Инфляция:макроэкономиқалық теориясы және инфляцияға қарсы саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 18:32, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.

Оглавление

КІРІСПЕ
1. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инфляция ұғымы және мәні
1.2 Инфляцияның пайда болу себептері және түрлері
1.3Инфляцияның дамыған мемлекеттер мен дамушы елдердер экономикасына әсер етуші факторлары
II. Қазақстандағы инфляциялық үдеріс макроэкономикалық тұрақсыздық ретінде
2.1 Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы
2.2 Макроэкономиканың модельдерi
2.3 Қазақстандағы инфляциялық үдеріс
III. Инфляциямен күресу шаралары
3.1 Инфляцияға қарсы саясат инфляцияның алдын алудың басты амалы
3.2.Қазақстан Республикасының антиинфляциялық саясатында туындайтын мәселелерді шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

Инфляция макроэкономика.doc

— 319.50 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

  ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК                      

УНИВЕРСИТЕТІ

            <<  ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИҚАЛЫҚ>> ФАКУЛТЕТІ 
       
       
       
       

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС 
 
 
 

Тақырыбы: Инфляция:макроэкономиқалық теориясы және инфляцияға қарсы саясат. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                              Орындаған: Серикбаев А.Ж.

                                                              Тексерген:  Жұмашбекова С.К 
 
 
 
 
 
 
 
 

Семей 2010

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ

1. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ   ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ    

    1. Инфляция ұғымы және мәні
    2. Инфляцияның пайда болу себептері және түрлері

1.3Инфляцияның   дамыған  мемлекеттер  мен   дамушы  елдердер    экономикасына   әсер етуші факторлары

II. Қазақстандағы инфляциялық үдеріс макроэкономикалық тұрақсыздық ретінде

2.1 Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы

2.2 Макроэкономиканың модельдерi

2.3 Қазақстандағы инфляциялық үдеріс

III. Инфляциямен күресу шаралары

3.1 Инфляцияға қарсы саясат инфляцияның алдын алудың басты амалы

3.2.Қазақстан Республикасының антиинфляциялық саясатында туындайтын мәселелерді шешу жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                    Кiрiспе

    “Мықты  стратегияға ие болып әрi табандылық таныта отырып, бiз жолымызда кездесер кез келген күрделi кедергiлердi абыроймен еңсере аламыз”- дейдi Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев.

    Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті пробемалардың бірі – инфляция.

    Курстық жұмыстың мақсаты – макроэкономиканың теориясын оқып түсіну және инфляцияға қарсы саясатпен танысу болып табылады.

    Макроэкономика  ғылым ретiнде экономикалық құбылыстар мен үрдiстердi экономикалық теориялар  мен үлгiлер түрiнде жүйелеп  қорытуға арналған. Мұнда экономика  бiртұтас жүйе ретiнде қарастырыла отырып, тауарлар өндiрiсi мен қызмет көрсетудiң жалпы көлемiн және оның өсуiн, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейiн, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттейдi.

    Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                        1. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ 

    1.1 Инфляция ұғымы және мәні 

         Инфляция экономикалық құбылыс ретінде ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның  шығуымен, қызметімен байланыстырады.

        Инфляцияның мәні – ол тауарлар  мен көрсетілген қызметтердің  бағасының өсуі және тауар  тапшылығымен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы.

        Инфляция – қоғамдық ұдайы  өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен  шығынының үйлеспеуі салдарынан  кездесетін кез келген экономикалық  формацияға тән құбылыс.

        Инфляция ұлттық табысты экономикалық  салалары арасында, коммерциялық  құрылымдар, халықтың топтары мен  мемлекеттің және шаруашылық  субъектілері арасында қайта  бөлуге тірейді.

        «Инфляция» - қабару, көтерілу, ісу деген  мағынаны білдіретін – латын сөзі. Шындығында да, қауырт жағдайларда (мысалы, соғыс, революция және сол сияқты кездейсоқ жағдайларда экономиканы дамыту үшін) мемлекеттік шығындарды қағаз ақша шығарумен қаржыландыру ақша айналымының күрт «көтеріліп», қағаз ақшаның құнсыздануына әкеп соқтырады. Оны әр елдегі соғыс жылдарындағы ақша айналысынан байқауға болады. Мысалы, АҚШ-тың бостандық үшін 1775-1783 ж.ж. соғыс және 1861-1865 ж.ж. Азамат соғысы (оның соңғы екі жылында доллардың сатып алу мүмкіндігі 60% дейін төмендеген); ХІХ ғасырдың бас кезіндегі Англияның Наполеонға қарсы соғысы; 1789-1791 ж.ж. Француз революциясы. Әсіресе, Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда инфляция жоғары қарқынға жетті, 1923 жылдың күзінде айналымдағы ақша массасы 496 квинтиллион рейхсмаркаға жетіп, ал ақша өлшемі триллион есе құнсызданды. Осы келтірілген тарихи мәліметтер инфляция бұрыннан келе жатқан феномен (айырықша құбылыс) екенін дәлелдейді.

        ХІХ ғасырда инфляция термині  Англия мен Францияда қолданыла  бастады. Экономикалық әдебиеттерде  инфляция түсінігі ХХ ғасырда Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезінде көрінді.   

     Инфляцияға тән біраз ерекшеліктер  бар. Олар:

   - егер бұрын инфляция бір жердің  шеңберінен аспаса, қазіргі инфляция елдің бүкіл жерін қамтиды;

   - егер бұрын инфляция бір мезгілде  ғана жүрсе, қазіргі инфляция  көп уақытқа созылған құбылыс;

   - егер бұрын инфляция тек ақшаның  әсерімен туындаса, қазіргі инфляция  көптеген ақшасыз және тағы  басқа фокторларға байланысты болады.

        Инфляция айналымдағы ақша массасының  қажеттіліктен тыс артып кетуі.  Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына  және тауар бағаларының соғұрлым  өсуіне әкеледі. Алайда, инфляцияны  айналым процесін құнсызданған  қағаз ақшамен толтыра беру  деп, түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуімен көрінгенімен, ол топ ақшаға тән «ғажайып» құбылыс емес. Ол – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы нарық шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүниежүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.

        Көп уақыттар бойы айналыстағы  ақша массасы мен инфляция  арасындағы тәуелділік экономисмонетаристердің  назарында болды, солардың ішінде  танымал Минтон Фридмэнде бар. Монетаристер ақша массасындағы өзгеріс – инфляцияның негізгі факторы болады деп санайды.

        Экономикадағы инфляцияның деңгейін  сипаттайтын басты көрсеткішке  тұтыну бағаларының индексі жатады. Ол үй шаруашылығының «тұтыну  қаржысына» жататын жекелеген тауарларға, қызметтерге оның үлес салмағын ескере отырып, бағаның өсуі индексі негізінде анықталады.

        Егер инфляция экономикадағы  құлдырауға байланысты болса,  онда бұл стагфляция деп аталады. 

        Қорыта келгенде, инфляция - өндіріс  процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі, әрі көп факторлы құбылыс. 

          1.2 Инфляцияның пайда болу себептері және түрлері 

   Ақша абсолютті өтімділігін мойындайтын тауар. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғы ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болумен байланысты. Белгілі тауар нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Мысалы, 70-жылдардағы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен емес, басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7%-ке, 1979 жылы 9%-ке артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық толқуларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге, салықтың жаңа ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің девальвациялануы мен ревальвациялануына, рынок конъюктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және тағы басқаларға байланысты. Өйткені бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады.

        Конъюктураның циклдық толқуынан  болатын бағаның өсуін, инфляцияға  жатқызуға болмайды. Циклдық түрлі  фазаларынан өту барысында (әсіресе ХІХ-ХХ ғасырлардың бас кезіне тән «классикалық түрі») бағалардың динамикасы өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезінде оның өсуі дағдарыс пен депрессия фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек өнімділігін арттыру бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс. Циклдық толқулардың тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек өнімділігінен артық кетуінде. Мұндай құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады, ол өз кезегінде баға деңгейінің жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағаның инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық, су басып кеткен аймақтардағы құрылыс материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар нарықты толықтыру барысында, баға төмендеуі тиіс.

        Сонымен, баға өсуінің инфляциялық  себептеріне нені жатқызамыз? Инфляция көп сәйкессіздіктермен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі ең бастыларын атайық.

        Біріншіден, мемлекеттік шығыстар  мен кірістердің тепе-теңдігінің  бұзылып, баланстың болмауы. Ол  мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан  көрінеді. Егер дефицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса, басқаша айтқанда «ақша станогы» белсенді пайдаланылса, онда айналыста ақша массасы көбейеді. Айырбастың сандық теңдігін  МV=РО  еске түсірсек, М мен Р көрсеткіштері өсуінің байланысы анық.

        Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны  өршітеді. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар – олар қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери  ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі Мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.

        Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы  өсуі қазіргі нарықтық экономикалық  ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең  жетілген бәсеке кезіндегі нарықта  көптеген өндірушілер болып өнімдердің  түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі нарық белгілі дәрежеде олигополиялық нарық. Ал олигополист едәуір дәрежеде бағаны белгілейді. Олигополиялар бағаны өндіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдануға ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар ұсынуда қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік жүргізетін нарықта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.

        Төртіншіден, елдің экономикасының  ашық болуы оның бірте-бірте  әлемдік шаруашылық байланыстарға  тартылуы барысында «импорттық»  инфляцияның қаупі туады. Жоғарыда  аталған 1979 жылғы энергияға бағаның шарықтауы (энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкелді. «Импорттық» инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарлату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттады, ал бұл дүниежүзілік нарықта бәсекелестік қабілетті төмендетеді.

Информация о работе Инфляция:макроэкономиқалық теориясы және инфляцияға қарсы саясат