Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 10:01, реферат
Қаржы-бұл ақша қатынастары, бірақ барлық ақша қатынастары қаржы саласына жатпайды. Ақша өндірілген құнның эквиваленті, яғни зат деп қарастырылады, ал қаржы ақшалай формадағы өндірілген құнды үлестіру мен қайта үлестірудің және бақылаудың құралы болып табылады.
Қаржының ерекшелейтін белгілері:
1.Акшалай формасы (ақшасыз қаржы қаржы да болмайды);
2.Үлестіру қабілеті (қарсы эквивалентсіз ақшаның өз бетінше айналымы);
Қаржы-бұл ақша қатынастары,
бірақ барлық ақша қатынастары қаржы
саласына жатпайды. Ақша өндірілген құнның
эквиваленті, яғни зат деп қарастырылады,
ал қаржы ақшалай формадағы өндірілген
құнды үлестіру мен қайта үлестірудің
және бақылаудың құралы болып табылады.
Қаржының ерекшелейтін белгілері:
1.Акшалай формасы (ақшасыз қаржы қаржы
да болмайды);
2.Үлестіру қабілеті (қарсы эквивалентсіз
ақшаның өз бетінше айналымы);
3.Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстыүлестіру
және қайта үлестіру процессіндегі ақша
қорларының қалыптасуы мен пайдаланылуы.
Сондықтан, қаржы дегеніміз- бұл жалпы
қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың үлестірілуі
мен қайта үлестірілуі барысындағы ақша
қорларын қалыптастыру және пайдалану
жөніндігі ақшалай қатынастар.
Қаржы қатынастары 13-15ғғ. Пайда болған.
Қаржы қатынастарының пайда болуының
тарихи алғы шарттарына:
-біріншіден, мемлекеттің пайда болуы
және оның одан ары дамуы:
-екіншіден, тауар өндірісінің дамуы және
тауар өндірісіне ақша қатынастарының
енуі.
Қаржы үлестіруші және бақылаушы қызметтерін
атқарады. Қаржының үлестіру объектісіне
ақшалай формада қалыптасқан құн немесе
жалпы ішкі өнім жатады.
Қаржы механизмі- үлестіру
және қайта үлестіру қатынастары
барысындағы қоғамның әлеуметтік-экономикалық
дамуына ықпал ететін әдістердің,
құралдардың және тұтқалардың жиынтығы.
Мемлекеттік қаржы жүйесінің қаржы механизмі
қаржы саясатымен тығыз байланысты. Қаржы
саясаты қаржы жүйесін басқару жөніндегі
мемлекеттің бағдарламасы болса, қаржы
механизмі әртүрлі ықпал ету әдістерімен
тұтқаларын пайдалана отырып қаржы саясатын
жүзеге асырудың әдісі болып табылады.
Қаржылық жоспарлаудың объектісіне әртүрлі
қорлар мен жинақтарды құру және пайдалану
процессі жатады. Қаржылық жоспарлаудың
көмегімен қаржы ресурстарын тиімді пайдалану
мақсатында олардың ерешеліктері мен
қозғалу қажеттілігі анықталады. Мемлекеттік
деңгейдегі қаржылық жоспарлау индикативтік
жоспарлаудың көмегімен жүзеге асырылады.
Индикативтік жоспарлау әртүрлі әлеуметтік
(ең төменгі жалақы мөлшері, ең төменгі
тұтыну карзинасы, жұмыссыздық деңгей
т.б.), макроэкономикалық ( бюджеттің табыстары
мен шығындары, мемлекеттік бюджеттің
тапшылығы, жалпы ішкі өнімнің көлемі,
ұлттық табыс, инфляция деңгейі, қайта
қаржыландыру ставкасы т.б.), микроэкономикалық
(кәсіпорынның пайдасы, өнімнің өзіңдік
құны, банкроттық көрсеткіштері, табыстылық
деңгейі т.б.) және басқа индикаторларға
негізделген.
Қаржы саясаты
- мемлекеттің алға қойған міндеттері
мен қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған
ақша қаражаттырын шоғырландыру мен оларды
пайдалану жөніндегі әрекеттері. Алға
қойылған міндеттер мен оларды пайдалану
жөніндегі әрекеттері. Алға қойылған міндеттер
мен оларды шешу мерзімдеріне сәйкес қаржы
саясаты қаржылық стратегия мен қаржылық
тактикаға бөлінеді.
Қаржы саясатының негізгі міндеті – қоғамның
әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктеріне
сәйкес мемлекеттің қаржы ресурстары
мен ұлттық табысын ұлғайтуға және оларды
тиімді үлестіруге жағдай туғызу. Қаржы
саясаты салық саясатынан, бюджеттік-қаржы
саясатынан және ақша- несие саясатынан
тұрады.
Мемлекеттің фискалдық саясаты қаржы
саясатының құрамдас бөлігі болып табылады
және мемлекеттің қаржы ресурстарын бюджетке
шоғырландыруға және шағындарды реттеуге
бағытталған әрекеттері. Фискалдық саясатты
Үкімет, ал ақша- несие саясатын Ұлттық
банк жүзеге асырады. Қазіргі таңда Қазақстан
Республикасының фискалдық саясаты жетілдірілу
үстінде және шаруашылық субъектілерінің
экономикалық белсенділігін арттыруға,
өндіріс көлемін ұлғайтуға, мемлекеттің
бюджеттік қаражатын оңтайлы және тиімді
пайдалануға бағытталған. Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкінің ақша- несие саясаты инфляцияны
шектеуге бағытталған, ақша массасының
көлемі, ұлттық валютаның бағамы, бағалардың
тұрақтылығын қамтамасыз ету арқылы реттеледі.
Қаржы басқару –
мемлекеттің қаржы саясатын жасау
және жүзеге асыруға бағытталған
әрекеттері. Қаржыны басқару келесі
сатылардан тұрады: қаржылық қатынас
формаларын жасау (қаржы механизмі,
қаржы құқығы), тәжірибе жүзінде
қолдану, зерделеу, қаржы қатынастарының
формаларын талдау және жетілдіру (қаржылық
бақылау).
Қаржы жүйесінін басқару органдарын келесі
деңгейлерге бөлуге болады:
1. Қаржыны жалпылама басқару (Президент,
Үкімет, Парламент тарапынан жүзеге асырылады)
2. Оперативті басқару (Қаржы министрлігі,
Ұлттық банк, жергілікті басқару органдары,
банктер, басқа да несиелік мекемелер,
бюджеттен тыс қорлардың дирекциялары).
3. Салалық басқару кәсіпорын, ұйым, мекемелер
деңгейінде жүзеге асырылады (қаржы директоры,
бас бухгалтер, қаржы қызметі және т.б.).
Оперативті басқаруда Қаржы Министрлігінің
қызметі аса маңызды, оның құрамына Салық
комитеті, Қазынашылық комитеті, Қаржылық
бақылау комитеті, Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитеті, Төлем қабілеті
жоқ қарыз алушылармен жұмыс жөніндегі
комитет, Кеден комитеті кіреді.
Қаржы саясаты - мемлекеттің алға қойған
міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыруға
бағытталған ақша қаражаттырын шоғырландыру
мен оларды пайдалану жөніндегі әрекеттері.
Алға қойылған міндеттер мен оларды пайдалану
жөніндегі әрекеттері. Алға қойылған міндеттер
мен оларды шешу мерзімдеріне сәйкес қаржы
саясаты қаржылық стратегия мен қаржылық
тактикаға бөлінеді.
Бюджет жүйесі бұл
мемлекеттің орталықтандырылған қорларды,
бюджеттерді, оларды құрудың және пайдаланудың
әдістерін қалыптастыруға бағытталған
заңды және жеке тұлғалармен қаржылық
қатынастарының жиынтығы, сонымен қатар
осы қатынастарды басқару органдарының
жиынтығы.
ҚР бюджет жүйесінің құрылымы төменде
келтірілген:
Қазақстан Респубдикасының бюджет
жүйесі
Мемлекеттік бюжет
Республикалық бюджет жергілікті
бюджет
Облыстықбюджет Республикалық
мәні бар қала бюджеті, Астана бюджеті
Облыс Аудандық бюджет
бюджеті (областық мәні бар қала бюджеті)
Бюджеттік қарым-қатынастардың негізін
2008 ж. 04 желтоқсанда қабылданған Қазақстан
Республикасының Бюджет Кодексінде көрсетілген
бюджет құрылымының қағидалары құрайды.
Бұл қағидаларға біртұтастық; толықтық;
тиімділік; шылдық (нақтылық); транспоренттік
(ашықтық); реттілік; тиімділік және нәтижелік;
приоритеттілік; жауапкершілік және дербестік
қағидалары және т.б. жатады.
Мемлекеттік бюджет кіріс және шығыс
бөліктерден тұрады. Кірістердің шығындардан
асқан бөлігі бюджеттің профициті, шығындардың
кірістерден асқан бөлігі бюджеттің дефициті(тапшылығы)
деп аталады. Дүниежүзілік тәжірибеде
бюджет тапшылығының мөлшері жалпы ішкі
өнімнің 2-3% аспаса, бұл жағдай қалыпты
деп есептеледі.
Салықтар тауар өндірісінің пайда болуымен, қоғамның топтарға бөлінуімен және мемлекеттің құрылуымен бірге өмірге келді. Салықтың мәні – мемлекет тарапынан міндетті жарна түрінде жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін қазынаға алу болып табылады. Салық қоғамның жалпы мемлекеттік қажеттіліктерін өтеу үшін жұмсалатын және мемлекет тарапынан заң күшіменміндетті түрде өндіріліп алынатын төлемақы. Салықтардың келесі қызметтері бар: фискалдық, үлестірушілік, реттеушілік, талпындырушылық, есептікө бақылаушылық. Жоғарыда аталған қызметтерінің арқасында салықтар мемлекеттің табыстарының экономикалық дамуының реттеуші құралы ретінде белсенді түрде қолданылады.Салықтардың төмендегі экономикалық белгілері бар: төлемнің материалдылығы, қайтпайтындылығы, бейэквиваленттілігі, салық қатынастарының тұрақтылығы, субъектісі мен объектісінің болуы, төлеу мерзімдерінің алдын-ала белгіленуі, мемлекет табысы. Салық салу объектісіне байланысты салықтар тікелей жеке, тікелей нақты түрлері болады. Жанама салықтар болса, тауардың немесе қызметтің бағасына кіргізіледі және осы тауарды немесе қызметті сатып алушы тарапынан жанама түрде төленеді. Жанама салықтар жанама деп аталатын себебі, олар салық төлеушінің табысына немесе мүлкіне тікелей салынбайды, тек тауардың бағасына қосыла отырып, заңды түрде салық төлеу міндеті жүктелмеген төлеушінің табысын азайтады. Жанама салықтарға қосылған құнға салынған салық, акциздер және кедендік төлемдер жатады.
Мемлекеттік несие
– бір жағынан мемлекет, екінші жағынан
кредитор немесе қарыз алушы ретінде жеке
немесе заңды тұлғалар қатысатын несиелік
қатынастардың жиынтығы. Мемлекеттік
несиенің көмегіменжалпы мемлекеттік
шығындарды қаржыландыру үшін және өз
қызметтерін атқару мақсатында мемлекет
қосымша қаржы ресурстарын жинақтайды.
Мемлекеттік несиенің екі қызметі бар:
қайта үлестірушілік және реттеушілік.
Мемлекеттік несиенің формалары:
1. Ұлттық Банктің ҚР Үкіметіне несие беруі;
2. Мемлекеттік бағалы қағаздар шығару.
3. Қаржы Министрлігінің мемлекет атынан
аса ірі қаржы ресурстарын мемлекеттік
несие арқылы шоғырландыруы мемлекеттік
қарыздың жинақталуына жол ашады.
Мемлекеттік қарыз- шығарылған және өтелмеген
мемлекеттік қарыздардың жинақталған
сомасы (үстеме пайыздарды қосып есептегендегі).
Мемлекеттік қарыз сыртқы және ішкі қарыздарға
бөлінеді. Ішкі қарыз мемлекеттің ішкі
кредиторларға қарызын білдіріді. Ал,
жалпы сыртқы қарызға:
1. Мемлекеттің, соның ішінде Үкімет пен
Ұлттық банктің сыртқы қарыздары мен мемлекеттік
кепілдемелер жатады;
2. Мемлекеттік емес сыртқы қарыз, яғни
ҚР кепілділігі берілмеген сыртқы қарыздар
кіреді;
Казіргі танда барлық сыртқы қарыздың
80% ҚР мемлекеттік емес сыртқы қарызы құрайды
(яғни, фирмалар арасындағы несиелер).
Ал, Үкімет пен Ұлттық банктің сыртқы қарыздары
ішкі ресурстардың көбеюі мен мемлекеттік
бюджет тапшылығының азаюының есебінен
азаю үстінде. Мемлекеттік қарызды басқаруға
болады және мемлкеттік қарызға қызмет
көрсетуге болады. Мемлекеттік қарызды
басқару мемлекеттік несиені тиімді көлемде
қарызға алу және оңтайлы пайдалану жөніндегі
мемлекеттің өкілетті органдары тарапынан
атқарылатын әрекеттер жиынтығы
Қаржы нарығы кез-келген
нарықтық экономиканыңөмір сүруінің көрінісі
болып табылады. Қаржы нарығының негізгі
қызметіне қарыз алушылар мен қарыз берушілердің
арасындағы қарым қатынастарды орнату
арқылы экономикаға инвестициялар тартудың
механизмін қалыптастыруды қамтамасыз
ету жатады. Яғни, қаржы нарығы жинақ салымдардың
инвестицияларға айналуын қамтамасыз
ете отырып, қатысушы жақтардың мүдделерін
қанағаттандыруға қажетті табысты қамтамасыз
ететін жүйе болып табылады. Қаржы жүйесіндегі
қаржыы ресурстарының қозғалысын қамтамасыз
етуде қаржы делдалдарының (институттарының)
маңызы өте үлкен, олар қаржы нарығында
шаруашылық субъектілерімен, тұрғындармен
және өзара қарым- қатынасқа түсіп отырады.
Әлемде қаржы делдалдарының неғұрлым
жалпылама үш түрі белгілі:
1. Депозитарлық (коммерциалық банктер,
жинақтаушы- несиелік қауымдастықтар,
өзара жинақтаушы- сақтық банктері, несиелік
одақтар, немесе серіктестіктіктер);
2. Келісім шарт- сақтық (өмірді сақтандыру,
мүлікті сақтандыру компаниялары, зейнетақы
қорлары);
3. Инвестициялық (өзара көмек қорлары,
пайдалық немесе ашық инвестициялық қорлар,
траст қорлары, инвестициялық компаниялар
және т.б.);
Басқаша айтсақ, қаржы нарығы- үнемі қозғалыста
болатын, үлестірілетін және қайта үлестірілетін,
экономиканың әртүрлі субъектілері тарапынын
осы ресурстарға деген сұраныс пен ұсыныстың
ықпалымен өзгеріп отырытын мемлекеттегі
барлық ақша қаражаттарының жиынтығы
болып табылады. Қаржы нарығы өзара байланысты
үш нарықтан тұрады: ақша нарығы, несие
капиталының нарығы, бағалы қағаздар нарығы.
Қаржылық
бақылау – ақша қаражаттарының қорларға
сәйкес жұмсалуы негізінде жалпы
қоғамдық өнімнің құнының негізгі
түрде үлестірілуіне бағытталған арнаулы
әрекеттер жиынтығы.
Қаржылық бақылау ерекшелігі- ол ақшалай
формада жүзеге асырылады. Қаржылық бақылаудың
тікелей объектілеріне табыстар мен жинақтардың
қалыптасу процесстері, ақша қорларының
құрылуы мен пайдаланылуы жатады. Қаржылық
бақылаудың негізгі міндеттеріне:
1. Мемлекет, ұйымдар және тұрғындардың
алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындаудың
барысын тексеру;
2. Шаруашылық субъектілері мен мекемелердің
қарамағындағы ақша қаражаттарының дұрыс
пайдаланылуын қадағалау (бюджеттік, меншікті
қаражаттар, бюджеттен тыс қаражаттар,
банк несиелері және т.б.);
3. Өндірістің ішкі резервтерін анықтау,
яғни, шаруашылықтың рентабельділігін
ұдғайтудың мүмкіндіктерін, еңбек өнімділігін
арттырудың жолдарын, айналым қаражаттарының
айналымдылығын жылдамдатудың, материалдық
және ақша қаражаттарының неғұрлым экономикалық
тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін анықтау.
Қаржылық бақылаудың нәтижелеріне экономикалық
өмірдің әртүрлі фактілірі мен сондық
көрсеткіштері жатады. Бақылауды жүзеге
асыру деңгейіне байланысты қаржылық
бақылаудың макро және микродеңгейдегі
түрлері болады. Макродеңгейдегі бақылау
объектісіне мемлекеттік қаржы жатады.
Ал, субъектілеріне биліктің заң органдары
мен мемлекеттік басқару органдары кіреді.
Мемлекеттік қаржылық бақылау саласына
салықтық, бюджеттік, сақтандыру және
банктік бақылаулар кіреді.