Қазақстан Республикасындағы салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2011 в 13:28, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ – нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда.

Оглавление

Кіріспе..........................................................................................................................3
1. Салықтың мәні мен мазмұны................................................................................4

1.1. Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері.......................................4

2. Қазақстан Республикасындағы салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру...............................................................................................................8

2.1. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қалыптасу кезеңдері.........8

2.2. Салық салуды ұйымдастыру.............................................................................12

2.3. Қазақстан Республикасының салық түрлері....................................................14

2.4. Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелер және оны шешу жолдары......................................................................................................................18

Қорытынды.................................................................................................................21

Колданылған әдебиеттер тізімі................................................................................22

Файлы: 1 файл

салық.doc

— 147.00 Кб (Скачать)

     Әлеуметтік  салық – мемлекетке алынатын салықтардың бірі. Ол 1999 жылдан бері бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеументтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізлген. Аударымдардың жиынтық мөлшерлемесі еңбекке ақы төлеу қорның 28 % мөлшерінде белгіленді, ал төленетін жарналардың сомасы өндіріс шығындарына жатқызылды.

     Әлеуметтік  салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік  бюджетке 17 % алады.

     Қазақстан республикасының резидент-заңды  тұлғалары шетелдік заңды тұлғалардың  филиалдары мен өкілдіктері, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады.

     Жұмыс беруші төлейтін ақшалай немесе заттай нысандағы кез келген табыстар нысанындағы оның қызметкерлерге төлейтін шығыстары резидент-заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері үшін әлеуметтік салық салу объектісі, ал жеке кәсіпкелер, жеке нотариустар, адвокаттар үшін олардың өздерін қоса алғанда, қызметкерлер саны бұл салық салудың объектісі болып табылады.

     Меншікке  салынатын салықтар нарықтық экономика жағдайында мемлекет иелігінен алу үшін және жекешелендіру процесінің дамуына қарай меншік қатынастарындағы нақтылы өзгерістермен байланысты едәуір орын алады. Меншікке салынатын салықтарға жер салығы, мүлікке салынатын салық, көлік құралдарын салынатын салық жатады. Меншікке салынатын салықтар негізінен жергілікті бюджеттерге есептеледі.

     Салықтардың мөлшерлемелері меншіктің таьыстылығы  бойынша емес, сыртқы нышандар –  меншіктің мөлшерлері бойынша белгіленетіндіктен физкалдық мақсаттан басқа бұл  салықтардың меншікті прайдаланудың  тиімділігін көтермелеу мақсаты  бар.

     Мнешікке  салынатын салықтар қоғам алдындағы салықтыұ жауаптылықты біркелкі етіп, бөлуге мүмкіндік береді. Мұның әсіресе жер салығына, мүлікке салынатын салыққа қатысы бар.

     Жер салығы 1992 жылы енгізілді. Жерге салынатын салықты енгізу мынандай мақсаттарды көздейді: экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалану және жерге орналастыру, жердің құнарлығын арттыру, оны қорғау жөніндегі шараларды жүргізу үшін, сонымен бірге аумақтың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін бюджет кірістерін қалыптастыру. Жер салығын төлеу барлық жер иелері, жер пайдаланушылар, соның ішінде жалгерлер мен жер иелері үшін міндетті болады. Жер салығын анықтау үшін жер учаскесінің аланы салық базасы болып табылады. Салық әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық  базасына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану жолымен есептеледі. Қорғаныс қажеті үшін берілген жерлерге салынатын салықты алу тәртібін Үкімет белгілейді. Бюджетке жер салығы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша төленеді.

     Мүлікке салынатын салықтар тура нақтылы салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады.

     Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық объектісі  бар заңды тұлғалар мен меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүліктеріне салынатын салықты төлеушілер болып табылады. Заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрлымдық бөлімшелері салық төлеушілер ретінде қарастырылады.

     Мүлікке салынатын салықты төлеудің көзі табыстың мүлікті пайдаланудың нәтижесі болып табылатындығына немесе өзге де әдістермен  алынатындығына  қарамастан олардың табысы болып есептеледі.   
 

2.4 Қазақстан  салық жүйесіндегі кейбір мәселелер  және оны шешу жолдары 

     Қандай да болмасын мемлекеттің салық жүйесі негізінен екі қызметті атқарады. Біріншісі фискалды қызмет болса, екіншісі реттеуші қызметі. Фискалды қызмет ешкімді де алаңдата қоймайды, себебі кез келген мемлекеттің өмір сүруі үшін қаражаттың қажеттілігі өте маңызды нәрсе. Реттеуші қызмет әркімнің, мейлің мемлекеттің немесе кәсіпкерлердің болсын, аса қызықтыратын мәселесі болып табылады.

