Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 16:02, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2002 жылы қыркүйек айында Йоханнесбургте өткен бүкіл әлемдік БҰҰ конференциясында еліміздің қарқынды дамуы мемлекетті сақтап қалудың басты формуласы деген болатын. Елдің қарқынды дамуының ең негізгі шарты оның экономикалық жүйесінің дұрыс жолға қойылуында. Тұрақты қаржылық жүйе Қазақстан экономикасының құрылуында ең негізгі фактор болып табылады. Қаржылық жүйе құрамына – банктік, сақтандыру, валюталық және басқа да секторлар жатады.

Оглавление

КІРІСПЕ 3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕРДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІНІҢ МӘНІ
Валюталық операцияның мәні мен жіктелуі 5
Қазақстанда валютаны реттеуді ұйымдастыру 13
Банктерде валюталық операциялар жүргізу техникасы 16

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК СЕКТОРЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІН ЖҮРГІЗУГЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ
Қазақстандағы валюта нарығының қазіргі жағдайына талдау 31
Қазақстан Республикасындағы банктердің валюталық
операцияларды жүргізудегі ағымдағы қызметіне сипаттама 35
Валюталық операцияларға банктік қызмет көрсетуді дамытудың қазіргі заманғы деңгейін талқылау (мысалға “Қазақстан Халық Банкі”) 41

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ
3.1. Валюталық операцияларды жүргізудің проблемалары 50
3.2. Валюта режимін либерализациялау бағдарламасы және
валюталық операциялардың стратегиялық дамуына
бағыттама 55

ҚОРЫТЫНДЫ 60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Файлы: 1 файл

diplomka.doc

— 709.00 Кб (Скачать)

- филиалдың  қаржы – шаруашылық қызметінің  кері нәтижелерін болдырмау және  оның қаржы тұрақтылығын қамтудың  ішкі резервтерін анықтау;

- барлық  валюталық операцияларды жүргізудің дұрыстығы үшін бақылауды қамтамасыз ету;

- еңбек  өнімділігін жоғарылату, негізгі  және айналым қорларын нәтижелі  пайдалануды, материалдарды үнемді  қолдану;

- ұйымдастыру,  үнемі толықтырып отыру кодификациялау  және Қазақстан Халық банкі облыстық филиалының барлық құрылымдық бөлімшелеріне және бөлімнің қызметін және банктің қаржы-шаруашылық қызметін реттеп отыратын заңнамалық және нормотивтік актілердің базасын орындаушылардың назарына жеткізу;

- құжаттарды  сақтауды ұйымдастыру.

      Валюталық бөлім оған жүктелген тапсырмаларға сәйкес келесі қызметті жүзеге асырады:

- банктік  құжат айналымын және банктің  айырбастау пунктерінің операциялық  жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;

- айырбастау  пункттерінің әдістемелік басшылығын  жүзеге асырады;

- заңды және жеке тұлғаларға, клиенттерге валюталық және депозиттік шоттар ашады және соларды жүргізеді;

- шетелдік  валютамен заңды және жеке  тұлғаларға есеп – кассалық  қызмет көрсетуді ұйымдастырады  және жүзеге асырады;

- құнды  қағаздар мен қатаң есептілік бланкілерін қабылдау,сақтау, есепке алу және өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

- ұйымдастыру  пункттерінің желілерін ашуды  және қалыптасуын ұйымдастырады;

- әртүрлі  валюталық операцияларға байланысты  кеңес беру және делдалдық  қызметтер көрсетеді;

- пластикалық  карталарды қолдану арқылы тауарлар  мен қызметтер үшін тұрғындардың  қолма-қол емес есептерінің жүйесін  ұйымдастырады.

- банк  Жарғысына және филиалдар туралы  ережеге сәйкес басқа елдердің  шетелдік валютамен банк клиенттерінің,  банктің өзінің жеке және заңды тұлғаларының барлық валюталық операцияларын есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады;

- бөлім  жұмысының барлық бағыттары бойынша  бұйрық жобаларын, келісімшарттарды, үкімдерді, нұсқауларды, актілерді,  шешімдерді, хаттамаларды, хаттарды және басқа ішкі құжаттарды дайындауға қатысады;

- валюталық  операциялық күннің ұйымдастырылуының  және банктің аудандық филиалдарындағы  технологиясының сақталуын тексереді,  оларға нормативтік базаны ұйымдастыру  сұрақтарына көмектеседі;

- аудандық  филиалдардың есептерін талдауды жүзеге асырады, жиынтық айлық, кварталдық және жылдық есептерді және басқаларды талдауды жүзеге асырады.

      Банкке  қызмет көрсетуге клиентті қабылдау шетелдік валютамен есеп және кассалық операцияларды жүргізу бойынша  ынтымақтастық келісімшартымен рәсімделеді.

      Валюталық операциялар бөлімі күн сайын  Жол, Банк, Персоналдық чектерді қабылдайды, чектермен American Express карточкаларын  сатады, ЛОРО және НОСТРО шоттарын жүргізеді, құжаттамалық есептердің барлық түрлерін жүргізеді, валютамен аккредитивтер, құжаттық және таза инкассо, халықаралық кепілдіктер. /24./

      Кең корреспондент желісін қалыптастыру – банктің ұзақ мерзімді саясаты  қағидаларының бірі, оның мақсаты  – клиенттерге көп пайда түсіре отырып өзінің қаржы қаражаттарын жедел  және нәтижелі басқаруға мүмкіндік беру.

      Негізі  корреспондент банктер American Express Bank LTD, New York, Bankers Trust Company New York, New York, Citibank N.A., New York, Republic National Bank of New York, New York. Bankers Trust Int’I AG, Frankfurt am Main, Commerzbank AG, Frankfurt am Main, Deutsche Bank AG, Frankfurt am Main, Dresdner Bank AG, Frankfurt am Main, Мәскеу Халықаралық Банкі болып табылады.

      SWIFT электрондық халықаралық төлемдер  жүйесі ең қысқа мерзімде әлемннің  кез келген нүктесіне төлемдердің қауіпсіз және сенімді өтуін қамтамасыз етеді. Коммуналдық желі мақұлданбаған рұқсаттан толықтай қорғайды.

      Валюталық операциялар бөлімі ұлттық және шетел  валютасының айырбасталуын және қайта айырбасталуын жүргізеді, экспорт-импорт бойынша клиенттердің келісімшарттарын сараптайды, оларды мәміле құжаттарымен рәсімдейді және әлемнің кез келген нүктесіне шетел валютасын аударады.

      «Клиент-Банк»  қолма-қол есептерінің компьютерлік-модемдік жүйесі арқылы клиенттер өз офисінен төлем тапсырмаларын дайындай алады және электрондық төлемдер жүргізеді, өз шоттары бойынша көшірме, шот бойынша ақша қаражаттары қозғалысы туралы хабарлама ала алады, шоттағы қалдықты болжай алады және тағы басқа.

      Қазақстанның  Халық банкімен және оның филиалдарымен  валюталық операциялардың келесі түрлері жасалады:

- жеке  және заңды тұлғалардан қолма-қол  шетел валютасын сатып алу;

- жеке  және заңды тұлғаларға қолма-қол  шетел валютасын сату;

- жол  және коммерциялық (банктік) чектерді  және басқа төлем құжаттарын  шетел валютасымен төлеу;

- «American Express» жол чектерін сату;

- несие  карточкалары бойынша есептер  жүргізу;

- Халық  Банкінің клиенттерімен оның  қызметтеріне (қолма-қол шет валютасы  түрінде) іс сапар қаражаттарын  рәсімдеу және беру;

- Қазақстан  Республикасында Халық Банкінің  айырбастау пункттерін ашуды ұйымдастыруды жүзеге асыру және олардың қызметіне бақылау жасау;

- клиенттерге  жеке валюталық шоттар ашу,  жүргізу және жабу, салымдар рәсімдеу;

- шекарадан  келіп түскен аударымдарды төлеу;

- ағымдағы  шоттар бойынша шетел валютасымен қаражаттарды қабылдау және есептен шығару;

- шот  иелерінің тапсырысы бойынша  жеке қаражаттарды шекараға аудару;

- клиенттердің  шоттары бойынша операцияларды  жүргізу және басқа мәліметтерді (шот иелерінің сұрауы бойынша)  дайындау және жіберу.

      Қазақстан Халық Банкі сатып алуға рұқсат етілген және оның түп нұсқа екендігіне күдік туғызбайтын қолданыстағы қолма-қол шетел валютасын (банкноттар, қазыналық билеттер) сатып алу - сату бойынша мәмілелер жүргізеді. Бұл операция жүргізілген күндегі Халық Банкімен белгіленген коммерциялық курс бойынша теңгелей эквивалентпен жүзеге асады.

      Банк  жеке тұлғалардан растайтын құжатты  ұсынбастан шектеусіз шетел валютасын  сатып алады. 500 АҚШ доллары және одан жоғары шетел валютасын қолма-қол  сатып алу немесе сату кезінде  кассир анықтама – сертификат толтырады, онда клиенттің құжатындағы деректер көрсетіледі. Анықтама сертификаттың төлемақысы банк тарифтерімен белгіленген көлемде алынады.

      Қолма-қол  шетел валютасын сатып алу  – сату бойынша валюталық операциялар  және онымен байланысты есептер Қазақстан Республикасының Халық Банкімен белгіленген сатып алу және сатудың коммерциялық бағамы бойынша жүргізіледі. Қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату курстарының өзгеруіне уақытын көрсету арқылы күніне екі рет болады.

      Қолма-қол шетел валютасын есепке алу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген курс бойынша «Қолма-қол шетел валютасы» 060 (1001) баланстық шотында жүргізіледі. Бір шетел валютасын екіншісімен айырбастау тек Халық Банкінің (филиалы) кассасы арқылы кросс - бағамы бойынша жүргізіледі, онда банк тарифімен белгіленген сәйкесті комиссия ұсталынады.

      Халық Банкі «American Express» жол чегін  төлеуге сатып алуды және сатуды жүзеге асырады. Төлемге басқа да белгілі компаниялардың жол чектері  мезетте төлем арқылы қабылданады –«Thomas Cook», «Master Card International, Inc», «Citicorp», «VISA INTERNATIONAL SERVICE Association».

      Валюталық шоттардың ашылуы банк пен шот  иесі арасында келісімшарт жасаған  кезде жүргізіледі. Келісім бойынша  банк шот иесінің есебіне түскен ақшаларды қабылдауға, оған немесе үшінші тұлғаға сәйкесті ақша сомасын аудару туралы оның үкімін орындауға және келісімде көрсетілген басқа қызметтерді көрсетеуге міндет алады. Келісімшартта екі жақтың реквизиттері, келісімшарттың заты, жеке идентификациялық коды (шот иесіне банкпен берілген); салық төлеушінің тіркеу нөмірі-шот иесінің, ол құжатпен көрсетіледі, оны салық қызметінің ұйымы береді, банкпен қызметтер көрсету шарты және есептер тәртібі болуға тиіс.

      Жеке  тұлғаға валюталық шот ашу  үшін келесі құжаттар қажет:

- жеке  басты куәландыратын құжат;

- салық  қызметінің ұйымымен берілген  СТН беруді растайтын құжат;

- клиенттің  шотты ашу туралы өтініші, онда  шот валютасының түрі, клиенттің  мекен-жайы мен сымтетігі, оның  құжат деректері;

- клиенттің  қолы үлгісімен (2 дана) нотариуспен куәландырылмаған карточка.

      Валюталық шот алушы резиденттер үшін заңды  тұлғалардың құқығына қосымша беріледі:

- Қазақстан  Республикасының Зейнетақы қорына  жарна төлеуші ретінде шаруашылық  етуші субьектінің тіркеу дерегін  растайтын аудандық еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімімен берілген белгіленген үлгідегі құжат. (Қазақстан Республикасының қызметкер штатында болған жағдайда);

- мемлекеттік  тіркеуден өткендігін растайтын  өкілетті ұйыммен берілген белгіленген  үлгідегі құжаттың көшірмесі (қайта тіркеу, патент, лицензия).

      Банкпен барлық клиенттің шоты бойынша операциялар  клиенттің жазбаша өтініші негізінде  орындалады, онда ол өзінің реквизиттерін  шот нөмірін, өтілетін күнін және жасалатын операцияның түрін, сомасын, өзінің ағымдағы шотынан банк пайдасына сәйкесті комиссияны есептен шығаруға рұқсатын алады және қол қояды. Клиенттің қолын тексергеннен кейін және өтніштің дұрыс орындалғанын тексерген соң валюталық бөлімнің қызметкері оған VISA қояды.

      Қорытындысында  мен, Қазақстан Халық банкімен жұмыс жасау кезіндегі шетелдік компаниялардың клиенттерінде болатын артықшылықтарды, статистикалық деректерді мысалға келтіргім келеді.

      Маңғыстау облысында айырбастау пункттерінің саны – 53, оның ішінде Халық банкінікі  – 17 немесе 32 %. MoneyGram жүйесі 1999 жылдың 1 желтоқсанынан енгізілген. Елде MoneyGram қызметін көрсететін 180 пункттен астам ашылған. Бұл Қазақстанның және басқа ел азаматтары үшін жіберілгеннен кейін 15 минуттан кейін қаражатты алатындығына кепілдік жасалған жедел ақша телеграммасы – манигрмманың көмегімен қолма-қол валютаны жедел электрондық аударым бойынша жаңа мүмкіндіктердің ашылғандығын білдіреді. Маниграмманы Қазақстанның барлық облыстары мен ірі қалаларында, ТМД елдерінде және бүкіл әлем бойынша жіберуге және алуға болады. Жіберуші үшін құны аударымның көлеміне байланысты, орташа есеппен аударылатын соманың 7 %-дан азын құрайды.

      Халық Банкінің барлық филиалдарында орналасқан айырбастау пункттерінің кең желісі бола тұра Қазақстанның барлық аймағында  жекеменшік тұлғаларға қолма-қол еркін айырбасталатын валютаны ұсыну мүмкіндігі бар. Шетел валютасын өткізу бойынша операциялар көлемінің 98,7 %-ы АҚШ долларына тиесілі (3-кесте).

                                                                             

 
 
 
 
 
 
 
 

3-сурет

 
 

     3 суретте банк қолма-қол шетел  валютасы нарығында басты жайғасымдардың  бірін ұстанады. Оның үлесіне  АҚШ долларының үшіншіге жуық  нетто – сатуы тиісті. 1998 жылы  қолма-қол шетел валютасының жалпы  сату көлемі 759 миллиард теңгені  құрады (2002 жылы 60,1 миллиард теңге). 1999 жылы АҚШ долларын сату көлемі 1998 жылмен салыстырғанда қысқару беталысы бар.

      Қолма-қол  валюталық қаражаттарды есептегенде  бұл операциялардың табыстылығы  орта есеппен жылына 42,7 %-ды құрайды.

      2004 жылдың I кварталындағы төленген  пайыздар бойынша Халық Банкінің шығындарын талқылай келе және банктегі қаражатты тартудың шамамен құрылымы бола тұра клиенттердің қаражатын тарту құрылымын валюталық депозиттер бойынша суреттеуге болады. Пайыздар жылдық пайыздық қойылымдармен көрсетілген (3 кесте).

 

Информация о работе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары