Инфляция:макроэкономиқалық теориясы және инфляцияға қарсы саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 18:32, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.

Оглавление

КІРІСПЕ
1. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инфляция ұғымы және мәні
1.2 Инфляцияның пайда болу себептері және түрлері
1.3Инфляцияның дамыған мемлекеттер мен дамушы елдердер экономикасына әсер етуші факторлары
II. Қазақстандағы инфляциялық үдеріс макроэкономикалық тұрақсыздық ретінде
2.1 Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы
2.2 Макроэкономиканың модельдерi
2.3 Қазақстандағы инфляциялық үдеріс
III. Инфляциямен күресу шаралары
3.1 Инфляцияға қарсы саясат инфляцияның алдын алудың басты амалы
3.2.Қазақстан Республикасының антиинфляциялық саясатында туындайтын мәселелерді шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

Инфляция макроэкономика.doc

— 319.50 Кб (Скачать)

Ақылы қызмет көрсетулер арасында да баға жоғарылады көлік  қызметі – 2,0%, мәдениет және білім  беру қызметтері – 0,6%, дәрігерлік қызмет көрсету – 0,5%. Тұрғындық-коммуналдық  қызмет көрсетулер – 0,3%-ға қымбаттады. Сонымен бірге, газбен қамтамасыз ету  – 0,6%, қоқыс шығару – 3,4%, сумен қамтамасыз ету – 0,4%, электр энергиясы – 0,1%.        2007 жылдың басынан бастап тұтыну нарығында бағаның жоғарылауы 5,1% құрады (2007 жылдың қаңтар-шілде – 4,0%). Азық-түлік тауарларының бағасы 5,0% (4,7%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 3,4% (2,5%), халыққа ақылы қызмет көрсету – 7,0% (4,0%) жоғарылады.       2007 жылдың шілдедегі инфляция жылдық деңгей бойынша – 8,1% құрады (2006 жыл желтоқсанда – 7,5%), азық-түлік тауарлары 8,4%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 6,8%-ға, ақылы қызмет көрсетулер – 11,1%-ға қымбаттады.           Сонымен осы көрсеткіштерді талдай келе, инфляция деңгейі соңғы жылдары біраз жоғары деңгейде тұрғанын көруге болады, бірақ 2008 жылы 2007 жылғы инфляция деңгейіне қарағанда төмендегені байқалады. Бірақ оны дәл  айту әлі ертерек, себебі жылдық қорытындылар шыққан жоқ. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

III. Инфляциямен күресу  шаралары

3.1 Инфляцияға қарсы саясат инфляцияның алдын алудың басты амалы 

      Антиинфляциялық саясат. Антиинфляциялық саясаттың мақсаты инфляцияны басқарушылық етіп, ал оның деңгейін едәуір бірқалыпты етіп жасау. Ол үшін ақшалай – несиелік, бюджеттік, салықтық әдістері, кірістер саласындағы іс-шаралар, сондай-ақ тұрақтандырудың әртүрлі бағдарламалары қолданылады. Инфляциямен күресудің әдістері тура және жанама болуы мүмкін.

     1)жанама әдістер: а) оларды орталық банктың басқаруы арқылы ақшаның жалпы салмағын реттеу; ә) оларды орталық банктердің басқаруы арқылы коммерциялық банктердің несиелік және есептілік пайыздарын реттеу; б) коммерциялық банктердің міндетті қорлары, орталық банктердің ашық базарда құнды қағаздармен операциялары.

     2)Тура әдістер: а) мемлекеттің несиелерді және сонымен  бірге ақшалай салмақты тура және тікелей реттеуі; ә) бағаларды мемлекеттік реттеу; б) жалақыны мемлекеттік (кәсіподақтармен келісу бойынша) реттеу; в) сыртқы сауданы, капиталды әкелу мен әкету және валюта бағамын мемлекеттік реттеу.

     Антиинфляциялық саясаттың бірнеше жіктеулері бар. Мысалы, ортодоксальды және гетеродоксольды.

          1) Ортодоксальды нұсқасы экономикаға мемлекет жағынан аз араласудың классикалық емес тұжырымдамасына негізделген. Бюджеттің теңгерілу және айналымда ақшалай салмақтың өсу темпін ұстап тұру проблемаларын шешуде оның қызмет саласын шектеуді ұсынады.

          2)Гетеродоксальды нұсқа экономикалық үрдістердің барысына аса белсенді мемлекеттік араласуды көздейді, соның ішінде: баға мен жалақының өсімін уақытша тоқтатып тастау; кәсіпкерлікті және халықтың жинақтарын ынталандыру жөніндегі шаралар, ең алдымен салықтық ауртпалықтарды төмендету арқылы; нарықтық инфрақұрылымды дамыту және өмірге маңызды салалар мен өндірістерді қолдау; сыртқы сауда мен валюталық операцияларды реттеу.

     Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер  үкіметтерін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл жерде экономистер ең алдымен мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс-шаралар арқылы инфляцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс па?

     Бүл екі ұшты мәселе әртүрлі елдерде ерекше жағдайларға байланысты шешіледі екен. Мысалы, АҚШ-та және Англияда инфляциямен күресу мәселесі мемлекет деңгейіне көтеріліп қойылады. Басқа бірталай елдерде инфляцияға икемделу іс-шаралары жүргізіліп, тіпті арнайы бағдарламалар да жасалады (табыстарды индексациялау және т.б.) .

     Инфляцияға  карсы саясатты сипаттағанда, екі  әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші  әдістеме шеңберінде (оны осы күнгі  Кейнс теориясының өкілдері зертейді) белсенді бюджет саясаты жүргізіледі - сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады. Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраньм жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады. Бірақ 60-70 жылдары дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейтуі мүмкін екен. Сонымен бірге бюджет шығындарының артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің  мүмкіншілігі қысқарады.

     Екінші  әдістемені жана классикалық бағыттағы экономистер ұсынады. Олар бірінші орынға ақша-несие арқылы реттеу әдісін кояды. Бұл әдіс экономика жағдайына жанама түрде икемді ықпал жасайды. Бұл саясатты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жүргізеді. Орталық  банк айналымдағы ақша  көлемін өзгертсді және қарыз пайызы (процент) кесімін реттейді, сонымен экономикаға ықпал жасайды.

     Басқаша айтқанда, мемлекет сұранымды шектеу мақсатында инфляцияға қарсы іс-шаралар  жүргізуі қажет. Жаңа классикалық экономистердің айтуынша өндірістің өсуіп ынталандыру және жұмыссыздықты қысқарту саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция осы күнгі нарықтық экономиканың табиғатына сай келеді, инфляция жағдайларын (бюджет тапшылығы, монополия, қағаз ақша, т.б.) толық жою мүкін емес. Осыған байланысты инфляцияны толық жою мүмкін еместігі өзінен-өзі және алдын ала белгілі. Сондықтан да көп елдерде ипфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.

     Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және қысқа мерзімдік іс-шаралар саясатын қолдану кажет. Бұл шаралар жиынтығын келесі схема түрінде сипаттауға болады. Мемлекеттің ұзақ мерзімдік саясаты, біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез келген үкімет инфляцияға қарсы саясатты үздіксіз де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің белсенді іс-шаралары негізінде (өндірісті ынталандыру, монополиямен күрсу, т.б.) нарықтың тиімді кызмет атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай саясаты тұтынушылардың сана сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.

Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс шаралары жүргізіледі. Бюджет тапшылығын Орталық банк несиесімен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.

     Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс шаралары, нақты айтқанда,  жылдық ақша көлемінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді.

     Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет болады.

     Қысқа мерзімдік саясат инфляция қарқынын уақытша төмендетуге бағытталады. Бұл мақсатта мемлекет өз иелігіндегі  меншік бөлігін жекешелендіріп, бюджетке қосымша түсім түсірсді; қосымша  өнім өндіретін кәсіпорындарға әртүрлі жеңілдіктср береді; акцияларды сату арқылы инфляциялық сұранымды қысқартады; көлемді импорт арқылы да ұсынымның өсуін, бағаның тұрақтануын қамтамасыз етеді.

Күнделікті  сұранымды қысқарту аркылы да инфляцияға қарсы әсер етуге болады. Ол үшін салымдарға төленетін процент кесімдерін арттыруға болады. Сонда қор сақтау нормасы артады, ал тұтыну шығындары қысқарады.

     Инфляцияға  қарсы саясаттық байланысты инфляциямен  күресу шығындары туралы мәселе туындайды. Инфляцияға қарсы күрес жұмыссыздықты  арттырып, өндіріс көлемін қысқартуы мүмкін. Мамандардың есептеуінше, инфляцияны 1%-ке төмендету үшін жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен 2%- ке арттыру қажет болады екен, бірақ бұл жағдайда ЖҰӨ-нің көлемі оңтайлы деңгейінен 4%-ке төмен калыптасады.

     Инфляцияны ауыздықтау үшін көптеген елдер үкіметтсрі 60-шы жылдардан бастап табыс пен бағаны реттеу саясатын жүргізген еді. Бұл саясат негізінен табысты шектеуге бағытталған. Саясат инфляциямен күресудің нарықтық емес, әкімшілік әдісіне жақын болғандықтан, қойылған мақсатқа әрқашан жеткізе  бермеген.   АҚШ  тәжірибесі   көрсеткендей,  табысты тежеу саясаты, түптеп келгенде, ұзақ мерзімде тұрақты нәтиже бермеген. 1971-1974 жылдары АҚШ үкіметі жалақы мен баға деңгейін тікелей реттеу тәртібін қолданған екен. 70-жылдардың  соңында  табыс  пен  бағаны  тікелей  реттеу тәртібі жойылып, оның орнына орындауға міндетті емес үкіметтің  ұсынысы   ретінде   сақталған   болатын.   Ал   80-жылдардың басында президент  Р. Рейганның әкімшілігі  бұл мәселемен     айналысатын мемлекет мекемелерін таратып жіберген.

        Инфляцияның әлеуметтік және  экономикалық зардаптары оған  шалдыққан елдердің үкіметін  белгілі экономикалық саясат  жүргізуге мәжбүр етті. Алдымен  экономистер ең басты сұраққа  жауап іздейді. Инфляцияны төтенше  шаралар қолдану арқылы жою керек пе, әлде оған бейімделу керек пе? Бұл дилемма әр елде өзінше, сол елдің ерекшеліктеріне сәйкес шешіледі. Мысалы, АҚШ-та, Англияда инфляцияға қарсы күрес мемлекет деңгейіндегі мәселе. Басқа бір елдер бейімделу шараларын қарастырады (жалақыны индекстеу және тағы басқа).           Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн: бірінші бағыт – белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал жасайды.            Инфляциялық артық сұраныс тұсында мемлекет өз шығыстарын тежеп, салықтар деңгейін жоғарлатады. Нәтижесінде сұраныс қысқарады, инфляцияның қарқыны төмендейді. Алайда, солармен бір мезгілде өндірісте қысқарып, экономикада дағдарыс пен тоқырау белгілері байқалады, жұмыссыздардың саны өседі. Бұл инфляцияны тежеудің қоғамдық бағасы.

      Экономиканың құлдырауы кезінде сұранысты ұлғайту үшін арнйы бюджеттік саясат жүргізіледі. Егер сұраныс жеткіліксіз болса, мемлекеттік қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды, салықтардың деңгейі төмендетіледі. Төмен деңгейі салықтар ең алдымен табысы аз топтарға салынады, әдетте, олар табысты жедел пайдаланады. Сөйтіп қызмет көрсетулерге және тұтыну тауарларына сұранысты ұлғайтады. Сұранысты бюджеттік қаржылар арқылы ынталандыру, 60-70 жылдары көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткендей, оны күшейтеді. Дегенмен, бюджет тапшылығының ұлғаюы үкіметтің салық арқылы маневр жасау мүмкіндіктерін тарылтады.

      Екінші бағыттың авторлары экономикада пайда болған кемшіліктерді ақша-несие саясаты арқылы реттеуді ұсынады. Реттеудің бұл түрі үкіметтің тікелей бақылауынан тыс, дербес орталық банк арқылы жүргізіледі. Ол айналымдағы ақша санын және қарыз процентінің ставкасын өзгертеді. Ақша-несие саясаты экономикаға қысқа мерзімдік ықпал жасау құралы ретінде қолданылады, басқаша айтқанда, экономистердің – ойынша үкімет төлеу қабілеті бар сұранысты тежеу үшін инфляциялық шаралар қолданады. Өйткені экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыссыздықтың табиғи деңгейін жасанды әдістер арқылы төмендету, инфляцияны бақылаудан шығады. Қоғамдық мүдде тұрғысынан инфляциямен күрес халық шаруашылығына үлкен зиян келтіреді, яғни жұмыссыздықты өсіріп, өндірісті құлдыратады. Кейбір есептер бойынша инфляцияны 1%-ке төмендету жұмыссыздықты жыл бойындағы өзінің табиғи деңгейінен 2% жоғарлатады, ал нақты Жалпы Ұлттық Өнімді 4%-ке кемітеді.

     Бақылаудан шыққан инфляцияны  ауыздықтау үшін бірақ елдердің  үкіметтері 60-жылдардан бастап, бағамен  табыс арақатынасы деген саясаты  жүргізуде. Оның басты мақсаты жалақының өсуін тежеу.

     Бұл саясат инфляциямен күресте  рыноктық стратегиядан гөрі әкімшілікке  көбірек бағыт ұстағандықтан  туындайды және оларға қойған  мақсатқа әрдайым жете бермейді. Қайшылықты проблемаларды шешуде  түрлі экономикалық шараларды қатар қолдану жалпы экономикалық реттеуді тиімсіз етеді.

     АҚШ-тың тәжірибесі табыс саясатын  жоққа шығарады. Мұнда 1971-1974 жылдарда  үкімет жалақы мен баға деңгейіне  тікелей бақылау жүргізді. Одан  кейінгі жылдарда бұл мәселеде  тек кеңес берумен ғана шектелуде. Ал үкімет басына Р.Рейганның рспубликалық әкімшілігі келісімен аталған мәселелермен шұғылданатын үкімет мекемесі жойылды.

Информация о работе Инфляция:макроэкономиқалық теориясы және инфляцияға қарсы саясат