     Қазақстандағы салықтардың атқаратын реттеуші қызметіне кеңінен тоқталсақ, оның  оншалықты өз атына сәйкес келе бермейтін  жақтарын байқауымызға болады. Салықтардың реттеуші ролі негізінен мынадай шараларға жауап беруі қажет: мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс мөлшерінің белгілі бір деңгейін ұстап отыру және кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға салынатын салықтардың ауыртпалығын реттестіру.

     Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында болашақтағы мемлекетіміздің негізгі  байлық көзі шикізатты, соның ішінде ең біріншіден мұнайды экспорттау болып  табылады. Осыған сәйкес, салық жүйесінің  алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі шикізатты экспорттаушыларға салынатын салықтардың тиімділігін арттыру болып табылады.

     Үкімет  басшысының хабарлағанындай, 1999 жылдың қорытындысы бойынша, мұнайды экспорттаудан  тек салық түрінде ғана мемлекеттік  бюджетімізге 500 миллион АҚШ доллары  шамасындағы қаржы түспей қалған. Мұндай көлемдегі қаржы республикалық бюджетіміздің төрттен бір бөлігіндей мөлшерді құрайды. Егер бұл көрсеткіш тек қана мұнай саласында орын алған болса, онда еліміздің бүкіл шикізатын экспорттаудан түспей қалған қаражаттың мөлшері қандай болар еді?

     Осындай көлеңкелі экономиканың келеңсіз әрекеттерінен  еліміздегі күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерге  аса зәру болып отырған тұрғындардың бөлігі көп зардаптар шегуде. Екінші жағынан, салық салынатын базаның  кемуінен, экспорттаушы емес экономиканың басқа салаларында қызмет атқарып отырған кәсіпорындарға жүктелетін салық ауыртпалығы арта түсуде.

     Аталған кемшіліктерді жою үшін, ең алдымен  салық заңына жаңадан өзгертулер енгізу аса қажет. Кіріс министрінің  атап өткеніндей, жаңадан қабылданған  салық кодексінде айтарлықтай өзгерістер енгізілмеген, демек, жіберілген кемшіліктер алдағы уақытта да жіберілуі мүмкін. Әрине енгізілген өзгерістер әбден саралануы және салық жылының басынан бастап іске асуы қажет. Салық төлеушілер үшін салық жүйесінің ең болмағанда үш-бес жылға дейін тұрақты болып қалуы аса маңызды шарт болып табылады. Тұрақсыз экономика жағдайында бұлай болу әрине мүмкін емес, әсіресе жалпы ішкі өнімнің мөлшері дүниежүзілік бағаға тәуелді жағдайында бұл өте қмынға соғады.

     Жер қойнауындағы табиғи байлықтарды өндірушілердің табыстары әлемдік бағаға байланысты екенін ескере отырып, оларға салынатын табыс салығына прогрессивті ставканы енгізген дұрыс болар еді. Егер шикізаттың қалыптасқан бағасы орташа көрсеткіштен жоғары болып қалыптасса, онда осындай шикізатты экспорттаушы кәсіпкерлер бағаның артық мөлшеріндегідей пайызды қосымша табыс табады. Бұл артық табыс мөлшері қазіргі салық заңында кәсіпорындардың ішкі пайда нормаларына сәйкес үстеме пайда салығы арқылы алынып отыр. Бұл аталған салықтың кемшілігі мынада: ішкі пайда нормасын анықтау кезінде оның мөлшеріне әр түрлі себептер мен субьективті жағдайлар әсер етуі мүмкін және пайда нормасын қайта-қайта қарастырып отыру қажет, өйткені шикізаттың әлемдік бағасы күн сайын өзгерістерге ұшырауы мүмкін.

     Аталған кемшіліктерді жою үшін шикізатты  өндірушілерге салынатын табыс  салығының базасын кәсіпорынның ішкі пайда нормасынан шикізаттың сатылу уақытындағы қалыптасқан әлемдік  бағасы мен шикізатты өндіру мен  тасымалдауға кеткен шығындардың айырмасына ауыстыру керек. Бұл арада неліктен шикізаттың сатылу бағасы емес, сатылған уақыттағы қалыптасқан әлемдік баға алынып отыр? Оған себеп, кез келген шикізатты болсын, дацын өнімдерді болсын экспорттаушы кәсіпорындар сатылу бағасын жасалған келісім шарттарда төмендетіп жазып, сөйтіп табыс мөлшерін азайтып көрсетуі әбден мүмкін, ал белгілі бір уақытта қалыптасқан шикізат бағасын кемітіп көрсету мүмкін емес және оның дұрыстығын тексеру онша қиынға соқпайды. Сонымен қатар шикізаттың өзіндік құны мен тасымал шығынын анықтау көп жағдайда тұрақты болып қалады. Бұл арада экспорттаушы кәсіпорындардың келіспейтін жақтары орын алуы мүмкін, мәселен, Қазақстан шикізаты сапасының төмендігі. Шын мәнінде туындайтын қайшылықтарды реттестіру қиын емес.

     Егер  экспортталатын шикізаттың әлемдік бағасы күрт төмендепкетсе, онда мәселе қалай шешілмек деген сұрақтың қойылуы сөзсіз. Оған жауап беру үшін, мұндай экспорттың еліміз үшін маңыздылығын сарапқа салуымыз қажет. Егер әлемдік бағаның төмендеуіне қарамастан шикізатты еліміз үшін маңызды болып қала берсе, онда өндіруші кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көмек көрсету аса қажет. Салық салу жағынан шмкізатты экспорттаушылар үшін көмекті табыс салығы ставкасын да азайту қажет. Мұндай әрекет шикізатты өндірушілер мен экспорттаушылар үшін едәуір көмек болар еді.

     Сонымен, шикізатты экспорттаушыларға қолданылып келген үстеме пайдаға салынатын  салықты алып тастап, бір ғана прогрессивті табыс салығын қолданған дұрыс  болар еді.

     Аса бір ойландырып жүрген мәселенің  бірі – жеке тұлғалардың табысына салынатын салықтардың мөлшері. Қазіргі таңда кәсіпорындарда қызмет атқаратын жеке тұлғалардың жалақыларына екі түрлі: табыс салығы және әлеуметтік салық салынады. Сонымен қатар жалақының он пайызы зейнетақы қорына аударылады. Мәселенің жайын жалақыны төлейтін заңды тұлғалар жағынан қарайтын болсақ, онда жалақы үлестіру барысында кәсіпорындардың қосымша қаржыға шықындалуын байқаймыз. Бұл қызметкерлердің еңбек ақысын көтеруге кәсіпорындар мүдделі емес деген сөз. Жалақы мөлшерін көбейткен күннің өзінде кәсіпорындар әр түрлі жолдармен нақты жалақы мөлшерін азайтып көрсетуде. Осыған байланысты Қазақстан салық жүйесінің алдында қалайша еліміздің азаматтарының орташа жалақы мөлшерін көтеруге болады және кәсіпорындарды қандай жолдармен жалақыны көтеруге ынталандыруға болады деген мәселелер тұр.

     Республикамызда өмір сүріп отырған жалақылары төмен  азаматтар үшін салық заңымызда  жеңілдіктер қарастырылмаған деуге  болады. Мысалы, салық заңында жеке тұлғалардың табыстарына қолданылатын шегерімдердің мөлшері барлық жеке тұлғалар үшін бірдей – бірайлық есептеу көрсеткіші діңгейінде және әрбір бір айлық есептеу көрсеткішінен төмен табыс табатын немесе мүлдем табысы жоқ әрбір жанұя мүшесі үшін бір айлық есепьеу көрсеткіші мөлшерінде шегерім жасауға рұқсат етіледі. Яғни, жалақы мөлшері 45000 тенге болатын және жалақысы 4500 тенгені құрайтын жеке тұлғалардың табыстарына қолданылатын шегерімдердің шамасы бірдей. Бұл әрине әділдікке жатпайды, алсалықтардың классикалық үлгісі бойынша әділдік принцмпі алдыңғы орынға ие болуы қажет.

     Осындай объективті және субъективті жақтарды ескере отырып, келесі ұсыныстарды қозғауға болады. Біріншісі жеке тұлғаларға қолданылатын шегерімнің мөлшерін өзгерту және оны тек табысы төменгілерге ғана қолдану, екіншісі, табыс салығынан ең төменгі жалақы алушыларды босату.

     Сонымен, егер республикамыздың салық жүйесіндегі  жеке тұлғаларға салынатын табыс  салығына осындай өзгерістерді енгізетін  болса, табысы өте төмен дәрежедегі азаматтарыға едәуір көмек  болар  еді.

     Қорыта  айтқанда, жоғарыда аталған ұсыныстарды  жүзеге асыру қиынға соқпайды, ал олардан түсетіе экономикалық тиімділік айтарлықтай болары анық.                                     
 
 
 
 

     Қорытынды 
 

     Сонымен тақырыбымды қорыта келсем, салық  – мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі. Ұйымдық – құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер. Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Сонымен қатар салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.

     Мемлекетке  түсетін салықтардың, алымдардың, баждардың  және басқа төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары  мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды.

     1991 жылы желтоқсанның 25 – інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделген. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1– інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.

     Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын қамтиды.

     Салық төлеушілердің жекелеген санаттары – арнаулы салық режимі – шағын бизнестің субъектілері, шаруа (фермерлік) қожалықтары, заңды тұлғалар – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін белгіленетін және салықтардың жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ ол бойынша  салық есептемесін берудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі.

     Қазақстан Республикасының қазіргі салық  жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру