Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 09:40, дипломная работа

Краткое описание

Экономикалық дамуға көптеген факторлар әсер етеді, олар табиғи ресурстардың саны мен сапасы, қолдану мүмкіншілігі, негізгі капиталдың көлемі мен сапасы, технологияның дәрежесі, жаңа техниканы қабылдау жүйесі, еңбек ресурстарынның кәсіптілік дәрежесі, оның ғылыми және мамандану сипаттамасы, өндірілген өнімге сұранысты арттыру және қолдана білу, ұлттық басқаруда бар ресурстарды тиімді қолданып өте көп мөлшерде сапалы өнім өндіре білу.
Әлемдiк тәжiрибенiң дәлелдеуi бойынша, инвестициялар кез-келген елдiң өркендеуiнiң маңызды факторы ретiнде қарас¬тыры¬лады.

Оглавление

КІРІСПЕ................................................................................................................. 3
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Өнеркәсіптік кәсіпорында инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет түсінігі.................................................................... 7
1.2 Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштер................................................................................................ 18
1.3 Кәсіпорында инвестициялық жобаларды ұйымдастыру......................... 25
2 «АТАМЕКЕН» АҚ-НЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ
2.1 «Атамекен» АҚ-ның экономикалық қызметін талдау............................. 30
2.2 «Атамекен» АҚ-ның қаржы-экономикалық тұрғыдан талдау жасау..... 38
2.3 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау....................... 43
3 ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуал және инвестициялық саясатты жүйелі түрде пайдалану.............................................................. 50
3.2 Өнеркәсіптік кәсіпорынның нивестициялық тартымдылығын арттыру......................................................................................................... 62
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................... 67
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................70

Файлы: 1 файл

Дип.-Кәсіпорынның-инвестициялық-тартымдылығын-арттыру-жолдары.doc

— 449.50 Кб (Скачать)

 

Кәсіпорын инвестициялық  тартымдылығын артыруда инвеисторлар көптеген экономикалық-қаржылық көрсеткіштеріне  мән беретіні анық. «Атамекен» АҚ-ның  техника-экономикалық жағдайы қанағаттандырарлық.

1) Өткізілген  өнімнен түскен табыс көрсеткіші  бойынша :

Әрине өнімді өткізу ол кәсіпорынның шығарылған өнімінің ең соңғы кезеңі деп айтсақ болды және ол кәсіпорын  үшін өте маңызды. Бұл - өнім өткізу жұмысшының әсері оның цехтарының, түскен табыстарының талдауында және тағы басқа қаржы көрсеткіштерінде көрінеді, талдау кезеңі 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 654442 мың тг. болып, пайыз түрінде 360% артты. Бұл жалпы Қазақстан тұрғындарының төлем қабілеттілігін және кәсіпорын тауарларына сұраныстың бар екендігін аңғарады. (3,6 есеге сатудан түскен табыс артты.) 

2) Өткізілген  өнімнің өзіндік құны көрсеткіші бойынша:

Бұл кәсіпорынның басқару  есебі қалай жүргізіліп жатқанын аңғартатын көрсеткіш. Басқару есебінде шығындар мәселесі бірінші орында болғандықтан, өндірістегі шығындарды есептеу, қаржылық жұмыс, нақты субъектідегі басқару, ұйымдастыру мәселесі тікелей осы деңгейді көрсетеді. Өнімнің өзіндік құны 2005 жылы 4,1 есеге төмендегенін көрміз. Бұл бұйымдарды өңдеу мәселесін кәсіпорын деңгейінде атқаруға бағытталған шешімнің көрсеткіші.

3) Жалпы табыс  көрсеткіші бойынша:

Жалпы табыс кәсіпорынның нақты нәтижелігін көрсетуге  неғайбіл көрсеткіш. Ол 2005 жылы 572305 мың  теңгеге, яғни 2 есеге өсті.

4) Кезең шығындары көрсеткіші бойынша:

Бұл көптеген кәсіпорындардың  шығыстар бөлігіндегі қомақты үлестерді алатын бөлігі. «Атамекен» АҚ-дағы кезең шығындарын басқару аппаратың үнемдеуін және оңтайлы шешімдер қабылдауынан болуы мүмкін. Мәселен 2005 жылы жалпы табыс 2,9 есеге өскенімен, кезең шығындарын басқару мүмкінділігі басқармаға тәуелсіз болады. Кезең шығындары көптеген бухгалтерлік сатыларды қосатындықтан, жалпы-бағаның барлық салаларда өсіуі 2005 жылы кәсіпорындардың тиімділігін сонымен қоса кезең шығындарын да өсірді.

5) Негізгі қызметтен түскен табыс көрсеткіші бойынша:

2005 жылы негізгі қызметтен түскен табыс 13770 мың тг. төмендеді. Бұл – кәсіпорынның инвестициялық және экономикалық тартымдылығын, сондай-ақ басқару есебін қайта қарастыруды талап етеді.

6) Негізгі емес қызметтен түскен табыс көрсеткіші бойынша:

Негізгі емес қызметтен  түскен табыс 2005 жылы 2901 мың тг. артып отыр.

7) Салық салғанға дейінгі табыс көрсеткіші бойынша:

Бұл көрсеткіш табыстың 2004 жылмен салыстырғанда –10859 төмендегенін көрсетуде.

8) Таза табыс көрсеткіші бойынша:

Таза табыс көрсеткіші 6453 мың тг. төмендеуде. Осының салдарынан кәсіпорын инвестиция тарту мәселесін мәселесін алға шығаруда. Ол – мәселе талданып бағаланады.

9) Жұмысшылардың  тізімдік саны көрсеткіші бойынша:

Жұмысшылардың тізімдік саны сәйкесінше 54 адамға артып отыр.

10) Жұмысшылардың жылдық еңбек ақы қоры көрсеткіші бойынша:

Еңбек ақы қоры Қазақстан  Республикасының Заң, нормативті актілері, сондай-ақ тұтыну себебі мен еңбек  өнімділігіне сәйкес 1,2 есеге өсті.

11) Жұмысшылардың орташа айлық еңбек ақысы көрсеткіші бойынша:

Жұмысшылардың орташа айлық  еңбек ақасы инфляция деңгейі және кәсіпорынның ынталындыру шеңбері есебін өскенін көреміз.

12) Өндірістегі  негізгі қордың жылдық орташа  құны көрсеткіші бойынша:

Негізгі қордың орташа жылдық өсімі біріншіден, негізгі қорларды қайта бағалау есебінен, (нақты  бағамен) екіншіден, құрылтайшылардың негізгі қор есебінен жарналарын көбейтулерінен және негізгі қорларды реконструкциялау және тағы басқа көздерден.

13) Қор сыймдылығы көрсеткіші бойынша:

Қор сыйымдылығы 2005 жылы өндірілген өнімнің 1 теңгесіне 0,01 теңге өндірістік негізгі құралдар келгенін көрсетеді.

14) Қор қайтарымдылығы көрсеткіші бойынша:

Қор қайтарымдылығы кері көрсеткіш, сондықтан әрбір негізгі  құралдардың бір теңгесіне 2005 жылы 2,5 есеге өнім өндірілгенін көрсетеді.

15) Жұмысшылардың қормен қарулануы көрсеткіші бойынша:

Бұл - әрбір жұмысшыға  қанша өндірістік негізгі қордың деңгейін көрсетеді. 2005 жылы 1 жұмысшы 2004 жылға қарағанда 3161 теңгеге артық  қаруланған. Осының салдары кәсіпорынға  шығындар статьясын көбейтіп отырғанын  көреміз.

16) Өнімнің 1 теңгесіне кететін шығыны көрсеткіші бойынша:

Кәсіпорынды шығындар есебін жақсы білетін мамандар қарастырмайынша, кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын  арттыру жолдары мүмкінге ие болмайды. «Атамекен» АҚ-да 2004 жылы өнімнің 1 теңгесіне 0,73 тг. болса 2005 жылы 0,84 тг. болып отыр. Бұл дегеніміз - әрбір теңгеге 2005 жылы 11 тиын артық жұмсауды көрсетеді.

«Атамекен» АҚ-ның башылығының алға қойған міндеттері бойынша -  сырттан инвестиция тарту мәселесі алға шығуда. Инвестицияны кәсіпорынға тарту мәселесі бірнеше көрсеткіштер мен анықталады. Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын көрсететін тиімділіктің негізгі көрсеткіші ретінде шығындарды басқару стратегиясы инвестордың алғы шарттары болатыны анық.

    1. «Атамекен» АҚ-ның қаржы экономикалық тұрғыдан талдау жасау.  

Нарық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржы-экономикалық талдау үлкен мәнге ие. Сондықтан қарастырып, талдап, зерттеп отырған кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау өте маңызды.

Себебі – бұл кәсіпорынның тәуелсіздігі, меншік иелерінің пайызы, жұмыскерлер мен басқа да инвесторлардың алдында өзінің өндірістік-қаржылық қызметінің толық түрде мағлұматтар, деректер беретін көздері болып сакналады.

Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді. Оларды келесідей жіктеуге болады:

    • ішкі және сыртқы ортаға байланысты;
    • маңыздылығына қарай – басыңқы және басыңқы емес;
    • қарапайым (жәй) және күрделі;
    • тұрақты және уақытша;

Кәсіпорындағы ішкі факторлар  өзінің қызметіне байланысты болады. Қаржылық – экономикалық талдау нәтижесі сондай-ақ сыртқы факторларға да байланысты болатыны анық. Кәсіпорында өндірілетін өнім және өндірістік технологиясымен тығыз байланысты. Кәсіпорынның қаржы-экономикалық тұрақтылығының маңызды факторы болып – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ қаржылық стратегияның негізінде инвестиция тарту мәселесі болжап білу болып табылады.

Инвестициялық тартымдылықтың маңызды факторларының бірі –  кәсіпорындағы қаражат құрамы және құрылымы. Инвестициялық бағыт, оны  ұйымдастыру мен басқару стратегиясы  және қысқа мерзімді болжаулардың дұрыс таңдалынып алынуы.

Кәсіпорынның инвестициялық  тартымдылығына қарыздық міндеттемелер  нарығының үлкен әсер етуі мүмкін. Сондықтан да «Атамекен» АҚ-ның активтерінің қорлану көздерін талдау негізінде оларды бағалау қажет. Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және тартылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының бар екендігін көрсетеді.

Тәуелсіздік коэффиценттің  мәні – кәсіпорын сырттан тартылған  қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін  және өз қаражаттарын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Батыс экономистері тәуелсіздік коэфицентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздрінің тұрақты құрылымын сақтау мүмкіндік береді. Ивесторлар, несие берушілер дәл осындай құрылымды бақылайды. Себебі, осы жағдайларды кәсіпорынның қоржындық пайын иемденуге болады деп есептейді.

Тәуелсіздік коэффиценттін  мешікті капиталды барлық авансталған  капиталдан бөлумен анықталады.

Ктәуелсіздік  кв

КТ (2004 ж)  = 127908 / 2882565 = 0,4

КТ (2005 ж)  = 1297247 / 4103471 =  0,3

 

Бұл деректерден, кәсіпорынның меншікті капиталының шоғырлануы 0,1 позицияға төмендегенін аңғартады. Дегенмен, кәсіпорын инвестиция тартуға мүмкіншілігі бар бар екенін көрсетеді.

Жабдықтаушылар мен  сатып алушылар арасындағы келісім-шарттық  міндеттемелер қатаң сақталатын және кәсіпорынның атағына үлкен мән берілетін нарықтық экономкасы дамыған елдерде тәуелсіздік коэфицентіне жоғары талап қойылмайды. Мәселен, Ұлыбританияда оны 0,27 дейін темендетуге дейін болады.

 

4 кесте - «Атамекен» АҚ-ның капиталының құрамы және құрылымы. 

Көрсеткіштер

2004 ж

2005 ж

Ауытқулар

соммасы мың тг.

%

соммасы мың тг.

%

+/-

%

1

Баланс валютасы мың  тг.

соның ішінде:

    1. Меншікті капитал мың тг.
    2. Қарыз капитал мың тг.

2882565

 

 

1279081

1603484

100

 

 

44,4

55,6

4103471

 

 

1297247

2806224

100

 

 

31,6

68,4

1220906

 

 

18166

1202740

142,3

 

 

101,4

175

2

Тартылған капиталдың меншікті капиталға қатынасы коэффиценті

Х

1,2

Х

2,2

+1

183

3

Тәуелсіздік коэффиценті

Х

0,4

Х

0,3

-0,1

75

4

Тартылған капиталдың шоғырлану  коэффиценті

Х

0,56

Х

0,68

+0,3

123

5

Меншікті капиталдың табыстылық коэффиценті

Х

0,01

Х

0,008

-0,002

80

 

6

 

Қаржыландыру коэффиценті

Х

0,8

Х

0,5

-0,3

62


 

 

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын келесі көрсеткіші тартылған капиталдың меншікті капиталға  қатынасымен анықталатын қарыз  және меншікті капиталдың қатынасының коэфиценті:

Кқ / ш = Тк / Мк ;

Тк – тартылған капитал

Мк – меншікті капитал

Кқ / ш 2004 = 1603484 / 1279081 = 1,2

Кқ / ш 2005 = 2806224 / 1297247 = 2,2

Бұл коэффиццент кәсіпорынның меншікті қаражаттарының әрбір теңгесіне  қанша қарыз қаражаттарын тартқанын көрсетеді. Қарастырылып отырған кәсіпорында әрбір меншікті қаражатқа 2005 жылы 1 теңге 20 тиын келетін көрсетіп отыр. Демек, кәсіпорынға  қарық қаражаттарын пайдалануын жақсартуға көңіл бөлуі керек. Тәжірибеде Кқ / ш < 1 теңге . Егер оның мәні 1-ден асып кетсе, онда кәсіпорынға қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығына қауіп төнуі мүмкінділігі айтылдған, бірақ жауап әр уақытта бір жақты бола бермейді. Қарыз және меншікті капитал қатынасының коэффиценті салалық ерекшіліктерге, кәсіпорынның шарушылық қызметінің сипатына және айналым қаражаттарының айналу жылдамдылығына да байланысты болады. Материалдық айналым капиталының айналымдылығының жоғарғы көрсеткіштері және дебиторлық борыштардың одан да жоғары айналымдылығы кезінде коэффиценттің қауіпті мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпорынның қаржылық дербестілігіне ешқандай әсерін тигізбейді.

Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың тартылған капиталға  қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффиценті болып табылады.

Кқ = Мк / Тк ;

Мк – меншікті капитал

Тк – тартылған капитал

Кқ 2004 = 1279081 / 1603484 = 0,8

Кқ 2005 = 1297247 / 2806224 = 0,5

Бұл коэффицент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар  қаржыландыруға сенімді кіріседі. Қаржыландыру коэффиценті   < 1 болатын жағдай (кәсіпорынның меншікті капитал бөлігі қарыз қаражаттармен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің кауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындататын көрсетеді. «Атамекен» АҚ-ның бұл көрсеткіші 2005 жылы 0,3 пунке төмендеген, сондықтан кәсіпорын басшылығы осы бағытта белсенді жұмыс жасау керекігі алға шығады.

 Әдетте кәсіпорындар  кезеңдегі және жылдық бухгалтерлік  есеп беру көрсеткіштеріне талдау  жүргізіп, өтімділік көрсеткіштеріне  талдау жүргізеді. Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелер мен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіп пен топталады. Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдылығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді: абсалютті өтімділік коэффиценті, аралық өтеу коэффиценті, ағымдағы өтімділік коэффиценті. «Атамекен» АҚ-ның өтімділігін талдау барысы:

Абсалютті өтімділік  коэффиценті.

Кабс = ақша қаражаты / ағымдағы міндеттемелер

Кабс 2004 = 68957 / 689498 = 0,1

Кабс 2005 = 267971 / 1487298 = 0,18

Кәсіпорынның абсалютті  өтімділігі 2005 жылы 1,8 есе өскен. Бұл  мәннің ұсынылатын мәні 0,2 болғанымен, мөлшерін белгілеу көбіне дұрыс болмайды. Себебі әр кәсіпорын банктегі шоттары мен кассадағы ақша көлемін өз көз қарастарымен шектеледі.

Аралық өтеу коэффиценті:

Кар. өтеу = ағымдағы активтер - ТМЗ / ағымдағы міндеттемелер

Кар. өтеу 2004 = 620548 / 689498 = 0,89

Кар. өтеу 2005 =1070854 / 1487298 = 0,72

 

Бұл мәннің төмендеуі “Атамекен” АҚ-ның ақша қаражаттарының түсуін қамтамасыз ететін дебиторлармен дұрыс жұмыс жасалмағандарын көрсетеді. Бұл өз кезегінде жеткізушілермен есептесуге көмектесетіні белгілі. Нәтижесінде аралық өтеу коэффиценті 0,16 пунктке төмендеп отыр. Кәсіпорын ағымдағы активтер мен ағымдағы пассивтердің арақатынасының тұрақтылығына үлкен мән беру қажет. Ағымдғы өтімділік коэффиценті:

Кағымдылық = ағымдағы активтер / ағымдағы міндеттемелер

Кағымдылық 2004 = 1241096 / 689498 = 1,7

Кағымдылық 2005 = 2825866 / 1487298 = 1,89

Бұл көрсеткіштердің  ұсынылатын мәні 2 ≥ 1 болғандықтан, 2-ден  асуы кәсіпорынның өз қаржы-қаражаттарын  тиімсіз пайдаланылатын көрсетеді /!/. Тауарлы – материалдық запастарының үлесі жоғары кәсіпорын ТМЗ-ның  есептік құны ағымдағы құнмен қаншалықты алшақтайтынын есептеу қажет. Ол дегеніміз кәсіпорында тауарды-материалдық запастар қандай әдістермен бағаланатынын анықтау. «Атамекен» АҚ-ның тауарлы-материалдық запастарды ЛИФО әдісімен, яғни кезең аяғында соңғы сатып алу бағасымен есептелуі мүмкін.

Информация о работе Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдары