Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 09:40, дипломная работа
Экономикалық дамуға көптеген факторлар әсер етеді, олар табиғи ресурстардың саны мен сапасы, қолдану мүмкіншілігі, негізгі капиталдың көлемі мен сапасы, технологияның дәрежесі, жаңа техниканы қабылдау жүйесі, еңбек ресурстарынның кәсіптілік дәрежесі, оның ғылыми және мамандану сипаттамасы, өндірілген өнімге сұранысты арттыру және қолдана білу, ұлттық басқаруда бар ресурстарды тиімді қолданып өте көп мөлшерде сапалы өнім өндіре білу.
Әлемдiк тәжiрибенiң дәлелдеуi бойынша, инвестициялар кез-келген елдiң өркендеуiнiң маңызды факторы ретiнде қарас¬тыры¬лады.
КІРІСПЕ................................................................................................................. 3
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Өнеркәсіптік кәсіпорында инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет түсінігі.................................................................... 7
1.2 Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштер................................................................................................ 18
1.3 Кәсіпорында инвестициялық жобаларды ұйымдастыру......................... 25
2 «АТАМЕКЕН» АҚ-НЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ
2.1 «Атамекен» АҚ-ның экономикалық қызметін талдау............................. 30
2.2 «Атамекен» АҚ-ның қаржы-экономикалық тұрғыдан талдау жасау..... 38
2.3 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау....................... 43
3 ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуал және инвестициялық саясатты жүйелі түрде пайдалану.............................................................. 50
3.2 Өнеркәсіптік кәсіпорынның нивестициялық тартымдылығын арттыру......................................................................................................... 62
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................... 67
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................70
“Экономика” кафедрасы
“Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдары” тақырыбына жазылған
Күндізгі оқу бөлімі 4 курс студенті
Мамандығы 070842 “Экономика”
Есимов Аскербек Жумагулович
Ғылыми жетекші:
аға оқытушы Жакупова А.А
Рецензент
Жұмыс қорғауға жіберілді
“Экономика” кафедрасының
меңгерушісі, э.ғ.к., профессор
Сейдахметов А.С.
Алматы, 2006 ж.
МАЗМҰНЫ
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
Кіріспе
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі, президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылдың 1 наурызындағы халыққа жолдауында айтылғандай «елдің дамуын бәсеке қабілетті экономика құру арқылы жүргізу керек», сондай-ақ «Қазақстанның әлемдегі бесекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» болып табылады.
Экономикалық дамуға көптеген факторлар әсер етеді, олар табиғи ресурстардың саны мен сапасы, қолдану мүмкіншілігі, негізгі капиталдың көлемі мен сапасы, технологияның дәрежесі, жаңа техниканы қабылдау жүйесі, еңбек ресурстарынның кәсіптілік дәрежесі, оның ғылыми және мамандану сипаттамасы, өндірілген өнімге сұранысты арттыру және қолдана білу, ұлттық басқаруда бар ресурстарды тиімді қолданып өте көп мөлшерде сапалы өнім өндіре білу.
Әлемдiк тәжiрибенiң дәлелдеуi бойынша, инвестициялар кез-келген елдiң өркендеуiнiң маңызды факторы ретiнде қарастырылады.
Қазақстан халқына ел Президентiнiң жолдаған “Қазақстан-2030” Жолдауында республика экономикасына инвестицияларды тарту маңызды стратегиялық мәселе ретiнде қарастырылған.
Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.
Жалпы қазiргi кезде адамдар экономикаға салынған инвестициялардың нақты тиiмiдiлiгiн көруi тиiс, ол жұмыс орындарының көбеюiнен, жаңа өндiрiстердiң пайда болуынан, еңбек өнiмдiлiгi артуы үшiн жағдайдың жақсаруынан танылады. Осыған орай Қазақстанда инвестиция саласын одан әрi жетiлдiру мәселесiнiң маңызы артуда.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өз аймағы бойынша саяси-экономикалық маңызды мәселелерді шешуде жетекші орынға ие болып отыр.
Саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық рекформалардағы жетістіктер, табиғи және қоғамдық мүмкіншіліктеріміз біздің еліміздің іргетасы болып табылады. Егеменді ел болып жарияланғаннан кейін, шетелдік инвесторларды елдің экономикасына тарту стратегиялық мақсаттардың бірі болған еді. Нарықтық экономиканы тапқырлықпен жүзеге асырған өркенниетті елдердің тәжірибесі көрсеткендей, шетелдік инвестицияның экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге үлкен септігін тигізетінін айғақтайды. Шетелдік инвестиция тарту жөнінде Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында алдыңғы орында тұр. Өзіндік жинақтаған тәжірибесі бар және тәжірибе негізінде бағыт-бағдарын айқындауда. Қазіргі таңда шетелдік инвестицияларды елдің экономикасына жаңа әдіс-тәсілмен тарту мәселесі алға шығуда. Ол-дегеніміз көлемнен сапаға өту саясатын ұстану болып табылады.
Бұл диплом тақырыбының
зерттеудегі маңыздылығы. Қазақстанның
қазіргі кездегі экономикасы
үшін инвестиция өте маңызды рөл
атқарады десек те болады,яғни казіргі
уақыттағы өнеркәсіптік-
ҚР Президентінің халыққа
01.03.2006 жылғы жолдауында былай делінген:
«Біз ндустриалды-инновация
Біз бәсекеге қабілетті және осы бәсекелестікті әлдеқайда жоғарылытатын экономикалық әлеуетке ие басымдықты саланы таңдадық, мұнымен біз Қазақстандық кластерлікті дамыту жүйесінің бастамасын құраймыз деп білеміз.
Еліміздегі кәсіпорындардың экономикасын дамыту үрдісінде инвестициялар тарту саласында мемлекеттiк саясатты жетiлдiру мен оны дәйектi түрде жүзеге асыру үлкен мәнге ие болып отыр. Зерттеуге алынған тақырыптың өзектiлiгi осы жағдайлармен түсiндiрiледi
Қазіргі кезде индустриалды-инновациялық инфрақұрылымның дамуы қалыптастырыла бастады. Мемлекеттік институттардың даму капитализациялары жылдың басында 730 АҚШ долларын құрады, ал инвестициялық болжамалар 1 млд.200 млн АҚШ долларын құрайды.
2004 жылы 204 инвестициялық жобалар іске асырылған, соның ішінде тең жартысы- даму институтының көмегімен жүзеге асқан.
Біздің стратегиялық алға қойған мақсатымыз-
бәсекеге қабілетті елдердің қатарына
қосылу. Сондықтан мемлекет пен жеке
секторлар бір-бірімен екі
Зерттеу негізі: кәсіпорында
инвестициялық тартымдылық
Диплом зерттеуіндегі қолданған әдістер:
Дипломдық жұмыстың мақсаты-
кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын
арттыру жолдарының теориялық
және әдістемелік негiздерiн
---- кәсіпорынның инвестициялық әрекетінің теориялық және басқарудың әдістік тәсілдерін танып-білу.
----«Атамекен» АҚ-ың
----«Атамекен» кәсіпорынының
Дипломдық жұмыстың теориялық негізінде Қазақстан Республикасы Заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен бағдарламалары, отандық және шетелдік ғалым - экономистерінің еңбектері, бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері алынды.
Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
1 НАРЫқ ЖАҒДАЙЫНДА ӨнеркӘсіптік кӘсіпорынның Инвеститциялық ҚЫЗМЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛыЯҚ негіздері.
1.1 Өнеркәсіптік
кәсіпорындарда инвестицияның
Экономика дамуының құрылымдық
өзгерiстерiн табысты iске асырудың,
жаңа ғылыми-техникалық негiзде өндiрiстiк
әлеуетті құрудың әлемдiк нарықта
бәсекелестiк позицияны
Нарықтық қарым-қатынастар жағдайында республикадағы өнеркәсiптiк өндiрiстiң дамуына инвестициялардың әсерiн анықтау үшiн, алдымен, “инвестициялар” категориясының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн анықтап алу қажет.
Инвестициялар – бұл, нарықтық экономикаға өту кезеңiнде пайда болған, Қазақстандық экономика үшiн бiршама жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлы жүйеде негiзгi қорларды қайта өндiруге, оларды жөндеуге жұмсалатын шығыстардың барлығын қосатын “жалпы күрделi салымдар” түсiнiгi қолданылады.
“Инвестиция” терминi (латын тiлiнiң investio- киiндiремiн) ғылыми және публисцистикалық әдебиеттерде кең қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтауда көптеген пiкiрлер бар. Пол Самуэльсон: “Таза инвестициялау” немесе капиталды құру деп, бiз қоғамның нақты капиталының (ғимараттар, құрал-жабдықтар, материалды-өндiрiстiк қорлар және т.б.) таза өсiмiн айтамыз. Тұрғын адам “инвестициялау” деп, өзiнiң жер учаскесiн, айналымда жүрген бағалы қағаздарды немесе басқа да меншiк объектiсiн сатып алғанын айтады. Бiрақ таза инвестициялау тек қана жаңа нақты капитал құрылған кезде ғана орын алады деп жазған.
Әйгiлi “Экономикстiң” авторлары инвестиция түсiнiгiн кең түрде түсiндiрдi. Олардың анықтамалары бойынша инвестиция- “өндiрiс шығындары және өндiрiс құралдарын жинақтау және материалды қорларды ұлғайту”, яғни өндiрiс шығындарының және жинақтардың барлық жиынтығы.
Инвестиция көзi болып, жинақ қаражаттары табылатыны белгiлi. Бiрақ жинақтар бiр шаруашылық агентпен iске асырылады, ол инвестициялауды тiптi басқа адамдар тобы немесе шаруашылық субъектiлерi iске асыруы мүмкiн. Сондықтан ғалымдар тобы түсiнiктi анықтау кезiнде инвестицияның мәнiне ғана емес, оның мақсатты бағытталуына да көңiл аударады. В.Бочаров инвестицияны тұтынуға қолданылмайтын табыстың бiр бөлiгi деп түсiндiредi. Инвестициялық қорлар инвестициялық iс-әрекеттiң белгiлi объектiлерiне жұмсалады. Мұнда капиталдық құнның өсiмi табыс түрiнде немесе әлеуметтiк эффект түрiнде болады.
В. Фельзенбаум, инвестиция түсiнiгiн мағынасы бойынша “күрделi салымдар” және “қаржылық” (портфельдi) инвестициялар түсiнiктерiне, яғни меншiктен табыс алуға құқық беретiн акцияларға, облигацияларға және басқа да бағалы қағаздарға салынған салымдарға жақын келетiн нақты инвестицияларды қамтиды деп атап өткен.
Инвестицияға анықтама бергенде, инвестицияның тек қана мазмұндылық сипаттамасына ғана емес, сонымен қатар олардың мақсатты бағытталуына да аса назар аудару қажет. Осы көзқарастан қарайтын болсақ, инвестиция жалпы ұлттық өнiмдi өндiруге жұмсалынатын табыстардың маңызды бөлiгiн құрайды, яғни капитал құрумен, физикалық капиталды кеңейтумен байланысты өндiрiстi кеңейтуге және жаңартуға кеткен шығындар болып саналады.
lс-тәжiрибеде әр түрлi зерттеушiлер инвестиция түсiнiгiне әр түрлi мағына бередi. Жалпы тұрмыстық сана-сезiм деңгейiнде инвестицияны жер сатып алуға, қозғалмайтын мүлiк, акциялар сатып алуға, құрылысқа, техникаға, пайдалы қазбалары бар кен орындарына және т.б. қаржылық салымдарды салу деп түсiндiредi.
Инвестицияларды нақты (капитал құрушы) – жаңа кәсiпорын құруға, iс-әрекеттегi кәсiпорынды қайта құруға немесе техникалық жарақтандыруға бағытталған салымдар және қаржылық (портфельдi) – мемлекеттiң, әртүрлi кәсiпорындардың, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары мен акцияларын сатып алуға жұмсалған салымдар деп бөлуге болады. Бiрiншi жағдайда қаржы салымдарын жасайтын салымдар деп бөлуге болады. Бiрiншi жағдайда қаржы салымдарын жасайтын кәсiпорын-инвестор, өзiнiң өндiрiстiк өзiнiң өндiрiстiк капиталын – негiзгi өндiрiстiк қорларды және олардың жұмыс iстеуiне қажеттi айнымалы бағалы қағаздардан табыс-дивидендтер алу арқылы ұлғайтады. Мұнда өндiрiстi құруға ақша қаражаттары салымдарын, инвестициялық жобаларды iске асыруға қаржы құралдарын тарту үшiн акцияларды шығарған басқа кәсiпорындар мен ұйымдар жасайды.
Жаңа өндiрiстi құруға бағытталған инвестиция-лар |
Өндiрiстi кеңейтуге бағытталған инвес-тициялар |
Тиiмдiлiктi арттыруға бағытталған инвес-тициялар |
Мемлекеттiк басқару органдарының талаптарын
орындауға бағытталған |
Тәуекелдiлiктiң жоғары Тәуекелдiлiктiң төмен
дегейi деңгейi
1-сурет-Инвестиция түрi мен тәуекелдiлiк деңгейi арасындағы байланыс.
Сонымен қатар, тiкелей және жанама инвестициялар болады. “Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы” Қазақстан Республикасының Заңында тiкелей инвестициялар – бұл Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiне байланысты және Қазақстан Республикасына берiлетiн ресми техникалық көмек немесе гранттар шеңберiне кiретiн инвестицияларды қоспағанда, инвестициялардың барлық түрi. Ал жанама инвестициялар – бұл бағалы қағаздар немесе мүлiктiк құнды заттар жиынтығына жасалған салымдар, деп көрсетiлген.
Информация о работе Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдары