Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 14:00, курсовая работа
Біз қысқаша талдауымыздан мынадай тұжырым жасауға болады, елімізде инфляцияға қарсы табысты болады. Ол үшін біріншіден, біздің халық шаруашылығын құрылымдық қайта құрудың шарттары мен барысын қамтамасыз ету,білімімізге байланысты, және екіншіден ақша көлеміне бақылау және келешекте халық тұтынатын тауарлар өндірудің өсуі және олардың бағасын тұрақтандыру, арқылы тізгіндеу мақсатында несие- ақша және бюджет- қаржы реттегіштерін кең көлемде қолданылатын боламыз.
Кіріспе 3
I. Инфляция мәні, себептері 5
1.1 Инфляция экономикалық маңызы 5
1.2. Инфляцияның себептері 6
1.3 Инфляцияның түрлері 7
II. Инфляцияның деңгейі мен зардаптары 10
2.1. Инфляцияның деңгейі өлшемі 10
2.2. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары 10
2.3. Филлиптің қисық сызығы 11
III. Инфляцияны төмендетудің жолдары 14
3.1. Инфляция және нарықтық экономикаға көшу 14
3.2. Дефляция және шығын коэффициенті 16
3.3. Жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланыс 18
IV. Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат 23
4.1. Инфляцияға қарсы күрес саясатын бағалау 23
4.2. Инфляцияны тежеу жолдары 26
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі 33
Ал екіншісінде мүлде кемімейді. Бұдан біз инфляциялық қысымды немесе инфляцияның бұрынғы- дай төмендеуін күтеміз.Мұндай ұзарту (4) тендеуде көрсетілген, тек бұған /3(и - и,) ұғымы I қосылған. р коэффициенті өзгерген жүмыссыздықтың (и - и-\) инфляцияга I әсерінің мөлшерін өлшейді. /3 жоғары болған сайын өзгермелі жұмыссыздықтыц I инфляцияға әсері де соғүрлым маңызды. Мұндай ұзартылган күйде жұмыссыздықтың жоғары болуы инфляцияны төмендетеді. (4) теңдеу саяси шешім қабылдауға аса пайдалы, себебі ол жұмыссыздық пен инфляция арасында байланыс орын алғанын айқындайды. Жұмыссыздық неғұрлым тез төмендесе, әрбір жұмыссыздық деңгейіндегі дефляция да соғұрлым төмен болады. Тіпті жұмыссыздықтың деңгейі тым жоғары болғанның өзінде де, экономика тоқыраудан тез құтылса, инфляция аздап төмендейді, Бұған керісінше, баяу өсу жұмыссыздықтың инфляцияны төмендету әрекетін күшейте түседі.Саясат икемделігі фигурадағы саясат проблемасына қайта оралайық. Мәселе — жұмыссыздыкты кеміту және инфляцияны ұзақ мерзімге төмендетуде. Оукен заңы жұмыссыздықтың кемуі үздіксіз өсу стратегиясын талап етеді дейді. Бірақ үзартылған Филлипс қисық сызығы жұмыссыздықты төмендету стратегиясының инфляцияны арттыратынын бейнелейді. Саясат жұмыссыздықты жылдам өсу арқылы кетіру мен инфляцияны төмеңдететін баяу өсу арқылы қалпына келтірудін біреуін таңдауы қажет.
Саясаткерлер немен шұғылданады? Саясаткерлер фигурада көрсетілген жолдардың қайсысын тандайды? Бұл мәселе жөнінде екі пікір бар. Біріншісі — саясаткерлер қоғамға пайдалы жағын қарастырады. Олар инфляция мен жұмыссыздыққа кеткен шығынды есептей отырып, сол шығынды азайтатын жолды тандайды. Ол тәсілді жомарт жүректі диктатор тандайды. Екіншісі — демократияшыл саясаткерлер өз мүмкіндіктерін хал-қадірінше кенседе сақтауға тырысатын саясаткерлерді тандайды.
Міне, тап осы тәсілден ғылымда саяси экономикалық цикл теориясы пайда болады.Саяси экономикалық цикл Қызмет орнындағы саясаткерлер қайта сайлау кезінде жәрдем беретін саясатты атайды. Сондықтан олар үшін сайлаушылардың мәселелерін, мүң-мұқтаждықтарын анықтау өте қажет. Саяси экономикалық цикл теориясы макроэкономикалық кескіннің жолы — сайлау кестесі деп болжайды.
Төменде сол теорияның құрылымына шолу жасаймыз. Оның бірінші құрылымын әлдеқашан қарастырғанбыз. Ол — саясаткерлердің бір келісімді тандауы. Келесі екі құрылымы мына төмендегідей: біріншісі — сайлаушылар инфляцияға карсы жұмыссыздық мәселесін қалай бағалайтыны, екіншісі — сайлау нәтижелеріне әсер ететін ұтымды уақыт қандай екендігі жөнінде.Жұртшылық пікіріне сұрау салу.Сайлаушыларды жұмыссыздық та, инфляция да мазалайтыны рас. Кесте Галлуптың жұртшылық пікірін зерттеуінің қорытындыларын көрсетеді. Шын мәнінде әрбір сауалнама (анкета) бойынша 1973 және 1983 жылдары жүртшылыққа таратылған сауалнамаға қайтарылған жауаптардың 50%-і инфляция мен жұмыссыздықтың ел алдында тұрған ауқымды проблема екенін анықтады.
Жұртшылықтың
жалпы пікірін білгендегі алынған
жауаптардың мазмұны бір-
Президенттік биліктің бірінші жартысында саясат дефляцияны тудырады да, екінші жартысындағы экспансия жағдайы жұмыссыздықты төмендетеді.
Саяси экономикалық циклдың эмпирикалық айқындығы аралас болып қала береді. АҚШ мәліметтері 4 жыл ішіндегі президент сайлауының циклін ашық сипаттайды. Бұрын да, қазір де 1969—1972 және 1981—1988жылдары фактілер теорияға сәйкес келеді. Сөйтіп 1988 жылғы сайлаудағы республикалық партияның жеңісі саяси экономикалық цикл теориясының басшшысымен жүргізілді.
Кез келген оқиғадағы тәрізді саяси экономикалық циклге де қарама-қарсы факторлар бар. Бұлардың бірі — президенттің конгрестік сайлауға байланысты экономикалық циклды толығымен пайдалануына мүмкіншілік бермеуінде. Екіншіден, президент ашықтан-ашық сайлау туралы көзқарасын тоқыраумен және тұрақтандырумен байланыстыра алмайды. Үшіншіден, ауқымды "макроесеңгіретулер", яғни мұндай бағаның тым аса қымбаттауы, сан алуан сондай әрекеттері сайлау циклін күнгірттендіре түседі. Төртіншіден, атқару кеңесі аппараттың бөлімдерін толық тексеру мүмкіндігінен айырылады. Әсіресе, Фед. бәрінен де тәуелсіз, сол себепті де ол экономиканы сайлау цикліне лайықтағысы келмейді. Алайда 1972 жылы Фед. қажетті кезіңде өсуді қамтамасыз ете алды. Бесіншіден, егер күтулер ұтымды болса, онда сайлауга арналған монетарлық саясаттың нақты көмегі азаяды да, ол негізінен инфляцияны туындатады. Осыған орай фискальды экспансияның да нақты нәтижесі бар. Сонымен, сайлау циклының толығымен дұрыс емес екеніне таңданбасақ та болады. Әйтсе де, болжамды жоққа шығара алмаспыз. Мысалы, барлық дүние жүзі тең дәрежеде болған күннің өзінде де, егер әкімшілік сайлау жылында инфляцияны азайтатын болса, ол бізге тым қызғылықты болып көрінер еді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2006 жылға 1 наурыздағы «Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына Жолдауында, ақша- кредит саясатының негізгі мақсаты инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету болып табылады және бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық Банк пен Үкіметке жүктеледі деп атап көрсетті. Осыған орай бүгінгі таңдағы инфляцияның өсуі көп себептерге негізделген және тиісті органдар мен нарық субектілерінің нақты іс- әрекеттеріне байланысты күрделі көп факторлы құбылыс екендігін айта кеткен жөн.
Баға өсу факторлары. Қазақстанда реформаның алғашқы жылдары бағаның қозғалысы көптеген факторлармен айқындалады, олардың басымдары мыналар болды : азық-түлік тауарларына және кейбір тауарларға арналған бағаның белгіленген шекті деңгейін біртіндеп алып тастау, энергия ресурстарына және ұлттық валютаның құнсыздануы.Одан кейінгі жылдары монетарлық және фискалдық реттеу құралдарын пайдалану, сондай-ақ баға белгілеу саласында жүргізілген саясат тұтыну тауарларына арналған бағаның өсуін 1998- жылы - ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Тұтыну нарығындағы бағаның 1999 жылы өсіп кету (17,8 - ға) негізінен, теңгенің «құбылмалы айырбастау бағасын» енгізуге байланысты, ал тұтыну тауарларына және қызмет көрсетулерге арналған баға өсімі 2000 жылы 9,8 -дан 2004 жылы .Тұтастай алғанда 1995-2006 жылдары инфляция мынадай болды:
1995 жылы 60,3 %; 1996 жылы 28,7 % ;
1997 жылы 11,2 % ; 1998 жылы 1,9 % ;
1999 жылы 17,8 % ; 2000 жылы 9,8 % ;
2001 жылы 6,4 % ; 2002 жылы 6,6 % ;
2003 жылы 6,8 % ; 2004 жылы 6,7 % ;
2005 жылы 7,6 % ; 2006 жылы қаңтар – шілдеде 5,1% .
Бірақ 2005 жыл ішінде инфляция өсуінің негізгі көздері 1) азық-түлік тауарларына арналған бағаның орта есеппен 8,1% - ға соның ішінде ет және ет өнімдеріне – 13,3% – ға, жеміс пен көкеніске- 20,5 % - ға, сүт және сүт өнімдеріне - 11,1% – ға; 2) бензинге- 12,7 % - ға ; 3) газбен жабдықтауға - 23,4 % - ға өсуі болып табылады. Статистиканың деректері бойынша 2006 жылға қаңтар – шілдеде 2005 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулерге арналған бағалар мен тарифтер 8,7% - ға, азық-түлік тауарлары – 9,8 %– ға , өсті. Азық –түлік тауарларының ішінде мыналар: қант -33,5% –ға,көкеніс пен жеміс- 23,6%– ға, қой еті 17,1 %-ға қымбаттады.
Жолаушылар көлігімен жүру 12 % - ға, темір жол көлігі – 11,1 % -ға, автомабиль көлігі – 12,4% - ға, почта қызметін көрсету -42,4% - ға, білім беру қызметі 18,8 % -ға қымбаттады. Бензин бағасының өсуіне ерекше назар аударған жөн, ол 2006 жылғы шілдеде 2005 жылғы шілдемен салыстырғанда 11,4 % - ға, ал үстіміздегі жылдың маусымымен салыстырғанда тағы 6,5% - ға өсті. Алайда экономика бойынша тұтастай алғанда ЖІӨ- нің индекс- дефляторы 2005 жылы 2004 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 116,1% болды, соның ішінде, тауар өндіруді- 118,7 % , қызмет көрсету өндірісінде-113,1 % . Бұдан, аталған жинақталған көрсеткіш бойынша баға өсімінің тұтыну бағасының өсу индексінен екі еседен астам (107,6 % ) артып кеткені көрінді. ЖІӨ- дефляторы- бұл , негізінде елдегі инфляциялық үдерістердің өлшеуші болып табылады. Бұл көрсеткіш барлық өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтер бағаларының өзгеруін ескереді. Мәселен, 2006 жылғы алты ай ішінде номинал ЖІӨ-ның өсу қарқыны нақты ЖІӨ-ның өсімімен (9,3% ) салыстырғанда 3 еседен асты (31,4 % ) немесе физикалық көлемінің 1 % өсіміне ақшалай баға өсімінің 3,5 пунктінен келеді. Жекелеген сарапшылардың пікірінше мемлекеттік шығыстардың өсуі айналыстағы ақша санының көбеюіне (басқа да теңдей жағдайлар кезінде) ықпал етеді және инфляцияны туындатуы дейді. Бұл жағдайда, біздің ойымыша, ақшаның жедел айналу көрсеткішіне және олардың айналыстағы санына негізделетін инфляцияның ең қарапайым моделі ескерілді, ал экономика өсуінің басты көзі болып табылатын өндіріс көлемінің артуы ескерілмейді. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін ЖІӨ-ның жан басына шаққандағы өсімінің, мемлекеттік шығыстардың барлық инвестициялардың, соның ішінде жеке сектордағы инвестициялардың көлеміне, тұтыну және жинақтау деңгейіне және басқаларға қарай өзара байланысын талдап, есептеп отыру керек. Содан кейін ғана осындай факторлардан баға өседі деп тұжырым жасауға болады. Орташа алғанда соңғы бес жылда капиталдың 6% факторының үлесі – 1,2 % болды.Бұл ретте қазіргі кезде ең бір өзекті мәселелердің бірі экономиканың «қызып кетуіне » жол бермеу болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстанның экономикалық дамуына ықпал ететін сыртқы факторлар елеулі түрде өзгереді. Бұл, бірінші кезекте, мұнай экспорты өсуінің жоғары қарқынына және мұнайға, газға және металға дүниежүзілік бағалдардың ұлғаюына, АҚШ доллары айырбас бағамының дүниежүзүлік валюта нарығында өзгеруіне, шетел капиталының елге айтарлықтай мол келуіне және т.б. байланысты. Осыған байланысты мынаны атап өтуге болады, инфляция бізге ақшаның молшылығын ғана емес, негізінен алғанда күнделікті сұраныс тауарларының жетіспеушілігі- «сұраныс инфляциясын » тудырып отыр.
Соңғы екі-үш жыл ішінде отынға, ТКШ қызмет көрсетулерінің тарифтеріне бағалар елеулі түрде жоғарлады.Бір сөзбен айтқанда, қазіргі кезде, біздің талдауымызша инфляция өсуінің негізгі себептері мыналар 1) «сұраныс инфляциясы» немесе жалпы тауар тапшылығы,әсіресе күнделікті сұраныстағылар;
2) монопалистер мен делдалдардың бағаға келісуі;
3)
қызмет көрсету, көлікке,
4) субъектілердің өнімділікті
арттыруға қарағанда пайда алуға көбірек ұмтылуы ;
5 )жергілікті жерлердегі атқарушы биліктің инфляцияны тежеу және негізгі тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулеріне бағалар мониторингін жүзеге асыру жөнінде нашар жұмыс жүргізілуі;
6) төмен еңбек өнімділігі;
7) инфрақұрлымға салынған инвестициялардың жоғары үлес салмағы және күрделі қаржыны игеру мерзімдерінің ұзақтығы
8) әлсіз бәсеке;
9) өндіріс шығындарының өсуі.
Сұраныс факторларына халық, кәсіпорындар мен мемлекет кірістерінің артуын, сондай-ақ банктердің жоғары кредиттік белсенділігін жатқызуға болады. Айталық 2005 жылдың 3 тоқсанында халықтың ақшалай кірістерінің өсуі 12 % - дан астам бағаланып, ЖІӨ өсу қарқындарынан (8,6% ) шамалы жоғары болды. Мұндай озу үрдісі 2001 жылдан бастап байқалып келе жатқанын атап көрсету қажет. 2001-2004 жылдар бойынша нақты ЖІӨ 10,5% – дық қарқынмен өскен кезде, халықтың нақты ақша -лай кірістерінің орташа жылдық өсімі 11,5% - ға, жеті. Халық кірістерінің өсу нәтижесі бөлшек сауда айналымы көлемінің ұлғаюынан көрінетін тұтыну «серпілісі» болып табылады, оның 2001-2004 жылдары- жылына орташа 11% – ға бағаланды. Сөйтіп, тұтыну сұранысы айтарлықтай ұзақ уақыт бойы бағаларға әсер етуін жалғастыруда.
Бұған қоса соңғы кезде коммуналдық қызметтерге арналған тарифтер- дің өсуі де жатады. Халық пен кәсіпорындар тарпынан сұраныстың өсуі жұмыспен қамтудың ұлғаюы кезінде болып жатқан фактісін атап көрсету керек. Егер 1999 жылы ол 13,5 % -ға (ең жоғарғы деңгей ) жетсе, содан кейін ол 2004 жылы 8,4% –ға дейі және 2006 жылдың екінші тоқсанында 7,7% -ға дейін төмендеді. Мұның бәрі экономикада бос еңбек ресурстары резервінің азайып келе жатқаны, жиынтық сұраныстың одан әрі өсуі не импорт көлемінің көбейе түсуімен, не еңбек өнімділігінің артуымен, не бағалардың өсуімен болатының айғақтайды.Біздің ЖІӨ өсуінің құрылым- дық мазмұны алаңдатуы тиіс. Осының нақты дәлелі- азық- түлік өнімдері- не , аса қажетті тауарларға, тұрғын үй- коммуналдық және көліктік қызметтерге бағалардың өсуі. Инфляцияның «импорты» көп ретте сыртқы экономикалық конъюнктураның ықпал етуі арасында қалыптасты, экономиканың нақты секторындағы бағалар, елге валюталық түсімдердің келіп түсуі және валюта ағымының серпіні оған байланысты болады. Әлемдік нарықта энергетика және басқа да шикізат тауарларына бағалар- дың жоғарлауы, сондай-ақ ішкі және сыртқы нарықтардағы бағалар деңгейі арасында алшақтық өндірушілердің ішкі нарықта бағаларды көтеруіне ықпал етті. Бензин мен дизель отыны бағасының өткен жылдың күзінде (шамамен 13 % ) және ағымдағы жылдың маусымдағы ішінде (11 %)өсті. Бәрінің жарқын мылалы болып табылады. Инфляция импортының көрнекті мысалдарынын бірі ағымдағы жылы қант бағасының күрт өсуі болып табылады, ол 2006 жылдың жеті айында 33 - дан астам өсіп, оның импорты соңғы бес жылда 71,9% -ға өсті. Азық –түлік тауарларының импорты өсіп келеді. Мысалы, ет пен сүт өнімдердің, өсімдік майлары мен тоң майлардың импорты құндық көріністі 1,5 есе, жеңіл автомобильдер – 37,9% –ға,жиһаз-34,5% -ға, дәрі-дәрмек- 25 % -ға өсті. «Тапшылықтың тауарлардың» да әкелініп жатқанын ескеру керек. Бұл ретте айта кету керек көптеген кәсіпорындардың әлеуметі әлі де толық пайдаланылмайды, мысалы қант өнеркәсібінің қуаттарын пайдалану коэффицинті.
Информация о работе Инфляция мәні, себептері және инфляцияға қарсы саясат