіпорынға (ұйымға, мекемеге) шаруашылық қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде басқа бір заңды немесе жеке тұлғаның берешек болған борышы. Бұл бір кәсіпорынның айналымдағы қаржысын екінші бір ұйым немесе жеке адамның пайдаланғандығын көрсетеді.
Кіріспе.......................................................................................................................3
Бөлім 1. Дебиторлық берешекті басқарудың теориялық негіздері
1.1. Дебиторлық берешек туралы түсінік және оның түрлері.............................5
1.2. Кәсіпорын қызметіндегі дебиторлық қарыздың рөлі мен мәні...................9
1.3. Дебиторлық қарызды басқару әдістері.........................................................11
Бөлім 2. «ӨТМК» АҚ экономикалық сипаттамасы және қаржылық жағдайы
2.1. «ӨТМК» АҚ-ң даму тарихы және оның экономикалық сипаттамасы......14
2.2. «ӨТМК» АҚ-ң қаржылық жағдайына сипаттама........................................21
Бөлім 3.«ӨТМК» АҚ-да дебиторлық берешекті басқарудың ұйымдастырылуы және оны жетілдіру
3.1. «ӨТМК» АҚ-ның дебиторлық берешекті басқарудағы проблемалар мен оларды жетілдіру жолдары...................................................................................27
Қорытынды............................................................................................................30
Қолданылатын әдебиеттер....................................................................................32
Сондықтан қазіргі таңда, шаруашылық субъектілердің қаржылық күйін жақсарту мақсатындағы маңызды мәселелерді шешу басты мәселе болып табылады, оларға біз төменде көрсетілген мәселерді жатқызамыз:
Бухгалтерлік есепке
алудың жаңа жүйесінде және есептеулердің
жаңа жоспарына алмасуға, сонымен
қатар шаруашылықтың әкімшілік-
Дебиторлық қарыздың талдануы, ол «тұрып қалған» , ақталмаған қарызды жоюға және оның өсуін азайтуға бағытталған қорларды анықтауға және дебиторлық қарыздың өсуіне әсер ететін факторларды табуға бағытталған болу қажет.
1.3. Дебиторлық қарызды басқару әдістері
Барлық фирмалар тауарды қолма-қол төлем қабылдау арқылы сатуға ұмтылады, алайда бәсекелестік талаптары төлемдердің мерзімін ұзартуға келісім беруге мәжбүрлейді, осының нәтижәсінде дебиторлық қарыз пайда болады. Дебиторлық қарыз – бұл фирмадан қандай да бір өнімдерді немесе қызметтерді несиеге алатын сатып алушылардың фирмаға қарыз ақша сомасы. Дебиторлық қарыз – бұл айналым активтерінің манызды бөлігі, оны дебиторлардың шоты деп те атайды, және ол қолма-қол ақша қаражаттары мен төлемдерге тікелей ықпал етеді.
Фирманың дебиторлық
қарызын басқару жуйесінің
Басқарушылық әдістерге: «шешімдер ағашы», «3С» несиеге қабілеттілікті талдау әдістері, фирманың несиелік саясаты стратегиясының матрицасы, ақпараттық базаны қалыптастыру, сыйақы жүйесін пайдалану, несиелік қарызды төлеу мерзімін «созу» жатады.
Айналым активтерінің циклі. Дебиторлық қарызды жою мәселес (активтің бағасында аса маңызды шығынсыз ақшалай қаражатқа айналу қабілеті) – әрбір дерлік ұйымның негізгі мәселесіне айналды. Ол өз кезегінде, бірнеше мәселелерге бөлінеді: ұтымды көлем, айналымдылық, дебиторлық қарыздың сапасы.
Бұл мәселердің шешімі дебиторлық қарызды білікті басқаруды талап етеді, бұл фирманың қаржылық жағдайын нығайтудың бір түрі болып табылады. Кәсіпорынды реформалау тәжірибесі дебиторлық қарызды қайтару жөніндегі шаралар кәсіпорынның іщкі қоры есебінен тиімділікті арттырудың анағұрлым әсерлі шаралары тобына енетіндігін және жедел түрде оң нәтиже әкеле алатындығын көрсетті. Қысқа мерзімде қарызды қайтару – тапшы айналым қаражатын толықтырудың шынайы мүмкіндігі. Дебиторлық қарызды басқару ерекше басқарушылық қызметтерді жүзеге асыру үдеріс ретінде жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау сияқты кез келген басқа басқару түрімен теңестіріле алады.
Жоспарлау – бұл алдын ала қаржылық шешімдер. Ол тиімді болуы үшін ұйымның ұзақ мерзімді ммақсатын анықтау, ұйымның стратегиясын құру, қызмет ету саясатын анықтау, қызметтің тиімді рәсімдерін таңдау қажет.
Басқаруды ұйымдастыру мынадай кезекпен әрекеттеді уйлестіруді білдіреді: барлық әрекет ету саласы таңдалған қызметтері бойынша топтастырылуы қажет; өз қызметіне жауапты тұлғаларға бірдей құқықтар берілуі тиіс.
Ынталандыру дегеніміз – жалпы
адамның мінез-құлқы
Бақылау жөніндегі әрекеттер – бұл:. Әрекеттер стандарттарын әзірлеу, фактілік нәтижелерді стандарттық нәтижелермен салыстыру.
Осылайша, дебиторлық қарызды басқару кәсіпорынның айналым активтерін және өнімді сату көлемін ұлғайтуға бағытталған, осы қарыздың жалпы мөлшерін оңтайландыруды, оны уақытында инкассациялауды қамтамасыз етуді қамтитын маркетингтік саясатын жалпы басқарудың бір бөлігі болып табылады. Фирманың дебиторлық қарызын білікті басқару негізінде келесі іргелі мәселелер бойынша қаржыылық шешімдер қабылдау жатыр:
ІІ – Бөлім. «ӨТМК» АҚ экономикалық сипаттамасы және қаржылық жағдайы
2.1. «ӨТМК» АҚ-ң даму тарихы және экономикалық сипаттамасы
Еліміздегі индустриялық даму деңгейі жоғары өнеркәсіптік дамыған өңір – Шығыс Қазақстан облысы. Бүгінде өнеркәсіп өндірісі облыстың жалпы өңірлік өнімін (ЖӨӨ) құруға маңызды үлесін қосып отыр. Ал облыста орналасқан «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ – дүниежүзіндегі титан өндірушілердің арасынан ойып тұрып орын алатын әлемдік көшбасшылардың бірі.
Ел экономикасының қарқынды
1963 жылы комбинаттың тәжірибе цехында қазақстандық бірінші кеуекті титан алынды. Титан кеуегін шығаратын №3 цех өз тарихын 1965 жылдан бастады. Қалпына келтіру бөлімшесінде 13 ақпанда бірінші технологиялық үдеріс басталды және титан кеуегінің алғашқы өнеркәсіптік блогы алынды. Цехтың бірінші бастығы болып И. Самуйлов тағайындалды..
Бүгінгі таңда «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ әлемдегі ең ірі түрлі маркалы кеуек титан, қорытпа және ұнтақ магний, чушкалардағы алғашқы магний, ұнтақты ванадий тотығын өндірушілердің бірі болып саналады. Титан-магний шикізаты болмағандықтан Өскемен титан-магний комбинаты рутил мен титан қожын Австриядан, Африкадан, Америкадан әкеліп, әртүрлі шикізат түрлерінің өндіру технологиясына бейімдеді.
«Өскемен
титан-магний комбинаты» АҚ
1994
жылдан бастап титан нарыққа
шығып, өндірісі кеңінен
«Өскемен титан-магний
2011 жылы
ӨТМК титан құймалары мен
Ел экономикасының дамуына
Биыл 19 қыркүйекте Франция Президенті Николя Саркозидің шақыруымен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға жұмыс сапары өтті. Келіссөздерде мемлекеттер басшылары «Назарбаев-Саркози» президенттік комиссияның жұмысын, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық әріптестіктің жағдайы мен болашағын, сол сияқты, өңірлік және халықаралық көкейкесті проблемаларды талқылады. Сондағы екі ел экономикасына да тиімді жасалған, екіжақты ынтымақтастық пен қарым-қатынасты нығайта түсетін үлкен жоба – француздың «Обер э Дюваль» компаниясы мен «Өскемен титан-магний комбинаты» бірлесе отырып ашқан зауыт іске қосылды. Бұл – француз аэробустары үшін титаннан жоғары технологиялы өнімдер өндіретін бірлескен зауыт. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Обер э Дюваль» компаниясының президенті Жорж Дювальмен кездесіп, кездесу барысында бірлескен жобаларды алға жылжыту мәселесі талқыланған. Қазіргі күні Өскемен титан-магний комбинаты «Обер э Дюваль» компаниясымен бірлесіп авиация өнеркәсібі үшін өнімдер шығаратын екі зауыт ашқан.
Әуе-ғарыш және қорғаныс саласының, сонымен қатар оларға қызмет көрсететін құрылымдардың әлемдік жетекші компаниясы – «EADS» және «ӨТМК» АҚ-ның титан құймаларын жартылай фабрикаттар ретінде қайта өңдеу мақсатында 2008 жылы құрылған «UKAD» бірлескен кәсіпорны «ERAMET» тобына кіретін «Aubert&Duval» компаниясы бірлесе отырып және «ӨТМК» АҚ арасында «EADS» компаниясы жүзеге асырып жатқан бағдарлама бойынша, оның ішінде «Airbus» ұшақтары үшін бекіту бұйымдарын және металдарды қақтау үшін титанның жартылай фабрикаттарын жеткізу жөніндегі ұзақ мерзімге арналған келісімге қол қойды.
2011 жылғы 24 маусымда
Париждегі Ля Бурже әуе-
2010 жылы қол қойылған «Ынтымақтастық туралы меморандумға» қосымша бұл жаңа келісім «Өскемен Титан-магний комбинаты» мен «Aubert&Duval», «EADS» компаниялары арасында толықтай интеграцияланған титан жеткізу жүйесін құруға бағытталған. Осы ретте «UKAD» компаниясы ӨТМК шығарған титан құймаларынан жартылай фабрикаттар шығаруға жауапты болса, «Aubert&Duval» компаниясы әуе кемелерінің компоненттерін шығару үшін аса қажетті қақталған бұйымдар дайындауға жауапты.
«EADS» компаниясы ӨТМК-нің титан құймалары мен балқымаларын шығару жөніндегі жаңа зауыттың тиімді жұмыс істеуіне ерекше мүдделі болып отыр. Қол қойылған бұл келісімдер Өскемен Титан-магний комбинатының «EADS» компаниялар тобының барлығы үшін титан шикізатын жеткізетін шешуші кәсіпорын жөніндегі беделін арттыра түседі.
«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ жан-жақты қарым-қатынасты нығайта отырып, өз ауқымын кеңейтіп келеді. Жоғарыда Фанциямен арадағы бірлескен жобаларды атап өтсек, кәсіпорын жақында ғана оңтүстіккореялық «РОSСО» компаниясымен бірлесе «ПОСУК Титаниум» деп аталатын Қазақстан-Корей бірлескен кәсіпорнының жаңа зауытын салуды қолға алды.
Бірлескен жаңа өндірістің шетелдік құрылтайшысы болып отырған «РОSСО» компаниясы – құрыш өндірумен айналысатын әлемдегі екінші ірі компания.
Оңтүстік Корея мен өзге де елдерден бірнеше еншілес кәсіпорындарын ашып отырған бұл компания Кореядағы екі бірдей металлургиялық зауыттың иесі екен.
Бұл электронды-сәулелі әдіспен титан құймасын өндіретін жаңа өндіріс орны 2013 жылы пайдалануға берілмек. Аталған жобаның тұсаукесер салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Қазақстандағы Корея Республикасының консулы Хан Сонг Джин, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі өнеркәсіп комитетінің төрағасы Аманияз Ержанов, «ӨТМК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Сильван Гелер, «ӨТМК» АҚ президенті Бағдат Шаяхметов және «РОSСО», «ПОСУК Титаниум» ЖШС басшылары қатысып, өндіріс орнының құрылысы басталғандығын ресми түрде хабарлады. 50 миллион АҚШ доллары тұратын инновациялық жоба іске қосылғанда өндіріс орнында жылына 5 мың тонна титан құймалары шығарылмақ.
Өндірістің белгіленген уақытта еш кедергісіз пайдалануға берілуіне облыс әкімдігі тарапынан, Үкімет тарапынан да жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев: «Өскемен титан-магний комбинаты – дүние жүзіндегі осы саладағы ең ірі металлургиялық өнеркәсіп орны.
Еліміздің титан өндірісі
қанатын кеңге жайып, комбинат Франция,
Корея елдерімен бірлескен