Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 14:00, курсовая работа
Біз қысқаша талдауымыздан мынадай тұжырым жасауға болады, елімізде инфляцияға қарсы табысты болады. Ол үшін біріншіден, біздің халық шаруашылығын құрылымдық қайта құрудың шарттары мен барысын қамтамасыз ету,білімімізге байланысты, және екіншіден ақша көлеміне бақылау және келешекте халық тұтынатын тауарлар өндірудің өсуі және олардың бағасын тұрақтандыру, арқылы тізгіндеу мақсатында несие- ақша және бюджет- қаржы реттегіштерін кең көлемде қолданылатын боламыз.
Кіріспе 3
I. Инфляция мәні, себептері 5
1.1 Инфляция экономикалық маңызы 5
1.2. Инфляцияның себептері 6
1.3 Инфляцияның түрлері 7
II. Инфляцияның деңгейі мен зардаптары 10
2.1. Инфляцияның деңгейі өлшемі 10
2.2. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары 10
2.3. Филлиптің қисық сызығы 11
III. Инфляцияны төмендетудің жолдары 14
3.1. Инфляция және нарықтық экономикаға көшу 14
3.2. Дефляция және шығын коэффициенті 16
3.3. Жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланыс 18
IV. Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат 23
4.1. Инфляцияға қарсы күрес саясатын бағалау 23
4.2. Инфляцияны тежеу жолдары 26
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі 33
Біз қысқаша талдауымыздан мынадай тұжырым жасауға болады, елімізде инфляцияға қарсы табысты болады. Ол үшін біріншіден, біздің халық шаруашылығын құрылымдық қайта құрудың шарттары мен барысын қамтамасыз ету,білімімізге байланысты, және екіншіден ақша көлеміне бақылау және келешекте халық тұтынатын тауарлар өндірудің өсуі және олардың бағасын тұрақтандыру, арқылы тізгіндеу мақсатында несие- ақша және бюджет- қаржы реттегіштерін кең көлемде қолданылатын боламыз. Тек, осылайша кешенді жағынан келу ғана инфляциямен күресте жеңіске жетуді, ең әрі кеткенде, оның қарқыны қажетті деңгейде ұстауды қамтамасыз етеді. Біз ақшаның шығуы мен инфляцияның қағаз - ақша түрінде көрініс табуының басты проблемасын қарастырдық.
Мұның өзі біздің қазіргі заманғы нарықтық экономиканың келесі проблемасы - баға белгілеу проблемасына көшуге әзір екендігімізді білдіреді. Бағалардың ұтымды жүйелерін қалыптастыру қатаң ақша- қаржы икемді салық саясатын көздейді. Мемлекет тапшылықсыз бюджетті қамтамасыз етудің және инфляцияға қарсы күрестің барлық қажетті шараларын қолдануға міндетті. Бұл шараларды мемлекеттік шығындарды қысқартудың, ақылға сыйымды шеңберде бюджеттің салық базасын ұлғайтудың, ең ары кеткенде халық шаруашылығының барлық салаларындағы тиімсіз өндірістерге жәрдемақы берудің шұғыл қысқартудың өзара байланысты қадамдары көзделеді. Ал мұндай шаралар өнім өндірушілердің ешқайысын да жігерлендіре қоймайтыны түсінікті. Ал, дербес өзіндік, шаруашылық қызметтің нәтижелері үшін толық жауап беретін бола тұрып, өндірісті дамытуға, өз қызметкерлерін материалдық жағынан ынталандыруға қажет ақша табу айтарлықтай қиын. Алайда егер алғашқы жолмен жүрсек онда «жұмыс істемейтін» ақша тасқыны ұлғайатыны сөзсіз. Осы жағдайда, тауарлардың қажетті саны болмағанда бағаның бақылаусыз өсуі сөзсіз орын алады да еркін бағаға белгілеу сияқты өзін-өзі реттеу механизміне қол жеткізе алмаймыз.
Бізде бағаларды үнемі өсіріп отыратын механизм қалыптасатын және әрекет ететін болады. Жоғарыда көрсетілген шараларды бір мезгілде және кешенді жүзеге асыру ділгерлікті жеңу еркін, нарықтық бағалар жүйесін өмірге енгізуге мүмкіндік береді. Әрине,бұл тез өте қоймайды. Нарыққа өтпелі кезеңнің өне бойында бірқатар өнім түрлерінің бағасын әкімшілік жолымен реттеп отыру оның нарықтық негіздерінің нығайтылуына қарай орталықтан белгіленетін мұндай бағалар шеңбері тарыла түспек.Болашақта мемлекеттік баға белгілеуді реформалаудың күрделі де қиындыққа, үлкен әлеуметтік тәуекелге толы жолы екендігін де мойындаған жөн. Әитсе де, қазіргі заманғы ділгерсіз, жоғары өнімді экономикаға жеткізетін бірден - бір жолы.
Курстық жұмыстың мақсаты - инфляциялық процестің кейбір мәселерінде орнын алған түйіткісіздерге жұртшылықтың назарын аудару кейбір пікірлердің негізгі екендігіне көзін жеткізу. Қазақстаның тәуелсіз мемлекет болуына орай инфляцияға жүктелетін жауапкершілік күрт өсті. Біріншіден, оның алдына дербес даму жолына түскен елдің шын мәніндегі инфляция ахуалын анықтау қажеттігі көлденең тартылды. Екіншіден , егемен ел үшін оңтайлы инфляциялық дамудың қалыптастыру міндеті қойылды. Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар отаршылдық тұзағына түскен ұлттық санамыз бен мінез-құлқымызда орын алып отырған кешегі өзгерістен айқын байқалады. Кейінгі жылдары инфляцияның деректерін білуге деген құлшыныс артып, қазақ ұлты үшін инфляция жаңа сапалық тұрғыдан қалыптастырудың тарихи маңызы зор.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Инфляцияның мәні себептері;
- Инфляцияның деңгейі мен зардаптары;
-
Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат.
Инфляция - бұл экономиканың айналым сферасында қажетті қағаз ақшалардың шамадан тыс толып кетуі. Шығарылған қағаз ақшалардың мөлшері өзгеріссіз қалып, ал өндіріс көлемі қысқарған жағдайда да инфляция болуы мүмкін. Бағаның өсуінен халықтың тұрмыс жағдайы, әл-ауқаты нашарлай түседі. "Инфляцияны бағаның тұрақты және үнемі өсіп отыруын;шығарылған өніммен салыстырған- да ақшаның артықшылығы нәтижесінде барлық уақытта және барлық жерде ақшаның феномені ретінде түсінемін"-дейді Нобель сыйлығы- ның лауреаты Милтон Фридмен. Монетаристік мұндай анықтама инфляцияның басты себебін айналыс сферасынан іздеуі. Осындай көзқараспен өндіріс процесіне мемлекеттің шектеулі түрде араласуына мүмкіншілік бар. Бұдан басқа, кейбір батыс елдерінің теориясының өзгешелігі сол, олар инфляцияны ұсыным жағынан да, сұраным жағынан да болатын сатып алушылық қабілет шамадан тыс артық болуынан ден түсіндіреді.
Инфляция - бұл қаржы процесінің бұзылуынан ойдағыдай өтуге деген, тауарлар мен ақша арасындағы тепе-теңдік жағдайды қалыптастыру бағытындағы экономикалық организмінің реакциясы.
Ақшаның тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Мысалы, 70-жылдардағы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен (мұнай бағасы 20 есеге өсті) емес, басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты.
1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7%-ке, 1979 жылы — 9%-ке артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық талқылауға, ұдайы өндірістегі динамикасы өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен депрессия фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Енбек өнімділігін арттыру бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс. Циклдық толқулардың тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек өнімділігінен артып кетуінде. Мұндай құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады, ол өз кезегінде баға денгейінің жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағанын инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді.Айталық, су басып кеткен аймақтардағы құрылыс материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты толықтыру барысында, баға төмендеуі тиіс.
Сонымен,
баға өсуінің инфляциялық
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығы- нан көрінеді. Егер дефицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса, басқаша айтқанда "ақша станогы" белсенді пайдала- нылса, онда айналыста ақша массасы көбейеді. Айырбастың сандық теңдігін MV = РО еске түсірсек, М мен Р көрсеткіштері өсуінің байланысы анық.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялык өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар — олар қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша төлем кабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының есуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық экономика- ның ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі рынокта көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем үқсамайды.Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигопия- лык рынок. Ал олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигопиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап түру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту аркылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік жүргізетін рынокта бағанын төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында "импорттық" инфляцияның қаупі туады. Жоғарыда аталған 1979 жылғы энергияға бағаның шарықтауы (энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасынын қымбаттауына әкелді. "Импорттык" инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын ревальвациялау ұлттық валюта- ның құнын жоғарылату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік рынокта бәсекелестік қабілетті төмендетеді.
Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол "инфляцияны күту" нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляция- ға қарсы саясаттың ең басты міндеті. Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі қандай?
Баға денгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық, бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйткені олардың бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін ғой. Өндірушілер өз өнімдеріне өте жоғары баға белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Мысалы Ресей экономикасындағы (қаңтар — көкек 1992 жылы) инфляцияның жоғары қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың бағаны көтеру мүмкіндігінен сақтанып, алдын-ала өз өнімдерінің бағасын жоғарылатты. Нәтижесіңде Ресей экономикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түсті.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан түрлі себептері бар. Алайда бүл құбылысты қоздыра- тын факторлардың комбинациясы жекелеген елдің нақты экономикалык жағдайына байланысты. Айталық Батыс Еуропада II дүниежүзілік соғыс біткеннен соң инфляция көптеген тауарлардың тапшылығынан пайда болады. Одан кейінгі жылдарда инфляциялык құбылыстың күшеюіне мемлекеттік шығыстар, баға мен жалакының арақатынасы, инфляцияның баска елдерден келуі және т. б. факторлар себепші болды. Бұрынғы КСРО-ны алсақ жалпы заңдылықтармен қатар, соңғы жылдардағы инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекше тепе-теңсіздік (диспропорция) жатады, ол әміршілдік-әкімшілдік жүйе салдары еді. Кеңес экономикасына тән жағдай ЖҮӨ-дегі әскери шығындар үлесінің көптігі,өндіру, бөлу және қаржы-несие жүйесін монополияланды -рудың жоғары деңгейі, үлттық табыстағы жалакы үлесінің аздығы және т. б. ерекшеліктер.
Экономикалық теорияда инфляцияның мынандай келеңсіз салдары да аталады:
Инфляция ашық және басыңқы деп ажыратылады. Біріншісі, бағаның өсуімен, ал екіншісі, тауар тапшылығына байланысты. Сонымен қатар, инфляция бағаның өсу қарқынымен де байланысты. Инфляцияның үш түрін атауға болады. Олар: баяу (ползучий, умерен- ный), секірмелі (галопирующий) және гиперинфляция. Баяу инфляция барысында баға жәй өседі, әдетте жылына 10 пайыздан төмен. Ақшаның құны өзгермейді. Номиналды бағамен келісімге отыруға бизнестің қаупі жоқ. Секірмелі инфляция кезінде баға 20 пайыздан 200 пайызга дейін өседі. Көптеген келісімдер бағаның өсуіне немесе шет ел валюталарына, мысалы, АҚШ долларын, байланыстыра әрі ескере отырып жасалына-ды. Ақшалар тезірек тауарға айнала бастайды және де бұрынғы пайыз мөлшерлемесімен қарызға берілмейді.Гиперинфляция кезінде айналыста- ғы ақшаның саны тез қарқынмен, астрономиялық мөлшермен өседі. Қоғамның, тіптен ауқатты азаматтардың өздері де қиыншылыққа ұшырайды. Инфляцияның баяу түрінен гиперинфляцияға дейін баруы міндетті емес. Гиперинфляция өте сирек кездесетін оқиға. Ал секірмелі инфляция көптеген елдерде ауқын-ауқын кездесіп тұрады. Гиперинфля -цияға байланысты мысалға, екінші дүниежүзілік соғыстың Венгрия мен Жапониядағы инфляцияның баға деңгейіне әсерін қарастырып көрелік.
Информация о работе Инфляция мәні, себептері және инфляцияға қарсы саясат