Экономикалық өсудің Қазақстандағы үлгісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 18:44, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық өсу қоғамды дамыту мен әлеуметтік мәселелерді шешудегі маңыздылығымен бірнеше жүз жылдар бойы зерттелуде. Кез келген мемлекет халқының тұрмыс-жағдайын, әл-ауқатын жақсартуда және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Ал бұл міндетті атқару үшін ұлттық экономиканың, халық шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық дамуына қол жеткізу қажет.
Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан – 2030» Бағдарламасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты экономикалық өсуге, жоғары индустриалды қоғамды қалыптастыруға, халықтың өмір сүру деңгейін, әл-ауқат жағдайын көтеруге қол жеткізу мақсаттары көрсетілген. Яғни Қазақстанда әлемдік тауар және қаржы рыноктарында бәсекелесе алатын, халқының өмір сүру деңгейі жоғары, әлеуметтік бағытталған рыноктық экономиканы, бәсеке қабілетті жоғары индустриалды экономиканы қалыптастыруға бағытталған.

Оглавление

Кіріспе.

І – тарау. Экономикалық өсудің теориялық аспектілері.
1.1.Экономикалық өсу сипаты мен әсер етуші факторлар.......................................................................4-10
1.2. Экономикалық өсу модельдері мен кезеңдері......................................................................10-20

ІІ – тарау. Экономикалық өсу – ел болашағы.
2.1.Қазақстандағы экономикалық өсудің негізі - өндіріс тиімділігін талдау..................................20-28
2.2.Экономикалық өсудің Қазақстандағы үлгісі...................................................................28-37

Қорытынды............................................ ............37-38

Пайдаланған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

Экономикалык өсу новый 2009.doc

— 1.63 Мб (Скачать)

Экономикалық өсу келесі топтармен шартталған: өндіріс құрал-жабдықтарымен және инвестициямен көрінетін, ЖҰӨ-ң абсолютті және салыстырмалы үлесінің өзгеруі; инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейі; экспорт-импорт арақатынасы, әсіресе, ғылымды қажетсінетін өнім мен шикізат ресурстарындағы; сыртқы сауда сальдосының өзгеруі; сыртқы қарыздың абсолюттік және салыстырмалы мөлшері, қоғамдық өнімнің салалық жән ұдайы өндірістік құрылымы; өндірісі рентабельділігі.

Экономикалық өсу қарқынының мәселесі удайы өндіріс процесінің интенсификациялық негізгі мәселелерінің бірі және ол қоғамның әлеуметтік сұрақтарымен байланысты шешімдер деңгейін анықтайды.

Жоғарыда көрсетілген  топтар үнемі позитивті болмайды, яғни экономиканы макрореттеуде  қателіктер кетіп отырады. Солардың ішіндегі маңыздысы - өндіріс құрылымының негізсіз сынуы, яғни ғылымды қажетсінетін саладағы өндіріс үлесінің азаюы және керісінше, шикізат салаларында өсуі. Бұған негізгі себеп мемлекеттік кәсіпорындарды алдын ала ойластырмай жекешелендіру, жылжымайтын мүлікпен түскен пайданы спекулятивті операцияларға жұмсау арқылы кәсіпорынды өзінің меншікті қорлану көздерінен және мемлекеттің қаржылық қолдауынан айыру. Осыған байланысты өндірістің дамуы парадоксальді формада жүзеге асырылды – экономиканың құрылымдық жаңаруындағы потенциалды салалардың дегродациялық жағдайына әкелді.

ЖІӨ-ң өндірісінің және таза өнімнің төмендеуіне КСРО республикаларының  арасындағы кооперациондық байланыстардың үзілуі де себеп болды, яғни тұтынудың  басқа рынокқа қайта бейімделуі болды.

Қазақстанда 2008 жылығы желтоқсан да 830 ірі және орта кәсіпорындар тіркелген.Өнеркәсіптік кәсіпорындардың негізгі бөлігінің қысқаруына байланысты жылдары нақты сектордағы жандану деңгейі өте жоғары болды.  Бұл жандану Халықаралық Валюталық Қордан, Әлемдік Банктен бөлінген қаржы негізінде болды. Бірақ ол ұйымдар қаржы беруден бұрын, бірнеше талаптар қойды: елдегі инфляция қорқынын төмендету , елдің ірі өнеркәсіп салаларына шетелдік инвесторлардың басқаруына беру немесе біріккн шаруашылық жүргізу. 2008 жылы экономикаға тікелей инвестицияның келуі 3836,1 млрд теңгені құрады, ол 2007 жылмен салыстырғанда 4,6%-ке өсті.   2008 жылы жылы ірі инвесторлар: Ұлыбритания 33%, Оңтүстік Корея-31%, АҚШ-10%. 2008 жылы меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындармен 30160 тенге шетелдік инвестиция пайдаланды.2007-2008 жылдары тұтыну тауарларының өсуі байқалды. Бірақ олардың сапасы оларды өткізу деңгейіне сәйкес келмейді. Өндіріс көлемін технологиялық жаңғыртусыз отандық экономикалық бәсеке қабілеттілігін көтеру мүмкін емес. Ал өндірісті жаңа техника, технологиялармен жабдықтау үшін әрине қаржы қажет. Тауарлармен қызметтердің ішкі тұтыну рыногын бюджеттік инвестициялар кеңейтедеді, ал ол өз кезегінде қаржылық қызмет рыногын ұлғайтады және бюджет табысының өсуіне әкеледі. Бюджет табысының өсуі мемлекеттік шығыстардың белгілі бір деңгейіне дейін көтерілуіне әкеледі. Мемлекет құқық тәртібін, меншік құқығын қорғау, ақша жүйесін реттеуден басқа көптеген қызметті де жүргізуге міндетті, мысалы, ұлттық қорғаныс, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау, білім жүйесін қадағалау сияқты.

 

 

2.2. Экономикалық өсудің Қазақстандағы үлгісі.

 

 Қазақстан үшін экономикалық  өсудің тиімділігі мен сапасы  маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы  еліміздің экономикалық дамуының  нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің  сан жағынан өсу қарқындылығы  арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі негізінен орта есеппен жылына 2 4,5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат – жұмыспен толық қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш басқаша: 3,5-8,5 %). Баға деңгейінің тұрақтылығы мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды құрайтын болса. (Іс жүзінде әдетте ол 5-10 пайызға жетеді).

Қазақстан экономикасының өсу динамикасы. Еліміздің экономикасының қазіргі  кезеңде тұрақты ұзақ мерзімдік  өсуді қамтамасыз ету мәселесі Стратегиялық басымдықтардың маңыздысы болып  табылады. Бұл мәселені қарастыру үшін, ең алдымен ағымдық жағдайды дұрыс бағалау қажет. Қазақстан 90-шы жылдардың басынан экономикалық өсудің дағдарысы мен экономикада құрылымдық ілгерілеушілікті бастан өткерді. Отандық экономиканың реформалану үрдісінің өтуіне айтарлықтай ықпал көрсеткен дағдарыстың басқа түрлері бойынша да мәліметтер келтірілуде. Экономикалық өсудің дағдарысы деп әлемдік практикада ІЖӨ-нің жалғасқан үш жыл бойында 9 %-ға төмендеуі алынады.кономистер арасында экономиканың өсуін қамтамасыз етуіндегі мемлекеттің рөлі жөніндегі көзқарастары әр түрлі.

Өмір сүру деңгейі әлеуметтік ұғымдардың маңыздыларының бірі болып  табылады. Өмір сүру деңгейі деп  – халықтың қажетті материалдық  игіліктерімен және қызметтермен қамтамасыз етілуі, оларды тұтыну және рационалды қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейін айтады. «Халықтың өмір сүру деңгейі» ұғымының кең мағынасына өмір сүрудің шарттарын, еңбек және жұмысбастылық, бос уақыт, денсаулық, білім беру және тіршілік етудің табиғи ортасын жатқызуға болады. Халықтың тұрмыс-жағдайын, өмір сүру деңгейін көтеру, әртүрлі материалдық және рухани игіліктермен қамтамасыз ету әр елдің приоритетті бағыты.

Экономистер арасында экон өсуін қамтамасыз етудегі мемлекеттің  рөлі жөніндегі көзқарастар әртүрлі.

Айтылған көзқарастардың біреуіне сай төменде сипатталатын басты сатылардың болуы маңызды. Бұл талап көбінесе экономикалық өсуінің қиындығынан пайда болды, бұған экономикасы артта қалған мемлекеттер кезігеді.

  1. Заңдылық пен тәртіп.

Кейбір кедей мемлекеттерде  қылмыс пен ішкі қақтығыстар болады, бұл ахуал жер мен жалпы ресурсты дұрыс пайдаланбауға алып келеді. Сондықтан тұрақты әрі күшті мемлекеттік билік, заңдылық пен тәртіпті орнату қажет.

  1. Меншік кәсіпкерлігінің әлсіздігі

Көптеген мемлекеттерде  табыс тауып, өндірісті дамыта алатын және оған ниеті бар қуатты кәсіпкерлер аз деуге болады. Сондықтан меншік кәсіпкерлігі экономиканың өсуінің басты күші бола алмайды.

  1. Инфрақұрылым

Әлеуметтік тауар мен  қызметтің тапшылығы салдарынан экономиканың өсуінде инфрақұрылымның  жеткілікті дамуынан көптеген қиындықтар пйда болады. Санитарлық-гигиеналық және медициналық бағдарламалар, білі, жерді өңдеу мен оны қорғау, жолды жөндеу және басқа да көлікеті – байланыстық жүйелер осының барлығы нарықтық емес тауарлар мен қызметтер болып табылады, бірақ халыққа үлкен жанама пайда әкеледі. Тек мемлекет қана осындай тауар мен қызмет өн.дірісін қамтамасыз ете алады.

  1. Міндетті жинақ пен капиталды салымдар

Кей – кезде жинақ  пен инвестиция поблемалары мемлекеттің  тарапынан реттеуді қажет етеді.

  1. Әлеуметтік орналасуы

Экономиканың өсуін болжауға мемлекеттің барлық жағдайы бар. Жер реформасы мен халықтың өсуін ұстау – басты міндет болып табылады, әл ауқатты жоғарлату үшін мемлекеттің кірісуі керек. Тек мемлекет қан дамуға жол ашады.

Жоғарыда экономикалық өсудің негізгі мақсаттары қарастырылды, яғни халықтың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін көтеру, ұлттық қауіпсіздікті қолдау, нығайту кезкелген елдің басты міндеті.

 

Өмір сүру деңгейін зерттеудің маңызды  міндеті – халықтың әл-ауқатының  өзгерістерінің заңдылықтарын көрсету, яғни ел көлемінде және оның аймақтары деңгейінде сәйкес процестерді, халықтың әлеуметтік-демографиялық топтарын және үй шаруашылығының әртүрлі типтерін зерттеу. Бұл өмір сүру деңгейінің экономикалық, ұлттық, табиғи-климаттық және т.б. ерекшеліктерден, сонымен қатар халық табысынан тәуелділік өзгешеліктерін бақылауға мүмкіндік береді. Болжам бойынша өнеркәсіп өнімдері көлемінің өсу қарқынының төмендеуі, құрылыс көлемінің қысқаруы және қызмет көрсетудің өсу қарқынының төмендеуіне байланысты 2008 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі 1 %-ға төмендейді. Кен өндіру өнеркәсібіндегі өсу қарқынының 5,3%-ға дейін жоғарлауы және өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру көлемінің 2,6 %-ға қысқаруымен байланысты 2008 жылы өнеркәсіп өнімдері көлемінің өсу қарқыны 2,1%- ды құрады. Кен қазу өнеркәсібіндегі өндірістің өсуі негізінен 2008 жылы мұнай өндіру көлемінің 4%-ға артуымен қамтамасыз етіледі. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндірудің қысқаруы негізінен металлургия өнеркәсібіндегі өндірудің қысқаруымен байланысты болып отыр. 2008 жылдың аяғында басталған әлемдік сұраныс пен тұтынудың елеулі қысқаруына байланысты, қара металлургия өнімдерін өндіру болжам бойынша 30%-ға дейін, түсті металлургия 2 %-ға дейін төмендейді. Құрылыста 2008 жылы 2 %-ға дейін төмендеу болжамдануда. Іскерлік және тұтыну белсенділігінің төмендеуі 2008 жылы қызмет саласында өсу қарқынының, соның ішінде көлік қызметінің 5,5%-ға дейін, байланыс қызметінің 11,1%-ға дейін, сауданың 3,2%-ға дейін жоғарылады. Теңгенің құнсыздануы экономиканың өсуіне оң әсер етеді, бұл 2009 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуіне бағалау бойынша қосымша 0,3%ға ықпал етеді. 2009 жылғы кезеңнің соңында теңгенің құнсыздануын ескере отырып, инфляция 11 %-дық деңгейде бағалануда.

Жалпы әлемдік сұраныстың қысқаруы, қазақстандық экспорттың басты  тауарлық құрамдас бөліктеріне әлемдік бағаның төмен деңгейі, және осының салдары ретінде Қазақстан экономикасы өсуінің төмендеуі экспорт пен импорт көлемінің төмендеуіне ықпал ететін болады. Болжам бойынша 2008 жылы экспорт көлемі 45,1 млрд. АҚШ долларын құрайды, бұл 2007 жылға қарағанда 26,8 млрд. АҚШ долларына төмендеген. Импорт 3,8 млрд. АҚШ долларына төмендеп, 34,6 млрд. АҚШ долларын құрайды. Импорттың төмендеуінен асатын экспорт көлемінің төмендеуі, 2009 жылы 5,9 млрд. АҚШ долларын құрайтын төлем теңгерімінің ағымдағы шотының тапшылығының құрылуына ықпал етеді. Төлем теңгерімінің болжамды параметрлері ақша-кредит саясатының параметрлерімен және елдің орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық дамуының параметрлерімен үйлесімді. 2010 жылдан бастап 3,0 %-дан, 2013 жылы 4,3 %-ға дейін біртіндеп экономикалық өсу қарқындарының артуы күтілуде. Өнеркәсіп өнімі көлемінің орташа жылдық өсуі 2010 – 2013 жылдары 2,8 %-ды құрады. Мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 2008 жылғы 70,7 млн. тоннадан 2013 жылы 82,0 млн. тоннаға дейін өседі. Ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемінің өсуі 3,5 %-ды құрайды. Құрылыс жұмыстарының орташа жылдық өсуі 2,1-3,0 % деңгейінде күтілуде. Көлік қызметтері 3-3,5 %, көрсетілетін байланыс қызметтерінің көлемі орташа 10,0 %-дан астам өседі. 2013 жылға қарай халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 10822 АҚШ долларына жетеді.

2012 жылғы халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ

2012 жылғы қаңтар-маусымда Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты көлем индексі (НКИ) өткен жылмен салыстырғанда 105,6% құрады. ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 40,7%, қызметтер – 52,2% құрайды.

1-кесте.Қазақстанның 2012ж.  ЖІӨ мөлшері

 

Алайда бұл 2012 жылғы көрсеткіш болып табылады. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің болжамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында мақұлданған 2009 жылғы 24 наурызындағы № 13 хаттамаға сәйкес қазіргі кезге жасалған болжамын салыстырмалы түрде көре аламыз.

2009 – 2013 жылдардағы халықтың жан басына шаққандағы

ЖІӨ болжамы 

2009 жылдың кезең соңында  инфляция деңгейінің (теңгенің құнсыздануына  жүргізілген нәтижеде) 11 %-ға дейін  артуынан кейін, біртіндеп 2013 жылдың соңында 5,5-7,5 % төмендеу  болжануда. Инвестициялық үдерістерді және тұтыну белсенділігін ынталандыру экономиканың теңгерімді өсуінің негізі болады. 2010-2013 жылдары инвестициялардың өсу қарқыны 4,4-5,3 %-ды құрайды. Бұл белсенді технологиялық жаңғырту жүргізуге мүмкіндік беретін негізгі капиталдың жинақталуының жеткілікті жоғары өсуін қамтамасыз етеді. 2010-2013 жылдары тұтынудың өсуі 2,7-3,5 %-ды құрайды. Бұл ретте мемлекеттік тұтыну, үй шаруашылықтары тұтынуының өсу қарқынымен салыстырғанда барынша жоғары қарқынмен өсетін болады. Тұтастай алғанда Үкімет ЖІӨ-нің құрамдауыштары өсуінің келесі көрсеткіштерін қамтамасыз ететін болады.

 2-кесте. Экономиканың 2009-2013 жылдарға арналған өсу өлшемдері,

өткен жылға қарағанда %

 

Көрсеткіштер 

2009

2010

2011

2012

2013

Тұтыну

0,3

2,7

3,1

3,3

3,5

Оның ішінде:

жеке меншік

-0,2

2,2

2,5

2,7

3,0

мемлекеттік

3,0

4,4

5,0

5,2

5,3

Инвестициялар

0,0

4,2

4,6

5,1

5,3

Тауарлар мен қызметтер  экспорты

2,0

3,1

2,0

2,3

3,2

Тауарлар мен қызметтер  импорты 

0,4

3,7

1,1

1,5

2,7


Тиісінше, алдағы орта мерзімді кезеңге арналған фискалдық саясат мемлекеттік тұтыну мен инвестициялардың көрсетілген өлшемдерін қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделіп құрылатын болады.

Экономикалық өсу саясатын жүргізуді қолдаудың басымдықтары ретінде халықтың тыныс-тіршілігінің сапасын және әлеуметтік стандарттарын орнықты арттыруды көздейді.

4-кесте .Негізгі әлеуметтік индикаторлар

Көрсеткіштер  атауы 

2007 ж.есеп 

2008 ж. бағалау 

Болжам 

2009 ж. 

2010 ж. 

2011 ж. 

2012 ж. 

2013 ж. 

Жалақының ең төменгі  мөлшері, теңге 

9752

12025

13717

14548

15639

16733

17821

Базалық зейнетақы төлемінің  мөлшері, теңге 

3000

4810

5487

5819

7820

8367

8911

Зейнетақының ең төменгі  мөлшері, теңге

7236

7900

9875

12344

16047

17491

18978

Ең төменгі күнкөріс деңгейі, теңге

9653

12025

13717

14548

15639

16733

17821

Айлық есептік көрсеткіш, теңге

1092

1168

1296

1375

1478

1581

1684

Информация о работе Экономикалық өсудің Қазақстандағы үлгісі