Инфляция:макроэкономиқалық теориясы және инфляцияға қарсы саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 18:32, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.

Оглавление

КІРІСПЕ
1. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инфляция ұғымы және мәні
1.2 Инфляцияның пайда болу себептері және түрлері
1.3Инфляцияның дамыған мемлекеттер мен дамушы елдердер экономикасына әсер етуші факторлары
II. Қазақстандағы инфляциялық үдеріс макроэкономикалық тұрақсыздық ретінде
2.1 Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы
2.2 Макроэкономиканың модельдерi
2.3 Қазақстандағы инфляциялық үдеріс
III. Инфляциямен күресу шаралары
3.1 Инфляцияға қарсы саясат инфляцияның алдын алудың басты амалы
3.2.Қазақстан Республикасының антиинфляциялық саясатында туындайтын мәселелерді шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

Инфляция макроэкономика.doc

— 319.50 Кб (Скачать)

     Қазақстанда жалпы инфляция және базалық инфляция деңгейі анықталды. Жалпы инфляцияны үкімет пайдаланса, ал Ұлттық банк базалық инфляцияны пайдаланады.

     Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша 2007 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 18,8% (2006 жылғы желтоқсанға 2007 жылғы желтоқсан) құрады, бұл 2006 жылдың көрсеткішімен  салыстырғанда 10,4п.т. жоғары. Азық-түлік тауарлары 26,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 10,5%, ақылы қызмет көрсету 15,4% қымбаттады.

     2007 жылы инфляциялық үдеріс әр  түрлі бағыттағы сипатта болды.  Жылдың басында инфляцияның өсу  қарқынының төмендеуі байқалды : жылдық инфляция 2006 жылғы желтоқсанның қорытындысы бойынша 8,4%-дан 2007 жылғы мамырдың қорытындысы бойырша 7,6%-ға дейін төмендеді.

2007 жылдың  екінші жартыжылдығында Қазақстан  Республикасының экономикасындағы  инфляциялық үдерістер күшейді. 2007 жылғы қыркүйек-қарашада ғана бағалардың өсуі 9,7% жетті, бұл 2007 жылғы бағалардың жалпы өсуінің 50% астамын құрайды.

     Нәтижесінде инфляцияның жылдық деңгейі 2007 жылдың қорытындысы бойынша соңғы 7 жылдағы  өзінің жоғары мәніне 18,8% жетті, ал орташа жылдық инфляция 10,8% құрады.

     Алдағы  кезеңде Қазақстан Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының негізгі басымдығы  инфляциялық таргеттеу қағидаттарына  көшу бойынша жұмыстарды жалғастыру болып табылды. Инфляциялық таргеттеу  Қазақстан Ұлттық банкінің инфляцияны төмендету жөніндегі негізгі мақсатына сай келеді және қойылған мақсаттың айқындылығының жоғары болуынан нарық қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз етед 
 

         Қазақстандағы инфляцияның серпіні, %

       

    Осы күндері Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи-экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің кұрылымдық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.

Қоғамдық  өндіріс кұрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндірісте диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады.

Кеңес экономикасының 70-ші жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі диспропорциялар  әр бесжылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында тарихи түрде қалыптасқан диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:

1)  өнеркәсіп өндірісі мен ауыл  шаруашылығы арасындағы алшақтық;

2)  ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп  арасындағы сәйкессіздік;

3)  шикізат өндірісі мен дайын  (түпкі) өнімдер өндірісінің арасындағы  диспропорция;

4)  әскери   өндіріс   пен   азаматтық  өндіріс   арасындағы  сәйкессіздік;

5)  материалдық  өндіріс  пен   материалдық емес  өндіріс арасындағы  диспропорция т.б.

     Бұл диспропорциялар Кеңес экономикасының өзінде бағалардың инфляциялық өсуін тұрақты түрде қалыптастырып келді. Кеңес шаруашылық  жүйесінде әрбір 10-15 жылда бір рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау шаралары осы инфляцияның нәтижесін заңдастыру ғана болған.

Қазақстанда қалыптасқан өндіріс аралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі  өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция. Тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға  қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның экономикасы негізінен Кенес Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда өндірілетін шикізат өнімдерінін 90-95% шетелдерге жіберіліп отырған, ал өзіне қажетті  өндіріс құралдарының 90%, тұтыну товарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда тауар тапшылығы қалыптасқаны белгілі. 1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін алынған несие көлемі бір жарым млрд. доллардан артып кеткен болатын. 1993-1996 жылдары Қазақстандағы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000%-тен 20%-ке дейін төмендеді.  Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция қалыптасты, тек өзіміздің ұлттық валютаны (теңгені) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның макроэкономикалық деңгейдегі айтарлықтай жетістігі болды. Бірақ  Қазақстан үшін бұл жеңіс теңгенің тегін келген жоқ, оның нәтижесінде ұлттық өндіріс күрт кұлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау көлемі 90%-ке, ауыл шаруашылық пен азық-түлік өндірісі - 50-60%-ке қысқарды.

     Қазақстанда жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшу терең экономикалық дағдарысты жеңумен қоса  жүргізілді.   Өндірістің  құлдырауы  экономиканың барлық салаларында жүріп жатты.

     Реформаның  барлық кезеңінде кейде әсіре инфляцияға арналған өршімелі инфляция экономикалық дағдарыстың дәлелді сипатыты болып табылады. Тұтыну бағалары 1992 ж. 3006 %-ды, 1993 ж. 2266 %-ды құрады. Инфляцияның айлық қарқыны көбіне 30 % мөлшерінен асты, ал 1993 ж. қараша айында ол 55 %-ға жетті. Бұл жағдай стагфляция деп аталады. 1994 ж. сегіз ай мерзімінде инфляция деңгейі 1993 ж. осы мерзіммен салыстырғанда 608 %-дан 759 %-ға көтерілді.

     ҚР  Ұлттық банкісі жүргізген қатаң  монетарлық саясат арқасында жағдай өзгеріп, инфляция айына 18-19 % деңгейінде тұрақтанды. Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 1997 ж. - 11,2 %; 1998 ж. - 1,9; 1999 ж. - 17,8; 2000 ж. - 9,8; 2001* ж. -6,4 %-ды құрады.

     Қазақстан   Республикасындағы   өтпелі   кезеңдегі   инфляция себептеріне  мыналарды жатқызуға болады:

-ұлттық  экономикада өндірістің терең  құлдырауынан болған тауар тапшылығы;

-өндірілген  өнімдерге энергетикалық, материалдардың, еңбектің жоғары мөлшерде жұмсалуы;

-өз  тауарлары мен қызметтеріне бағаны  негізсіз көтеруге мүмкіндік  берген жеке тауар өндірушілер монополизмі;

-мемлекеттік  бюджеттің тапшылығы, оны бүркемелеу  үшін мемлекет қағаз ақша шығарады;

-мемлекеттің  өнімсіз шығындарының жоғары  деңгейі;

-басқа  мемлекеттердегі экономикалық дағдарыстардың  ықпалы.

     Инфляция  жағдайында Үкімет «қымбат ақша» саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие беру процентін және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілген монетарлық (ақша-қаржы) саясаттың нәтижесінде инфляция ауыздықталды, сонымен бірге ішкі өндіріс пен нарық екі-үш есе қысқарды, ұлттық өндіріс орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық күрт өсті. Негізінен сыртқа өнім шығаратын шикізат өндіру салалары жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа көшу жылдары Қазақстанда бұрыннан калыптасқан   өндіріс аралық   диспропорциялар   қысқарғанның   орнына арта түсті.

     Инфляцияны  тез ауыздықтау Казақстанда жүргізіліп жатқан нарықтық реформаны құқық  бойынша ресімдеудің шараларын  белгілеумен байланысты болды.  Республикамыз  ТМД  аумағында  алғашқылардың  бірі болып мынадай маңызды экономикалық зандарды қабылдады: "Шетелдік инвестициялар туралы" заң, "Салықтар жәнс бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" жаңа заң, "Бюджеттік жүйе және басқалар туралы" заң.

     Үкімет  "Стратегия-2030"  сәйкес  инфляция  қарқынының жыл ішінде 5-6% шамасында болуына ұмтылып отыр. Мұндай нәтижеге жету үшін Үкімет:

-   ақшалай-несиелік және бюджеттік  саясатты  қаталдандырады;

-  ішкі инвестициялық мүмкіндіктерді  өрістетуге көмектесетін қаржылық  механизмді дамытады;

-жинақтаушы  зейнетақы қорларға ақшалай қаржылардың  айтарлықтай бөлігін қауіпсіз  инвестициялауды қамтамасыз етуге  ұмтылады;

- бюджеттік  жетіспеушілікті қаржыландыруға  құнсызданбайтын көздерді пайдаланады;

- мемлекеттік  құнды кағаздардың айналым мерзімін ұзартады және т.б.

Жалпы алғанда, инфляцияға қарсы саясаттың  ұзақ мерзімдік  стратегиялық  жєне  күнделікті  жүргізіліп  отыратын ағымдық,  тоқтаусыз  тактикалық  түрі  болды.   Монетарлық саясат негізінен күнделікті жүргізіліп отыратын, айналымдағы  ақша  көлемін кадағалап реттейтін тактикалық саясат түріне жатады. Әрине, белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция кезінде,  бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне айналуы занды. Бірақ, жалпы алғанда, дамыған Батыс елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, күнделікті тактикалық, ақша-несие арқылы экономиканың дамуын реттеу саясаты үзақ мерзімдік стратегиялық даму саясатының шеңберінде жүргізіліп отырады екен. Қазақстанда 2001-2003 жж. арналған Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған. Осы жылы Қазақстандағы Аграрлық саясаттың бағдарламасы жасалуда. Жақында Қазақстан Үкіметі 2001-2005 жж. арналған қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекітті. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық әкімшілік-экономикалық аймақтарының (облыстарының) экономикалық-әлеуметтік бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. Осы бағдарламалардың барлығын стратегиялық саясаттың құралы ретінде қарастыруға болады. Енді Қазақстанда да монетарлық-қаржы саясаты ұзақ және орта мерзімдік реалды экономиканы қолдау және дамыту бағдарламаларының   шеңберінде жүргізілетін болады.   Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2008 қазандағы  берген  мәліметтері бойынша мынадай жағдайды көруге болады:    Қазақстан Республикасының Статистика  жөніндегі агенттігінің ресми деректері бойынша инфляцияның ең жоғарғы деңгейі  2008 жылдың қаңтар-тамыз айларында орын алды, яғни   19.4 % құрады. Бұл соңғы жылдарда   белгіленген ең жоғарғы деңгей болып табылады. Әсіресе азық түлікке деген баға өте жоғары деңгейде болып, көшбасшылыққа ие болды – 27.8%. 2008  жылдың қараша айында 2007 жылға қарағанда ұн бағасы 75%, күріш –75%, нан – 40.6%,  жарма – 16.7% -ға қымбаттады. Майдың бағасының өсуі –5.9%, сүт өнімдері мен жұмыртқа бағасының өсуі болса –15.9% ды құрады. Жеміс бағасы – 22%, көкөніс – 20.4, кондитер өнімдері- 16.2% - ға өсті. Ет пен ет өнімдеріне – 19.7%, балық пен теңіз өнімдері деген баға осы кезеңде – 14.6%-ға өсті.Соның ішінде құс еті – 24.9%,              жылқы еті – 12%, шошқа еті – 17.9% қой еті – 17%, шұжық өнімдері – 16.6% - ды құрады. 2008 жылдың қараша айында қатты отын 4.7%, нығыздалған газ – 1.6% ға өсті. Жуу және тазалау құралдары 1.9%, дәрі дәрмек – 1.1% , киім  және аяқ киім – 15, жеке гигиена тауарлары  0.9% ға көтерілді. Ал бензин бағасы 16.3% мен дизельді отын – 11.9% ға төмендеген болатын.      Ақылы  қызмет  көрсетудің ішінде білім беру  мекемелерінің   қызмет  көрсету құны – 0.9% -  ға, медицина  мекемелерінің қызмет көрсетуі – 0,8% ,  мәдени қызметтер  - 0.8%,     тұрғын  үй – коммуналдық    қызмет           көрсету     және      жолаушылар көлігінің қызметі  0.3% - ға  қымбаттады. Шаштараз қызметі – 1.2%, ресторан және қонақжай қызметтері – 1% - ға қымбаттап отыр.             Сонымен 2008 жылдың 1 – жартыжылдығында ресурстардың нетто - әкелінуі  талдау  көрінісінде  (резервтік  активтердің өзгеруіне  байланысты  операцияларды  есепке алмағанда) өткен жылдың  осындай  көрсеткішінен  екі  еседен  астамға  асып  түсіп, 1,8 млрд. долларды құрады. 2008 жыл үшін Қазақстанға  шетелдік тікелей инвестициялар сияқты Қазақстан  резиденттерінің  шетелдік  кәсіпорындарға тікелей  инвестициялварының да өсуі  тән болды. 2008 жылдың  1 – жарты жылдығында Қазақстанға шетелдік  тікелей  инвестициялардың жалпы  әкелінуі 2523 млн. доллар деңгейінде тіркелді, нетто - әкеліну 1696 млн. долларды құрады, бұл өткен жылдың осындай көрсеткішінен 1,7 есе асып түседі. 2008 жылдың 1 жартыжылдығында борыштық капитал бойынша  міндеттемелер 1,8 млрд. долларға, резиденттердің шетелдік активтері – 1,3 млрд. долл. өсті.2008 жылдың 1 – жартыжылдығында жалпы сыртқы борыш 12,7 % - ға өсіп, 25,8 млрд. долларды құрады. Мемлекеттік  және мемлекет кепілдік берген борыш бойынша  міндеттемелер 3,59 млрд. долларға  төмендеген кезде, сыртқы борыштың өсімі банктердің және үлесіне  сыртқы  борыштың 86%-ы тиесілі, кепілдікпен қамтамасыз етілмеген республика  кәсіпорындарының заемдық операцияларымен толық қамтамасыз етілді.    

Тұтастай алғанда, 2008 жылы тамызда шілде айына қарағанда  инфляция 0.8% деңгейінде қалыптасты. Тұтыну бағалары құрылымы бойынша неғұрлым жоғары деңгейде азық-түлік тауарлары -7,4%-ға қымбаттады, азық түлікке жатпайтын тауарларға және ақылы қызмет көрсетулерге бағалар мен тарифтер тиісінше 6,2%-ға және 5,9%-ға көтерілді. 2008 жылы инфляция динамикасына тән ерекшеліктердің ішінде барлық тұтыну тауарларына және қызмет көрсетулерге бағаның өткен жылдағыдай ерекшеленген «лидерлерсіз» іс жүзінде біркелкі өсуін атап айтуға болады. Бұдан басқа, теңге енгізілген сәттен бастап барлық жылдарда болған инфляцияның күтілетін маусымдық төмендеуінің орнына есептік жылдың2007 жазғы айларында оның көтерілгендігі байқалды.      2004 жылдан бастап Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын жүргізу кезінде базалық инфляцияның көрсеткіштерін бағдарға алады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысына сәйкес базалық инфляцияның есебі екі әдістеме бойынша жүргізіледі және оны Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі жүзеге асырады. Базалық инфляция есебінің бірінші әдістемесіне сәйкес тұтыну бағалары индексінен (ТБИ) көкөністерге, жеміс-жидектерге, жанармайға және көмірге бағаны алып тастау, ал екінші әдістеме бойынша - ТБИ-ден бағаның ең жоғары өсуін көрсеткен компонентті және бағаның неғұрлым төмендеуін көрсеткен 5 компонентті алып тастау көзделеді.         Ақша-кредит саясатының 2004-2007 жылдарға арналған негізгі бағыттарында негізі қаланған 2007 жылға арналған базалық инфляцияның болжамы, бір жылда орташа алғанда 4-6%-ды құрайтынын ескере отырып, өткен жылдың қорытындылары бойынша тұтастай алғанда болжанған деңгейден нақты деңгей шамалы ғана асатын болды.       Алдыңғы жылдарға көз жүгіртсек 2007 жылы жылдық инфляция деңгейі 10,7%-ға жетті (2007 жыл желтоқсан 2006 жылғы желтоқсанға), алдыңғы жылдарға қарағанда біршама өскен.     Тұтыну бағаларының өсуінің басты себептері азық-түлік тауарларының қымбаттауы (8,1%-ға) және ақылы қызмет көрсетулері бағаларының өсуі (8,0%-ға). Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 5,9%-ға қымбаттады.  2007 жылы азық-түлік тауарларының құрылымында бағалардың жоғарылауы тіркелген болатын: көкөніс пен жеміс-жидек – 23,1%-ға, күріш – 18,3%-ға, ет және ет тағамдары – 12,5%-ға, қант – 11,9%-ға, балық және теңіз тағамдары 11,0%-ға.           Азық-түлікке жатпайтын бағалар тобына да бағалардың өсуі байқалды. Олардың ішінде: киім-кешекке – 8,8%, аяқ-киім – 7,0%-ға, баспа құралдарына – 5,7%, жанар-жағармай – 3,2%-ға қымбаттады.   Ақылы қызмет көрсету құрылымында тұрғындық-коммуналдық қызмет көрсету аясында баға 7,4%-ға жоғарылады. Оның себептері: газбен қамтамасыз ету – 34,5%-ға, тұрғын үйді қамтамасыз ету – 9,6%-ға, қоқыс шығару – 8,0%-ға қымбаттады. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде де 19,5%-ға қымбаттауы тіркелді, денсаулық сақтау – 7,2%-ға, жолаушылар көлігі – 6,0%-ға қымбаттады.          Орта жылдық инфляция 7,6% құрады, 2006 жылғы мақсаттық межені асып түсті (5,2-6,9%).           2008 жылғы инфляция деңгейі жыл басынан бергі уақытта дейін %-ға жетті. Қазіргі таңда доллар девальвациясы жалғасып тұр. Оның бағамы жыл аяғына дейін 1=120 дәрежесіне жетуі мүмкін. Мұндай жағдайда экспорттың ақшаға шаққандағы (номиналды) көлемі ғана ұлғаяды. Ішкі жалпы өнімнің өсімі де сол деңгейден аспайды. Ал шын өсім бұл екі көрсеткіште мардымсыз болуы әбден ықтимал. Өйткені қымбаттаған теңге – тауардың өтімі, яғни сыртқы рыноктағы бәсекелестік қабілеті кемиді. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктер үлкен кері әсер етіп тұр. Дәлірек айтқанда олар, әсіресе, елдегі жарғылық қоры мол ірі үш банк шет елден жеңіл несиелер алып елге үлестіруін үдете түсуде. Бұл екі жақты зиянды. Біріншіден, Ұлттық Банк айналымдығы валюта мөлшерін азайту үшін оны сатып алуға мәжбүр болады. Демек, сақтық қордағы валюта мөлшері ұлғаяды, сол арқылы оның құнсыздануы өзінен-өзі жүріп, ұлттық қордағы номинальді қазына мөлшері теңгеге шаққанда азаяды. Демек, ұтыстан ұтылыс басым болып тұр. Мұндай жағдайда Ұлттық Банк теңгені үстеп қоректендіру (рефинансирование) тәсілін қолдануы мүмкін. Жыл басынан бері бір рет бұл тәсіл жүзеге асырылды да. Оның пайдасы шамалы болды. Теңге бағамы өсе түсті. Сөйтіп, онсыз да қымбаттап бара жатқан (шет ел валюталарына қарағанда) теңгеміз ішкі рынокта құнсыздануын (инфляцияға ұшырауын) жалғастырады. Бұл дегенініз ең алдымен өткен жылдық мемлекеттік төлемдердің 30-100 пайыз деңгейінде өсуінің салдары. Сатармаңдар айналымдағы бос ақшаны өз қалтасына түсіруді ойлауы нарық заңдылығы. Ішкі рынок сұранысты тауарларға толмай тұр. Демек, инфляцияны өсіруші, сөйтіп, экономиканы «Голланд ауруына» әкеліп тіреуші қоздырғыш күші әлеуметтік төлемдердің еселеп арттырылуы болып шықты. Бір жағынан халыққа жақсылық жасағандай, ал сол жақсылық экономикаға кері әсерін тигізіп отыр. Мұны экономика тілінде «Голланд ауруы» дейді. Біреулер Қазақстанды «Голланд ауруымен» үрейлендіре бастағанына екі-үш жылдың жүзі болды. Бірақ ондай дерттің алуы мүлде алыс. Оған себеп Қазақстан экономикасы әлі де болса ондаған, тіпті жүздеген миллиард доллар көлеміндегі инвестицияны ағзасына сіңіре алатын, қазақшалап айқанда мүлде «шөліркеп қалған» субъект. Қазақстан Республикасының Статистика  жөніндегі агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция 2007 жылы шілдеде 0,9% құрады (2007 жылдың маусымында – 0,8%). Азық-түлік тауарларына баға 0,4%-ға , ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,9%-ға және ақылы қызмет көрсету – 0,5%-ға қымбаттады.            2007 жылдың шілдесінде азық-түлік тауарларының ішіндегі жұмыртқа – 4,6%, қант – 2,5%, көкөніс – 1,7%, май – 0,4%, балық және теңіз тағамдары – 0,2% төмендеді. Бағаның жоғарылауы күрішке – 0,9% және ет, ет тағамдарына – 0,2% байқалды.          Азық-түлікке жатпайтын тауарлар ішінде де бағаның жоғарылауы байқалды: жанармай – 6,5%-ға, сонымен қатар аяқ киім, киім-кешек, баспа жабдықтары, жеке гигиена тауарлары – 0,4%-ға.    

Информация о работе Инфляция:макроэкономиқалық теориясы және инфляцияға қарсы саясат