Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 16:02, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2002 жылы қыркүйек айында Йоханнесбургте өткен бүкіл әлемдік БҰҰ конференциясында еліміздің қарқынды дамуы мемлекетті сақтап қалудың басты формуласы деген болатын. Елдің қарқынды дамуының ең негізгі шарты оның экономикалық жүйесінің дұрыс жолға қойылуында. Тұрақты қаржылық жүйе Қазақстан экономикасының құрылуында ең негізгі фактор болып табылады. Қаржылық жүйе құрамына – банктік, сақтандыру, валюталық және басқа да секторлар жатады.

Оглавление

КІРІСПЕ 3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕРДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІНІҢ МӘНІ
Валюталық операцияның мәні мен жіктелуі 5
Қазақстанда валютаны реттеуді ұйымдастыру 13
Банктерде валюталық операциялар жүргізу техникасы 16

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК СЕКТОРЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІН ЖҮРГІЗУГЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ
Қазақстандағы валюта нарығының қазіргі жағдайына талдау 31
Қазақстан Республикасындағы банктердің валюталық
операцияларды жүргізудегі ағымдағы қызметіне сипаттама 35
Валюталық операцияларға банктік қызмет көрсетуді дамытудың қазіргі заманғы деңгейін талқылау (мысалға “Қазақстан Халық Банкі”) 41

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ
3.1. Валюталық операцияларды жүргізудің проблемалары 50
3.2. Валюта режимін либерализациялау бағдарламасы және
валюталық операциялардың стратегиялық дамуына
бағыттама 55

ҚОРЫТЫНДЫ 60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Файлы: 1 файл

diplomka.doc

— 709.00 Кб (Скачать)

      Жеке  тұлғалардың кәсіпкерлікпен айналысуына  байланысты, сонымен бірге үшінші тұлға ретінде заңды тұлғаның арасындағы келісімшарттың төлемі бойынша банктік шоты бойынша валюталық операция жүргізілмейді.

      Жеке  тұлғаның 10 000 АҚШ $-на тең сомадан аспайтын және инвестиция жүргізумен немесе жылжымайтын мүлікті пайдалану құқығымен байланысты емес ақша төлемдерімен аударулары ақша төленгенін және аударылғандығын растайтын негізгі құжатсыз банктік шот арқылы жүргізіледі. /19. 432б./

      Жеке  тұлғаның банк шоты арқылы жүргізілген  валюталық операция бойынша 10 000 АҚШ $-на тең сомадан асатын ақша төлемдері мен аударулары тек қана өкілетті банктер арқылы жеке тұлғаның өкілетті банкте ресімделген құжаттарын тапсыруы негізінде ғана жүргізіледі (келісімшарттар, келіссөздер тағыда басқа). Бұндай құжаттар әкелу мүмкіндігі болмаған жағдайда жеке тұлғаның ақша төлемі немесе аудару туралы ақпаратты өкілетті банкке құқық қорғау органдарда және Ұлттық Банк (олардың талабы) бойынша хабарлауға рұқсат етілген төлемдік тапсыру құжатындағы жазбасы болған жағдайда ғана өкілетті банк ақша төлемдерімен аударуларды жүргізе алады.

      Жеке  тұлғалар Қазақстан Республикасы өкілетті банк арқылы шектелмеген ішкі валюта нарығында шетел валютасын 

Қазақстан Республикасы заңының талаптарын сақтай отырып иемденуге құқылы және Қазақстан  Республикасы территориясында қолма-қол  шетел валютасын қолдануға құқылы.

      Қазақстан Республикасы территориясында жеке тұлғаның өкілетті банк арқылы ұлттық валютаны бір жолғы аударулары шектеусіз  жүргізіледі.

      Жеке  тұлғаның Қазақстан Республикасына валюта құндылықтарды енгізуі Қазақстан  Республикасы заңы талаптарын орындайтын жағдайда шектеусіз жүргізіледі. Оның Қазақстан Республикасынан  Ұлттық валютаны әкету шектеусіз жүргізіледі.

      Жеке  тұлғаның валюта операциясын жүргізуі бойынша банк қызметіне төлемі өкілетті банктер арқылы ұлттық және шетел  валютасымен екі жақтың келісімі бойынша алынады.

      Жеке  тұлғалар арасында бекітілген келісімшарт  бойынша айыппұл мен өсімпұл  төлемі, сонымен бірге банк қызметі  көрсетілгенін қарастырған келісімшарт  бойынша төлемі ұлттық валюта арқылы жүргізіледі.

      Жеке  тұлғалар арасындағы экспортты-импортты мәмілемен байланысты комиссия келісімшарты бойынша ақша төлемдері мен аударулары төлем түрі ретінде пайдалануын аудару аккредитивтері шетел валютасы түрінде жүргізіледі.

      Өкілетті  банктер жеке тұлғаларға ұлттық және шетел валютасымен несие беруде валюталық құндылықтар кепілзат ретінде алынады.

      Жеке  тұлғалар арасындағы валюталық операциялар  бөлек бағыттағы реттеуді және төлемдер мен аударулар екі жақтың келісімі бойынша кез келген валюта арқылы жүргізіледі.

      Сонымен бірге, ақша төлемдері мен аударулар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құқықтық нормотивтік актілерінде қарастырғаннан басқа жағдайда тек қана банктік шоты арқылы жүзеге асады. /1./

      Ал  заңды тұлғаның қолма-қол шетел  валютасын өз банктік шотына түсіру үшін оның Қазақстаннан тауар әкелуі және Қазақстанға қолма-қол шетел валютасын әкелгендігін растайтын кедендік құжатын көрсетуі қажет.

          

1.3. Банктерде  валюталық операциялар жүргізу  техникасы 

      Шаруашылық  нарығында валюта бағамы басқа да кез келген тауар бағасы сияқты валютаны сатушы және сатып алушы, яғни эканомикалық агенттің бірлескен іс-әрекеті арқылы анықталады.

      Халық аралық валютамен жұмыс жүргізген  агенттің арасындағы қатынас жиынтығынан  әлемдік валюта нарығы қалыптасады.

      Валюта  нарығының жыл сайынғы айналымы жүз миллиардтаған доллармен өлшенетін астрономиялық сомамен бағаланды.

      Көлемі  жағынан басқа нарықтармен салыстырғанда  ең ірісі – валюта нарығы.

      Валюта  саудасы әлемдік тауар және қызмет көрсету саудасының көлемін он еседей жоғарылатады.

      Сонымен қатар, валюталық операцияның көп бөлігі халықаралық сауда қызметімен байланысты емес, яғни қаржы трансферты және алып-сатарлық мәміле болып есептеледі.

      Осы дипломдық жұмысымда әлемдік  практикада қолданып жүрген валютаның  операциялық түрлеріне шолу жасалады.

      Валюталық операцияларды жүргізу техникасы  туралы айтпас бұрын, валюта бағамы анықталмай немесе валюта айырбасы жасалмай тұрып  валюталық операция жүргізу мүмкін еместігін ескеру керек. /15./

      Алдымен валюта бағамы дегеніміз не екендігіне тоқтала кетейік.

      Валюта  бағамы – бір елдің ақша бірлігінің бағасы. Ал валюта бағамын анықтау  оның баға белгіленімісы деп аталады.

      Толық баға белгіленімі сатып алушы (сатып  алу) бағамы және сатушы (сату) бағамы бойынша  анықталады, соған байланысты банктер  баға белгіленіміланған валютаны сатып алады және сатады.

      Баға  белгіленіміның ең негізгі түрі тікелей  баға белгіленімі болып табылады. В валюта бірлігінің ішіндегі А валюта бірлігінің құны сияқты, баға белгіленіміланатын А валютасы баға белгіленімілайтын  В валютасының құнын білдіреді.

      Өзара қарым-қатынасына қарай шетелдік және ұлттық валютаға былай атауға болады, баға белгіленіміланатын валюта –  шетел валютасы, баға белгіленімілайтын  валюта – ұлттық валюта.

      Бұдан шығатын қорытынды – тікелей  баға белгіленімі – бұл шетел валюта бағамының бірлігі ұлттық валютаға негізделіп жасалады.

      Аталған баға белгіленімілық төменгі санаттағы  бірлігін пункт деп атау қабылданған. Мысалы, АҚШ $-ын теңгеге шаққандағы бағамы 1$ 116-дан 120 теңгеге өзгерсе, $ бағамының 4 пунктке жоғары лағандығы анықталады.

      А валютасының В валютасына тікелей  баға белгіленімі  А валютасының  ТА сомасы В валютасының сомасына эквивалент болады: Тв = TAR,  (1)

      R – A валютасын В валютасына  шаққандағы бағамы. В валютасының  Тв сомасы А валютасының сомасына  эквивалент болады: Та = Тв/R (2).

      Жоғарыда  айтылғандардан мынадай қорытынды  шығаруға болады: тікелей баға белгіленімде сатып алу бағамы әрқашанда сату бағамынан төмен болады.

        Шартты мысал: Алматы банкі  АҚШ $ мен теңгенің мынадай  баға белгіленімісын құрайды.

                 Сатып алу    83,50

                 Сату              85,00

        Анықтау керек: 

            а) 100 АҚШ $ айырбастау барысында  қанша теңге алынады;

            ә) 1 млн. теңгені айырбастау барысында  қанша АҚШ $ алынады;

            Шешімі:

            а) 1 – формулаға сәйкес, 100 АҚШ $-н айырбастау барысында: 100х83,50=8350 теңге алынады

            ә) 2 – формулаға сәйкес, 1 млн.  теңгені айырбастауда: 1 000 000х 85,00=11764,7$ алынады.

      Баға  белгіленімілық келесі түрі – жанама баға белгіленімі болып табылады. А валюта бірлігінің ішіндегі В валюта бірлігінің құны сияқты баға белгіленіміланатын А валютасы баға белгіленімі В валютасының құнын білдіреді. /15./

      Жанама  баға белгіленімі А валютасының  Та сомасы В валютасының сомасына эквивалент болады.

                      Тв = Та/R  (3)

      В валютасының Тв сомасы А сомасына эквивалент болады.

                      Та = Тв х R. (4)

      Бұдан шығатын қорытынды, жанама баға белгіленіміда  баға белгіленіміланатын валютаны сатып  алу бағамы сатылу бағамынан жоғары болады.

      Валютаның жанама бағамы Ұлыбританияда кең  таралған, тіпті валюталық есеп айырысуда  әлі күнге дейін қолданып жүр. Бұл дәстүр ағылшын фунт стерлингі  валюта нарығында резервтік валюта ретінде жоғары орында тұрған кезден басталады. Тек АҚШ-та ғана жанама баға белгіленіміны кешірек ішінара жағдайларда, оның ішінде ФРГ маркасы, француз, швейцар, бельгия франктері, итальян лирі, жапон иені, голланд гульдені, сияқты шетел валютасымен қарым қатынаста ғана қолданылады.

      Шартты  мысал: Лондон банкінде АҚШ $ фунт стерлингке шаққандағы бағамы:

              сатып алу:   1,5410

              сату:            1,4830 құрайды.

      Анықтау керек:

        а) 100$ айырбастағанда қанша фунт стерлингін алуға болады.

           ә) 1000 фунт стерлингін айырбастағанда  қанша $ алуға болады.

           Шешімі: 

           а) 3 формулаға сәкес 1000$ айырбастағанда: 1000:1,5410 = 648,93 фунт стерлингі алынады.

        ә) 4 формулаға сәйкес 1000 фунт стерлингіне  айырбастағанда:

          1000х1,4830=1483 $ алынады.

      Шетел валютасын ұлттық валютаға баға белгіленімілауға қатысты ақпарат кім үшін қажет?

      Біріншіден, өз ресурстары болып табылатын шетел  валютасының ұлттық валютамен қарым-қатынастағы  нақты құны қызықтыратын сауда өндірістік клиентурада валюта операциясын  жүргізетін банктерге 

      Осындай кросс-курсты қолдану арқылы барлық есеп айырысуды жеңілдетуге болады. Яғни өзара қарым-қатынастағы екі валютаның 3-ші валютамен қарым-қатынастағы бағамы анықталады.

      3-ші  валюта көбінесе қазіргі кезде  резервтік валюта статусына ие  американ доллары болып табылады.

      Тікелей баға белгіленіміда белгілі болғандай, А валюта бағамы және С валютаның  бағамы 3-ші В валютасымен қарым-қатынаста  мынадай көрсеткіште деп қарастырайық:

      А / В           R АВ1             R АВ2    

      С / В           R СВ1              R СВ2

      А және С валютасының өзара қарым-қатынасын  анықтау керек.

      Анықталуы бойынша, А/С валютасын сатып алған  А валютасы 1А бірлігі=RAB1 В бірл. Қарым-қатынасында анықталған R АВ1 бағамы бойынша алғашында В валютасына айырбасталады. Алынған В валютасы 1В бірл.=1/R СВ2 С бірл. қарым-қатынасында анықталған R АВ1 бағамы бойынша алғашында В валютасына айырбасталады.Алынған В валютасы 1В бірл.=1/R СВ2 с бірл. қарым-қатынасында анықталатын R АВ2 бағамы бойынша С валютасына айырбасталады.

      Осыған  сәйкес:

      1А  бірл.=R АВ1/RСВ2 С бірл.

      Осы негізде А/С сату бағамын анықтауға  болады. А валютасының кросс-бағамының  С валютасына шаққандағы қорытындысын аламыз.

      Сатып алу:R АВ/R СВ2 немесе кеңейтілген түрде:

      А / В сатып алу бағамы

      С / В сату бағамына         тең 

      Сату R АВ/R СВ1 немесе кеңейтілген түрде;

      А / В сату бағамы

      С / В сатып алу бағамы       

      Шартты  мысал: Банк валютаның келесі баға белгіленімісын анықтайды.

                                           сатып алу         сату 

      АҚШ $ / теңге                    84                86

      ДМ      /  теңге                    47                48 

      Неміс маркасына шаққандағы сату және сатып  алу кросс-бағамын анықтау 

      Шешуі: Бұл мысалда: А валютасы АҚШ $.

                    В – теңге

                    С – неміс маркасы

      5-ші  формулаға сәйкес неміс маркісіне шаққандағы $ бағамы мынадай болады:

      Сатып алу       84:48=1,75

Информация о работе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары