Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 16:02, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2002 жылы қыркүйек айында Йоханнесбургте өткен бүкіл әлемдік БҰҰ конференциясында еліміздің қарқынды дамуы мемлекетті сақтап қалудың басты формуласы деген болатын. Елдің қарқынды дамуының ең негізгі шарты оның экономикалық жүйесінің дұрыс жолға қойылуында. Тұрақты қаржылық жүйе Қазақстан экономикасының құрылуында ең негізгі фактор болып табылады. Қаржылық жүйе құрамына – банктік, сақтандыру, валюталық және басқа да секторлар жатады.
КІРІСПЕ 3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕРДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІНІҢ МӘНІ
Валюталық операцияның мәні мен жіктелуі 5
Қазақстанда валютаны реттеуді ұйымдастыру 13
Банктерде валюталық операциялар жүргізу техникасы 16
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК СЕКТОРЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІН ЖҮРГІЗУГЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ
Қазақстандағы валюта нарығының қазіргі жағдайына талдау 31
Қазақстан Республикасындағы банктердің валюталық
операцияларды жүргізудегі ағымдағы қызметіне сипаттама 35
Валюталық операцияларға банктік қызмет көрсетуді дамытудың қазіргі заманғы деңгейін талқылау (мысалға “Қазақстан Халық Банкі”) 41
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ
3.1. Валюталық операцияларды жүргізудің проблемалары 50
3.2. Валюта режимін либерализациялау бағдарламасы және
валюталық операциялардың стратегиялық дамуына
бағыттама 55
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
2003
жылы валюталық салымдар
Өткен жылы жеке тұлғлардың банк салымдарының көлемі 257,4-тен 343,2 млрд. теңгеге немесе дәл үш есеге өсті. Сонымен қатар теңгемен салымдар 1,9 есеге өсті, ол кезде валюталық салымдар 13 %-ға ғана көбейді. Нәтижесінде валюталық салымдардың үлесі жылына 73,7-ден 62,5 %-ға азайды.
2004
жылдың қорытындысы бойынша
Жеке тұлғалар депозиттерінің өсуі бәсеңдеген белгісі байқалды. Тұрғындардың еңбекақысы мен кірістерінің өсуінің динамикасына қарамастан олардың өсу қарқыны біршама төмендеді. Мүмкін осы тұрғындардың валюталық және теңгелік депозиттер бойынша табыстылықтың аяқастынан түсуіне жауапты реакциясы болған шығар. Егер бұл беталыс болашақта сақталса онда банктерге депозиттер бойынша қойылымдар саясатын және ең бірінші кезекте валюталық салымдар бойынша қойылымдарды өзгерту қажеттігі туралы ойлануға тура келеді.
Депозиттердің валюталық құрылымын өзгертудің бағдарлы беталысы экономиканың долларизациялану үрдісінде бейнеленді. Өткен жылдың басына дейін монетарлық үкіметтер әртүрлі тәсілдермен экономиканың долларизациясымен күресуге тырысты, бірақ ол нәтижесіз болды. 2002 жылдың аяғында ақша массасының долларизациясы 50 %-ға жетті, әлемдік өлшеу бойынша одан да жоғары болып бағаланады. Тек теңгенің АҚШ долларына көп нығаюы мұнымен күресте біршама табысқа жетуге жағдай жасады. Валюталардың түрлері бойынша депозиттер мен несиелердің құрылымында бағдарлы бетбұрыстар өткен жылдың қаңтар айынан байқалды. Патриотизмге қандай да бір шараларды қолдануды талап
етпейтін ұлттық ақша бірлігінің пайдасына ең басты себеп теңгенің имиджін нығайту болды.
Экономиканың долларизациясы 2003 жылдың басында 9,7-ден жылдың аяғында 7,3 %-ға төмендеді, ақша массасының долларизациясы 47,3 %-дан 35,5 %-ға дейін, ал осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша - 35,2 %. Үрдістің бәсеңдеуі заңды тұлғалар валюталық депозиттерінің өсуінің жоғары қарқынымен салыстырмалы сипатталды. Сондықтан қазіргі уақытта Қазақстан жоғары долларизация деңгейімен елдер қатарына жатады. Әдеттегі деңгеймен елдер қатарына өту үшін ақша массасының долларизациясын 15 % - 20 %-ға дейін төмендеуіне қол жеткізу қажет. Бұл тек күшті ұлттық валюта жағдайында болуы мүмкін. Қазіргі уақытта валюталық нарықтағы қалыптасқан сақтау кезінде бұған қол жеткізу 1-2 жыл ішінде мүмкін болып табылады.
Жақын
болашақта валюталық
Теңгенің игілігі ең бастысы мұнайдың бағасына байланысты екені бәріне аян. Сонымен қоса мұнайдың бағасын болжау көбіне қате болып шығады. Валюталық нарықтағы беталысы құбылмалы, жыл аяғына дейін көп нәрсе ішкі және әлемдік валюталық нарықта біржағына өзгеруі мүмкін. Өз жинақ ақшаларын бір валютадан келесі түріне ауыстыру бойынша конверсиялық операциялар барынша тәуекелді. /12./
Қазақстан
Республикасының
2- кесте
Банк несиелері | 2001 | 2002 | 2003 | |||
Млрд. тнг. | % | Млрд. тнг. | % | Млрд. тнг. | % | |
Барлық несие | 489,8 | 100 | 672,5 | 100 | 978,1 | 100 |
Теңгемен | 141,3 | 28,8 | 211,8 | 31,5 | 435,4 | 44,5 |
СКВ-мен | 348,5 | 71,2 | 460,7 | 68,5 | 452,7 | 55,4 |
Қысқа мерзімді | 241,1 | 49,2 | 289,0 | 43 | 369,8 | 37,8 |
Орта және ұзақ мерзімді | 248,7 | 50,8 | 383,5 | 57 | 608,4 | 52,3 |
Көп уақытқа дейін Қазақстан несие нарығының маңызды проблеммасы долларизациясы болды. Әлемдік өлшем бойынша долларизация деңгейі ақша массасынан 50 %-дан астам өте жоғары болып, 30-50 %-жоғары, 15-20 %- әдеттегідей саналады. 2000 жылдың ортасында ақша массасының елдегі долларизациясы
39,6 %-ға
жетті, экономиканың
Егер «долларизация» термині бұрын кейбір тұлғалар үшін теориялық қызығушылық болса, қазір біздің ел тұрғындары үшін кең мағыналы құбылыс болды. Он жылдай бұрын «долларизация» сөзі бізге нарықтық түрлендірулердің атрибуттарымен байланысты нәрседей көрінді, ал қазір біз күнделікті өмірде үнемі оның көріністеріне тап боламыз. Бұлар жылжымайтын мүлік пен автокөліктерді сату туралы газеттердегі хабарландырулар, дүкендердегі ұзақ қолданылатын тауарларға, сәндік бұйымдарға, жарнамалық қызметтерге және көптеген басқа нәрселерге бағалар, олар «шартты бірлікпен» - ш.б. көрсетіледі.
Тіпті кейбір коммуналдық қызметтерге тарифтер валютамен байланысты. Шетел валютасы жинақтау құралының қызметін, баға және төлем құралының шамасының қызметін атқарады. Тұрмыстық деңгейде тұрғындардың валютаны қолдануының үш негізгі бағытын бөліп айтуға болады: жинақ ақшаларды қалыптастыру, ел ішінде тауар айналымына қызмет көрсету және ұйымдаспаған импортты қаржыландыру.
Валюта айналысының ауқымы туралы Ұлттық Бантің статистикалық бюллетенінің көрсеткіштері бойынша жобалауға болады. Осы көрсеткіштерге сәйкес соңғы 5,5 жылда елге 12 млрд. доллардан көп әкелінді немесе орта есеппен айына 180 млн. доллардан аса жеткізілді. Мамандардың бағалауы бойынша тұрғындарда 1,5 млрд. доллар сақтаулы, ал егер бұған қолма-қол валютаны қоссақ елдегі қолма-қол доллардың жалпы сомасы 2 млрд. долларды құрайды. Теңгеге айналдырғанда бұл сома қолданыстағы қолма-қол ұлттық валютаның сомасынан бірнеше есе көп.
06.2000
жылғы шетел валютасымен несие
үлесінің төмендеуі теңге
Экономиканың долларлануын сипаттайтын тағы да бірнеше көрсеткіштерді алып қарайық. 1999 жылдың сәуірінен кейін бұрыннан кең таралған шетел валютасымен клиенттерге несие беру практикасы кеңінен таралды. Бұған қоса банктерде теңгемен несие беру де белсенді қолданылуда. Сөйтіп банктер несие бағасына теңгенің құнсыздану көлемін кіргізеді және оны тек теңгелей түсіммен алатын қарыз алушыға салады. Сонымен қоса сол кезеңде шетел валютасының үлесі көп өсті.
Долларлану дамушы және өтпелі экономикалы елдердің сипатты ерекшелігі болып табылады. Ол ішкі ақша айналысынан кез келген шетел валютасымен ұлттық валютаның (тек АҚШ долларымен емес). Қазақстан экономикасын долларлану үрдісін жеделдету елдің барлық қаржы - несие жүйесінің бұрмалануына әкеп соқтырды. Бұл жерде көп мөлшердегі қорлану ішкі инвестицияларға емес, бірінші кезекте АҚШ үкіметінің несиелеріне қатысты екенін ұмытпау қажет.
Ел экономикасы үшін долларланудың көптеген басқа залалдарын қозғамай, ол экономикалық тұрақсыздықтың, жоғары құнсызданудың, ұлттық валютаның тұрақсыздығының және басқа осы құбылыстарға байланысты себептердің салдары болып табылады. Олар валюталық курстың режімі, ақша массасының және қолданыстағы шетел валютасының көлемі, тұрғындардың кіріс көлемі, заңнамалық және нормативтік базаның сапасы және тағы басқа.
Долларланудың жоғары деңгейін жеңу оны пайда болуына себепті жою жолымен мүмкін. Өсіп келе жатқан негативтік беталыс өзара байланысты шаралар кешенін қабылдауды талап етеді. Ұлттық валютаға сенімді жаймен қалпына келтіру қажет, басымдықтар жүйесін қалыптастырған банк жүйесіне сенімді көтерген, валюталық курстың нақты режімін белгілеген, заңнамаға, оның ішінде салық заңнамасына өзгерістеренгізген жөн.
Ортажедел болашақта таза түсімнің қысқаруы шетелдер қатысатын компаниялармен ұзақ мерзімді қарыз капиталын тартумен орны толықтырылады. Солтүстік жаңа кен орындарының кәсіпшілік пайдалануының басталуына байланысты экспорттан түсудің көбеюі экономикадағы ішкі жинақтың өсуін ынталандырды, сол арқылы ішкі нарықтардағы резиденттердің қатысу ауқымының өсуіне әсер етті.
2004
жылы экономикада банктер
2.3 Валюталық операцияларға банктік қызмет көрсетуді дамытудың қазіргі заманғы деңгейін талқылау
(мысалға АҚ «Қазақстан Халық банкі»)
Халық Банкі жеке және заңды тұлғаларға банктік қызметтің барлық түлерін көрсететін екінші деңгейлі банк болып табылады. Банктің жеке клиенттері болып Қазақстанның барлық ересек тұрғындары табылады, банк 15 400 000 салымшылар шоттарына қызмет көрсетеді, банктің депозиттер нарығындағы үлес салмағы 64 %-ды құрайды. Банк 28 000 заңды тұлғалардың (мекемелер мен кәсіпорындар) шоттарына қызмет етеді. Маңғыстау облыстық филиалы жеке тұлғалардың 344 921 шоттарына қызмет жасайды. Тұрғындардың депозиттері 485 487 000 теңгені немесе облыс тұрғындары барлық депозиттерінің 47 %-ын құрайды.
Мықты филиал желісінің және қазіргі заманғы телекоммуникация жүйесінің болуы Халықтық Жинақ Банкіне Қазақстан Республикасының ірі есеп орталығы болуына әсер етті. Банк есеп жүйесінің маңызды ерекшелігі қауіпсіздік, сенімділік, жылдамдылық және көптармақтылығы болып табылады. Алматымен деңгейлес барлық аударымдар күнбе-күнге жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта барлық облыс аралық ақша аударымдардың 80 %-ға жуығын банк жүзеге асырады. Ішкі есеп жүйесі бойынша тек Маңғыстау облыстық филиалы арқылы 1998 жылдың ішінде 39 372 аударым, орташа есеппен айына – 3 281 аударым, күніне – 152 аударым өткен.
Алматы қаласында банктің орталық есеп орталығында күніне 3 120 миллион теңге сомасындағы ақшаны аудару бойынша 14 432 транзакция жүргізіледі, ай сайын 65 000 миллион теңге сомасына 300 667 транзакция жүреді; барлығы 1998 жылда 780 миллиард теңге сомасына 3 608 000 транзакция жасалған.
Қазақстанның барлық ірі бантері өздерінің аударымдарын және өз клиенттерінің аударымдарын жүргізу үшін Алматы қаласында Халық Банкінің есеп орталығында корресептерін ашып қойған. Барлығы банктердің 71 тікелей корресебі ашылған. Тікелей корресептер арқылы жыл басынан 96 миллиард теңге сомасына транзакция жүргізілді.
«Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның кез келген аймақтық бөлімшесінің валюталық бөлімінің негізгі міндеттері болып табылады:
- жеке
және заңды тұлғалардың
- жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу, клиенттерге есеп-кассалық қызмет көрсету.
Валюталық бөлімнің міндеттері болып табылады:
- әдістемелік
басшылық, Қазақстан Халық банкі
облыстық филиалының барлық
- есептеу
техникасын қолдану арқылы
- операциялық жұмысты жүргізудің ең жақсы тәсілдерін қорытындылау және тарату;
- банктік қызмет көрсетудің халықаралық стандартын енгізу;