Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 14:00, курсовая работа
Біз қысқаша талдауымыздан мынадай тұжырым жасауға болады, елімізде инфляцияға қарсы табысты болады. Ол үшін біріншіден, біздің халық шаруашылығын құрылымдық қайта құрудың шарттары мен барысын қамтамасыз ету,білімімізге байланысты, және екіншіден ақша көлеміне бақылау және келешекте халық тұтынатын тауарлар өндірудің өсуі және олардың бағасын тұрақтандыру, арқылы тізгіндеу мақсатында несие- ақша және бюджет- қаржы реттегіштерін кең көлемде қолданылатын боламыз.
Кіріспе 3
I. Инфляция мәні, себептері 5
1.1 Инфляция экономикалық маңызы 5
1.2. Инфляцияның себептері 6
1.3 Инфляцияның түрлері 7
II. Инфляцияның деңгейі мен зардаптары 10
2.1. Инфляцияның деңгейі өлшемі 10
2.2. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары 10
2.3. Филлиптің қисық сызығы 11
III. Инфляцияны төмендетудің жолдары 14
3.1. Инфляция және нарықтық экономикаға көшу 14
3.2. Дефляция және шығын коэффициенті 16
3.3. Жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланыс 18
IV. Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат 23
4.1. Инфляцияға қарсы күрес саясатын бағалау 23
4.2. Инфляцияны тежеу жолдары 26
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі 33
Неліктен дейсіз? Өйткені мемлекет бұл товарлардың бағасын жасанды түрде арзан қылып ұстап келген де, соның немесе үкімет шешімдерінен туындаған басқа бір экономикалық сәйкессіздіктер мен тиімсіздіктің салдарынан ұсынымнан сұраным ылғи да артық болып келген. Өтпелі кезеңде жұрттың қолында мол ақша жинақталып қалса (өйткені оны жілігі татырлықтай бірдеңе алуға жұмсау мүмкін болмаған ), инфляцияның ауыртпалығы тіпті қиын болды. Соған қарамастан инфля -цияның өтпелі кезеңде болмай қоймайтын осынау шарықтауынан туындайтын қиындықтарының өтеуі де едәуір айтарлықтай. Мемлекет тұсауынан босанып, ұсыным мен сұраным механизміне жан біте бастады. Бағаның жоғары болуы сұранымның мол екенінің белгісі, сондықтан базар, басында баяу, сүріншектеп болса да, өндірістің арта бастауымен жауап береді. Жұрт қолында жинақталып қалған ақша құнсыздана- ақ қойсын, бірақ олардың қолындағы ақша енді шын ақшаға айналып, тұтынушылар дүкендерге түсе бастаған товарларды сатып алатын болды. Ұсыным көбейген сайын баға тұрақтанады және кезек азая бастайды, өйткені сату- ға алуан түрлі өнімдер көбірек түсе бастағаннан аларман ұғады. Кәсіпкер- лер мен инвесторлар жаңа экономикалық еркіндікке жаңа бизнестер ашумен және товарлар мен қызмет түрлерінің ұсынымына бәсекемен жауап береді де, сол арқылы жұмыс орындарын жасайды, ұсынымды ұлғайтады, бағаның бірте- бірте қалыпқа түсуіне көмектеседі. Осынау өтудің түйінді элементі мынау: үкімет баға қоюдағы өз рөлінен бас тартады да, ұсыным мен сұранымдағы базар күштерінің іс жүзінде барлық товарлар мен қызмет түрлерінің бағасын белгілеуіне мүмкіндік береді.
Мұндай еркін базар нығайып келе жатқанда инфляция жалғаса беруі мүмкін, бірақ экономикалық өтудің алғашқы, неғұрлым қиын кезе -ңіне қарағанда әлдеқайда баяу , зиянсыз бола түседі. Өтпелі экономика- лық кезеңде бағаның шарықтап кетуінен туындайтын күйзеліс пен қасірет жұрттың бәріне айқын. Сонымен бірге, нарықтық экономикаға тән төмен мөлшердегі инфляция проблема болып табыла ма ? Инфляция атымен болмай, баға жүз жыл бұрынғыдай бола берсе, сонымен бірге дәл сол кездегідей кірісте аз күйінде қала берсе, жұртқа жақсы болар ма еді ? Іс жүзінде тіпті де олай емес.Мысалы: Марияның кірісі 10 есе өсіп, олар сатып алатын зат бағасы да дәл солай 10 есе өссе, олар бұрынғыдан тіпті де жақсы тұра алмайды. Нарықтық экономика жағдайында жұртты алаңдататын нәрсе инфляцияның қысқа мерзімді күрт өсуі, өйткені, егер баға қымбаттап кетсе, кіріс пен байлық өндіріс көлеміне немесе жұмысшы -лар мен компаниялардың еңбек өнімділігі еш байланыссыз өз бетінше қайта бөлінеді. Мария үй сатып алады да, оның ақысын төлеу үшін 10 проценттік өсіммен қарыз алды делік. Олар қарыз алғаннан кейін инфляция деңгейі 5 проценттен 16 процентке дейі көтеріліп кетсін. Бұл Марияға пайда, өйткені олар қарызды өтеу үшін төлейтін ақшаның құны олар үй сатып алу үшін қарызға алған ақшадан едәуір арзан. Бұл Мария үшін жақсы- ақ, бірақ қарыз берген жер үшін жаман. Дәл осындай себептен, келісімді зейнетақы алатындар (немесе ұзақ мерзімді келісімшарт негізінде келісіп алатындар ) инфляциядан зардап шегеді, ал сол келісімшарт бойынша ақша төлейтіндер пайдаға шығады. Жинақ банкісі- нің салымшылары мен инвесторлар да зардап шегеді, өйткені инфляция олардың ақшасының құнын түсіреді. Керісінше, қарызын және басқа келісімшарттық міндеттерін инфляцияға ұшыраған валютамен өтейтін- дер пайдаға шығады. Әрине , егер инфляция деңгейіне байланысты проценттік өсімдер мен басқа төлемдер өзгертілмесе, елдерге қарызға беруге, іргелі ресурстарға – үйлерге, фабрикаларға, жаңа технологияларға инвестициялауға болатын жинақ ақша мен қорлар қажет- ақ.
Алайда, инфляция, жинақ банкісінің салымшыларына нұқсан келтіріп, өсуді тежеп, ұлттық молшылықтың ғұмырын қысқартып кетуі мүмкін.Инфляция іскерлік және экономикалық әлемді тиянақсыздау етеді, соның салдарынан инфляция деңгейі төмен немесе инфляция жоқ басқа елдерге инвестия жасау неғұрлым пайдалырақ болып көрінеді. Компания жаңа заводты қай жерде салады. Болжау, біле қою қиын инфляция деңгейі ылғи да 2,5 процент құрайтын жерде ме ? Әрине, соңғысында.Бұл тұрғыдан алғанда инфляция жұрттың көбірек бөлігін пайдадан гөрі зиянға шығарады, өйткені әрбір жеке адам немесе бизнес үшін экономикалық ахуалды бүлдіреді. Осы себептердің салдарынан үкіметтің тұрақтандырғыш саясаты экономикалық өсуді ынталандыру қажеттілгі мен инфляцияны бақылауда ұстау талабын теңдестіріп отыруға тиіс.
Инфляциямен күресу және инфляцияға қарсы арнайы бағдарлама жетілдіру экономиканы тұрақтандырудың қажетті элементі болып табылады. Осындай бағдарламаның негізінде инфляцияны анықтайтын себептер мен факторларды талдау, оны ойдағы деңгейге дейін азаюту немесе жоюға себептер болатын экономикалық саясаттың шараларын- ның жиынтығы жату керек. Инфляцияға қарсы саясат инфляцияны қысқартуға бағытталған,экономиканы мемлекеттік реттеудің шараларын жиынтығы болып ұсынылады. Осы шараларды ұзақ мерзімді сипаты мақсаттар мен әдістерді енгізетін стратегиялық және қысқа мерзімді нәтижелер алуға бағытталған тактикалық деп бөлуге болады. Инфляцияға қарсы стратегия ақша-несие, бюджеттік,радикалды ақша реформаларын өткізгенге дейін салықтық шарлардың кең жиынтығын көрсетеді. Инфляцияға қарсы тактика ағымдағы инфляцияның қысым жасауын азайтатын қысқа мерзімді әрекет шараларын білдіреді. Оның әдістері сұранысты бірге өсірмей ұсынысты кенет көбейтуге мүмкіндік береді. Мысалы, бағалар мен жалақы қатынастарына қатаң бақылау (бағалар мен жалақының өсуін уақытша тоқтау), кәсіпкерлікті салықтық ынталандыру, өмірлік маңызы бар салалар мен өндірістерді мемлекеттік шаруашылық шығындарды қолдау. Қазіргі тәжірибе экономика жағдайында байланысты инфляцияны реттеудің екі нұсқасын бөліп көрсетеді:
- Дефляция (латынша «deflatio» «үрлеп шығару» деген мағынаны береді ) саясаты ақша жиынының шектеулі өсімімен байланысты. Бірақ, бұл саясат экономиканың тым қызып кетуін тежеу мақсатымен экономикалық өсудің талаптарына ғана сай келеді.
- Табыстар саясаты стагдефляция (инфляцияның экономиканың құлдыра- уымен қоса жүруі) кезінде қолданылады, мемлекеттің бақылауымен жалақылар мен бағалардың өсу қарқынының үйлесімімен келісімін, тіпті олардың толық тоқтауы немесе өсу шектерін анықтап көрсетеді.
Инфляцияға қарсы саясаттың нұсқалары елдегі жағдайларға және осы немесе басқа кезең уақытында халық шаруашылығындағы басымды - лықтарға байланысты таңдалады. Егер экономикалық өсуді тежеу мақсаты қойылатын болса, онда дефляция саясаты өткізілуші еді, егер экономика- лық өсу ынталандыру мақсатымен болса, онда артықшылықтар табыс саясатына берілді.
Қазақстан экономиканы реформалау, орталықтандырылған тәртіптен директивті нарықтық экономикаға өту кезеңінде инфляцияның барлық түрлерінен өтті, оның маңызды себептері-тәртіпке келтірілген экономикалық дағдарыс, экономика құрлымындағы көшірулер және т.б. ,яғни жоғарыда аталған осы себептер инфляцияның факторлары болып табылады. Қәзіргі уақытта баяу инфляция (5-7 %) сақталып отыр. Қазақстанда бейімделу саясаты әзірленді, яғни экономиканың барлық субъектілері өз іс- әрекеттерінде бәрінен теңгенің төлем қабілеттілігінің төмендеу шығынын есепке ала отырып, инфляцияға көңіл қойып отыр. Бұл жерде шығынды өтеу үшін негізінен инфляцияның шамасына қарай пайыз мөлшерлемесінің индексоциялау әдісі қолданылады. Мысалы, сыйақы банктен несие несие алу үшін инфляцияның деңгейіне байланысты пайыздық мөлшерлемені көтереді, яғни қайта қаржыландыру мөлшерлемесі + инфляция + маржа.
Инфляцияға қарсы саясатты әзірлеу үшін бастапқы пункт тамыры қайта өндіру механизмінде жатқан инфляция теориясының дамуы болып табылады. Ұзақ инфляция факторының тежейтін шаралар анықталып және инфляцияға қарсы ұзақ мерзімді стратегиның әзірленуін білдіреді.
Бұған жалпы мыналар жатады:
- экономиканы сауықтыру, Қазақстан 2003-2015жж. Индустриалды- инновациялық даму стратегиясын (ИИДС) қабылдау мен және оны жүзге асырумен экономиканың шикізаттық бағытынан жоғары технологиялы, бәсеке қабілетті экономикаға өтуге тырысады.
- саналы инвестициялық саясатқа көшу. Қазақстан инфляциясының бір жақтылығын ан зардап шегіп келеді, барлық шетел инфляцияларының
90
%-ы шикізатқа, кен өндіру салаларына
салынады. Осыған байланысты ИИДС-
сы республикамыздық шетелдік
және ішкі инвестициялардың
- дәстүрлі емес тауарларды (тұрғын үй, жер, бағалы қағаздар және т.б.) нарықтық айналымға белсенді тарту.Қазақстан тұрғын үй бағдарламасын , ипотекалық бағдарламаны, жаңа Жер кодексін әзірлеумен тұрғын үй құрлысын, ипотека жүйесін дамытуға және тұрғын үй мен жерді нарықтық айналымға белсенді қосуға көңіл бөліп отыр.
- қызмет көрсету нарығын дамыту. Республикада бұл бағытта белсенді жұмыс жүріп жатыр. Инфрақұрылым, қызмет көрсету аясы (оның үлесі ЖІӨ ның 50 %-нан астамын құрайды) даму үстінде.
- экономика мен қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын кіші бизнесті дамыту. Бұл бизнес негізінен халық тұтынатын тауарлар өндірісінде және саудада, қызмет көрсету аясында болады. Ол мықты бәсекені қалыптастырады.
- саналы қаржы- несие жүйесін құру.Бұл қатынаста қазақстанның белгілі бір жетістігі бар.Үнемі салық салуды, сақтандыруды, зейнетақымен қамтамасыз етуді жүзеге асырып отыратын, қазіргі заман талабын сай оның банк жүйесі бар.
Инфляцияға қарсы саясаттың формалары мен әдістері қайта өндірудің механизмдерімен қоса ақша- несие, бюджеттік, салықтық шаралардың кең көлемін көрсетеді. Ұлттық банк инфляцияға қарсы шаралар сияқты ақша айналымын реттеуде ашық нарықтағы операцияларды, қайта қаржыландырудың мөлшерлемелерін, міндетті резервтер нормаларын, пруденцилды нормативтердің бекітілуін өзіне қосатын ақша- несие саясатын қолданады. Ұлттық банк ақша жиынының өзгерісіне қатаң бақылау жасап отырады,оның тауар жиыны мен қызмет көрсетуінің сәйкестігіне тікелей және жанама әдістермен әсер етеді.Ақша айналымының тұрақтылығы экономиканың тұрақты дамуын нақты білдіреді. Сондықтан неоклассикалық және экономиканың тұрақтылығы үшін ақша- несие және қаржылық шараларды қолдануға бағыттайды. Кейнсиандықтар баяу инфляциядан тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуді көреді. Баға мен еңбекақы өсуінің уақытша тежелуін, кәсіпорынның салықтық ынталандыруларын, халықтың жинақ ақшасын, өмірлік маңызы бар салалар мен өндірісті қолдауды қосқанда олар мемлекеттің ең белсенді реттеуші әрекетін ұсынады.
Кейсиандық теорияның қарсыластары монетарист теориясының өкілдері ақша- несиені реттеудің көмегімен, оның ішінде инфляциямен күресу жолымен тұрақты экономикаға жетуге тырысады. Олар мемлекеттің экономикаға үнемі араласу тәжірибесін қолдамайды. Монетаристер инфляцияның негізгі факторы – ақша жиынындағы өзгерістерді көре тұра, олар өндірістің уақытша құлдырау (стагфляция) бағасымен ғана мүмкін болатын айтты, яғни инфляцияны ұзақ мерзімді ақша феномені деп мойындайды. Осылайша, олар теңгерімді бюджетке, ақша эмиссиясына шектеу қоюды жөн көреді. Қазақстан бұл теорияны нақты экономикалық, әлеуметтік- саяси жағдайлар есебінен экономиканы тұрақтандыруда және ақша айналымында инфляциямен күрес жүргізуде қолдануға тырысады. Ақша айналымын тұрақтандыруға және инфляцияны шектеуге ақша реформалары да бағытталған.
Жұмыссыздық шығынның және инфляциядан туындайтын проблемаларды жоғарыда қарастырып өттік. Ендігі алға тартылатын сауалдар: саясаткерлер балансты қалай теңестіреді? Жұмыссыздық пен инфляция деңгейі қандай? Шындығында, экономика қашанда кедергі- лерге кезікпей тұрмайды. Ал егер жалақы бағаға байланысты жойыла- тын болса, онда тұрақты бағадағы жұмыспен толық қамтылуды сақтап қалу мүмкін емес. Саясаткерлер бұл жағдайда: Инфляция қаупі төніп тұрса да, экономиканы жұмыспен толық қамту деңгейіне жеткізуі.
Жұмыссыздық
Инфляция мен жұмыссыздықты балама жолдары экономика кедергіден А нүктесіне, яғни инфляция мен жұмыссыздық, жоғары болып тұрған нүктеге жылжиды. Жұмыспен толык, қамтылуға оралудың екі стратегия- сы бар. Жоғарғы жол — жұмыссыздықты жедел жою жолы.
Төменгісі — дефляция жолы тиіс. Жұмыссыздықты жедел жою жолы әлде, жұмыссыздықтың кеңінен етек алуын, бірақ экономиканың тұрақты сақтайтын саясатты таңдаулары қажет пе?— деген екі ойдан арыла алмайды. Саясаттың балама жолы, егер кедергілер мен ұсыным механизмі- нің бұзылуы тәрізді себептер инфляцияны да, жұмыссыздықты да тұдыр- са, не болар еді? Онда инфляция жоғарылағанына қарамастан, жұмыспен толық қамтылу жеделдей түсер ме еді? Әлде, жұмыссыздыққа қарамастан, инфляцияны тоқтату қажет пе? Саясаткерлер осы мәселенің шешімін іздестіруі керек. Фигура ұзақ мерзімді Филлипс қисық сызығын бейнелей- ді: ұзақ мерзімді инфляция мен жұмыссыздық арасында үйлесім болмайтынын көрсетеді. Айталық, кедергі. салдарынан экономика А нүктесінде, бұл нүктеде инфляция да, жұмыссыздық та жоғары. Мұны реттеудің екі жолы бар. Ұтымды жол — инфляция деңгейінің өсуін және жұмыссыздық пен ұзақ мерзімді инфляция деңгейлерінің төмендететінін бейнелейді. Ал балама жол сызықпен берілген, онда инфляция тежеледі, алайда жұмыссыз- дық біртіндеп төмендейді.Фигурада саясаткерлердін реттеу жолдарын таңдауы көрсетілген. Үздіксіз сызылған жол 14-тарауда өткен градуализмге жатады да, үздік-создықты жол градуализмге қарама-қарсы стратегияны сипаттайды.
Ұзартылған Филлипс қисық сызығы Саясаткерлер қайсысын тандайтынын қарастырған Филлипс кисық сызығына тағы да қайта ораламыз. Бұл тұста ол жұмыссыздық мағынасымен алынады: Мұндағы л инфляция деңгейін, ал л" келешектегі инфляция мөлшерін білдіреді. Осыны сөзбен сипаттасақ, егер нақты жұмыссыздық деңгейі натуралды if 1 деңгейінен асып кетсе, онда инфляция бүрынғы деңгейіне қарай төмендейді,Алайда, кейінгі дәлелдер бойынша инфляция деңгейі тек инфляцияның келешектегі деңгейіне — л'-ге ғана емес, ол жұмыссыздық деңгейінің өзгеруіне де байланысты болады. Басқаша айтқанда, сол жұмыссыздық деңгейінде инфляцияның әр түрлі көрініс беруі. Жұмыссыз- дықтың бірде төмендеуіне, енді бірде өсуіне қатысты болады екен. Жұмыссыздық деңгейі 8% делік. Бұл түста екі мүмкіндік бар. Біріншісін- де жұмыссыздық әрбір жыл сайьн 2%-ке кемиді.
Информация о работе Инфляция мәні, себептері және инфляцияға қарсы саясат