Инфляция мәні, себептері және инфляцияға қарсы саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 14:00, курсовая работа

Краткое описание

Біз қысқаша талдауымыздан мынадай тұжырым жасауға болады, елімізде инфляцияға қарсы табысты болады. Ол үшін біріншіден, біздің халық шаруашылығын құрылымдық қайта құрудың шарттары мен барысын қамтамасыз ету,білімімізге байланысты, және екіншіден ақша көлеміне бақылау және келешекте халық тұтынатын тауарлар өндірудің өсуі және олардың бағасын тұрақтандыру, арқылы тізгіндеу мақсатында несие- ақша және бюджет- қаржы реттегіштерін кең көлемде қолданылатын боламыз.

Оглавление

Кіріспе 3
I. Инфляция мәні, себептері 5
1.1 Инфляция экономикалық маңызы 5
1.2. Инфляцияның себептері 6
1.3 Инфляцияның түрлері 7
II. Инфляцияның деңгейі мен зардаптары 10
2.1. Инфляцияның деңгейі өлшемі 10
2.2. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары 10
2.3. Филлиптің қисық сызығы 11
III. Инфляцияны төмендетудің жолдары 14
3.1. Инфляция және нарықтық экономикаға көшу 14
3.2. Дефляция және шығын коэффициенті 16
3.3. Жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланыс 18
IV. Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат 23
4.1. Инфляцияға қарсы күрес саясатын бағалау 23
4.2. Инфляцияны тежеу жолдары 26
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі 33

Файлы: 1 файл

Инфляция мәні, себептері және инфляцияға қарсы саясат КУРС ЭКОНОМ.doc

— 293.50 Кб (Скачать)

    Нарық жағдайында  бағаны адал  ниетті бәсекелестік негізінде ғана  тұрақтандыруға  болады,  ол  болмаған  жағдайда  баға өсе беруі мүмкін. Бұл  ретте өндірушілер тұтынушылар үшін  күресе отырып,  бір бірімен  бәсекелесуі керек.  Бұл  үшін  ішкі  нарықта бәсекелестік орта  қалыптасты-ру керек, әсіресе, бұл  мұнай  өнімдері, азық-түлік тауарлары мен қызмет  көрсету  нарығына қатысты. Бір  сөзбен айтқанда, адал  ниетті бәсеке болса, тұрақты баға да болады. 

    Инфляцияның өсуінде делделдар мен  алыпсатарлардың орны  ерекше. Бұған  Астанаға Өзбекстаннан әкелінген   капустаның тұтынушылар үшін  4 есе  қымбатқа түсетіні мысал  бола  алады.  Сондай-ақ  картоп, көкеніс және  жеміс- жидекке, етке, сүтке  баға  бірнеше еселеніп қойылады. Осылайша бағаның  көтерілуіне  өндіруші емес сатушылар әсер  етіп, көбінесе, делдалдар (алыпсатарлар, көтере сатып  алушылар және сатушылар) арқылы қалыптасады. Мұнымен  қатар, баға  қалыптастыру әдістемесінде  экономика секторларын  өңдеу, өндіру және тұтыну секторларының сала аралық теңгерімділігін қамтамасыз ету қажет. Есепке алу және  бақылаудың барлық  тетіктерін  іске қосу қажет, соның  көмегімен түпкі  нәтижелердің айқындығына және елдегі бағаны  тұрақтандыруға қол жеткізуге  болады.

4.2. Инфляцияны тежеу жолдары

 

    Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары оған               шалдыққан елдердің үкіметін белгілі экономикалык саясат жүргізуге мәжбүр етті. Алдымен экономистер ен басты сұраққа жауап іздейді. Инфляцияны төтенше шаралар қолдану арқылы жою керек пе, әлде оған бейімделу (адаптироваться) керек пе? Бұл дилемма әр елде өзінше, сол елдің ерекшеліктеріне сәйкес шешіледі. Мысалы АҚШ-та, Англияда инфляцияға қарсы күрес мемлекет деңгейіндегі мәселе. Басқа бір елдер бейімделу шараларын қарастырады (жалақыны индекстеу және т. б.).Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн. Бірінші бағыт (қазіргі көріншілер қолдайтьш шаралар) белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал жасайды. Инфляциялық   артық   сұраныс   тұсында   мемлекет   өз шығыстарын   тежеп,   салықтар   деңгейін   жоғарылатады. Нәтижесінде сұраныс қысқарады,  инфляцияның қарқыны аз төмендейді.   Алайда,   солармен   бір   мезгілде   өндіріс   тең  қысқарып,   экономикада дағдарыс  пен тоқырау белгілері байқалады, жұмыссыздардың саны өседі. Бұл инфляцияны тежеудің қоғамдық бағасы.Экономиканың құлдырауы кезінде сұранысты ұлғайту  үшін арнайы бюджеттік саясат жүргізіледі.  Егер сұраныс жеткіліксіз  болса,   мемлекеттік  қаржыландыру  бағдарла- масы   жүзеге   асырыла   бастайды,   салықтардың   деңгейі төмендетіле -ді. Төмен деңгейлі салықтар ең алдымен табысыз  топтарға  салынады,  әдетте,  олар табыстіы  жедел пайдаланады. Сөйтіп   қызмет  көрсетулер -ге және тұтыну тауарларына сұранысты үлғайтады. Сұранысты бюджеттік каржылар арқылы ынталандыру, 60—70-жылдары көптеген елдердін тәжірибесі көрсеткеңдей, оны күшейтеді. 

    Дегенмен  бюджет   тапшылығының   ұлғаюы   үкіметтің   салық арқылы маневр жасау мүмкіндіктерін тарылтады.Екінші бағыттың авторлары экономикада пайда болған кемшіліктерді ақша-    несие саясаты арқылы реттеуді ұсынады. Реттеудің бұл түрі үкіметтің тікелей бақылауынан тыс, дербес орталық банк арқылы жүргізіледі. Ол айналымдағы ақша санын және қарыз процентінін ставкасын өзгертеді. Ақша-несие саяаты экономикаға қысқа мерзімдік ықпал жасау құралы ретінде қолданылады, басқаша айтқанда, экономистердің ойынша үкімет төлеу қабілеті бар сұранысты тежеу үшін инфляциялық шаралар қолданады. Өйткені экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыссыздықтың табиғи деңгейін жасанды әдістер арқылы төмендету, инфляцияны бақылаудан шығарады. Қоғамдық мүдде тұрғысынан инфляциямен күрес халық шаруашылығына үлкен зиян келтіреді, яғни жұмыссыздықты өсіріп өндірісті құлдырата- ды.Кейбір есептер бойынша инфляцияны 1%-ке төмендету жұмыссыз- дықты жыл бойындағы өзінің табиғи деңгейінен 2% жоғарылатады, ал нақты ЖҰӨ-ні 4%-ке кемітеді.Бақылаудан шыққан инфляцияны ауыздықтау үшін біраз елдердің үкіметтері 60-жылдардан бастап, баға мен табыс арақатысы деген саясатты жүргізуде. Оның басты мақсаты жалақының өсуін тежеу. Бұл саясат инфляциямен күресте рьноктық стратегиядан гөрі әкімшілікке көбірек бағыт ұстағандықтан туындайды және ол алға қойған мақсатқа әрдайым жете бермейді.  

    Қайшылықты  проблемаларды   шешуде   түрлі   экономикалық   шараларды   қатар қолдану жалпы экономикалық реттеуді тиімсіз етеді.АҚШ-тың тәжірибесі табыс саясатын жоққа шығарды. Мұңда 1971—1974 жылдарда үкімет жалақы мен баға деңгейіне тікелей бақылау жүргізді. Одан кейінгі жылдарда бұл мәселеде тек кеңес берумен ғана шектелуде. Ал үкімет басына Р. Рейганның республикалық әкімшілігі келісімен аталған мәселелермен шұғылданатын үкімет мекемесі жойылды.

    Иә инфляция өткен 3 айда 3,2 пайызды құрады.  2005 жылы бұл көрсетіш 1,9 пайыз  болған.  Егер, 2005 жылдың наурызынан 2006 жылдың  наурызына дейінгі аралықты алып қарасақ, онда инфляция 8,9 пайыз болғанын байқаймыз. Қысқасы,  теңгенің  өзін қоршаған ортасына қараған-да құнсыздануы жүріп жатыр, дегенмен бұл үрей туғызуға негіз емес. Ұлттық Банк республика Үкіметімен бірлесіп  жасаған болжамда«инфляция 7,3 пайыз мөлшерінеде болады» деп белгіленген Егер әлемдік биржадағы  мұнай бағасы дәл қазіргі мөлшерін сақтайтын болса, онда инфляцияның осы  болжамдық мөлшері көлемінің шығамыз.Үкімет пен Ұлттық банк қызмет - керлерінен  тұратын біріккен жұмысшылар тобында инфляциямен күрес шаралары қарастырылып жатыр. Негізінен екі түрлі жағдай қарастырылуда. Біріншісі- жоғары әлемдік биржадағы  мұнай бағасының қазіргі деңгейде тұрақтануы. Онда инфляция көрсеткіші өткен жылғы межеден аспайды. Екінші жағдай- әлемдік биржадағы мұнай  бағасының     (1  барреліне) күрт өсіп кетуі.Егер ондай болақалса, инфляцияның сәл өсуі мүмкін. Мұның өзінде Үкімет арнайы шара қолданатын  болады. Кейбіреу- лер айтып жүргендер,Ұлттық  банк  қолданып жүрген Қарсы шара инфляцияны тежеуіштік күшін  жоғалтқан жоқ.Оның біріншісі -  теңге ставкасын өсіру.

    Яғни  теңгені ұстап қоректендіру  (рефинансирование) . Мұндай жағдайда несие үстемесін  де көтерілуі ықтимал. Әрине кәсіпкерлерімізге  ауыр тиеді. Дегенмен  тауар мен қызмет бағасын өсіріп отырған  солардың  өздері ғой. Екінші жағдайда – айналымдағы   басы артық валютаны ұлттық теңгенің құның  өсіру.

    Қазіргі кезде бұл екі  шара да өзінің ықпалдылық күшін жоғалта қойған жоқ. Ұлттық  банк  осындай шараларды алдағы уақытта  да  қолданылатын  болады. Бұл- қаржы биржасының қызметіне арласу деген сөз емес. Біздің ойымызша, қазір инфляцияны  өсіріп тұрған негізгі  факторлар- дың бірі - құрлыс компанияларының тойымсыздық әрекеттері. Мәселесін, ел экономикасының  даму қарқыны 10 пайызды құрайды да, құрылыс компанияларының тиімділігі  300  пайыздан асып түседі. Бұл дегеніміз- нағыз  алыпсатарлық емес пе ?   Бұл жөнінде Үкімет арнайы  шаралар қолдануға дайындалып  жатыр. Жалпы, Алматы қаласын аймақтық   қаржы орталығына айналдыру басталған соң - ақ,  инфляция тежелуге  тиіс.

    Өйткені құрлысқа инвестиция құю еселеп артады.  Бұл рынокта бәсекелестік  артады. Демек, аталған фактор бағаның түсуін  қамтамасыз етуге жол  ашады. Айта кету керек, осы уақытқа дейін инфляцияның өсуіне қант  бағасының  кенеттен көтерілуі үлкен әсер етті. «Жағдай неге  бұлай болды ? » деген сұраққа инфляциямен күрес үшін  құрылған арнайы жұмысшы тобы жауып жауап іздеп жатыр. Нақты шаралар сол  жұмысшы топтың  шешімі  шыққан соң   қолданылатын  болады. Бір ескерте кететін  жағдай, наурызда инфляция 0,8 пайызбен шектелді. Ал ол ақпан айында 1,5 пайыз болған. Демек, бағаның қысымы шегін бастады деп қарау керек.

    Үкімет  осы жағдайда одан әрі  тұрақтандыру масатында нақты шаралар қолданып жатыр. Жақында Елбасымен  бірге  Өзбекстанға  барған іс сапарда Үкімет  мүшелерінің осы салаға  жауапты лауазым иелері көршілес республика  басшылығымен  арнайы келісім шартқа  қол қойды. Онда көктем  кезінде қымбаттап кететін көкеніс, картоп бағасын  өсірмеудің жолы қарастырылған.Дәлірек айтқанда, Өзбекстан  аграрлары біздің ел базарлары- на дейінгі жолдаң еш кедергісіз өтіп, өнімдерін  арзан  бағаға  сатуға біздің үкімет тарапынан  қолдау көреді. Бұл орайда, қолға алған шараны ойдағы- дай жүзеге асырудың  барлық  тетіктері қарастырылған.Инфляцияның  бастаушы күші- айналымдағы ақша массасының өсуі ғой. Ұлттық банк мұндай келеңсіздікке ешқандай да жол бермейді. Ал Үкімет инфляцияның келесі қоздырғыш күші - ұсыныстың азшылығын болдырмау жолдарын қадағалайды. Яғни елде қызмет көрсету мен  тауар тапшылығы жойылса, инфляция да тежеледі. Мұндай мүмкіндік бірде бар. Қысқасы, «инфляция қауіп төндіріп келе жатыр»  деген үрейден аулақ болған жөн. Ол бақылауда және оның тізгіні берік қолда. Үкімет макроэкономикалық  саясаттың негізгі мақсаттарының бірі- инфляцияға қарсы күреске бағытталуы болып табыла- ды.  2005 жылы инфляция  индикативті жоспар белгіленген ең жоғарғы көрсеткіштең сәл ғана асып,  7,5 пайызды құрады.  Оған елімізде жүргізілген ақша- несие және фискальді саясаттың қол жеткізген табысы деп баға  беруге болар еді. Өкінішке орай,  оның себеп - салдардың жоюдың орнына  арнасынан төгілгелі тұрған  бағаны  әкімшіліктік бұйрықпен үстіміздегі  жылдың  1  қаңтарына  дейін  қос қолдап ұстап тұрдық. Қазақта « Ауруын  жасырған, өледі» деген дана сөз бар. Белгіленген  мерзім біткен соң,  монополист  компаниялардың бәрі бірдей өре тұрып, тарифті қымбаттата бастады.  Соның нәтижесінде, инфляцияның ошағына тұтандырмауға тыры -сып, қанша жерден монополистермен  келісімге отырмағымызға  қарамас -тан, экономикалық ағзасындағы дерт ашық формаға ие болды.   Енді оны Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасын 8,5 пайызға көтеруі.

    Аталмыш банк пен Үкіметтің  инфляциямен күресті бірлесіп жүргізу бағытында белгіленген  шаралармен  де ауыздықтау қиындау. Оның  басты себебі- инфляцияға қарсы күреске  үкіметтің монетарлық емес әдістің тиімді  еместігінде.Қазақстанда инфляцияның  монетарлық  емес көздері баға мен тарифтің  күрт  өсуіне  ықпал  жасауда. Мемлекеттің бағаны  реттеуі әлемдік практикада  кеңінен  қолданылды. Мысалы, АҚШ-та келісімшарт  шеңберін- де мемлекет бағаның екі түрін бекітеді: ұзақ мерзімге арналып бекітілген баға және бұл  бағаны жыл  сайын  бірнеше пайызға төмендету қарастырыл- ған, екінші түрі- өндірушіге оның  барлық  шығындары    мен орташа рентабельділігін  қамтамасыз ететін баға. Мемлекет  дегеніміз - барлық топ пен таптың  мүддесін  жүзеге  асыруға көмектесетін  институт. Бағаны  мемлекеттік реттеу механизмін  тек аса жетілген  нарықтық  экономика ғана алмастыра алады. Өкінішке  қарай, ондай қоғам жер бетінде әлі орнай  қойған жоқ. Сондықтан  да мемлекет өзге тұрғындардың  есебінен  тек барынша пайда табу үшін  жағдай туғызбай(бұл әсіресе халықтың басым бөлігінің  тұрмысын  төмендету  әкеп соқтыратын болса)шаруашылықпен   айналысып  жатқан  барлық  субъектілерді этикалық  экономиканың нормалары мен  ережелерін  сақтауға міндеттеуі  тиіс. Жағдай сапалы  жағына  қарай  экономикалық  саясат  моделін  ауыстырғанда ғана өзгеруі мүмкін.

    Жаңа  модель  өндірісті дамытуға қарай  бағытталуы тиіс. Ондай саясаттың  басты бағыттары өндірістік аппаратты,  өндеуші және  өндіруші саланы, аграрлық  секторды қалпына келтіруге шығынның айтарлықтай бөлігі ортадағы делдалдардың  шамадан тыс көптігіне де байланысты. Олардың  әрқайысысы  үлеске  кіріп, өнімнің бағасын  өсіруге  әсер етуде. Осы  ортадағы звеноның Үкіметтің  өткен жылғы шектеу қою монетарлық әдісі мұртын  да сындыра алмады деуге болады. Өйткені қаулы  қабылдау бір басқа да, бұлжытпай орындау бір басқа. Ортадағы  табыс табушылардың артында жоғарыда бір- бір қожайынның отыруы игілікті  идеяның адымын аштырмады. Егер бағаның  өсуіне монетарлық  емес көздер  50 пайыз әсер  етеді десек, ақша массасының дәл осындай пайызда  көбеюінің бағаның өсу көзі деп қарауға болмас.Соған  байланысты қазіргі кездегі бағаны  тұрақтан- дыруға байланысты инфляцияның  монетарлық  емес  генераторларын  шығарып тастауды талап етеді. Бірақ  соған  қарамастан, Үкімет  осы уақытқа дейін   монетарлық  емес инфляциямен  монетарлық Инфляция үшін  тиімділеу әдістер арқылы күрес жүргізіп келеді. Монетарлық инфляцияны қоздыратын  тағы бір  жағдай- теңгенің ресми бағам бағдары мен оның  сатып алу  қабілетінің    арсындағы     алшақтық.

    Бұл  экспортшылар үшін  тиімді, өйткені  олар ішкі рыноктағы  бағаны да әлемдік бағаға теңгелері келеді. Бұл  көзқарасты Үкімет те қолдайды, олардың ойынша, экспотшылар ішкі рынокқа арзан  бағамен сатып, көп шығынға ұшырайды.

    Қазақстандық  тауарлардың  әлемдік рыноктағы  бәсекеге  шыдай алмауына байланысты теңгерілунің  тым нығаюынан  қорқақтау да негізсіз. Өйткені шикізат , әсіресе, мұнайға деген  сұраныс онсыз  да  жоғары. Монетарлық емес  инфляцияның  тағы бір  көзі - сыбайлас жемқорлық. Ол  қосымша  салық  жүйесін  жасырын  түрде орнатқан.  Ал өндеушілер  қалтасынан шыққан  осы шығынның  құнын  тұтыну  бағасына қосып,  бағаны  өсіруге  көпе- көрнеу жол  ашып  отыр. Осының  бәрін  жинақтай келген кезде,  біз  инфляцияның тұйық  шеңберінің ортасынан  шыға  алмай  қалмауымыз  кәдік.

    Мұндайда  инфляция қорының ұсынысын  нақты  жан  ашығандық  және сауатты пікір  деп біліп, Қаржы биржасынан бір цент те сатып алмау керек. Өйткені доллардың ревальвациясы барлық валютаға қатысты жүріп жатыр. Қаржы нарығындағы жағдай осындай  болып тұрғанда, біздің негізгі экспорттық шикізатымыз мұнай, түсті және қара металл бағасы уақыт озған  сайын өсіп барады. Демек, тауарымыз іргеліске ұшырамайды деп қиналмай- мыз. Мұнан соң Ұлттық банктің сақтық  қорындағы валютаның  халықара- лық стандарттан  артығына төмендегідей шаралар  жүзеге асса  дұрыс болар еді.

    1) Даму банкіне аударылып, айналымға түсуі немесе шет елдерге қарыздарымызды өтеуге  жұмсалуы тиіс.

    3)  Өз кезегінде қазақстанның  Даму банкі  бұл қаржыларды отандық  өндірісшілерге ұзақ  мерзімді несие ретінде ұсынуға тиіс.

    4)  Үімет бұл қаржыларды жұмсайтын  нақты көздерді анықтап  білуі керек.Ол  міндетті түрде мал, озық технология импорты және қайтарымы мол  көлік және коммуникацияның мақсатты түрде даму ісіне  бағытталған  жоспарлы шараларын   қаржыландыруға арналуы тиіс.

    5)   Тұтыну  тауарлары импортын несиелендіруге шектеу қою керек.

    Халықаралық  қаржы институттары немесе басқа да жолдар  арқылы елге басы артық  валютаның еніп кетуіне берік  тосқауыл  қойылғаны  жөн.    Ұлттық банк пен Қаржы министрлігінің  құнды  қағаздарын  көп  мөлшерде ішкі, сыртқы рынокқа шығару  мемлекеттік бюджетті өсіретін жол болғандықтан  да одан  бас тартқан  ләзім. Бұл, тіпті ішкі рыноктағы теңгені азайтудың  оңтайлы жолы емес.

Информация о работе Инфляция мәні, себептері және инфляцияға қарсы саясат