Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2011 в 13:28, курсовая работа
Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ – нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1. Салықтың мәні мен мазмұны................................................................................4
1.1. Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері.......................................4
2. Қазақстан Республикасындағы салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру...............................................................................................................8
2.1. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қалыптасу кезеңдері.........8
2.2. Салық салуды ұйымдастыру.............................................................................12
2.3. Қазақстан Республикасының салық түрлері....................................................14
2.4. Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелер және оны шешу жолдары......................................................................................................................18
Қорытынды.................................................................................................................21
Колданылған әдебиеттер тізімі................................................................................22
1. Салықтың мәні мен мазмұны.......................
1.1. Салықтың түсінігі,
ерекшеліктері және элементтері...................
2. Қазақстан Республикасындағы
салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру...................
2.1. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қалыптасу кезеңдері.........8
2.2. Салық салуды
ұйымдастыру...................
2.3. Қазақстан Республикасының
салық түрлері.......................
2.4. Қазақстан салық жүйесіндегі
кейбір мәселелер және оны шешу жолдары.......................
Қорытынды.....................
Колданылған әдебиеттер
тізімі........................
Табыс салығын алу белгілі бір төменгі деңгейден басталады. Номиналдық табыстың ұлғаюына сәйкес табыс салығын өсірудің базасы жасалады, салық төлеушілердің саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған жалпы қаржы – қаражаттары көбейеді. Салық салудың нормасы – салық ставкасы объектінің бір өлшеміне салынған мөлшері. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар. Егер ставкалар табыстың өсуімен көбейсе, онда прогрессивті, үдемелі ставкалар болғаны. Салық салудың тәжірибесінде бір объектіге оның құнына қарамастан салынатын қатаң ставкалар кездеседі.
Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ – нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда.
Бұл
курстық жұмысты жазудағы мақсат
салықтың мәні мен мазмұнын ашып көрсету,
оның қалыптасуы мен дамуы туралы ақпаратты
енгізу, көрсету. Яғни, осы курстық жұмыста
жазылған мәліметтер салықтар жөнінде
жалпы мағлұмат береді.
1. Салықтың мәні мен мазмұны
1.1.
Салықтың түсінігі, ерекшеліктері
және элементтері
Салықтар
дегеніміз, жалпы мемлекеттік
Көптеген
экономистер салықтардың
Салық теориясына Ресейдің ғалымдары да өзіндік үлес қосты. Н. Тургенев Ресей экономикасын зерттей отырып, былай деді: "Салық - қоғамның немесе мемлекеттің бір мақсатқа жетудегі мәні. Халық мемлекетке бірігіп, оған басшылық жасауға және салық салуға құқық берді".
Ал А. Соколов: "Салық дегеніміз мемлекет шығындарын жабу және экономикалық саясатты шешу үшін кәсіпкерлерден алынатын мәжбүрлік алым" деп көрсетті. Соколовтың бұл анықтамасы салыктың түпкі мәнін көрсетеді. Ол тек ғана салықтың фискалдық кызметін жүргізіп қоймай, осы
Жиналған салықтарды мемлекеттің саясаттарын жүргізуге қолдану қажеттілігін айтады.
Мысалы, Гуреев В.И. салықтарды “міндетті жарна” деп атайды және мынадай түсінік береді: " міндетті жарна дегеніміз заңды және жеке түлғалардың кәсіпкерлік қызметтерінен және басқа түсім көздерінен тапқан табыстарының бір бөлігін заңмен белпленген тәсілмен ақшалай түрде алу ".
Ал салық жөнінде, мемлекеттің заңды және жеке тұлғалардан тиісті деңгейде бюджетке алатын міндетті жарнасы деген анықтама берген. Белгілі ғалым Пепеляев С.Г. салыққа мынадай анықтама береді “салық мемлекеттің өкімет билігі субьектілерінің төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік мәжбүр етумен қамтамасыз етілген міндетті, қайтарылмайтын және дербес ақысыз түрінде заңды және жеке түлғалардан заңда белгіленген тәртіппен алынатын меншіктері”.
Осы автордың айтуы бойынша, егер қандай да болмасын міндетті төлемді алу заңда белгіленіп, негізделмеген жағдайда, оларды алу заңсыз болып табылады. Ал салық телеуші бұл жерде азамат ретінде емес, сонымен қатар меншік иесі де болғандықтан салықтарды төлеу оның жеке меншік жөніндегі құқығынан шығатын әлеуметтік міндеті.
Қазақстандық, белгілі экономист – ғалым Қарағүсова Г.Ж. " салықтар деп, жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды өтеуге жұмсалатын және қабылданған заң негізінде мемлекетке алынатын еріксіз немесе міндетті алымдарды айтады" деген анықтама береді.
Қаржылық
қүқық саласының Қазақстан
А.И.Худяковтың
айтуы бойынша салықтардың
Ал мемлекеттік заңды тұлғалардың салықтарды мемлекет қарамағына түскенімен, олардың (заңды түлғалардың, ақшалардың) иесі мемлекет болып қала берді. Бұл жерде мемлекет салықтарды белгілеу және алу процесінде саяси субъекті ретінде, ал міндетті төлемдерді белгілеу және алу кезінде - меншік иесі ретінде болады. Салықтарды алу кезінде мәжбүрлі (еріксіз) түрде меншік формасы өзгертіледі. Қорыта келіп айтқанда міндетті төлемдер - өз кірістерінің бөлігі, ал салықтар - бөтен кірістердің бөлігі.
Салықтар әркашанда мемлекет пен халықтың жан-жақты мұқтаждықтарын қанағаттандыру және өндірісті дамыту мақсатында ұлттық табысты және жалпы ішкі өнімді, сондай-ақ жалпы қоғамдық өнімді қайта бөлуге байланысты экономнкалық қатынастарды көрсетеді. Сондықтан, олар мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен арасыңдағы экономикалық (қаржылық) қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория болып табылады.
Енді салық салу саласында міндеттемелерін және олардың орындалу тәртібін анықтайтын заңды құрылымға, яғни салық туралы заңның элементтеріне тоқталамыз.Тек салық туралы заңның элементтерінің жиынтығы арқылы салық төлеушінің салық міндетттемелері толық белгіленбеген болып есептеледі.
Салық заңдарында белгіленген салық элеметтеріне мыналар жатады: салық төлеуші; салық салу объектісі; салық салу бірлігі; салық ставкасы; салық салу әдісі; салықты есептеу тәртібі; салық төлеу мерзімі; салықтарды төлеу тәсілдері және тәртібі; салық төлеушілердің, банк мекемелерінің және салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері және жауапкершіліктері. Енді осы салық элементтерінің әрқайсысын жекелеп қарастырамыз.
Салық төлеуші - өз меншігі есебінен салық төлеу жөніндегі заңды міндеті бар тұлға, яғни салық субъектісі. Бұл жерде салық төлеушілер деп, заңмен белгіленген салық салу объектілері бар заңды және жеке тұлғаларды айтамыз. Экономикалық термин ретінде " салық ауырмаларын көтеруші " деген ұғым қолданылады, яғни салықты нақты төлейтін тұлға деген мағынада.
Сонымен, Қазақстан аумағындағы салық төлеушілер мыналар болып табылады:
Салық
салу обьектісі - заңда көзделген
тауарлық-материалдық
Қазақстанда заңда көзделген салық салу обьектілері мыналар болып табылады:
Бұл жерде ескертетін бір жай, қандай да болмасын заң жүзінде белгіленген объектіден салық бір-ақ рет (бір дүркін) алынады, сондай-ақ салық төлемдерін арттыратын заңдарды қолданудың кері күші болмайды.
Салық салу бірлігі - есептеу үшін берілген салық объектісінің өлшем бірлігі. Бүл жерде салық салу бірлігі деп салықтарды есептеу негізіне салынған салық обьектісінің бір бөлігін айтамыз.
Мысалы, жер салығында - 1 гектар, 1 шаршы метр, 1 акр; акциздерде -1 бөтелке, 1 қорап сигарет; табыс салығында - теңге, доллар, евро, рубль және т.б.
Салық ставкасы - салық салу бірлігіне қатысты салық мөлшері немесе салық нарқы. Салық ставкасы салық салу нормасын сипаттайды. Құрылу әдісіне байланысты салық ставкалары тұрақты және пайыздық болып екіге бөлінеді.
Тұрақты ставкалар - түсетін табыс мөлшерін есепке алмай, салық салу обьектісіне ( жер учаскесіне ) тікелей, нақты салық бірлігінің шекті сомасымен белгіленеді. Пайыздық ставкалар: пропорционалды, прогрессивті және регрессивті болып екіге бөлінеді.
Пропорционалды ставкалар - бірыңғай пайыз түрінде белгіленеді, бұл жерде салық обьектісінің көлемі ескерілмейді.
Прогрессивті ставкалар - табыстар мен мүліктердің өсуіне байланысты күрт өсетін шкала түрінде белгіленеді. Прогрессивтік ставкалар екіге бөлінеді: қарапайым және күрделі.Қарапайым прогрессивтік ставкалар - мүліктің немесе табыстың құны артқан сайын өсе түсетін салық ставкалары. Күрделі прогрессивтік ставкалар - табыс екіге бөлініп, әрқайсысына көбейетін салық ставкасы белгіленеді.Регрессивті ставкалар - салық салу объектісінің өсуіне қарамастан төмендетіле берілетін ставкалар.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру