Экономикалық өсудің Қазақстандағы үлгісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 18:44, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық өсу қоғамды дамыту мен әлеуметтік мәселелерді шешудегі маңыздылығымен бірнеше жүз жылдар бойы зерттелуде. Кез келген мемлекет халқының тұрмыс-жағдайын, әл-ауқатын жақсартуда және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Ал бұл міндетті атқару үшін ұлттық экономиканың, халық шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық дамуына қол жеткізу қажет.
Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан – 2030» Бағдарламасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты экономикалық өсуге, жоғары индустриалды қоғамды қалыптастыруға, халықтың өмір сүру деңгейін, әл-ауқат жағдайын көтеруге қол жеткізу мақсаттары көрсетілген. Яғни Қазақстанда әлемдік тауар және қаржы рыноктарында бәсекелесе алатын, халқының өмір сүру деңгейі жоғары, әлеуметтік бағытталған рыноктық экономиканы, бәсеке қабілетті жоғары индустриалды экономиканы қалыптастыруға бағытталған.

Оглавление

Кіріспе.

І – тарау. Экономикалық өсудің теориялық аспектілері.
1.1.Экономикалық өсу сипаты мен әсер етуші факторлар.......................................................................4-10
1.2. Экономикалық өсу модельдері мен кезеңдері......................................................................10-20

ІІ – тарау. Экономикалық өсу – ел болашағы.
2.1.Қазақстандағы экономикалық өсудің негізі - өндіріс тиімділігін талдау..................................20-28
2.2.Экономикалық өсудің Қазақстандағы үлгісі...................................................................28-37

Қорытынды............................................ ............37-38

Пайдаланған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

Экономикалык өсу новый 2009.doc

— 1.63 Мб (Скачать)

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы жағдайы

 

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор (ҚЭИ) 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 102,7% құрады.

Экономиканың  нақты секторы. 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі 12086,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 0,5%-ға көп. Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда нақты көлем индексі 100,0% құрады. Көмір және лигнит (101,6%), табиға газ (101,6%) өндіру өсті. Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде өсу 0,6% болды. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 4,4%-ға өсті, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау – 7,2%-ға төмендеді.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1328,6 млрд. теңгені құрап 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 8,4%-ға төмендеді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2012 жылғықаңтар-қыркүйекте 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 2,3%-ға жоғары.

Жүк айналымының  көлемі 2012 жылғы қантар-қыркүйекте 346,8 млрд. ткм. құрап 2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 11,3%-ға өсті.

Жолаушылар  айналымының көлемі 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 17,8%-ға артып, 154,4 млрд. жкм құрады.

Байланыс қызметі 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте 10,6%-ға өсті.

Бөлшек сауда  тауар айналымы 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте3012,7 млрд. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 12,8%-ға ұлғайды.

Көтерме сауда  тауар айналымы есепті кезеңде 7987,2 млрд. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 15,0%-ға өсті.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар  көлемі 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте 3536,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 3,,%-ға көп.

Негізгі капиталға салынға  инвестициялар құрылымында кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаттарының үлесі 54,0%-ды (2011 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 47,6%), шетел инвестициялары – 14,8%-ды, (21,3%), бюджет қаражаттары – 20,1%-ды (18,6%) және қарыз қаражаттары – 11,1%-ды (10,7%) құрады.

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы Ресей және Беларусь елдерімен өзара сауданы есепке ала отырып 2012 жылғы қаңтар-тамызда 90,0 млрд. АҚШ долл. құрап, 2011 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 13,5%-ға өсті, оның ішінде экспорт – 62,1 млрд. АҚШ долл. (өсуі 9,3%-ға), импорт – 27,9 млрд. АҚШ долл. (24,1%-ға өсті).

Төлем теңгерімінің оң сальдосы 34,2 млрд. АҚШ долларын құрады (2011 жылыдың тиісті кезеңінде – 33,7 млрд. теңге АҚШ долларын құрады.

Тұтыну  бағаларының индексі 2012 жылғы қыркүйекте 2011 жылғы желтоқсанға қарағанда 3,9%-ға өсті, оның ішінде: азық-түлік тауарларына бағалар – 3,2%-ға, азық-түлік емес тауарларына– 2,2%-ға және ақылы қызметтерге – 6,5%-ға өсті.

2012 жылғы қыркүйекте 2011 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда  5,0%-ға өсті, оның ішінде: азық-түлік  тауарларына бағалар – 4,4%-ға, азық-түлік емес тауарларына– 3,4%-ға  және ақылы қызметтерге – 7,5%-ға  өсті.

Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 3,8%-ға төмендеді.

Еңбек нарығы.2012 жылғы қыркүйекте жұмыссыздар саны 475,3 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санының 5,3%-ына жетті. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2012 жылғы қыркүйекте 54,7 мың адамды немесе экономикалық белсенді халық санының 0,6%-ын құрады. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,3%-ын құрады (30,7 мың адам).

Халықтың  табысы. Халықтың орташа жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табыстары бағалау бойынша 2012 жылғы қаңтар-тамызда 402,0 мың теңгені құрады. Өсім 2011 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 14,4%-ды, нақты ақшалай табыстар үшін – 9,1%-ды құрады.

Қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 2012 жылғы  қаңтар-тамызда 99336 теңгені құрады, өсім атаулы мәнде 16,5%-ға, нақты мәнде 11,1%-ға өсті.

Ақша-кредит және банк статистикасы.Елдің халықаралық резервтері 2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Ұлттық қордың валюталық активтерін қоса алғанда (55,4 млрд. долл.) 85,5 млрд. АҚШ долл. құрады және 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,9%-ға ұлғайды.

Экономикаға банк кредиттерінің жалпы көлемi 2012 жылғы 1 қазанда 9531,0 млрд. теңгені құрады және 13,2%-ға өсті.

Резиденттердің  депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің жалпы көлемі 2012 жылғы 1 қазанда 9093,0 млрд. теңгені құрады және 6,2-ға өсті.

Мемлекеттік бюджеттің кірістері 2012 жылғы 1 қазанда 4559,3 млрд. теңгені құрады, шығындары – 4405,4 млрд. теңге. 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің кірістері 14,6%-ға, шығындары 18,9%-ға өсті. Мемлекеттік бюджеттің дефициті 341,8 млрд, теңгені құрады (2011 жылғы 1 қазанда дефицит 128,8 млрд. теңге).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Экономикалық өсу өз бетінше халықтың әл-ауқатын камтамасыз ете алмайды. Ол үшін мықты экономикалық және әлеуметтік саясат қажет, яғни мемлекеттің  әлеуметтік мәселелерді шешудегі маңызы үлкен. Мемлекет экономикалық өсу тиімділігін арттыру үшін де ынта тудыруы керек. Экономикалық өсу тиімділігі, әрине, өндіріс тиімділігі мен түсіндіріледі, яғни тауар мен қызмет сапасын жақсарту, бәсеке қабілеттліктерін арттыру, қажеттіліктерді толық қанағаттандыруға мүмкіндік беретін тауарлар өндірісін игеру; өндірісті мамандандыру, ресурстарды тиімді пайдалану, жаңа техника-технологияларды жедел түрде енгізу т.б. Ол үшін әрине ішкі жинақтарды және шетелдік инвестицияларды тарту қажет. Осы жерде Д. Кейнстің мультипликатор әсерін еске түсірейік, яғни бастапқы инвестиция әсері өндіріс тиімділігі арттырады, жаңа жұмыс орындары пайда болады, ол салықтық және басқа да міндетті төлемдерді өсіреді, мемлекеттік бюджет өседі, өз кезегінде әртүрлі салаларға, әлеуметтік инфрақұрылым салаларына бөлінетн қаржы мөлшерін арттырды, бюджет дефицитін болдырмауға және сыртқы қарызды қайтаруға мүмкіндік береді. Ол Қазақстан Республикасының шетел инвестициясын тартуда елдің рейтингін көтереді.

Қазіргі кезде елде халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары арасында табыстың әділетсіз бөлінуі кең етек жайған, яғни табыс дифференциясы бар. 

Кейнстік бағыттың сипаты бойынша өндірісті ұлғайтуды  ынталандырудың әлсізділігі табысты  азайтады, ал тұтынудың төмен деңгейін тұғызады, ол өз кезегінде тиімсіз сұранысқа әкеледі, одан ішкі рыноктың тарылуы туындайды, ал адам инвестиция деңгейі төмендейді, рентабельділік пен тиімділікте азаяды.

Бірқатар зерттеушілер Қазақстанның экономикасының артта қалушылығын институционалды шарттармен байланыстырады, соның ішінде, ұлттық білім беру мен кәсіби даярлау жүйесінің дамымағандығы. Шынымен де,артта қалған экономика ұлттық білім беру мен кәсіби даярлауға

кадрларды қайта даярлауға  жеткілікті қаржы бөле алмайды. Жалпы  және арнайы білім беру жүйесінің дамымағандығы қалған экономика ұлттық білім беру білікті мамандардың төменгі сапасын сипаттайды. Ал ол еңбек өнімділігінің деңгейіне кері әсер етеді. Оның әлсіз өсу қарқыны экономиканың артта қалудың басты себебі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

    1. Б.М.Мұхамедиев, Р.Т. Дуламбаева, Д.Ж.Рахматуллаева «Макроэкономика» Оқу құралы.  – Алматы: Қазақ университетi, 2008.
    2. Е.Б.Жатқанбаев. «Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы» Алматы 2006
    3. Тарасевич Л.С., Гребенников П.И., Леусский А.И.Макроэкономика – Учебник. - М.: ЮРАЙТ, 2009. — 654 с.
    4. Т.А.Агапова, С.Ф.Серегина «Макроэкономика» 6-е издание, издательство «Дело и сервис» 2004г.
    5. ҚР статистика агенттігі «ҚР әлеуметтік экономикалық даму» 2008 жылғы қаңтар - желтоқсан. «Астана» баспасы, 2009ж
    6. веб сайт www.stat.kz
    7. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2012 // www.akorda.kz/
    8. веб сайт www.minplan.kz
    9. Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика : оқу құралы - Алматы : Экономика, 2008.
    10. Тарасевич Л.С., Гребенников П.И., Леусский А.И.Макроэкономика – Учебник. - М.: ЮРАЙТ
    11. Кубаев К.Е. Эффективное государственное управление. - Алматы.: Қазақ университеті, 2006

 

 




Информация о работе Экономикалық өсудің Қазақстандағы үлгісі