Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:03, курсовая работа
Қ.Р.Президентінің өзінің халқына “Қазақстан-2030” жолдауында біздің мемлекеттің дамуының ақырғы мақсаты экономикалық өсу болып табылады, оның приоритеті берік ертең және келер 30 жыл ішінде ең негізгісі болып табылатындығын айтады. Сауда экномикасының негізгі принциптері –ірі шаруашылық субъектіден талап ететін өзін-өзі қаржыландыру, өздерінің қызметінің нәтижесіне өздері жауап беруі үшін және шешім қабылдау үшін өзінің өнімін қандай көлемде сапада және қалай шығару керек, қаржылық ресурстарды тарту үшін әрде қайда пайдалану нұсқаны таңдау.
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ЕСЕБІ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Міндеттемелердің пайда болуы және тағы басқа ұзақ мерзімді міндеттеме. 5
1.2 Ұзақ мерзімді міндеттемелер мәні. 17
1.3 Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің ерекшелігі 18
1.4 Кәсіпорының міндеттемелер аудиті. 22
«ЖТБӨБ» ЖШС-дегі ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі, аудиті және талдауы
2.1 «ЖТБӨБ» ЖШС қысқаша тарихы, техника-экономикалық көрсеткіштері 31
2.2 «ЖТБӨБ» ЖШС қаржылық жағдайы 35
2.3 Бюджетпен, жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу есебі. 38
2.4 Шаруашылық субъектнің міндеттемелерін талдау есебі. 41
3. «ЖТБӨБ» ЖШС-ДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІ, ТАЛДАУЫН ЖЕТІЛДІРУ ШАРАСЫ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ.
3.1 «Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер» балансының бабы бойынша трансформация. 45
3.2 Кәсіпорының төлем қабілеттілігін талдау. 47
Қорытынды 58
Қолданылған әдебиеттер тізімі\ 60
Қосымшалар 64
Міндеттеме — бұл кәсіпорынның банкке немесе басқа қарыз берушіге ақша төлеу және сонымен өз қарыздарын (қысқа мерзіаді, ұзақ мерзімді) өтеу міндеті. Ұзақ мерзімді қарыздарды өтеу мерзімі шарты бойынша ұзақ мерзімді ңесиенің және қарыздьң мерзімінің өтуіне байланысы, қысқа мерзімді қарыз-дармен сәйкес келуі мүмкін. Және есепті жылы өтеуі қажет ұзақ мерзімді қарыздардың бір бөлігін қысқа мерзімді қарыздарына жатқызу керектігін есептеу біздің ойымызша дұрыс, себебі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемепер шотының Бас жоспары "несиелер 40 бөлімшесінің 4010-4020 синтетикалық шоттарының әр түрлі субшоттарында ескеріледі. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, кәсіпорынның төлем қабілетгілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек.
Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.
Қарыздарды өтеу үшін
құралдар сонымен бірге кәсіпорында
бар тауарлы-материалдық
Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасынан артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдары құрайды ал материалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды төлеуге кетті.
Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарыздарды өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.
Ағымдағы төлем қабілетгілігі баланс жасау мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырысулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады.
Келешекке арналған төлем
қабілеттілігі нақты бір
Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ге тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер коэффициент 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау керек.
Ағымдағы (қысқа мерзімді) төлем қабілеті өте тар түсінік, себебі оны болашақта қолдану мүмкін емес.
Кәсіпорынның перспективті (ұзақ мерзімді - бір жылдан аса) телем қабілетін бағалау үшін өтімділіктің динамикалық, статистикалық көрсеткіштері пайдаланылады. Динамикалық көрсеткіштердің бірі енімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыстың орташа ағымдағы міндеттемелерге қатынасы болып табылады. Есептеу үшін алымында есепті кезеңдегі есеп шоты бойынша дебет айналымын, ал белімінде - осы кезеңдегі ағымдағы міндеттемелерінің орташа қалдықтарын алуға болады. Бұл еселте алымы баланс жасау мерзіміндегі емес белгілі бір кезең үшін ақша қаражатының ағымын көрсетеді.
Нарықтық экономика
теориясы мен практикасында
Ақша қаражаттың жеткіліктілік коэффициенті (Кαж) кәсіпорынның күрделі шығындары, айналым қаражатының өсуі немесе дивиденттерді төлеуді жабу үшін табыс табу қабілеттілігін көрсетеді.
Циклділіктің және басқа кездейсоқтың әсерін жою үшін, бөлшектің алымы мен бөлімінде бес жыл ішіндегі мәліметтер алынады.
Есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:
1-ге тең ақша қаражатының
жеткіліктілік коэффициенті
Қаж кәсіпорынның қаржылық қажеттілігіне инфляцияның әсерін, сонымен қатар талдауды тереңдету бағыттарын көрсететінін ескеру керек.
Ақша қаражатын каішталға айналдыру коэффициенті
(Ккс) кәсіпорын активіндегі инвестиция деңгейін анықтауда қолданылады және келесі формула бойынша есептеледі.
Ккс =өткізуден түскен табыс-төленген дивидендтер/
алғашқы кұны бойынша негізгі құралдар + инвестициялар+басқа активтер+меншікті айналым капиталы
Ақша қаражатын капиталға айналдыру деңгейі 8-10% шегінде жеткілікті болып саналады.
Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткішітері кеңінен пайдаланылады.
Үш көрсеткіш жиі қолданылады:
Абсолютті әтімділік коэффициенті (жеделдік коэффициенті) ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.
Ол баланс жаеалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.
Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі түрде болады:
Км.аө ≥ 0,2÷0,5.
Бұл - ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатаң белгісі. В.П. Палий бұл коэффициенттің мәні 0,2-0,25-тен жоғары болуы керек деп санайды(29).
Аралық өтеу коэффициентін еселтеу үшін (немесе оның басқа аталуы: қауіпті өтім коэффиценті, өтім-діліктің дәл коэффициенті) ақша қаражатының құра-мына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін керсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметгер үшін түсімдер есебінен етелетінін сипаттайды.
Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша өрнектеледі: К ар.ө≥ 1.
Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпо-рынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.
Нарықтық экономикасы
дамыған елдерде бұл көрсеткішк
Жалпы өтеу коэффициенті өндіріс сипатына байланысты күрт ауытқуы мүмкін. Оның деңгейіне тиелген тауарлар мен көрсетілген қызметтермен есеп айырысу нысандары, өндіріс циклінің ұзақтығы, тауарлы-материалдық құндылықтар қорларының құрылымы және басқалар әсер етеді. Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу (2, 25, 29, 30) қалыпты мән болып табылады:
К ағ.ө ≥2
Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға (немесе қаражаттарға) тиімді. қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелердең 2 есе асуы қажет екендігін көрсетеді.
Кәсіпорын өтімді қаржының болуын оларға ұтымдылық қажеттілік шегінде реттеуі қажет. Ол - әрбір нақты кәсіпорын үшін келесі факторларға байланысты:
Егер ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің ара қатынасы 1:1 - төмен болса, онда кәсіпорын өз шоттарын төлей алмайды деуге болады. 1:1 арақатынасы ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің теңдігін білдіреді. Активтер өтімділігінің әр түрлі дәрежесін ескере отырып, активтердің барлығы тез арада өтімді деуге болмайды, яғни бұл жағдайда да кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төнеді. Егер де К ағ.ө мәні 1:1 арақатынасынан көп болса, онда кәсіпорынның өзіндік көздері есебінен құралатын бос ресурстарының едәуір көлемі бар екені туралы қорытынды жасауға болады.
Кәсіпорын кредиторлары тұрғысынан, айналым құралдарын құрудың осы варианты аса жоғары бағаланады. Сонымен бірге, менеджердің көзқарасы бойынша кәсіпорында қорлардың өте көп жиналуы, қаржыларды дебиторлық борышқа аудару кәсіпорынның активтерін шебер пайдалануымен байланысты.
Өтімділіктің әр түрлі көрсеткіштері тек өтімді қаржыларды есепке алудың әр түрлі дәрежесінде кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақтылығын жан-жақты сипаттап қана қоймай, сонымен бірге талдау хабарламаларының әр түрлі сыртқы пайдаланушыларының мүдделеріне жауап береді. Мысалы, шикізат пен материал жеткізушілері үшін абсолютті өтімділік коэффициенті (Ка.ө) қажет. Осы кәсіпорынды несиелейтін банк өтімділіктің аралық коэффициенттеріне (Кар.ө) көп көңіл бөледі. Кәсіпорьшның сатып алушылары немесе акциялар мен облигацияларды ұстаушылары кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын ағымдағы өтімділік коэффициенті (Кағ.ө) бойынша бағалайды.
Көптеген кәсіпорындар үшін аралық өтімділіктің төмен коэффициентінің жалпы өтімділіктің жоғары коэффициентіне сай келуі тән екенін атап өту керек. Бұл кәсіпорында шикізат, материал, жинақ бөлшектер, дайын өнімнің шектен тыс қорлары барлығына байланысты болады. Бұл шығындардың негізделмеуі ақырында ақша қаражатының жетіспеуіне әкеледі. Осыдан, жалпы өтеу коэффициентінің жоғары болуына қарамастан, оны құраушының, әсіресе баланстың үшінші тобына кіретін баптары бойынша, жағдайын және динамикасын айқындау керек.
Осы мақсатта өндірістік қорлардың, дайын өнімнің, аяқталмаған өндірістің айналымын есептеу керек.
Кәсіпорында аралық өтімділік коэффициентінің төмен және жалпы өтеу коэффициентінің жоғары болуы кезінде, айналымдылықтан аталған көрсеткіштерінің нашарлауы осы кәсіпорынның төлем қабілетінің нашарлағанын дәлелдейді. Өтімді қаржылардың айналым көрсеткіштерінің нашарлауы болған кезде, кәсіпорынның төлем қабілетін объективті бағалау үшін осындай төмендеу себептерін айқындау керек.
Өтімділіктің жоғарыда аталған коэффициенттерін есептеп, олардың деңгейлеріндегі ауытқуларды және оларға әр түрлі факторлардың әсер ету көлемін анықтау керек.
8 кесте."ЖТБӨБ" ЖШСның ағымдағы активтерінің өтімділік көрсеткіштері (мың теңге)
№ |
Көрсеткіштер |
Жыл басында 2007 |
Жыл соңында 2008 |
Өзгеріс (+;-) (2гр.-Ігр.) |
1. |
Ағымдағы активтер мың теңге, оның ішінде: |
140923 |
231799 |
90876 |
1.1. |
Ақша қаражаттары және кысқа мерзімді қаржылық салымдар |
20524 |
19243 |
-1281 |
1.2. |
Дебиторлық борыш және басқа да активтер_ |
12446 |
3991 |
-8455 |
1.3. |
Алдағы кезең шығындарынсыз тауарлы-материалдык қорлар қосылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған са-лымдарының мөлшеріне азайтылған құрылтайшылармен есеп және ¥зақ мерзімді қаржы салымдары |
70207 |
137286 |
+67079 |
2. |
Қысқа мерзімді міндеттемелер Мың теңге, оның ішінде: |
45704 |
88658 |
+42954 |
2.1 |
Қысқа мерзімдо несиелер мен заемдар |
_ |
||
2.2 |
Кредиторлық борыш |
34820 |
67257 |
+32437 |
2.3 |
Басқа да ағымдағы міндеттемелер |
7063 |
11266 |
+4203 |
3. |
Өтімділік көрсеткіштері |
- |
— |
— |
3.1 |
Абсолюттік өтімділік коэффициенті (1.1қ:2қ) |
3,08 |
2,61 |
-0,47 |
3.2 |
Аралық өтімділік коэффициенті (1.1қ+1.2):2қ |
0,721 |
0,262 |
-0,46 |
3.3 |
Жалпы (ағымдағы) өтімділік
коэффициенті[1.1қ+1.2+1.Зқ): |
2,25 |
1,81 |
-0,44 |