Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2013 в 09:40, дипломная работа

Краткое описание

Экономикалық дамуға көптеген факторлар әсер етеді, олар табиғи ресурстардың саны мен сапасы, қолдану мүмкіншілігі, негізгі капиталдың көлемі мен сапасы, технологияның дәрежесі, жаңа техниканы қабылдау жүйесі, еңбек ресурстарынның кәсіптілік дәрежесі, оның ғылыми және мамандану сипаттамасы, өндірілген өнімге сұранысты арттыру және қолдана білу, ұлттық басқаруда бар ресурстарды тиімді қолданып өте көп мөлшерде сапалы өнім өндіре білу.
Әлемдiк тәжiрибенiң дәлелдеуi бойынша, инвестициялар кез-келген елдiң өркендеуiнiң маңызды факторы ретiнде қарас¬тыры¬лады.

Оглавление

КІРІСПЕ................................................................................................................. 3
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Өнеркәсіптік кәсіпорында инвестицияның мәні, мазмұны және инвестициялық қызмет түсінігі.................................................................... 7
1.2 Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштер................................................................................................ 18
1.3 Кәсіпорында инвестициялық жобаларды ұйымдастыру......................... 25
2 «АТАМЕКЕН» АҚ-НЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ
2.1 «Атамекен» АҚ-ның экономикалық қызметін талдау............................. 30
2.2 «Атамекен» АҚ-ның қаржы-экономикалық тұрғыдан талдау жасау..... 38
2.3 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау....................... 43
3 ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуал және инвестициялық саясатты жүйелі түрде пайдалану.............................................................. 50
3.2 Өнеркәсіптік кәсіпорынның нивестициялық тартымдылығын арттыру......................................................................................................... 62
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................... 67
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................70

Файлы: 1 файл

Дип.-Кәсіпорынның-инвестициялық-тартымдылығын-арттыру-жолдары.doc

— 449.50 Кб (Скачать)

Кәсіорында инвестицияны тиімді пайдалану үшін мынандай шараларды қолдану керек:

  • экономикалық, ғылыми техникалық, әлеуметтік жетістіктерге жетудің жолдарын табу;
  • пайданы көздеу;
  • жалпы шығындарды азайту;
  • мемлекеттен келген, бюджеттен келген қаржыны, кредиттік қаржыны, гранттан келген қаржыны дұрыс пайдалану;
  • дүние жүзілік мүмкіндіктерді пайдалану, жеңілдетілген гранттар алу;
  • инвестициялық тәуекелділік;
  • инвестицияның өтімділігі.

Қазіргі кездегі  инвестициялық саясаттын ерекшелігі техникалық қаруландыруға салымдар және өндірістік кәсіпорынды қайта жөндеу, инвестицияны базалық машина жасау саласына, ауыл шаруашылық саласына жіберу, ресурс алатын, өндірістің және пайдалану саласына бағыттау.

Инвестициялық өтімділіктің бір түрі – пайдық инвестициялық  қорлар. Инвестициялық пай – атаулы бағалы қағаз болып табылады. Әр инвестициялық пай иемденушісіне бірдей құқық береді. Инвестициялық пайды шығару тәртібі, оларды орналастыру, айналымға жіберу бағалы қағаздар нарығындағы федералды комиссия шешеді.

Инвестициялық пай –  құжатты және құжатсыз нысанда шығарылады. Инвестициялық пайдын мерзімі аңыкталмайды. Инвестициялық пай бойынша процент және дивидент есптелінбейді.

 Инвестициялық  пай қорының мүлкі және инвесторлардын  құқығы жүргізуші кәспорынның  келісім шарты негізінде мамандырылған  депозиттарімен жүзеге асады.Инвестициялық пай қордын тек бір ғана маманданған депозитариі болады.

Инвестициялық пай қоры инвесторлардын мамандырылған депозиттари  есебіне берілген және жүргізүші  кэсіпорынның сенімді жерінде болған мүлкі негізінде құрылады.

Мамандырылған депазитариға және жүргізуші кәсіпорынға есеп үшін берілген мүлік инвестициямен  пайды, инвестициялық пай қорын алу үшін жүзеге асады.

Инвестициялық пай қордын құрылуы инвесторлардын жүргізуші  кәсіпорыннан инвестициялық пайды  алу негізінде болады. Инвестициялық  пай қорынан инвестициялық пайды алатын инвестордын қаржысы мамандандырылған депозиттари есебінен түседі.

 Инвестициялық пай  қоры 2 нысанда болады:

  • ашық;
  • интервалды.

Егер жүргізуші кәсіпорын  өзі шығарған инвестициялық пайды  инвесторлардын сұрауы бойынша уақытында және инвестициялық пай қоры белгілеген тәртіп бойынша сұрау күннен бастап 15 күннен кешіктірмей сатып алуды міндеттіне алса, онда ол қор ашық болады.

Егер жүргізуші кәсіпорын  өзі шығарған инвестициялық пайды  инвесторлардын сұрауы бойынша уакытында  және инвестициялық пай қоры белгілеген тәртіп бойынша, бірақ жылына бір реттен артық емес болса, онда ол интервалды қор болады. 

Жүргізуші компания инвестициялық  пай қорының мүлкін инвестициялауға  құқылы. Ол инвестициялық қорының  мүлкіне кездейсоқ зақымдап алса, жоғалтса өз мүлкімен жауап береді.              

Инвестициялық пайды орналастыру  жағдайында ол тек қана ақша қаражаттарымен төленеді. Орналастыру жағдайында ескере кететен бір жағдай: толық төленбеуге немесе төлемді кейінге қалдыруға  болмайды.

Инвесторлар өздеріне тиісті инвестициялық паймен еркін қолданады.Олар пайды мұрагерлікке қалдыруға, бағалы қағаздар заңына сәйкес басқа да келісімдер жасай алады. Барлык кәсіпорындар инвестициялық әрекетпен байланысты. Инвестициялық жоба бойынша шешім қабылдау көптеген факторлармен қиындатылады. Олар: инвестицияның түрі, инвестициялық жобаның құны, қаржы ресурстардың шектеулігі, шешім қабылдаумен байланысты тәуекелділіктер.

Инвестицияны қажет  ететін себептер көп болуы мүмкін, бірақ жалпы оларды үш түрге бөлүге болады: қолда бар материалды-техникалық базаны жаңарту, өндірістік көлемін ұлғайту, жаңа қарекеттердің түрін меңгеру. Инвестициялық жобаны қабылдау міндеті әр бағытта әртүрлі. Егер бар өндірістік қуатты ауыстыру керек болса, онда шешім оңай қабылданады, себебі кәсіпорынның басшылары жаңа өндірістің қаңдай сиппаттамалармен қанша керектігін нақты біледі. Ал егер негізгі әрекетті кеңейтумен байланысты инвестиция туралы шешімді қабылдау қиынға түседі. Осы жағдайда жаңа туындайтын факторларды ескеру қажет. Олар: тауар нарығында кәсіпорынның  жағдайының өзгеруі, қосымша еңбекті игеру жэне т.б.

Болжанған инвестиция көлемі маңызды болып келеді. 100 мың  $ мен 1 млн.$ тұратын  инвестициялық  жобамен байланысты жауапкершілік  деңгейі әртүрлі. Сол себептен экономикалық тұргыдан талдаулық зерттеудің деңгейі әртурлі болу керек. Сол себептен инвестициялық сиппатты шешім қабылдау дифференциалдық құқұық тәжірибесі көптеген кәсіпорындарда  күнделікті бекітіледі, яғни инвестицияның максималды көлеміне шектеу қойылып, кәсіпорынның басшылары өзіндік шешім қабылдайды.

Инвестициялық сипаттағы  бақылау шешімін қабылдау процесі  негізінде болашақ ақша түсімдері  мен болжаулы инвестиция көлемін  салыстыру жэне бағалау жатыр.Өйткені  салыстырылатын көрсеткіштер әр түрлі  уақытқа қатысты, осындағы ең негізгі проблема оларды салыстыру. Оған әртурлі қарауға болады, объективті жэне субъективті жағдайға байланысты инфляция қарқыны болатын түсімдердің көлемі, болжау көкжиегі, аналитиктердің білім деңгейі және т.б.

Қаржылық мененджмент  тәжірибесі инвестициялық қызметтерді бағалаудың келесі әдістерін атап көрсетеді.

Капитал мен табысты  дисконтау. Матариалдық негізін ақша құрайтың қаржы ресурстары уақытша құндылыққа ие. Қаржы ресурстардын уақытша құндалығы екі аспектіде қарастырылады. Бірінші аспект ақшаны сатып алу қабілеттілігімен байланысты. Екінші аспект ақша қаражаты капитал сияқты айналымымен және осы айналымнан табыс алумен байланысты. Ақша жаңа ақшаларды тезірек жасау керек.

Табысты дисконтау- капитал  салу мерзіміне байланысты табысты  әкелу. Дисконтау есебімен өскен капитал мен қосымша табысты аудару үшін келесі формула аңықталынады:

К=К*(1+n),

К- салымдардың бастапқы сомасынан t-мерзімінің аяғында капиталдың салымдарының мөлшері.

К- салынған капиталдын  мөлшерін ағымдағы бағалау, яғни бастапқы салым салынғаннан кейін бастапқы мерзімнің  позизиясы.

n-дисконттау коэфициенті  (яғни табыстылық нормасы немесе  пайыз мөлшерлемесі) бірлік үлесі.

Д=К (1+n)-К,

Д- косымша табыс, теңгемен

Ағымдағы мезгіл позициясынан болашақ ақша түсімдерін бағалау  үшін табысты дисконттау қолданылады. Инвестор капиталды салғанан кейін, келесі жағдайларды басшылыққа алады.

Біріншіден, әр уақытта  ақшаның құнсыздануы болады, екіншіден,анықталған минимум мөлшерінен төмен емес капиталға  табыстың мезгілдік түсуі. Инвестор болашақта қандай табыс алатынын бағалау керек және табыстың болжанған деңгейінен жұмыстың басталуына максималды мүмкін болатын қаржылық ресурстар соммасына салуды жіберу.

Таза табыс келтіретін эффекті есептеу әдісі. Бұл әдіс бастапқы инвестиция көлемін дисконттау таза ақша түсімдерінің жалпы соммасын келтірілгеннен құралған. Өйткені ақша қаражаттардың құйылымы уақыт бойынша бөлінген. Ол аналитик инвестициясы келетін немесе инвестициялай алатыннын жылдық қайтарылу пайызынан шыға қоятын r-коэффициенті арқылы дисконттталады. Мысалы мынандай болжам жасалынады, инвестиция (IC) жыл ішінде басқарылады, ал жылдық табыстар P1,P2,.............Pn көлемінде. (NPV) сәйкесінше мына формулалар бойынша есептелінеді: 

PV= Рк/ (1+r )e      ;

NPV= Рк/ (1+r )e   -С-С ; 

 Егер: NPV> 0, онда жобаны қабылдау керек

            NPV<0, онда жобаны қабылдамау керек

            NPV=0, жоба не пайдалы емес , не зиянды емес.

Мынаны ескеру қажет, NPV көрсеткіші қаралып отырған жобаны қабылдау кезде кәсіпорынның экономикалық потенциалының өзгеруінің болжамдық бағалауын көрсетеді. Бұл жоба уақыт бойынша әр түрлі жобалардың NPV соммалауға болады. Бұл өте ерекшке белгі, бұл критерияны басқалардан ерекшелейтін және оптималды инвестицияланған қоржынды талдау кезінде оны негізгі етіп қояды.

Инвестицияның табыстылық индексін есептеу әдісі. Бұл әдістің мәні бойынша алдыңғының жалғасы болып табылады. Табыстылық индексі PI мына формула бойынша есептелінеді.

PI=РК / ( 1+r)k/ИсИ ;

Егер :PI>1, жобаны қабылдау керек

PI<1, жобаны қабылдамау керек.

PI=1, жоба не табысты емес не зиянды емес.

Таза келтірілген эффектімен салыстырған  да табыстылық индексі қатынасты  көрсеткіш болады. Осыған орай, NPV мәні бірдей альтернативті жобалардың ішінен біреуін таңдап алуға қолайлы.

Инвестицияны пайдалылық үлесін есептеу әдісі. Инвестицияның пайдалылық нормасының түсінігінің астында дисконттау коэффициентінің мәні жатыр. Сонымен қатар , жобаның NPV=0:

IRR=r, бұнда   NPV=f(r)=0

Жоспарланған инвестицияның нәтижелігін талдауда бұл коэффициенттердің мәні мынада жатыр: IRR-берілген жобамен асоцоцияланатын шығындарды максималды қатысты жіберу деңгейін көрсетеді. Мысалы, егер жоба толығымен банктің ссудасы арқылы қаржыландырылса, онда IRR-банктің пайыздық мөлшерлемесінің жіберілу деңгейінінің жоғарғы шекарасын көрсетеді, оның жоғарлауы жобаны зиянды жасайды.

Инвестицияның нәтижелік  коэффициенттерін есептеу әдісі. Бұл әдістің екі белгісі бар: ол табыстың көрсеткіштерін дисконттауды ұсынбайды; табыс таза пайданы PN көрсеткіштерімен сипатталады. Есептеудің алгаритімін ерекше оңай, сондықтан бұл коэффициенті тәжірибеде көп қолданады. Инвестицияны нәтижелік коэффициенті  ARR орта жылдық пайданы PN инвестицияның орта көлеміне (коэффициент % алынады) бөлумен есептелінеді. Инвестицияның орта шамасы капиталды салымдардың бастапқы соммасын 2 бөлгенде табылады, егер талданатын жобаны өткізу мерзімі өткенде барлық капиталды шығындар шығарылып тасталынады немесе қолдық  құнының қома- қолдығын жіберсе RV онда оны бағалау шығарылып тасталу керек.

 ARR=             PN


                                             ½ (IC-RV)

Осы көрсеткіш кәсіпорынның жалпы таза табысын оның іс-әрекетіне  авансталған (орта баланстың нетто  қорытындысы) қаражаттың жалпы сомасына бөлумен анықталады, авансталған  капиталдың пайдалылық коэффициентімен  салыстырылыды.

Инвестицияның өтелу  мерзімін анықтау әдісі. Бұл әдіс әлемдік тәжірибеде ең оңай және кең таралған әдістердің бірі.

Өтелу мерзімін есептеу  алгаритімі  (РР) инвестициялаудан түсетін  болжанған табыстарды бөлудің бір  қалыптылығына тәуелді. Егер пайда  жылдарға бір қалыпты бөлінсе  онда өтелу мерзімі жылдық табыстың көлеміне бір уақытылы шығындарды бөлумен анықталады. Бөлшек сан шыққанда оны бүтін жақын санға айналдырамыз. Егер пайда бір қалыпты бөлінбесе, онда өтелу мерзімі жылдар санын тура есептеумен анықталады, ол сол жылдар ішінде инвестиция куммулятивті табыспен жабылады. РР көрсеткіші есептеудің жалпы формуласы мынандай болады.

PP=n Pk ,    мұнда  Pk >IC

Инвестицияны өтелу  мерзімінің көрсеткішін есептеу  қажет. Сонымен қатар талдауда ескеретін  бірқатар кемшіліктер бар. Біріншіден, ол соңғы мезгілдердегі табыстың әсерін ескермейді. Екіншіден, ол кумулятивті табыстардың сомасы бірдей жобаларды ерекшелемейді, бірақ оларды жылдар бойынша бөлуді ерекшклейді. Бірқатар жағдайларда өтелу мерзімін есептегеннен тұратын әдістерді қолдану дұрыс бола алады. Мынандай жағдайларда:

  • кәсіпорын басшылары жобаның табысты емес, көбінесе өтімділік проблемасын шешумен айналысуда ;
  • инвестиция тәуекелділіктің жоғарғы деңгейімен байланысты, сондықтан өтелу мерзімі қысқа болған сайын жобаның тәуекелделігі де аз болады.

Мұндай жағдай тез  техникалық өзгерістер болатын іс-әрекеттің  түрлеріне немесе салаларына сәйкес келеді.

 

1.3  Өнеркәсіптік  кәсіпорындарда инвестициялық жобаларды  ұйымдастыру жолдары.                                                                                                               

Кәсіпорында инвестициялық  саясатты жүргізген кезде көптеген факторлар маңызды роль ойнайды. Соның ішінде ерекше орын алатын –  инвестицияны мемлекеттік қолдау.

Инвестициялық жобалау  дегеніміз техника – экономикалық негізі бар (сызулар, түсіндірмелі хаттар) инвестициялық жобаның бизнес-жоспары және жобаны жүзеге асыру үшін қажетті басқа материалдар. Оның ажырамас бөлігі болып инвстициялық жобаның құнның анықтайтын смета табылады.

Жоба – бұл техникалық материалдар (сызба, есептер, жаңа құрылған ғимараттардың макеті, құрлыстар т.б) белгілі бір құжаттардың алдын-ала тексті.

Ең алдымен өндірістік бағытта инвестициялық жобаны өңдеу  ұзақ мерзім уақыт бойы жүзеге асады- идеядан бастап материалдық деңгейге дейін.

Инвестициялық жобаны нарыктық көрсеткіштердің көмегімен тиімді бағалау үшін жұмыстын басталуы мен аяқталуын нақты білу керек. Зертеуші, ғалым үшін жобаның басталуы идеяның туындауы болса, бизнесмендер

үшін - алғашқы ақша қаражатты жобаны жүзеге асыру үшін салу болып табылады.

Жобаны қаржыландыратын  инвесторларды процесстің жасалуы  емес, оны өткізуден алатын пайда  қызықтырады. Ал жобаны жүзеге асыратын мекемелер үшін – жұмыстың аяқталуы. Кейбір жобалар үшін жұмыстың аяқталуы – қаржыландырудын тоқтатылуынан, объектіні пайдалануға шығару, жобалық қуаттылықты толығымен игеру болады.

Жобамен жұмыс істеу  мезгілінің басталуы мен аяқталуы құжатты  түрде негізделу керек.

Жобаның басталу кезінен  өтімділік кезеңге дейінгі уақыт  аралығы инвестициялық цикл деп  аталады.

Инвестициялық циклды 3 топқа бөлуге болады. Оның әркайсысының өз мақсаттары мен міндеттері бар:

  • ивестицияға дейінгі - бастапқы зерттеулерден инвестициялық жобаны қабылдау шешіміне дейін, яғни соңғы зерттеулерге дейін
  • ивестиция кезеңі - келісім шарт жасау кезеңі
  • өндірістік - кәсіпорынның немесе объектінің шаруашылық қарекет ету кезеңі.

Инвестициялауға дейінгі және инвестициялау кезіндегі  этаптар инвестициялық жобалау  облысына кіреді. Ал өндірістік кезең  арнайы жүргізуші дисциплиналар ( өндірістік мекеме және еңбек күші, болжау, қаржыландыру, анализ т.б ) облысына кіреді.

Инвестицияға  дейінгі кезде болашақ объектіні  жобалау қарастырылады. Кәсіпорын  инвестиция туралы алдын-ала шешім  қабылдайды, салынып жатқан объектілерінің директорын тағайындайды. Жобаның техникалық экономикалық бағалауын, өтімділік бағасын зерттеуді кәсіпорынның өзі жүргізеді немесе мамандырылған мекемелердің көмегіне жүгінуге болады.

Информация о работе Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдары