Қазақстан Республикасындағы салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2011 в 13:28, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ – нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда.

Оглавление

Кіріспе..........................................................................................................................3
1. Салықтың мәні мен мазмұны................................................................................4

1.1. Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері.......................................4

2. Қазақстан Республикасындағы салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру...............................................................................................................8

2.1. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қалыптасу кезеңдері.........8

2.2. Салық салуды ұйымдастыру.............................................................................12

2.3. Қазақстан Республикасының салық түрлері....................................................14

2.4. Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелер және оны шешу жолдары......................................................................................................................18

Қорытынды.................................................................................................................21

Колданылған әдебиеттер тізімі................................................................................22

Файлы: 1 файл

салық.doc

— 147.00 Кб (Скачать)
fy">     9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру  үшін төлемақы.

4. Мемлекеттік  баж.

5. Кеден  төлемдері:  

     1. Кеден бажы;

     2. Кеден алымдары;

     3. Төлемақы;

     4. Алымдар.

     Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Бюджет  жүйесі туралы» Заң мен тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіппен  тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.

     Салық жүйесі өзінің құрамына мемлекеттік салық службасының – Қаржы министрлігін, облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы және қалалардағы аудандардың салық комитеттерін қамтиды. Салық службасы органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарнамаларының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.

     «Салық» және «Салық салу» ұғымдарын ажырата  білген жөн: бірінші жағдайда – бұл экономикалық және қаржы категориясы, екіншісінде – экономикалық-құқықтық механизмді пайдалана отырып салық төлемдерін өндіріп алу (есептеу және алу) процесі. 
 

2.2  Салық  салуды ұйымдастыру 

     Салық салуды ұйымдастыру салық қатынастары нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты аттарын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс – қимылының тәсілдерін қамтитын салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне саяды. Салық механизмінде өзара байланысты элементтерден тұратын арнаулы нұсқаулық қолданылады.

     Қазақстан Республикасының қазіргі салық  жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық  салудың тәртібін белгілейді.

     Негізгі салық элементтеріне мыналар  жатады: салық субъектісі , салық салынушы, объектісі, салық базасы, салық салудың өлшемі, салық мөлшерлемесі, үлес, салықпұл, салық жеңілдіктері, салық төлеудің мерзімі мен тәртібі, салық төлеушілер мен салық органдарының міндеттіліктері мен құқықтары, салықтарды төлеуді бақылау, салық заңнамасын бұзғаны үшін санкциялар және басқалары.

     Салық субъектісі немесе салық төлеуші. Ол – салықты және бюджетке басқа  төлемдерді төлеуші тұлға, алайда нарық  механизмі арқылы салық ауыртпалығы  басқа тұлғаға – салық салынушыға аударылуы мүмкін.

     Салық салынушылар – нақты салық  ауыртпалығы түсетін жеке тұлғалар, түпкілікті салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары.

     Салық объектісі. Мүлік пен іс – әрекеттер салық объектілері және салық салуға байланысты объектілер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушінің салықтық міндеттемесі тувндайды.

     Салық базасы. Салық базасы – салық  салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, заттық немесе өзге де сипаттамалары, олардың  негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа да міндетті төлемдердің сомасы анықталады.

     Салықтың  негізгі базасы мыналар  болып  табылады:

  • Табысқа салынатын салық. Бұған корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығы жатады.
  • Тауарға салынатын салықтар. Олар қосылған құнға салынатын салықтарды, кеден баждарын қамтиды;
  • Капиталға салынатын салық. Оған жер салығы, мүлікке салынатын салық және басқалары жатады.

     Салық мөлшерлемесі. Салық мөлшерлемесі –  салық базасының өлшем бірлігіне  салық есептеулурінің шамасын білдіреді. Ол салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсолюттік сомамен белгіленеді.

     Салық кезеңі. Жекелеген салықтар мен басқа  да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген  уақыт кезеңі салық кезеңі деп  түсініледі, ол аяқталған соң салық  базасы анықталады және бюджетке төленуге тиісті салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.

     Салықпұл  – субъектінің бір объектіден төлейтін салық сомасы. 

     Салық жеңілдіктері – заңнамаға сәйкес төлеушілерді салықтан толық немесе ішінара босату. 

         Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады:

  • Салық салынбайтын минимум – салық салудан толық босатылатын салық объектісінің  ең аз бөлігі;
  • Табыстың есептелген сомасынан шегерілетін шегерімдер (асыраудағы жандарға, мүгедектерге – халықтан алынатын табыс салығы бойынша; күрделі қаржыларға, әлеуметтік объектілерді ұстауға, табиғат қорғаушараларына жұмсалатын шығындардың сомасынан – пайдаға салынатын салық боойынша және т.т.);
  • Салық салынатын табыстың құрамына кіріктірілмейтін сома (мысалы, босату кезіндегі ұйғарымды жәрдемақы, халықтан алынатын табыс салығы бойынша өтемақы төлемдерінің сомасы);
  • Салық салудың жеке субъектілері мен төлеушілердің санаттары үшін салық мөлшерлемесін төмендету.

     Салық жеңілдіктеріне сонымен қатар төлеу  мерзцмцн ұзарту және салық бойынша  бересіні есептеп шығару да жатады.

     Жеңілдік  кезеңі – салықтар бойынша заңмен белгіленген жеңілдіктердің іс – әрекет ететін уақыты.

     Салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттіліктері  билік пен басқару органдарының салық заңнамасымен реттеледі.

     Салықтық  бақылау – салық службасы органдарының салық заңнамасының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылауы.

     Салықтық  бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

  • Салық төлеушілерді тіркеу есебі;
  • Салық салу объектілері мен салық салумен байланысты объектілерді есепке алу;
  • Бюджетке түсетін түсімдерді есепке алу;
  • Қосылған құнға салынатын салықты төлеушілерді есепке алу;
  • Салық тексерістері;
  • Камералық бақылау;
  • Салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметінің мониторингі;
  • Фискалдық жады бар бақылау касса – машиналарын қолдану ережелері;
  • Акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін таңбалау және сату тәртібін сақтауды тексеру;
  • Уәкілетті органдарға бақылау жасау.

     Кедендік  бақылау агенттігі өз құзыры шегінде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өтуімен байланысты төленуге тиіс салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді өндіріп алу жөніндегі салықтық бақылауды Салық кодексыне және кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

     Салық құпиясын салық төлеуші және оның қаржы-шаруашылық қызметі туралы салық службасы органдары алған кез келеген мәліметтер құрайды.

     Салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге олардың жасырған сомасын, төмендеткен  табымтарын төлеттіріп алу бұзу ауыртпалығына қарай үлестік немесе еселенген көлемде айыппұлдар, бюджетке төленетін төлемдер мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімдер түрінде санкциялар қолданылады. 

2.3 Қазақстан  Республикасының салық түрлері 

     Қазақстан Республикасының салықтары екі түрге бөлінеді. Олар: жергілікті және мемлекеттік. Салықтар: жанама салығы, корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, әлеуметтік салық, меншікке салынатын салық, жер салығы, мүлікке салынатын салықтар,.   

          Жанама салықтар – жоғарыда атап өткеніміздей, бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушінің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес. Жанама салықтар мемлекттің фискалды мүдделерін білдіреді. Оларды саналы пайдалану баға белгілеу процесіне оңтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрылымына әсер етуі мүмкін.

     Жанама  салықтың ішіндегі ең маңыздысы 1992 жылы енгізілген қосылған құнға салынатын салық – ҚҚС  болып табылады. Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нәтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салықты төлеуді сатып алушыға аударады. Салық салу объектісі материалдық шығындарсыз өндірілген өнім болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған өнімге кешенді шығыстар, мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бірқатар шығындар қамтылуы мүмкін. ҚҚС дүние жүзінің 40 – тан астам елдерінде, соның ішінде Еуропа экономикалық одағының 17 елінде пайдаланылады. ҚҚС қазіргі кезде Қазақстан Республикасының бюджет кірістерінің аса маңызды көздерінің бірі болып саналады. 2001 жылы мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы сомасына бұл төлемнің үлес салмағы 21,8 пайызын құрады.

     Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан  Республикасының кодексі (Салық кодексі) бойынша қосылған құнға салынатын салық деп тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өндіру және лоардың айналасы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнның бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды айтады. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес мағлұмдамануға тиісті, Қазақстан аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда салық салынатын импорт болып табылады. Салық салынатын импорт мөлшеріне кеден заңнамасына сәйкес белгіленген импортталатын тауардың кедендік құны, сондай – ақ қосылған құнға салынатын салықты қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомалары қосылады.

     Корпорациялық табыс салығы бюджет түсімдерінде едәуір орын алады. Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекттік мекемелерді қоспағанда  Қазақстан Республикасы резидент – заңды тұлғалары, сондай – ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе республикадағы көздерден табыс алатын бейрезидент – заңды тұлғалар төлейді.

     Корпорациялық табыс салығын салу механизмі  заңды тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртібін, алу шарттарын, жеңілдіктер мен санкйияларды, төлеу уақытын айқындайды. Салық салынатын табыс, төлем көзінен салық салынатын табыс және Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент – заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс салығы салынатын объектілер болып табылады.

     Резидент  – заңды тұлғаның жиынтық жылдық табысы салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлерден алынуға тиіс табымтардан тұрады. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент – заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық заңнамасына сәйкес анықталады, оған тұрақты мекеменің қызметіне байланысты табыстардың барлық түрлері жатады.

     Жеке  табыс салығы. Бұл төлем бойынша қаражаттардың түсімі (2001 жылға дейін – жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы) барлық салық төлемдерінің 9% алады.

     Салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып  есептеледі. Салық салу объектісі  төлем көзінен салынбайтын табыстар болып табылады.

     Салық агенттері жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалуды төлем көзінен салық салынатын табыс төленетін күннен кешіктірмей жүргізедіі. Олар салық төлеушілердің тұрған жері бойынша есепті айдың табысын төлеудің соңғы күнінен кейінгі бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

     Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде төленген жеке табыс салығының сомасы белгіленген тәртіппен Қазақстанда салық төлеу кезінде есепке жатқызылады.

     Жерқойнауын пайдаланушылардың салықтары мен  арнаулы төлемдері. Қазақстан Республикасының салық жүйесінде табиғи ресурстарды, пайдалы қазбаларды, жер қойнауын пайдалануға байланысты бірқатар төлемдер бар, оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғи ресурстар үшін төленетін төлемдер ретінде бір топқа біріктіруге болады. Оларға үстеме пайдаға салынатын салық, жер қойнауын пайдаланушылардйң арнаулы төлемдері, су үшін төленетін төлем, орманды пайдаланғаны үшін төлем (орман табысы) және басқалары жатады. Аталған төлемдер негізінен ренталық сипатта болады, өйткені олардың пайда болуы мен мөлшерлемелерінің шамасы шығарылатын және шаруашылық қызметте пайдаланылатын материалды, шикізатты, минералды ресурстарды алу, тұтыну, олардың сапасы табиғат факторларымен байланысты болады.

     Техногендік минералды құралымдардан пайдалы  қазбалар алуды қоса, Қазақстан Республикасыда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайдаға салынатын салығы мен арнаулы төлемдерді төлеушілер болып табылады.

     Жер қойнауын пайдаланушы үшін белгіленген  салық режімі тек қана Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға жасалатын келісімшартта айқындалады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру