Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 18:32, курсовая работа
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.
КІРІСПЕ
1. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инфляция ұғымы және мәні
1.2 Инфляцияның пайда болу себептері және түрлері
1.3Инфляцияның дамыған мемлекеттер мен дамушы елдердер экономикасына әсер етуші факторлары
II. Қазақстандағы инфляциялық үдеріс макроэкономикалық тұрақсыздық ретінде
2.1 Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы
2.2 Макроэкономиканың модельдерi
2.3 Қазақстандағы инфляциялық үдеріс
III. Инфляциямен күресу шаралары
3.1 Инфляцияға қарсы саясат инфляцияның алдын алудың басты амалы
3.2.Қазақстан Республикасының антиинфляциялық саясатында туындайтын мәселелерді шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Макротеорияны зерттеушi ұлы макроэкономистер Джон Мейнард Кейнс, Нобель сыйлығының иегерi Милтон Фридмен, Массачусетс технологиялық институтынан Франко Модильяни және Роберт Солаз, Иель университетiнен Джеймс Тобин, одан кейiнгi жас буындар Харвард университетiнен Роберт Барро, Мартин Фелдстейн, Чикаго университетiнен Томас Сарджент, Джон Тейлор бiрлесе отырып мемлекеттiң баға жөнiндегi саясатына талдау жасайды.
Макроэкономикалық теорияның дамуы бүгiнгi таңдағы экономикалық проблемаларға тiкелей қатысты. Кейнс экономикасы 1930 жылдарғы тоқырау тұсында дамып, сол тоқыраудан қалай шығу жолдарын көрсеттi. Ал монетаризм теориясы инфляция проблемасын шешу мақсатында 1960 жылдары кеңiнен өрiс алды, кейiн, 1980 жылдары пайда болған ұсынымды жақтайтын экономика бұл саладағы ретсiздiктi салықтарды қысқарту жолымен шешуге тырысты, бiрақ бұдан ешқандай нәтиже шыға қоймады. Роберт Лукас жетекшiлiк ететiн ойлау мектебi өте ықпалды.
Макроэкономикада күнi бүгiнге дейiн шешiмi табылмай келе жатқан үш мәселе бар. Бiрiншiсi – тұрақты жұмыссыздықтың мерзiмдерiн қалай түсiндiруге болады. Мысалы, 1930 жылдары жұмыссыздық бiрнеше жылға созылып, 20 проценттен астам болды, ал соғыс жылдарынан кейiн әр түрлi жағдайларға байланысты оның мөлшерi өсе түстi. Америка Құрама Штаттарында 1982 жылғы жұмыссыздық 10,6%-ке өстi, ал 1982 жылдың 1984 жылға дейiн 9% мөлшерiнде болса, 1989 жылдың басында ол 5%-ке дейiн төмендедi. Кейбiр Еуропа елдерiнiң, дәлiрек айтқанда, Ұлыбритания мен Францияны экономикасы 80-жылдары кеңiнен етек алған жұмыссыздықты бастан кешiрдi.
Макроэкономикалық зерттеулер тұрақты жұмыссыздықтың өзектi мәселе екенiне назар аударады.
Екiншi өзектi мәселе: жұмыссыздықты тежеу барысында қандай шараларды қолдану тиiмдiлiгi жөнiнде кейбiр экономистердiң пiкiрiнше, жұмыссыздық мәселесiн мемлекет тарапынан жұмыссыз қалғандарға компенсация жүйесiн дұрыс жолға қою арқылы немесе салықты қысқарту жолымен шешуге болады. Бұл тұрғыдағы пайымдау экономиканы жетiк бiлетiн Роберт Лукас секiлдi мамандарға әдеттегiден өзгеше болып көрiндi.
Бұдан басқа да пайымдаулар жұмыссыздық өскен кезде мемлекет өз тарапынан қаржы саясатын жүйелi түрде, яғни салықты төмендету немесе мемлекет шығынын өсiру арқылы жүзеге асыруы тиiс дегенге саяды.
Келесi ауқымды зерттеуге лайық мәселе – инфляцияны түсiндiру: Нелiктен АҚШ-та баға 1979-1980 жылдары 10%-ке өсiп, 1986 жылы 2%-ке төмендеп кеттi? Мұндай тоқтаусыз инфляцияның себебi неде? Баға өсуi әр жыл сайын 1,000%-тен асса, 1985 жылы Боливияда баға 11,000%-ке өстi. Мұндағы саясат – инфляцияны өсiрмеу, егер ол өсетiн болса, жұмыссыздықты көтермей оны қалайда қысқарту.
Үшiншi үлкен мәселе – өнiмнiң өсу мөлшерiн не анықтайтын жөнiнде. Не себептен әр жан басына шаққандағы өнiм мөлшерi АҚШ-та жыл сайын 1,7%-тен келiп, бұл әрбiр 40 жылда екi есе өседi? Нелiктен өнiм өндiру АҚШ-қа қарағанда Жапонияда соңғы жылдары жедел арта түсуде? АҚШ-пен салыстырғанда Жапония экономикасы, егер табыс мөлшерi жан басына шаққанда, АҚШ деңгейiне жетсе де, өсе бермек пе? Осы секiлдi жұмыссыздық мәселесi зерттелуде деген сұрақ макроэкономикада ұзақ уақыттар бойы шешiмiн таппай отыр. Бұл сұрақ төңiрегiнде әр ұрпақ өкiлi өз ойларын өткен жағдайларды, әсiресе 1930 жылдарғы депрессияны талдай отырып дамытуы тиiс. Расында инфляция туралы экономистердiң ой-пiкiрлерi әр алуан. Бiреулерi инфляцияны тоқтау үшiн ақшаның өсуiн тежеу қажет дейдi. Әйтсе де инфляция өсуiнiң себебiн анықтау мәселесi әлi де тиiстi шешiмiн тапқан жоқ.
Тағы бiр маңызды мәселе – халықаралық макроэкономиканың аумағына, әлемдiк экономиканың тұтастануына, Нью-Йорктегi қор биржасының сәтсіздiкке душар болуы себептi оның шұғыл түрде Лондонға, Токиоға, Франкфуртқа, Сиднейге, Гонгконгқа, Мехико қаласына, басқа қор биржасына таралуына қатысты болып отыр. Сол секiлдi өмiрлiк маңызы бар сұрақтың бiрi – еңбекақы не себептi тек бiр орынға “жапсырылып” қалған. Неге өзгеруi баяу, осы сұрақтардың жауабын iздеу – жұмыссыздықтың шығу төркiнiн түсiнуге мүмкiндiк бередi.
Макроэкономикада екi негiзгi бағыт бар. Ойлау мектебiнiң пайымдауынша, мұның бiрiншiсi – нарықты өз еркiне жiберу, екiншi бағыт – бұл салаға мемлекет араласқан жағдайда экономика жақсарады-мыс дегенге сүйенедi. Сөйтiп 1970 жылға дейiн созылған осынау пiкiр таластар жаңа бiр топтың, яғни жаңа классикалық макроэкономистердiң пайда болуына жол ашты.
1970
жылдары дамыған жаңа
Жаңа классикалық мектептiң негiзгi үш болжамы бар:
-
Экономикалық агенттiктiң
-
Шешiмдер ұтымды ақпараттарды
пайдалана отырып, болашақта жақсы
болжаулар жасау көзделедi. Шындығында,
жаңа классикалық мектептi
-
Нарық тазалығы. Фермерлер мен
жұмысшылар үшiн өздерiн
Қазiргi кезде оның маңызы зор. Жұмыссыз қалған әрбiр адам, егер ол шындығында жұмыс iстегiсi келсе, басқа жалдаушының назарын өзiне аудару үшiн аз жалақымен де жұмыс iстеуге келiсiм бередi. Осылайша артық тауары бар адам, тауарын тез өткiзу үшiн бағасын төмендетедi. Икемдi реттелген баға мен жалақы үшiн жұмыскер тиiстi жұмыс атқарады, фирмалар өзiне қажеттi керек тауарларын шығарады.
Ұтымды күтудiң мәнi – нарық әрдайым тепе-теңдiкте деген болжамға саяды. Iс жүзiнде жаңа классикалық макроэкономистердiң ұмтылыстары әлi де жеткiлiктi дәрежеде емес немесе олар жеке адамдар сауда жасау арқылы тұрмысын, жақсарта алады дегеннiң шешiмiн табла алмайды Мұны Лукас былай баяндайды: тротуарда 50 доллар жатпайды, яғни жеке адам өзiнiң материалдық жағдайын жақсартатын кез келген мүмкiндiктi қалт жiбермеуi тиiс.
Бүгiнгi таңдағы макроэкономикада аталмыш топтың ықпалы жоғары. Кейнс мектебiнде тәрбиеленген жаңа Кейнсшiлдер 1980 жылдары пайда болды. Бұл топтың өкiлдерi: Джордж Акерлоф, Жаннет, Иеллен – Калифорния университетiнен, Оливер Бланчард – Массачусетс технологиялық институтынан, Грег Манкив, Ларри Саммерс – Гарвард университетiнен, Бен Бернанк – Принсетон университетiнен. Олар нарық мазмұнына онша сене қоймағанымен, нарықтың не себептi сәтсiздiкке ұшырауын түсiндiруге тырысады.
Кейнсшiлдердiң
пiкiрiнше, кейде жеке адамдар өз пайдасы
үшiн қаншама әрекет еткенiмен, олар
нарықты тазалауға ат салыспайды,
ал осыған байланысты бағаның өзгеруi
әдеттегiдей жалпы бағаның тұрақсыздануына
әкелiп соғады да, ақырында өнiм өндiру
мен жұмыспен қамтамасыз ету iсiнде макроэкономикалық
ауытқулар туындауы мүмкiн. Мысалы, еңбек
нарығында фирмалар еңбек бағасын азайту
үшiн жалақыны қысқартпайды, Өйткенi олар
сол арқылы жұмысшы күшiнiң сапасыздығын
жоюға күш салады.
2.2
Макроэкономиканың
модельдерi.
Макроэкономика теориясының негiзi ретiнде микроэкономика теориясы пайдаланылады. Микроэкономика пәнi – үй шаруашылықтары мен фирмалардың берiлген экономикалық шарттардың шешiм қабылдау және сол берiлген шарттарда өзара қызметтерi арқылы қалыптастыру механизмдерi болып табылады. Микроталдауда тұтынушылардың табысы тек берiлген өлшем ретiнде қарастырылады да, негiзгi назар үй шаруашылықтарының шығындары әртүрлi тауарлар мен қызметтер арасында бөлiнуiне аударылады. Ал макроталдауда, керiсiнше, басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын, қолда бар табыс, тұтыну және тағы сол сияқты iрi, бөлшектелмеген көрсеткiштерге аударылады. Пайыздың нарықтық мөлшерлемесi, инфляция, жұмыссыздық сияқты макроэкономикалық факторлар үй шаруашылықтары мен фирмалардың қор жинау, инвестиция, тұтыну шығындары секiлдi қабылдайтын шешiмдерiне әсерiн тигiзедi де, ал олар өз кезегiнде жиынтық сұраныстың көлемi мен құрылымын анықтайды. Микро және макроэкономикалық үрдiстер өзара тығыз байланыста болады. Макроэкономикалық талдауды үш кезеңге бөлемiз:
1-кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының шешiм қабылдауын зерттеушiлер теория деңгейiнде қарастырады. Содан соң микроэкономикалық құралдарды пайдаланып, фирмаларды әртүрлi экономикалық жағдайларға байланысты қарастырады;
2-кезеңде фирмалар мен үй шаруашылықтарының жиынтық шешiмдерiн қарастыра отырып, жалпы экономикалық беталыстар талдауға түседi. Бұл кезеңде агрегатталған, iрiленген шамалар қолданылады. Мысалы, бiр ғана фирманың өнiмi емес, ЖҰӨ; жеке банктiң пайыз мөлшерлемесi емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесi;
3-кезеңде макроэкономикалық ақпаратты талдау және жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэкономика – макроэкономикалық теория мен агрегатталған ақпараттардың ортасындағы байланысты нысандық тәсiлмен зерттеудi қарастыратын ерекше ғылым.
Экономикалық үлгi экономикалық айнымалылардың арасында байланыстар орнатуға қажеттi алғышарттардан тұрады. Үлгi қисынның, графиктiң және математиканың көмегiмен құрылған теориялардан белгiлi бiр қорытынды алуға пайдаланылады, ол өз кезегiнде теория түсiндiруге тырысатын құбылыстардағы алғышарттардың салдарын анықтауға мүмкiндiк бередi Сөйтiп, үлгiнi экономикалық шарттардың өзгеруi және сатып алынатын иiгiлiктердiң құны мен көлемiне қандай өзгерiстер енгiзетiнiн анықтау, жорамалдау үшiн пайдаланамыз.
Экономикалық айнымалылар деп әртүрлi мәндерге ие бола алатын өзгеретiн өлшемдердi немесе ақша сомаларын айтамыз. Әдетте экономикалық үлгiлер экономикалық шарттардың ең маңызды экономикалық айнымалыларға әсерiн түсiндiруге тырысады. Үлгiде мәндерi берiлген айнымалылар параметрлер деп аталады.
Экономикалық үлгiлердiң қорытындылары көбiнесе болжамдар түрiнде көрсетiледi. Бұл белгiлi бiр фактiлермен расталатын немесе жоққа шығарылатын себептер мен салдардың көрiнiсi болып табылады.
Макроэкономикалық үлгi – әртүрлi экономикалық құбылыстар мен үрдiс арасында пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама. Кез келген үлгi күнделiктi өмiрдiң оңайлатылған бейнесiн көрсетедi. Себебi макроэкономикалық зерттеу жүргiзуде нақты өмiрдiң барлық жақтарын бiр уақытта қарастыру мүмкiн емес. Сондықтан да бiрде-бір макроэкономикалық үлгi нақты, толыққанды болмайды. Ол нақты уақыт кезеңiндегi белгiлi бiр бағыттағы тек жалғыз ғана дұрыс жауапты бермейдi. Бiрақ осындай жалпылама үлгiлердiң арқасында экономикаға әсер ететiн iшкi (эндогендi) және сыртқы (экзогендi) экономикалық айнымалылардың көлемi анықталады.
Экзогендi айнымалылар – алғашқы ақпараттар, сырттан енгiзіледi, ал эндогендi айнымалылар – кейiнгi ақпараттар, олар үлгiнiң өзiнде қалыптасады. Басқа сөзбен айтқанда, экзогендi айнымалылардың мәнi үлгi құрылмай тұрып берiледi, ал эндогендi айнымалылар үлгiнiң iшiндегi есептеулердiң нәтижесiнде қалыптасады.
Экономикалық принциптер арқылы түсiндiрiлетiн айнымалылар эндогендi, ал түсiндiрiлмей, берiлген түрде қабылданатын айнымалылар экзогендi деп аталады. Негiзгi мақсатымыз эндогендi айнымалылардың өзгерiсiн экзогендi айнымалылар арқылы түсiндiру болып табылады.
Үлгiнiң көмегiмен қамтамасыз етiлетiн экономикалық мәселелердi шешудегi жан-жақтылық макроэкономикалық саясаттың икемдiлiгiн және баламалылығын арттырады. Макроэкономикалық үлгiлердi пайдалану Үкiмет пен Ұлттыє банк экономикадағы циклдiк толқуларды реттеуде жүргiзетiн бюджет-салық, ақша-несие саясаттарының құралдарын тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк бередi.
Шеңберлi ағым үлгiсi, АD-AS, Кейнс кресi, IS-LM, Филипс пен Лаффер қисығы, Солоу үлгiсi сияқты жалпылама макроэкономикалық үлгiлер макроэкономикалық талдау жүргiзудiң негiзгi құралдары болып табылады. Бұл үлгiлер қандайда бiр ғана ұлттық экономикаға тән емес. Кез келген үлгi экономиканың динамикасын және оның көрсеткiштерiн танып-бiлудегi пайдалылығымен бағалануы тиiс. Бағалаудың объективтiк қиындығы мынада болып табылады:
а) алға қойған мақсаттарға жетуге байланысты үлгi құрарда оны жеткiлiктi алғышарттармен қамтамасыз ету;
ё) макроэкономикалық саясат үшiн қате шешiмдердi болдырмау. Үлгi жеткiлiктi дәрежеде нақты өмiрдi көрсетуi мүмкiн, бiрақ бұл жағдайда ол өте күрделiленiп кетуi де ықтимал.
Ал
өз кезегiнде үлгiнiң қарапайымдылығы оны
экономикалық зерттеулерге пайдалануға
байланысты басты талап немесе шарт болып
табылады. Үлгiнiң шамадан тыс жеңiлдетiлуi
үлгiде бiраз маңызды факторлардың ескерiлмеуiне
әкелiп соғады, ал оның нәтижесiнде қабылданған
шешiмдер қате болып шығу ықтималдылығы
артады. Сондықтан кез келген үлгiнi құрудағы
басты қиыншылық – нақты мәселе бойынша
макроэкономикалық талдау жүргiзуге қажеттi
факторлар шеңберiн анықтау.
2.3 Қазақстандағы инфляциялық үдеріс.
Бүгінгі күні әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы теріс үрдістер салдарынан әлемнің көптеген елдерінде инфляция деңгейі өсіп отыр. Мәселен, АҚШ-та жылдық инфляция(соңғы 12айда) 2006 жылғы желтоқсандағы 2,5%-дан 2007 жылғы қарашада 4,3%-ға дейін, Еуроаймақ елдерінде 1,9%-дан 3,1%-ға дейін, оның ішінде Германияда 1,4%-дан 3,1%-ға дейін өсті.
Информация о работе Инфляция:макроэкономиқалық теориясы және инфляцияға қарсы саясат