Ұзақ мерзімді міндеттемелер аудит

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:03, курсовая работа

Краткое описание

Қ.Р.Президентінің өзінің халқына “Қазақстан-2030” жолдауында біздің мемлекеттің дамуының ақырғы мақсаты экономикалық өсу болып табылады, оның приоритеті берік ертең және келер 30 жыл ішінде ең негізгісі болып табылатындығын айтады. Сауда экномикасының негізгі принциптері –ірі шаруашылық субъектіден талап ететін өзін-өзі қаржыландыру, өздерінің қызметінің нәтижесіне өздері жауап беруі үшін және шешім қабылдау үшін өзінің өнімін қандай көлемде сапада және қалай шығару керек, қаржылық ресурстарды тарту үшін әрде қайда пайдалану нұсқаны таңдау.

Оглавление

ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ЕСЕБІ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Міндеттемелердің пайда болуы және тағы басқа ұзақ мерзімді міндеттеме. 5
1.2 Ұзақ мерзімді міндеттемелер мәні. 17
1.3 Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің ерекшелігі 18
1.4 Кәсіпорының міндеттемелер аудиті. 22
«ЖТБӨБ» ЖШС-дегі ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі, аудиті және талдауы
2.1 «ЖТБӨБ» ЖШС қысқаша тарихы, техника-экономикалық көрсеткіштері 31
2.2 «ЖТБӨБ» ЖШС қаржылық жағдайы 35
2.3 Бюджетпен, жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу есебі. 38
2.4 Шаруашылық субъектнің міндеттемелерін талдау есебі. 41
3. «ЖТБӨБ» ЖШС-ДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІ, ТАЛДАУЫН ЖЕТІЛДІРУ ШАРАСЫ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ.
3.1 «Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер» балансының бабы бойынша трансформация. 45
3.2 Кәсіпорының төлем қабілеттілігін талдау. 47
Қорытынды 58
Қолданылған әдебиеттер тізімі\ 60
Қосымшалар 64

Файлы: 1 файл

Ұзақ мерзімді міндеттемелер аудит.doc

— 508.50 Кб (Скачать)

Өзгермелі айырма сомасынан  қалыптасатын салықтың  эфект. Бұл  салықтың төлем өзгермелі айырманың  нәтижесінде қалыптасып бухгалтерлік балансты төлеу мерзімі кешіктірілген немесе  алдағы кезеңде төленетін салық ретінде есепке алынады.

Аталған сома бухгалтерлік есепте (3000)

Д-т  7310  К-т 4310

Кешіктірілген табыс салығы есептелді 

Д-т 3110, К-т 1210

Өзгерілмелі айырманың салық есебінің сомасын анықтаған кезде ағымдық кезеңдегі салық ставкасы бойынша жүргізіледі.

Мысалы Кәсіпорын 2006 ж 3 млн тг көлемінде табыс танылады.

Салық салынатын табысты анықтау  үшін келесідей айырмашылықтар ескерілуі  қажет .

    өзгерілмелі айырма

  1. амортизациялық төлем бойынша 500мың тг
  2. бағалы қағаздар бойынша шығын 400мың тг

Тұрақты айырма

а) іс сапар шығыны 200 мың тг 2006 жылдың басына 4310 шот бойынша 90 мың тг  (300мың өзгерілмелі айырма)

  1. коорпаритивті табысты анықтау үшін салық салынатын табысты  анықтау қажет

3000000-500000+400000+200000=3000000*30%=930000

  1. салықтық эфект өзгермелі айырма негізінде

-5000-4000=100

    -100000*30%=-30000

     д-т 7710   к-т 4310  -30000

 3)  төлем мерзімі кешіктірілген табыс салығына түзету енгіземіз (Егер салықтың ставкасы өзгеретін болса.

 

1.2 Ұзақ мерзімді  міндеттемелер мәні.

 

     Міндеттемелер - өткен мәмілелердің немесе өткен оқиғалардың нәтижесі. Олар ұзақ мерзімді және ағымды болып жіктеледі.

  Ұзақ мерзімді міндеттемелер бұл –төлеу мерзімі бір жылдан асатын міндеттемелерді жатқызамыз

  Ұзақ мерзімді міндеттемелерді есепке алған кезде, бағалаған кезде төмендегі принципке сүйену керек.

    1. Ұзақ мерзімді міндеттемелер тіркелген кезде  ағымдық құнмен есепке алынады
    2. Ұзақ мерзімді міндеттеменің кезеңдік төлемдері сол қалыптасқан  міндеттемеге сәйкес есептеледі
    3. Бухгалтерлік баланысты жасаған кезде сол есептік күнге  ұзақ мерзімді міндеттеменің  құны көрсетіледі
    4. Қалған ұзақ мерзімді міндеттеменің  сомасы дисконталған құнмен немесе пайыздық мөлшермен бағалауға болады.

Ұзақ мерзімді міндеттемелерге мыналар жатады:

    • банктердің  ұзақ мерзімді қарыздар:
    • банктен тыс ұзақ мерзімдік қарыздар:
    • мерзімі шегерілген корпоративтік табыс салығы.

Ұзақ мерзімді  міндеттемелерді  тексергенде, бәрінен бұрын  баланста көрсетілген, есепті кезеңнің басы соңындағы  қалдықтың Бас кітаптың  шоттары мен  журнал- ордердің  мәліметтеріне қарап  сәйкестігін анықтау тиіс.

   Алайда мұны бірден жасауға болмайды, өйткені баланста синтетикалық шоттардың қалдықтары емес, аналитикалық есептің мәліметтері келтіріледі. Басқаша айтсақ, баланстық “Қамтамасыз етілген қарыздар”, “Қамтамассыз етілмеген қарыздар” және “Ұйымдардың бір-біріне және еншілес ұйымдарға беретін қарыздары”, баптары аналитикалық есеп мәліметтері негізінде толтырылуы тиіс.

 

1.3 Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің ерекшелігі

 

Несиелеу қарыз капиталының  қозғалысы болып табылады - ол процент түрінде үстеме төлем төлеп қайтару шартымен қарызға берілген капиталдың қозғалысы.

Несиенің  объективті қажеттілігі ең алдымен  өнеркәсіп пен сауда капиталының айналымдық заңдылығымен байланысты.

Несиелерді есепке алу 40 «Несиелер» бөлімшесіне енгізілген 4010 «Банк несиелері», 4020 «Банктен тыс мекемелердің несиелері», 4030 «Басқа да несиелер сияқты пассивті шоттарында жүргізіледі.

Несиенің экономикалық категория ретінде қарыз мәмілесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттамайды; оны осы мәміле негізінде пайда болатын  өндірістік байланыстар немесе жүзеге асу формасы-қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды. Қарыз мәмілесі тауар шаруашылығының әр түрлі салаларына тән. Экономиканың тарихи дамуымен бұл мәмілелер жиілейді, ұлғаяды, жетілдіріледі және жалпылама мәнге ие болады.

 Әр түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәміле типтерінің формалды ұқсастығы олардың бір атауымен - «несие» - бекітіледі, бірақ әр түрлі дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай отырып әр түрлі мәнге, мазмұнға, табиғатқа ие.

Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Кез келген халық шаруашылығы жүйесінің алдыңғы жүйені жететіні және жоққа шығаратыны сияқты несие де бір шаруашылық жүйе жағдайындағы шаруашылық байланыстардың типі ретінде алдыңғы шаруашылық жүйесіндегінесиені жеңуші және жоққа шығарушы болып табылады. Несие мәміле типі ретінде, тауар айналысының формасы, құн қозғалысының әдісі ретінде натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына өткен уақыттан бері дамып келеді. Несие айырбас процесінің өндірістік байланысының типі, тауарлы өндірістің  экономикалық категориясы ретінде ғана емес, тауар шаруашылығы шеңберінде диалектикалық дамушы құбылыс ретінде де қарастырылуы қажет. Тауар шаруашылығының әр түрлі сатылырының несиелік қатынастарыныңөзара айырмашылығы, қолдан-қолға өтуі қарыз келісімі арқылы жүзеге асатын әр түрлі объектілердің айырмашылығынан көрінеді.

Несие түсінігі келесі түрде  белгіленеді. Бақыланылатын халық  шаруашылығы құбылыстарының барлық жиынтығының ішінен бәрінен бұрын  қоғамдық өмірде несие деп аталатындары іріктелініп алынады; сонан соң бұл құбылыстар талданылады, төмендегідей белгілерге  бөлінеді: біріншіден, олардың барлығына тән белгілері; екіншіден, бұл белгілердің ішінен тек осы іріктелініп алынған құбылыстарға тән белгілер ғана сақталынады. Несие деп аталатын әлеуметтік байланыстар: әр түрлі тарихи кезеңдерде, тауар шаруашылығының алғаш пайда болуы кезеңде, дамыған нарықтық шаруашылық дәуірінде де бар болды.

Қарыз мәселесі ретінде  несиені екі көзқарасқа қарастыруға болады: біріншіден, оның техникалық-заңдылық белгілері көзқарасынан, екіншіден, әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін және дамитын немесе онда өз көрінісін табатын өндірістік байланыстар типін сипаттайтын белгілер тұрғысынан. Бұл екеуі бір-бірінен бөлінгісіз, олар өзара байланысты және себепші. Бірақ эканомикалық талдау үшін маңыздысы қарыз мәселесінің эканомикалық мазмұны, яғни өндірістік қатынастардың белгілі бір формулаларымен байланысты шауашылық әдістері, жұмыс тәсілдері емес, өндірістік қатынастардың өзі болып табылады.

Бұл жағдайды былайша  түсіндіруге болады. Мысалы, машина өндірісін таза техникалық тұрғыда  машина өндірісінің макроэкономикалық  орта параметріне анағұрлым бейімделуін  оның жұмыс және таза техникалық тиімділігі тұрғысынан қарастыруға болады; сонымен қатар, сол машина өндірісін оның әлеуметтік жағынан да қарастыруын, яғни машина өндірісі негізінде пайда болатын және дамитын өндірістік байланыстардың формалары мен типтері тұрғысынан, бұл бір жағынан, оларға себепші, ал екінші жағынан, олар оны анықтайды. Бірінші жағдайда - біз машина өндірісін техникалық-экономикалық категория, ал екінші жағдайда – экономикалық категория ретінде қарастырамыз.

Несие қарыз мәмілесі ретінде ежелгі әлемде де, орта ғасырлық қолөнер, крепоснойлық шаруашылықта да және дамыған тауар шаруашылығында кездеседі. Барлық кезде біз анағұрлым жетілген, бір қарыз мәмлесіне кездесіп отырдық, бірақ осы мәмілелер негізінде ұлғайып отыратын, құқықтық хатталуы осы мәмілелер болып табылатын өндірістік қатынастардың әр түрлі шаруашылық жүйелерінде бір- бірінен өте қатты айырмашылықтары болады.

Несие бәрінен бұрын  тауар өндірісі процесінде пайда  болатын оның негізгі өндірістік қатынастарымен анықталатын қоғамның әлеуметтік байланыстарының белгілі  бір типі. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде тек өндірістік қатынастар шемберінде ғана сипатталуы мүмкін. Бұл несиені экономикалық мазмұны, көзқарасы тұрғысынан қарастыруға қатысты. Несие әлеуметтік байланыстың белгілі бір типі бола отырып,и өндірістік қатынастар тобына жатады.

Коммерциялық несие – бұл  жеткізушінің сатып алушыға ұсынған  тауары немесе көрсетілген қызметі  үшін төлемді кейінге қалдыру. Несиенің осы формасының объектісі ретінде  тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты – тауарларды өткізуді жалдамдату.

Тұтыну несиесі – бұл тұрғындарға  тұтыну тауарларын сатып алу және тұмыстық қызметтердің төлеу үшін коммерциялық (бөлшек сауда орындары арқылы төлемді  кейінге қалдыра отырып, тауарды сату) және банктік (тұтыну мақсатына қарыздар) формада берілетің несие. Тұтыну несиесінің негізгі міндеті – тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан – тауар айналымының ұлғаюымен несиенің де сұраныс тудырады; екінші жағынан – тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілетіне сұранысты күшейтеді.

Ипотекалық несие –  жылжымайтын мүліктерді: жерді, тұрғын үй және өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілітін қарыз.

Мемлекеттік несие - азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе кредитор ретінде мемлекет және жергілікті билік органдары болатын несиелік қатынастар жиынтығы. Мемлекеттік несиенің негізгі формасы – мемлекеттік займдар, соныменқатар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер, тұрғындардың жинақ кассасындағы салымдар болып табылады. Қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер (вексельдер және де басқа несиелік міндеттемелер) ресми түрде бюджеттегі уақытша кассалық үлесті  жабу үшін шығарылады, бірақ іс жүзінде – бюджет тапшылығына байланысты шығарылады.

Халықаралық несие -  валюталық  және тауарлық ресурстарды қайтарылымдық  және пайыздар төлеу шарттарымен  беру бойынша байланысты халықаралық  экономикалыққатынастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы. Кредиторлар және қарыз алушылар ретінде банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, сонымен қатар халықаралық және аймақтық ұйымдар қатынасады.

Қазақстан Республикасының  жетекші халықаралық қаржылық ұйымдарға  мүше болуы, әкономикалық реформалар жүргізу үшін қосымша қаржылық көздерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Банк мекемелері несиелерінің есебі – банк несиесі қысқа  жіне ұзақ мерзімді несие беру туралы Қазақстан Рспубликасының Ұлттық банк мекемесі бектетін қысқа және ұзақ мерзімді несие беру ережелріне сай жүргізіледі. Кәсіпорын банк мекемесінен несие алған уаұытында:

 

 

