Инфляция:макроэкономиқалық теориясы және инфляцияға қарсы саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 18:32, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.

Оглавление

КІРІСПЕ
1. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инфляция ұғымы және мәні
1.2 Инфляцияның пайда болу себептері және түрлері
1.3Инфляцияның дамыған мемлекеттер мен дамушы елдердер экономикасына әсер етуші факторлары
II. Қазақстандағы инфляциялық үдеріс макроэкономикалық тұрақсыздық ретінде
2.1 Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы
2.2 Макроэкономиканың модельдерi
2.3 Қазақстандағы инфляциялық үдеріс
III. Инфляциямен күресу шаралары
3.1 Инфляцияға қарсы саясат инфляцияның алдын алудың басты амалы
3.2.Қазақстан Республикасының антиинфляциялық саясатында туындайтын мәселелерді шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Файлы: 1 файл

Инфляция макроэкономика.doc

— 319.50 Кб (Скачать)
align="justify">     Инфляцияның зардаптарын жойып,  ақша айналысын тұрақтандырудың  негізгі әдістері – ақша реформасын  жүргізу. Тарихта ақша реформасын жүргізудің екі формасы бар:

- бірінші,  жаңа жүйесін құру – ол алғашқыда  металл ақша жүйесін құрғанда, сонымен қатар мемлекеттік құрылым  өзгергенде, яғни отаршылық жүйе  құлап, оның орнына отаршылықтан  арылған саяси тәуелсіз мемлекеттер  пайда болғанда және 90-жылдардың басында КСРО-ның орнына Тәуелсәз Мемлекеттер Достығы елдері құрылғанда, бұл елдердің даму ерекшеліктеріне байланысты өзіне тән жаңа ақша пайда болды.

- екіншісі, ақша жүйесінің кейбір элементтерін  өзгерту, яғни жаңа ақша өлшемін  енгізу, баға масштабын, ақша түрлерін және тағы сол сияқтыларды өзгерту.

     Ақша айналысын тұрақтандыру  мен экономиканы қалпына келтірудің  ең бір қажетті жолы ретінде  мына әдістерді қолданады: нуллификация, реставрация (ревальвация), девальвация  және деноминация.

     Нуллификация – ол құнсызданған  ақшаны жойып, орнына жаңа валютаны  енгізу әдісі. Мысалы, 20-жылдары  Германияда соғыстан кейінгі  ұшқыр инфляцияның нәтижесінде  рейхсмарка құнсызданып, 1924 жылы  енгізген жаңа маркаға 1:1 трлн. ескі рейхсмаркаға арақатынасымен айырбасталды. Сөйтіп құнсызданған ескі марка жойылды.

     Реставрация – бұл ақша өлшемінің  бұрынғы алтын құрамын қалпына  келтіру әдісі. Мысалы, Англияда  Бірінші дүниежүзілік соғыстан  кейінгі 1925-1928 жылдарда ақша реформасы  кезінде фунт стерлингтің алтын құрамы соғысқа дейінгі қалпына келтірілді. Ал Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі реставрация – ревальвация ретінде доллармен салыстырғанда ұлттық валютаның ресми курсын көтеру арқылы жүргізіледі. Содан кейін халықаралық валюта қоры ақша өлшемінің алтын құрамын тіркеуден өткізді.

     Девальвация – ақша өлшемінің  алтын құрамын төмендету. Ол  Екінші дүниежүзілік соғыстан  кейінгі АҚШ долларына шаққанда  ұлттық валютаның ресми курсын  да, оның алтын құрамын да төмендету.  Долларды екі рет девальвациялау нәтижесінде оның алтын құрамы 1971 жылы желтоқсанда 7,89%-ке, ал 1973 жылы ақпанда 10%-ке төмендетілді.

     Деноминация – ол «нольдерді  сызу» әдісі, яғни баға масштабын  ірілендіру. Мысалы, КСРО-да 1961 жылдың 1 қаңтарынан бастап баға масштабы 10 есе ірілендірілді. 1961 жылы шыққан жаңа 1 рубль – ескі 10 рубльге тең алмастырылды.

     Қорыта айтқанда, инфляциямен күрес  әдістері – мемлекеттің экономиканы  реттеудегі жүргізетін іс-әрекеттерінің  жиынтығы. 

3.2 Қазақстан Республикасының антиинфляциялық саясатында туындайтын мәселелерді шешу жолдары 

     Инфляцияны жою жөніндегі шаралардың  кешені, қоғамның іс-әрекет өтуінің  өндірістік-экономикалық, құқықтық, институтционалдық,  моралдық-адамгершілік сфераларының  әр түрлі жақтарына әрекет  етуді қамтиды десек те олардың шешулісі базалық, өндірістік-экономикалық сфера болып табылады.

     Инфляцияға қарсы саясат ақшалай  ұсынымды шектеудің әр түрлі  әдістерін қамтиды:

  1. Орталық банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту.
  2. Барлық кредит ресурстарын қымбаттату және оларға қол жететіндігін азайту мақсатында орталықтандырылған кредиттер үшін қайта қаржыландырудың есептік мөлшерлемесін арттыру.
  3. Кредит мультипликаторын қысу және коммерциялық банктердің кредит экспансиясын шектеуге жету үшін Орталық банктің коммерциялық банктерге резервтік талаптарын арттыру.
  4. Сондай мақсаттарда Орталық банктің кредиттерін тікелей қысқарту.

     Инфляцияға қарсы салық саясаты  жанама салық салуды қысқартуда  болып отыр. Жанама салықтардың  инфляциялық сипаты болады, өйткені олар бағаны өсіреді, сұранымды қысқартады. Жоғары салықтардың іс-әрекетінің екіншісі аспектісі өндіріске олардың қысымы болып табылады, бұл ұсынымды шектейді. Үшіншіден, едәуір салық ауыртпалығы, әдеттегідей, салық жүйесін күрделендіретін көптеген салықтардың іс-әрекетімен байланыстырылады, мұның өзі салықтан жалтарынуға әкеп соқтырады.

     Өндіріс шығындарымен байланысты  болатын инфляцияны жою өзара  байланысты проблемалардың бірнеше  күрделі блоктарын шешуді қажет  етеді.

     Инфляцияны төмендету проблемаларының бірінші блогы экономикалық тұрақтандырудың бүкіл жүйесінің орталық буыны ретіндегі өндірістің құлдырауын жоюда болып отыр. Өз кезегінде ол мына өзара тәуелді проблемаларға ыдырайды.

     Біріншіден, еңбек өнімділігінің  уәждемелік ынталандырмаларын, оның тиімді нәтижелеріне ынталылықты күшейту мәселелерін шешу, басымдық ретіндегі өндірістік еңбек қызметін қалпына келтіру. Бұған қажырлы еңбек пен оның нәтижелерінің арасында тікелей байланыс болатын жекеше өндірістік секторды дамыту негізінде қол жетеді.

     Сауда делдалдық сфераға қарағанда  өндірістік сфераның басымдығын  қамтамасыз ету қажет. Өндірістік  сфераның дамуын көтермелеуге  салықтардың жеңілдік жүйесімен,  кредитті кедергісіз алумен және  кредиттер бойынша төмендетілген  пайыздық мөлшерлемелермен, ұдайы өндіріс, еңбекке ақы төлеу қорларына даму үшін қолайлы экономикалық нормативтерді, аударымдарды белгілеумен және тағы сол сияқтылармен жетуге болады, қажетті жағдайда өндірістік сектор қызметінің басым түрлерін қаржыландыру жолымен тікелей қолдау жүзеге асырылды.

     Инфляцияны жеңіп шығу жөніндегі  шаралар жүйесіндегі қажетті  элемент нарықтық бәсеке механизмі  мен меншіктің барлық нысандарының  шаруашылық жүргізуші субъектілерінің  экономикалық жауапкершілігі механизмін  жасау болып табылады. Аталған механизмдердің іс-қимылы мына сызбаға саяды: шығындардың төмендеуі – бағалардың төмендеуі - өндірістің өсуі есебінен таза табыс көлемінің сақталуы ұсынымның көбеюі – сұранымның қанағаттандырылуы.

     Бәсеке механизмін жасау монополияға қарсы шараларды жүргізумен, меншіктің түрлі нысандарын дамытумен, шаруашылық қаржы қызметіндегі олардың теңдігін заңнамалық түрде қамтамасыз етумен байланысты болады.

     Инфляцияға ықпал етудің ең  түбегейлі құралы экономиканы  мемлекеттік реттеу шеңберінде баға мен жалақыға бақылау қою болып табылады. Баға мен жалақыны реттеудің ауқымдарын және кеңінен инфляция деңгейіне, өндіріс қарқынына, халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттіліктеріне қарай түрленіп отырады. Базалық технологиялық шекте – шикізат, отын, басқа бастапқы өнімдерді өндіруде бағаны реттеуді жүргізудің маңызы зор. Тап олардың құны келесі технологиялық шектердің өнімі бағасының бүкіл пирамидасы негізіне қойылады.

     Жалақы реттеу бастапқы (қол жеткен) деңгейден еңбек өнімділігінің  нақтылы артуына қатаң байланыста жүзеге асырылады, өйткені номиналды жалақы мөлшерлемелерінің еңбек өнімділігі өсуінің қарқынына тең өсімі өзінің сипаты бойынша инфляциялық емес болып табылады.

     Сыртқы экономикалық қызметті  қамты көрсететін төлем балансы  тарапынан инфляцияны төмендету шаралары оның құрылымын жақсартуда болады. Бірінші кезекте бұл тауарлар мен қызметтердің, яғни экспорттық-импорттық операциялардың қозғалысымен байланысты болатын ағымдағы операциялар бойынша теңдікке жетуге қатысты болады.

     Төлем балансының ағымдағы тапшылығын қысқартуға жалпы импортта латын тауарлар мен қызметтерге ішкі сұранымды отандық тауарлар мен қызметтерге ауыстыру есебінен, сондай-ақ сыртқы сұранымға қарағанда экспортты өндірістің икемділігін арттыру есебінен жету керек. Бұған реалистік деңгейде валюта бағамын белгілеу саясатын жүргізу, инфляциялық серпіліс кезеңінде сауда және валюталық шектеулердің ұтымды ұштасуы және инфляция қарқыны төмендеген кезде сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру арқылы жетеді.

     Сөйтіп инфляциямен күрестің негізгі нысандары ақша реформалары және инфляцияға қарсы саясат болып табылады.

     Ақша реформасы – ақша айналысын  ретке келтіру және нығайту  мақсатымен мемлекет жүргізіп  отырған ақша жүйесін толықтай  немесе ішінара өзгерту. Ақша реформасы елдің экономикалық жағдайына, ақшаның құнсыздану дәрежесіне, мемлекет саясатына қарай түрлі әдістермен жүзеге асырылады.

     Өршімелі инфляция кезінде бірқатар  елдер пайдаланған терапиясы.  Оның мәні – нарықтық қатынастарды  дамытуды көтермелеуге, еркін бағаларды белгілеуде, бағаларды реттеуден бас тартуда және олардың нәтижесі ретінде- халықтың тұрмыс дәрежесінің төмендеуіне болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

             Қорытынды 

    Зерттеу жұмысының І – бөлімі «Инфляцияның теориялық негіздері » деп  аталады, онда мынадай мәселелер қарастырылды:

     - Инфляция ұғымы және мәні;

    - Инфляцияның пайда болу себептері және түрлері;

             - Инфляцияның  дамыған  мемлекеттер  мен  дамушы  елдердер экономикасына  әсер етуші факторлары;

    Инфляция  қоғамда ақшаның құнсыздануы, бұл процесс қарқынды да ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) кеңейеді.

    Инфляция  жағдайында Үкімет «қымбат – ақша»  саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие  беру «процентін  және міндетті резерв нормасын өте  жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай  жүргізілген  монетарлық  (ақша – қаржы) саясаттың нәтижесінде  инфляция  ауыздықталды, сонымен бірге ішкі  өндіріс  пен нарық  екі – үш есе қысқарды,  ұлттық  өндіріс  орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық  күрт өсті. Негізінен  сыртқа  өнім шығаратын шикізат өндіру  салалары жұмысын  тоқтатқан жоқ,  керісінше  экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа  көшу жылдары Қазақстанда  бұрыннан  қалыптасқан  өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның  орнына арта түсті.

    Курстық жұмыстың ІІ – бөлімі «Қазақстандағы инфляциялық үдеріс макроэкономикалық тұрақсыздық ретінде» деп аталады, ол келесі бөлімшелерден тұрады:

    - Макроэкономикалық теориялардың пайда болуы

    - Макроэкономиканың модельдерi

    - Қазақстандағы инфляциялық үдеріс

    Макроэкономика  экономиканың бiр үлкен бүтiн құбылыс ретiнде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы iс-әрекеттердi бiрiктiрiп жалпылай қарастырады.

      Макроэкономикалық талдауды үш кезеңге бөлемiз:

      1-кезеңде  фирмалар мен үй шаруашылықтарының  шешiм қабылдауын зерттеушiлер  теория деңгейiнде қарастырады.  Содан соң микроэкономикалық  құралдарды пайдаланып, фирмаларды  әртүрлi экономикалық жағдайларға  байланысты қарастырады;

      2-кезеңде  фирмалар мен үй шаруашылықтарының  жиынтық шешiмдерiн қарастыра  отырып, жалпы экономикалық беталыстар  талдауға түседi. Бұл кезеңде агрегатталған, iрiленген шамалар қолданылады.  Мысалы, бiр ғана фирманың өнiмi  емес, ЖҰӨ; жеке банктiң пайыз мөлшерлемесi емес, нарықтық пайыз мөлшерлемесi;

      3-кезеңде  макроэкономикалық ақпаратты талдау  және жинау арқылы теорияның  нақты мағынасы қарастырылады.  Макроэкономика – макроэкономикалық  теория мен агрегатталған ақпараттардың  ортасындағы байланысты нысандық тәсiлмен зерттеудi қарастыратын ерекше ғылым.

    Курстық жұмыстың соңғы бөлімінде келесідей  мәселелер келтірілді:

      - Инфляцияға қарсы саясат инфляцияның алдын алудың басты амалы

      - Қазақстан Республикасының антиинфляциялық саясатында туындайтын мәселелерді шешу жолдары

   Инфляцияға  қарсы саясатты  талдауда оның екі  бағыты бар: белсенді бюджеттік саясат, екіншісі, ақша-несие саясаты.

        Ақша-несие саясаты экономикаға  қысқа мерзімдік ықпал жасау  құралы ретінде қолданылады. Ал  белсенді бюджеттік саясат мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал жасайды.

        Инфляциямен күресудің тағы бір  негізгі нысан ақша реформасын  жүргізу болып табылады.

Информация о работе Инфляция:макроэкономиқалық теориясы және инфляцияға қарсы саясат