Ұзақ мерзімді міндеттемелер аудит

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:03, курсовая работа

Краткое описание

Қ.Р.Президентінің өзінің халқына “Қазақстан-2030” жолдауында біздің мемлекеттің дамуының ақырғы мақсаты экономикалық өсу болып табылады, оның приоритеті берік ертең және келер 30 жыл ішінде ең негізгісі болып табылатындығын айтады. Сауда экномикасының негізгі принциптері –ірі шаруашылық субъектіден талап ететін өзін-өзі қаржыландыру, өздерінің қызметінің нәтижесіне өздері жауап беруі үшін және шешім қабылдау үшін өзінің өнімін қандай көлемде сапада және қалай шығару керек, қаржылық ресурстарды тарту үшін әрде қайда пайдалану нұсқаны таңдау.

Оглавление

ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ЕСЕБІ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Міндеттемелердің пайда болуы және тағы басқа ұзақ мерзімді міндеттеме. 5
1.2 Ұзақ мерзімді міндеттемелер мәні. 17
1.3 Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің ерекшелігі 18
1.4 Кәсіпорының міндеттемелер аудиті. 22
«ЖТБӨБ» ЖШС-дегі ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі, аудиті және талдауы
2.1 «ЖТБӨБ» ЖШС қысқаша тарихы, техника-экономикалық көрсеткіштері 31
2.2 «ЖТБӨБ» ЖШС қаржылық жағдайы 35
2.3 Бюджетпен, жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу есебі. 38
2.4 Шаруашылық субъектнің міндеттемелерін талдау есебі. 41
3. «ЖТБӨБ» ЖШС-ДЕГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІ, ТАЛДАУЫН ЖЕТІЛДІРУ ШАРАСЫ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ.
3.1 «Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер» балансының бабы бойынша трансформация. 45
3.2 Кәсіпорының төлем қабілеттілігін талдау. 47
Қорытынды 58
Қолданылған әдебиеттер тізімі\ 60
Қосымшалар 64

Файлы: 1 файл

Ұзақ мерзімді міндеттемелер аудит.doc

— 508.50 Кб (Скачать)

Кредитор ретінде басқа шаруашылық иесіне белгілі бір мерзімге ресурс беруші тұлға болады. Қарыз алушы  несиені белгіленген мерзімде қайтармаған  жағдайда несиелік келісімнің еріктілігі бұзылады, қарыз алушылармен ана ғұрлым қатаң қатынастарға әкеп соғады. Кредиторлардың бар болуының уақыттық шекарасы несиенің мерзімімен анықталады. Несиенің мерзімі өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің барысына байланысты.

Қарыз алушы - несиелік қатынастың несиені  алушы және алған қарызда қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Борышқор және қарыз алушы – бір-біріне жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік емес. Борыш-міндетті жалпы сипаттайтын анағұрлым кең түсінік. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек. Тарихи жағынан қосымша ресурстарға деген қажеттілік танытатын жеклеген тұлғалар болды. Бастапқыда олар өз еңбектерімен ұсақ шаруалар, қорөнершілер болған еді. Өсімқорлық несиенің бар болуының басты формасы – ақсүйектердің көбінесе жер иелеріне ақшалай қарызды беруі. Банктердің құрылуымен қарыз берушілердің шоғырлануы жүреді.

Қазіргі уақытта банктерден басқа  шаруашылық ұйымдары және мемлекеттің  өзі де қарыз алушылар ретінде  болады. Қарыз алушының кредитордан  айырмашылығы несиелер мәміледе төмендегідей ерекшеліктерге ие. Біріншіден, ол қарызға берілетін қаражаттардың меншік иесі болып табылмайды, олардың уақытша иесі ретінде болады; өзіне тиісті емес бөтен біреудің ресурстарымен жұмыс істейді. Екіншіден, қарыз алушы қарызға алынған қаражаттарды айналыс сферасында да, өндіріс сферасында да пайдаланады. Кредиттік өндіріске тікелей қатыспай-ақ  айырбас фазасы кезінде де қарызды ұсына алады.

Үшіншіден, қарыз алушы  өзінің  шаруашылығында шеңбер айналымын  аяқтаған қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредитормен жеткілікті түрде есеп айырысумен қоса қайтарымды толық өтеу үшін ұдайы өндіріс процесін өркендете түсу керек. Төртіншіден, қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған құнды ғана қайтармай қоймай, сонымен қатар, қарыз пайызын да төлейді. Бесіншіден, қарыз алушы өзінің кредиторы қойған талаптарды орындауға тәуелді болады. Қарыз алушының кредиторға экономикалық тәуелді болуы қарызға алынған қаражаттарды ұтымды пайдалануға, қарыз алушы ретінде өз міндеттемелерін орындауға мәжбүр етеді.

Кредитор және қарыз  алушы несиелік қатынас жасай  отырып, өз мақсаттары мен мүдделерінің бірлігін көрсетеді. Несиелік қатынастар  шеңберінде кредитор және қарыз алушының орындары ауысуы мүмкін: кредитор қарыз  алушыға, қарыз алушы кредиторға айналады.

Кредитор мен қарыз алушының өзара әрекеті қарама қарсылықтардың бірлігі сипатында болады. Несиелік қатынастың қатысушылары ретінде кредитор және қарыз алушы, оның қарама-қарсы жағында тұрады. Кредитор – қарызды беруші жақ, қарыз алушы – берілген қарызды алушы жақ, бүтіннің шеңберінде олардың әрқайсысының өздерінің ұдайы өндірістегі ерекше жағдайларына байланысты өз мүдделері болады. Кредитор анағұрлым жоғары қарыз пайызына мүдделі болса, қарыз алушы-анағұрлым арзан несиеге мүдделі.

Сондай-ақ, несиелік қатынастар құрылымының элементі, яғни кредитордан қарыз алушыға берілетін және қарыз алушыдан кредиторға қарай кері қозғалатын объекті болып табылады. Беру объектісіне қарыздық құн жатады. Ол құнның ерекше бөлігі ретінде болады.

Несиелік қатынас ішіндегі құн ерекше қосымша тұтыну құнына ие. Шанында, ақшаға немесе тауарға тән тұтыну құнына басқа құн кредитор мен қарыз алушы арасында қозғалыс жасай отырып, ұдайы өндіріс процесін жылдамдатудың ерекше қасиетін алады.

Жеке басты  және мүлікті сақтандыру бойынша есеп айырысулар. Сақтандырушыларға сақтанушылар сақтық төлемдерінен, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған өзге де кездерінен сақтандырушылар қалыптастыратын ақша қорларының немесе басқа да активтерінің есебінен сақтандыру өтемдерін төлеу арқылы белгілі бір сақтандыру жағдайларының туындаған кезінде жеке және заңды тұлғалардың (сақтандырылғандардың) мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі қатынастары болып табылады.

Сақтандыру  былайша бөлінеді:

  • міндеттілік дәрежесіне қарай: ерікті, міндетті:
  • сақтандыру объектісі бойынша: жеке, мүліктік;
  •   сақтандыру төлемін жүзеге асырудың негізі бойынша: жинақтық және жинақтық емес.

Міндетті  сақтандыру — заң талаптарына қарай жүзеге асырылатын сақтандыру түрі болып табылады. Міндетті сақтандырудың түрлері заң актілерімен белгіленеді. Міндетті сақтандыруды жүргізудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Өз өмірін және денсаулығын  сақтандыру міндеті азаматқа заңдармен  де, шарттармен де жүзеге асырылады.

Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырушымен сақтандырудың осы түрін реттейтін заңдарына сәйкес жасалады. Бірақ сақтанушы сактандырушыға зандарда көзделгеннен гөрі неғұрлым тиімді шарттарды ұсынуға құқылы.

Міндетті  сақтандыру шартын сақтандырудың нақ осы түрін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандырушылар ғана жүзеге асыра алады. Мұндай шартты жасау сақтандырушы үшін міндетті болып табылады.

Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру объектісі сақтандырудың осы  түрін реттейтін зандармен белгіленеді.

Ерікті сақтандыру - тараптардың ерік білдірулеріне қарай жүзеге асырылатын сақтандыру түрі болып табылады. Ерікті сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі тараптардың келісімі бойынша белгіленеді. Сақтандыру объектісі азаматтардың немесе заңды тұлғалардың мүддесіне сай етіп жасалынады. Сақтанушының заңға қарсы мүдделері сақтандырылмауға тиіс.

Өз өмірін, денсаулығын, еңбек қабілеттілігін сақтандыру кез келген азаматтың  өзіне тікелей байланысты болып келеді.

Мүліктік  сақтандыруға мүлікті сақтандыру және кәсіпкерлік тәуекелділігі азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қоса алғанда, онымен байланысты басқа да мүдделері сақтандырылуы мүмкін.

Жинақтық  сақтандырушы келісім-шартта белгіленген  мерзімі өткеннен кейін не сақтандыру жағдайы туған кезде төленетін  сақтандыру болып табылады жинақтық емес, сақтандыру тек қана сақтандыру жағдайы туған кезде төленеді.

Сақтандыру  сомасы — бұл ақшаның сомасы, оны сақтандыру жағдайы келіп  жеткен кезде, сақтандырылған сомасы барынша  толық көлемінде сақтандыру ұйымының төлеуге жауапты екендігін білдіреді.

Сақтандыру  сыйлығы—бұл ақшаның сомасы, оны сақтанушы сақтандырушы мекемеге өзінің қабылдаған міндеттемесі бойынша сақтандыру келісім-шартымен  анықталған деңгейінде жасалатын төлем.

Сақтандыру  төлемі — бұл ақшаның сомасы, оны сақтандырушы мекеме 
сақтанушыға сақтандыру келісім-шарты келіп жеткен кезде немесе туындаған 
кезде, сақтандырылған сомасы барынша толық көлемде төленеді.

Сақтандыру  қызметі — бұл сақтандыру мен  қайта сақтандыру келісім-шартын 
орындаумен және жасаумен байланысты сақтандыру мекемесінің (ұйымның) 
сақтандыру қызметі, ол екі бағытта жүзеге асырылуы мүмкін: өмірін сақтандыру 
және жалпы сақтандыру. 

Өмірін сактандыру ерікті түрде жүзеге асады, ал ол екі  нысанда болуы мүмкін: өмірін сақтандыру және аннуитетті сақтандыру.

Жалпы сақтандыруға медициналық, автомобилдік, азаматтық-құқықтық т.б. сақтандырулар жатады.

Жеке басты  және мүлікті сақтандыру бойынша есеп айырысу есебі 4220шотында жүреді.

Сақтандыру  төлемін есептеген кезде, 7110, 7210, 8040,  және т.б. дебеттел 4220 шоты кредиттеледі. Сақтандырушы мекемеге (ұйымға) сақтандыру жарнасын аударған кезде 4220 шоты дебеттеліп, 1040 шоты кредиттеледі. Еңбеккерлер, денсаулығына, өміріне қауіпті жағдай туындаған кезде, 24 сағаттың ішім, сақтандыру ұйымы комиссия құрып, оған келесі құжаттарды рәсімдейді:

  • сәтсіздік туралы оқиғаның актісін (Н—1);
  • болған жағдайдың сипаты туралы медициналық қорытындысын;
  • лабораториялық зерттеудің нәтижесін;
  • бұйрық пен ережелердің, нұсқаудың көшірмесін;
  • мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысын;
  • тағы басқа да құжаттарын.

Болашақ кезеңнің табыстарының есебі  Кәсіпорының есепті айда алған, бірақ бұдан кейінгі есепті кезеңдерге жататын табыстары болашақ кезеңдерінің табыстары болып есептелінеді. Сабақтас есепті кезеңдер мен осы кезеңдердің ара жігін ашу оңай емес, бірақ олардың арасын (кезеңдерін) шектеу керек (шартты болса), өйткені онсыз салық салуға-қаржылық есеп беруге де болмайды.

Алдағы кезеңдердің  табыстарын есептеу үшін есебі 4420 "Алдағы кезеңнің табыстары" шоты пайдаланады.

4420 - шотында айлық және тоқсандық билеттер (асханаларда берілген талондар), кәсіпорында күні бұрын төленген ақылар ескеріледі.  Жоғарыда аталған төлемдер түскен кезде 1050, 1040, 1010-шоттары дебеттеледі, 4410шоты кредиттеледі.

Алдағы кезеңдердің  кірістерін есептеген кезде 2110, 1270, 1255. шоттары дебеттеліп, 4420 шоты кредиттеледі.

Есепті айға жататын, ертеректе алыған табыстар тізімі 4420-шотының дебеті мен "Көлік мекемелерінің жүктері және жолаушыларды тасымалдау қызмет түскен табыс", "Жалға беруден түскен табыс", "Байланыс Мекемесінің қызметінен түскен табыс", " Акциялар бойынша дивиденттер және проценттер түріндегі табыстар",  "Негізгі емес қыземттен түскен басқа да табыстар" осы табыстарға жататын басқа шоттардың кредитінде көрініс табады.

Қажет болған жағдайда 4420 шотында мыналар ескерілуі мүмкін: өткен жылдары түгендеудің нәтижесінде кем шыққан немесе жоғалған мүліктерден түсетін қарыздар. Осындай жетіспеушіліктің нәтижесінде орын алған сомаға "Жұмыскерлердің және басқа да тұлғалардың қарыздары" шоты дебеттеледі де 4420-шоты кредиттеледі. Өткен жылдар ішінде анықталған, кем шығудың орнын толтыру үшін түскен төлемдеріне 1040, 1010, 1050 және басқа да шоттары дебеттеледі, «Жұмыскерлердің және басқа да тұлғалардың қарыздары» -шотында кредиттеледі. Сонымен бір мезгілде сол сомаға 4420 шоты дебеттеліп 6160 шоты кредиттеледі;

кінәлі адамдардан өндіріп алынуға тиісті және жетіспейтін  құндылықтыр бойынша баланстық  құнының арасындағы айырмашылық  алынады.  Айырмашылықтардың сомасына  ''Жұмыскерлердің және басқада тұлғалардың қарыздары" шоты дебеттеледі және 4420-шоты кредиттеледі.

Жетіспейтін құндылықтар бойынша берешектерінің өтелуіне қарай 1040, 4230 және басқа да шоттар дебеттеледі, 1250-шоты кредиттеледі. Берешектерді өтеуге түскен сомалар сонымен бір мезгілде,4420-шотының дебеті 6160 "Негізгі емес қызметтен түскен басқа да табыстар" - шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

4420-шот бойынша аналитикалық есеп алдағы кезеңдерден түсетін табыс түрі бойынша жүргізіледі.

Төлеу мерзімі  кешіктірілген табыс салығы бухгалтерлік ұзақ мерзімді міндеттемелер құрамына жатқызылады. Бұл  салықтың қалыптасуының негізгі себептеріне кәсіпорынның табыс және  шығын есебі бойынша стандартқа сүйене отырып  қаржылық есебімен  Салық кодексіне сәйкес енізілген түзетудің нәтижесіне ие болады. Бұл өзгерістердің немесе айырмашылықтардың екі түрі бар.

  • Тұрақты айырма
  • Өзгерілмелі айырма

Тұрақты айырмаға келесілерді  жатқызамыз.

  • Айып пұл. Бұл айып пұлдың кәсіпорын есептеген немесе белгіленген мөлшерде  бюджетке төлейді . аталған айып пұл бухгалтерлік есепке жылдық соманы айтады.
  • Іс –сапар шығындары. Бұл мөлшер салық заңдылығына сәйкес белгіленген көлемде кәсіпорын шығынына жатқызылады.
  • Алынған зайым, несие бойынша пайыздық шығын, салық заңдылығына сәйкес белгіленген мөлшерде ғана шығынға жатқызылады.
    • Сақтандыру төлемдері бойынша, бухгалтерлік есепте бұл төлем шығынға жатқызылады. Ал салық заңдылығы бойынша ол сома жылдық жиынтық табыстан алынып тасталмайды.

Өзгермелі айырма кезінде салық  салынатын және есептік табыс  арасындағы тануға байланысты  қалыптасады.

Өзгермелі айырмаға баланстық құнмен салық базасы (салық салынатын сома) арасындағы айырмашылықтан қалыптасады . Оған негізгі құрал материал емес активтер бойынша есептелетін  амортизациялық төлем бойынша қалыптасады.

Салық кодексі бойынша  ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы  екі еселенген немесе жекелеген  әдісті қолдану арқылы жүргізеді.

Мысал: Құрал жабдықтың  құны 200 мың теңге салық кодексі мөлшері бойынша есептелген амортизациялық өлшем 50 мың тенге,ал кәсіпорынға 20 % мөлшер (100:5)=20 %.

Аталған айырма өзгермелі  айырма болып табылады.

Негізгі құралға жүргізілетін жөндеу жұмыстарына байланысты шығындар бухгалтерлік есепте сәйкес шоттарда толықтай бейнеленіп жинақталады , ал салық салу мақсатында топтың құнының 15 % ғана шегерімге  жатқызылады.

Бағалы қағазды сату бойынша шығын  бухгалтерлік есептің  принципі бойынша қалыптасқан уақытта танылады.

Салық салу мақсатында аталған  шығын соңғы 3жыл ішінде басқада  бағалы қағаздардың құнының қсуіне байланысты болатын табыс есебінен  конфенсацияланады. Аталған екі  айырманың өзара айырманың өзгермелі  айырма белгілі бір кезеңнен кейін есептен шығарылады немесе

Тұрақты айырмаға сәйкес бұл ережеге сәйкес жүрмейді.

Бухгалтерлік  есепте тұрақты және өзгермелі айырма екі  түрлі түрақты айырманы бухгалтерлік есепте есептік кезең ішінде аналитикалық есеп бойынша үздіксіз есепке алынып, ал, өзгермелі айырма бойынша бухгалтерлік есепте анықталған соманы қаржылық есептен салықтың эфект бойынша бейнелейді.

Информация о работе Ұзақ мерзімді міндеттемелер аудит