1 Кесте. Міндеттемелер есебі бойынша шоттар корреспонденциясы

Операциялар мазмұны

дебет

Кредит

Алынған банк несиелрі кассаға  немесе есеп айрысу шотына келіп түсті

1010

3010

Жабдықтаушы мердігерлерге  банк несиесінің есебінен қойылған акредивтер

1070

3010

Жабдықтаушы мердігерлерге  қарыз сома банк несиесінің есебінен төленді

3310

3010

Жабдықтаушы мердігерлерге  алдағы уақытта алынатын материалдық  қорлар үшін банк несиесінің есебінен берілген аванс

1610

3010

Көрсететін қызметі  немесе орындайтын жұмысы үшін жабдықтаушы  ұйымға банк несиесінің есебінен берілген аванс

1610

3010

Есептелген салық бойынша  ұйымның бюджетке қарыз сомасы банк несиесінің есебінен аударылды

3110-3120

3010

Вексельге алынған банк несиелері

1010.

1040

3010

Кәсіпорынның банк мекемелерінен  алған несиелері бойынша қарызы есеп айырысу шотынан өтелінді

3010

1040

Банктен тыс мекемелерден алынған несиелер

1010,

1040

3020

Банктн тыс мекемелрдің  несиелрінің есебінен жабдықтаушы мрдігерлерге қарыз сома төленді

3440,

4110

3020

Банктен тыс мекемелерден алынған несиелер бойынша қарыз  есеп айырысу шотынан төлнді

3020

1030


 

1.4 Кәсіпорынның міндеттмелер  аудиті

 

Аудит жүргізу үшін шаруашылық субъектілері (тапсырылушылар) аудит фирмаларымен немесе жеке аудиторлармен аудит – шартын жасасуы қажет. Қалыптасқан тәртіп бойынша шарт жасаудан бұрын аудит фирмасы немесе жеке аудитор өз тарапынан міндеттеме – хат жазуға тиісті.

Аудитордың міндеттеме хаты өзінің тапсырушы алдындағы жазбаша түріндегі беретін өз жауапкершілігін, алдына қойылған міндет – мақсаттарды орындау үшін көрсететін қызметіне анықтама беру. Аудит шартын жасаудан бұрын міндеттеме хатты тапсырушы өз тарапынан зерттеп, жан-жақты талқылап содан кейін ғана міндеттеме хаттың мазмұны ойынан шыққан жағдайда ғана аудит шартын жасауға келіседі.

Міндеттеме хаттың түрі және мазмұны тапсырушы талабына сәйкес әр түрлі болуы мүмкін, онда негізінде төмендегідей талаптар қойылады:

  • қаржы отчетын тексерудің мақсаты;
  • тапсырушылардың тексеруге информациялардың дұрыстығына жауапкершілігі;
  • аудит жұмысының көлемі, ондағы аудитордың жұмыс бабындағы қолданатын заң құжаттары және ереже – нұсқаулар, нормативтік құжаттар;
  • тапсырылатын аудит отчетының, аудит қорытындысының үлгісі;
  • жүргізілетін аудит жұмысының бағдарламасы;
  • аудит жұмысының төлем ақысы, гонорары.

Аудит келісім – шартының мазмұны  бірнеше бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлімінде. екі жақтың реквизиті толық көрсетіліп, жауапкершіліктеріне анықтама беріледі. Мысалы, аудитор фирмасының аты, оның жауапты директоры, тапсырушы жағынан шаруашылық субъектісінің аты, оның жауапты қызметкері.

Екінші бөлімінде, аудитор жауапкершілігі анықталады. Мысалы, аудит жұмысын орындау мерзімі, құжаттарға жауапкершілігі, коммерциялық құпиялықты сақтау тәртібі тағы сол сияқты аудитор міндеттері аталып көрсетіледі.

Үшінші бөлімінде, тапсырушының міндеттері анықталады. Мысалы, аудит жұмысын ұйымдастыру, қажет құжаттарды, отчеттарды уақтылы беру, қажет болған жағдайда әр түрлі анықтамалар беру, қызметкерлерден түсініктемелер алып беру тағы сол сияқты көптеген міндеттерді орындауы қажет.

Осы шартта, аудит жұмысының  қорытындысын тапсырушыға өткізу тіртібі  де қарастырылады. Міндетті түрде аудит  шартына бірінші протокол тіркеледі. Онда аудит жұмысына төлем нақты көрсетіліп, екі жақ алдын –ала шартқа тіркеу құжаты деп анықтайды.

Шартта қажет болған жағдайда қосымша төлем жасау  мүмкіндіктері келісуі қажет. Оған бірден – бір себеп, аудит барысында  шартта қаралмаған жұмыс кездесуіне немесе екі жақтың келісуі бойынша қосымша қызмет жасау анықталған жағдайда болады. Осындай себептермен бірінші жасалынған шарт қайта жасалуы мүмкін.

Информация о работе Ұзақ мерзімді міндеттемелер аудит