Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 16:02, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2002 жылы қыркүйек айында Йоханнесбургте өткен бүкіл әлемдік БҰҰ конференциясында еліміздің қарқынды дамуы мемлекетті сақтап қалудың басты формуласы деген болатын. Елдің қарқынды дамуының ең негізгі шарты оның экономикалық жүйесінің дұрыс жолға қойылуында. Тұрақты қаржылық жүйе Қазақстан экономикасының құрылуында ең негізгі фактор болып табылады. Қаржылық жүйе құрамына – банктік, сақтандыру, валюталық және басқа да секторлар жатады.

Оглавление

КІРІСПЕ 3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕРДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІНІҢ МӘНІ
Валюталық операцияның мәні мен жіктелуі 5
Қазақстанда валютаны реттеуді ұйымдастыру 13
Банктерде валюталық операциялар жүргізу техникасы 16

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК СЕКТОРЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІН ЖҮРГІЗУГЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ
Қазақстандағы валюта нарығының қазіргі жағдайына талдау 31
Қазақстан Республикасындағы банктердің валюталық
операцияларды жүргізудегі ағымдағы қызметіне сипаттама 35
Валюталық операцияларға банктік қызмет көрсетуді дамытудың қазіргі заманғы деңгейін талқылау (мысалға “Қазақстан Халық Банкі”) 41

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ
3.1. Валюталық операцияларды жүргізудің проблемалары 50
3.2. Валюта режимін либерализациялау бағдарламасы және
валюталық операциялардың стратегиялық дамуына
бағыттама 55

ҚОРЫТЫНДЫ 60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Файлы: 1 файл

diplomka.doc

— 709.00 Кб (Скачать)

3 Кесте

 

«Қазақстан  Халық банкі» АҚ-ның шығындары  есебінен депозиттік валюталық операцияларды  талдау

2004 жылдың  I кварталы бойынша

 
Сомасы, Қойылымы, % Салымшы
Төлем, %
Салым

түрі

мың. USD  
    1

ай.

2

ай.

3

ай.

1 5     15 Жеке тұлға Мерзім аяғында Жедел
5 8     16 Жеке тұлға Мерзім аяғында Жедел
8 10     17 Жеке тұлға Мерзім аяғында Жедел
10       18 Жеке тұлға Мерзім аяғында Жедел
  100 15 17 19 Заңды тұлға Мерзім аяғында Жедел
100 500 16 IS 20 Заңды тұлға Мерзім аяғында Жедел
500   17 21 23 Заңды тұлға Мерзім аяғында Жедел

Құрастырылған: Қазақстан Халық банкінің 2004 жылғы  есеп   

 

      I кварталда алынған табыстарды  талқылай келе, бұл табыстарды  негізгі валюталық операциялардың  түрлері бойынша бөлуге тырысып,  оларды кірістер мен шығыстардың  көлеміне өлшеп операцияның бұл түріне қандай табыс келетіндігін елестетуге болады. 100 %-ға қабылданған табыстың жалпы сомасы 1 009 969 АҚШ долларын құрайды (4-кесте)

 

4-  Кесте

«Қазақстанның Халық банкі» АҚ-ның валюталық  операциялар табыстылығын талдау 2004 жылдың I кварталы

 
    Валюталық операция түрі Табыс сомасы,USA   Пайызбен
Клиенттердің  валюталық шоттарын енгізу

Банк  қаражатын орналастыру

Халықаралық есептер

Айырбастау  операциялары

Сауда-саттық емес операциялар

15073  

765211,63

52345

205584

72546

2  

65

5

20

8

Құрастырылған: Қазақстан Халық банкінің 2004 жылғы  есеп   

 

      Операциялардың  белгілі түрлеріне қатысты табыс  баптарын қысқаша қарап шығу қажет. Клиенттердің валюталық шоттары  бойынша табыстар өзінің комиссиясы құрамына мәмілелердің құжаттарын рәсімдеу үшін енгізеді, сонымен қатар шетелдік валюталарды қолма-қол ақшаға айналдыруды кіргізеді. Бұл операциялардың негізгі табысын құрайды. Қаражатты орналастырудан табыстарға қысқа мерзімге, ұзақ мерзімге берілген несиелер үшін пайыздар, орналастырылған депозиттер, валюталық құнды қағаздарға қаражат орналастыру және оларға табыс жатады. Халықаралық есептер бойынша табыстарға аудару үшін комиссия, шетелдік валютамен төлем құжаттарының инкассосы, аккредитивтерді ашу және тұрғызу.

      Айырбастау  операциялары бойынша табысқа мыналар кіреді:

- ашық  валюталық жайғасым бойынша табыстар;

- фьючерстік  және форвардтық келісімдер бойынша  операциядан табыстар.

      Сауда-саттық емес операциялар бойынша табыстарға клиенттерден платикалық карточканы пайдалану  үшін ұсталатын комиссия, қолма-қол шетел валютасын сатып алу – сату бойынша табыстар жатады.

      Банктің валюталық операцияларын тек  кіріс пен шығыстары мен бағалап  ғана қоймай, сонымен бірге банктің  кадрлар құрамының құрылымын  талдау қажет, сол сияқты жұмыс үрдісінің  қатысты хронометриясын жүргізу керек, негізгі бөлімдерде төлемақы қоры қалай бөлінетіндігін есепке алу қажет.Егер валюталық операциялардың табыстылығын талдау бойынша кестені операциялардың осы түрі бойынша айналымдармен арақатынасын қарастырсақ және барлық аналитикалық есептерді көрнекілік үшін бір кестеге топтасақ және ақырғы нәтижелерін пайызбен көрсетсек, онда банк үшін негізгі валюталық операция болып айқындалатын келесі кесте шығады (2 кесте).

      Барлық  есептер депозиттік банктің 2004 жылдың I кварталының көрсеткіштері негізінде жасалған. 2.3.3 кестеде 100% үшін 2004 жылдың I кварталында валюталық басқарудың табысты жұмысы алынады. Бұл жерден көрсетілген құрылым осы банк үшін пайыздық қатынаста жеке дара екендігін түсіндіруге болады (5 кесте).

      5 - Кесте 

Табыстылығы бойынша депозиттік банктің валюталық операциялар құрылымы

           

 
      Валюталық операциялардың негізгі  түрлері
Операцияның    пайыздық мағынасы
Клиенттердің  валюталық шоттарын жүргізу 13
Қаражаттарды  тарту және орналастыру 40
Халықаралық есептер  9
Айырбастау  операциясы 26
Сауда-саттық емес операциялар 12
 

Құрастырылған: Қазақстан Халық банкінің 2004 жылғы  есеп   

      5-кестеде  сонымен табыстылығы, еңбек сыйымдылығы,  жалпы шығындары бойынша негізгі  операциялар болып мыналар табылады:

1) қазіргі  кезеңдегі банктің қаражаттарын тарту және орналастыру;

2) айырбастау  операциялары;  

3) сауда-саттық емес операциялар.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ

 

3.1. Валюталық  операцияларды жүргізу проблемалары

 

      Валюталық операцияларды жүргізуді бастаған маман бұл нарықтың қаншалықты тәуекелді  және агрессивтік екендігіне есеп беруі  тиіс.

      Валюталық тәуекел – келісімді жасау  және оны орындау аралығындағы кезеңде  шетел валютасы бағамының өзгеруіне  байланысты ішкі сауда-саттық валюталық және басқа операцияларды жүргізу кезіндегі шығындар қаупі. Көбінесе валюталық тәуекелдік валютаның бағамы өзгерген кездегі шетел валютасымен құнды қағаздарға салыммен байланысты пайда болады.

      Валюталық тәуекелдік кез келген келісім-шартқа қол қоюдан басталады, онда бағасы ұлттық бағамен көрсетілмеген болса.

      Экспортер үшін тәуекелділік – бұл төлемді  алғанға дейінгі тапсырысты алу  кезінде шетел валютасы бағамының  төмендеуі.

      Импортер  үшін тәуекелдік – бұл тапсырысты растау датасы мен төлем күні арасындағы шетел валютасы бағамының көтерілуі. Бұл тәуекелдіктерді болдырмау үшін келесі операциялар көмектеседі.

  1. Ұлттық  валютамен бағаны тіркеу немесе  ұлттық валютаға қатынасы бойынша  шетел валютасының бағамын алдын  ала белгілеу. Мұндай мүмкіндік тек валюталық биржасы бар елдердегі экспорттар үшін жасалған.

  2. Барлық  талаптар мен міндеттемелердің  сомасы бір валютаға сәйкес  келуі қажет. Бұл әдісті халықаралық  нарықта ішкі затты 

$-мен  сатып алатын фирмалар кеңінен  қолданады, онда олардың өнімдерінің бағасы да доллармен көрсетіледі. Бұл оларға валюталық тәуекелдікті болдырмауға көмектеседі.

  3. Өз  ұлттық банктерінен тиімді ұсыныстар  алу.

  4. Банктермен  арнайы жедел валюталық мәмілелер  жасау.

  5. Биржалық  жедел мәмілелерге екі жақтың біреуіне белгілі құқықты пайдалану немесе одан бас тарту мүмкіндігі берілетін валюталық опцион. Опцион сатып алушыға алдын ала белгіленген уақытта күні бұрын тіркелген курс бойынша шетел валютасын белгілі сомаға сатып алу құқығы беріледі. /3../

      Банктер өз жағынан қарызды теңгеруге көмектесетін немесе осы валютаны алдын ала сатып алатын және сататын қарсы операцияларды жүзеге асыру жолымен белгілі мерзімге мәміледен валюталық тәуекелдіктен сақтанады. Сонымен қатар банктер валютаны белгілі мерзімге сатып алатын шетелдік валюталардың халықаралық банк аралық нарығы бар.

      «Айырбас  ставкаларының» көлемі соңғы күндердегі осы валютаның бағамының динамикасына байланысты. Бұл жерде психологиялық  факторлар да көп рөль атқарады. Бірінші кезекте бұл USD-ның бағамына байланысты, жеке тұлғалардың, сонымен қоса кейбір мемлекеттердің, соның ішінде араб аймағында бұл валютаның көп саны бар.

      Батыс елдерінде жедел валюталық мәмілелер  телефонмен жасалады, немесе телефакспен, тек кейін жазбаша түрде расталады. Банктер беделі жақсы фирмалармен мәмілеге тұрады.

      Валюталық тәуекелдікті сақтау тәсілдерінің бірі төлем валютасымен форвардтық мәмілелер  болып табылады. Мысалы, экспортер  белгілі валютаға тауарды сата отырып, болашақ валюталық түсімді өткізіп  белгілі мерзімге валюталық мәміле жасайды.

Импортер  керісінше төлемақы валютасын күні бұрын алу үшін, егер келісім шарт бойынша төлем кезінде оның бағамының  көтерілуі күтілсе, форвардтық мәмілеге келеді.

      70 жылдары валюталық тәуекелдікті  сақтандыру үшін валюталық фьючерстер  бірыңғай келісім шарттармен сауда жасау қолданылды. Тіркелген табыстар әкелетін құнды қағаздардың банктік порторелін сақтау үшін пайыздық фьючерстар қолданылады. Валюталық тәуекелдікті сақтандыру үшін жедел валюталық мәмілелер мен «айырбас» операциясын пайдалану банк баланстарының жағдайына мемлекеттік бақылау жасаумен байланысты, себебі бұл операциялар баланстан тыс шоттарға есептелген. Валюталық тәуекелдікті үш өзара байланысты категорияларға бөлуге болады:

  1. Айырбастау  тәуекелдігі: курстың болашақтағы  өзгеруінен банктің активтері немесе пассивтері құнының өзгеру тәуекелдігі;

  2. Аудару  тәуекелдігі: бухгалтерлік табиғаты  бар, шетел валютасымен активтер  мен пассивтерді есепке алудағы  айырмашылықтармен байланысты.

  3. Мәмілелер  тәуекелдігі: шетел валютасымен көрсетілген болашақтағы мәмілелердің ұлттық валютамен құнының белгісіздігі.

      Операциялық валюталық тәуекелдік – болашақ  төлемдер немесе қаражатты алу шетел  валютасымен жасалуы қажет, болашақ  құны анықталмаған іскер орталар  мен жеке тұлғалар тартылатын тәуекелдік. Бұл тәуекелдік болашақтағы төлемдер немесе алу шетел валютасымен жүруі тиіс қатынасты тіркейтін келісім шарттарды пайдалану арқылы жойылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары