Сұраныс және ұсыныстар теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 20:54, реферат

Краткое описание

Экономикалық әдебиетте «нарық» категориясының көптеген анықтамалары мен түсініктері бар. Қазіргі замаңғы түсініктің мәнін келесі анықтамада қорытындылауға болады: нарық – негізгі теңгеруші фактор ретіндегі баға механизмі арқылы өндіріс аясы мен тұтыну аясының өзара әрекеттігін қамтамасыз ететін қоғамдық өндірісін ұйымдастыру формасы. «Нарықтық экономика» түсінігі «нарық» түсінігінен кеңдеу: бұл экономикалық жүйеде ресурстарды басқару және оларды пайдалануын бақылау тек қана нарық механизмі арқылы жүзеге асырылады. Нарық механизмі – сатушы мен сатып алушының өзара іс - әрекетінің бәсекелестік механизмі және сұраным мен ұсынымның негізінде төмендегідей үш мәселені шешеді: «не өндіру керек?», «қалай өндіру керек?», «кімдерге өндіру керек?». Бұл жерде басты мақсат пайда болып табылады. «Айырбас» пен «нарық» деген түсініктер синонимдер еместігін атап өткен жөн. «Айырбас» – еңбек пен маманданудың қоғамдық бөлінуінің барын жобалайды, ал «нарық» – игіліктерді айырбас арқылы үлестіру механизмі. Ресурстарға жеке меншік нарық айырбасының негізі және міндетті шарты болып табылады. Нарықтық механизмде тепе – теңдіктің жалпы механизмі идеясы жатыр.Ол А. Смиттен бастау алады. Жалпы тепе - теңдік теориясы қалайша нарықтық шаруашылықтың практика жүзінде әр адамның және әр кәсіпорынның жеке іс - әрекеті негізінде экономикадағы тепе – теңдікті қамтамасыз ететіндігін көрсетеді.

Оглавление

Кіріспе

І – бөлім. Сұраныс пен ұсыныстың мәні мен моделі.

1.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы

1.2.Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы

1.3. Нарықтың тепе-теңдік моделі

ІІ – бөлім. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі

2.1.Баға және табыс бойынша сұраныстың икемділігі. Сұраныстың айқас икемділігі

2.2. Ұсыныс икемділігі. Ұсыныстың бағаға байланысты икемділігі

ІІІ – бөлім. Рыноктық механизмдегі сұраныс пен ұсыныс.

3.1.Сұраным мен ұсыным өндіруші мен тұтынушы арасындағы қатынастардың рыноктық түрі

3.2. Жетілген бәсеке жағдайындағы сұраныс және ұсыныс механизмдері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Сұраныс және ұсыныс заңдары микро (2).doc

— 150.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ 

 

 

Тақырыбы: «Сұраныс және ұсыныстар теориясы.»  
  
  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

Кіріспе

І – бөлім. Сұраныс пен ұсыныстың мәні мен моделі.

1.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы

1.2.Ұсыныс  заңы. Ұсыныс қисығы

1.3. Нарықтың  тепе-теңдік моделі

ІІ  – бөлім. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі

2.1.Баға және  табыс бойынша сұраныстың икемділігі. Сұраныстың айқас икемділігі

2.2. Ұсыныс икемділігі. Ұсыныстың бағаға  байланысты икемділігі

ІІІ – бөлім. Рыноктық механизмдегі сұраныс  пен ұсыныс.

3.1.Сұраным мен  ұсыным өндіруші мен тұтынушы арасындағы қатынастардың рыноктық түрі

3.2. Жетілген бәсеке жағдайындағы сұраныс және ұсыныс механизмдері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Кіріспе     

Экономикалық  әдебиетте «нарық» категориясының көптеген анықтамалары мен түсініктері  бар. Қазіргі замаңғы түсініктің мәнін келесі анықтамада қорытындылауға болады: нарық – негізгі теңгеруші  фактор ретіндегі баға механизмі арқылы өндіріс аясы мен тұтыну аясының өзара әрекеттігін қамтамасыз ететін қоғамдық өндірісін ұйымдастыру формасы. «Нарықтық экономика» түсінігі «нарық» түсінігінен кеңдеу: бұл экономикалық жүйеде ресурстарды басқару және оларды пайдалануын бақылау тек қана нарық механизмі арқылы жүзеге асырылады. Нарық механизмі – сатушы мен сатып алушының өзара іс - әрекетінің бәсекелестік механизмі және сұраным мен ұсынымның негізінде төмендегідей үш мәселені шешеді: «не өндіру керек?», «қалай өндіру керек?», «кімдерге өндіру керек?». Бұл жерде басты мақсат пайда болып табылады. «Айырбас» пен «нарық» деген түсініктер синонимдер еместігін атап өткен жөн. «Айырбас» – еңбек пен маманданудың қоғамдық бөлінуінің барын жобалайды, ал «нарық» – игіліктерді айырбас арқылы үлестіру механизмі. Ресурстарға жеке меншік нарық айырбасының негізі және міндетті шарты болып табылады. Нарықтық механизмде тепе – теңдіктің жалпы механизмі идеясы жатыр.Ол А. Смиттен бастау алады. Жалпы тепе - теңдік теориясы қалайша нарықтық шаруашылықтың практика жүзінде әр адамның және әр кәсіпорынның жеке іс - әрекеті негізінде экономикадағы тепе – теңдікті қамтамасыз ететіндігін көрсетеді.    

Сұраным мен ұсыным нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Нарық - өндіруші мен тұтынушының арасындағы байланыстың ерекше түрі. Нарық белгіленген міндеттерді атқарады (үлестіру, делдалдық, ақпараттық, сауықтыру, реттеу), олардың арасында үлестіру міндеті негізгісі ретінде есептеліп, экономикалық игіліктерді үлестіру нарық механизмі негізінде іске асырылады. Тәжірибе көрсеткендей, экономикалық тұрғыдан алғанда, дәл осындай үлестіру ең нәтижелі болып келеді. Сонымен бірге, нарық механизмі көптеген мәселелердің, ең алдымен, әлеуметтік әділдік мәселелерінің шешімін қамтамасыз етпейді, сондықтан оның түзету қажеттілігін ұйғарады. Жоғарыда айтылғандардың бәрі микроэкономиканың зерттеу пәні, енді тікелей нарық тепе-теңдігі моделін қарастырайық.  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  

І – бөлім. Сұраныс пен ұсыныс моделі.

1.1. Сұраныс  заңы. Сұраныс қисығы.    

Рыноктың  жұмыс істеу механизмі оның сұраным мен ұсынымдарының негізгі элементтерінің өзара қатынастарына негізделген.     

Сұраным – адамдардың әр түрлі тауарларды тұтынушылығын, олардың қалаулары  мен сатып алу мүмкіндіктерін айтамыз.    

Жеке  сұраным – жекелеген сатып алушылардың не ана, не мына тауарларға ақша түріндегі қажеттіліктері.    

Нарықтық  сұраным – жеке сатып алушылардың  қосынды сұранымдары.    

Тұтынушылардың  әр түрлі тауарларға деген сұранымдары  көптеген факторларға байланысты:

    • Тауардың бағасы;
    • Басқа тауарлардың бағасы;
    • Тұтынушының табысы;
    • Тұтынушының тұрмыс деңгейі;
    • Тұтынушының талғамдары мен ұнатуы;
    • Өз перспективасы туралы тұынушының пікірі;
    • Тауар қанағаттандыратын қажеттіліктің маусымдылығы;
    • Үкіметтің экономикалық саясаты.

 

    Сұраныс міндеті – тауарға сұраныс пен оның шамасы мен көлемін анықтайтын факторлар араларындағы тәуелділік. Оны мына түрде көрсетуге болады:    

Сұраныс қисық сызығының практикалық  мәні: оның көмегімен өндірушілер  тауарлардың осы санын сатып алғысы келетін ең жоғарғы баға – сұраныс бағасы туралы айта алады. Ол сатып алушының кіріс (табыс) шамасымен анықталады. Сұраныс заңы - сұраныс көлемінің бағаға кері төуелділігі деп білеміз: тауардың бағасы неғұрлым төмен болса, тауар сұранысы соғұрлым жоғарылайды.     

Сұраныс заңының әрекеті 3 фактормен түсіндіріледі:

  1. сатып алушының психологиясымен – сатып алушылар негізінде көптеу тауарларды төмен бағамен алғанды ұнатады.
  2. кемитін шекті пайдалылық заңымен – оған сәйкес, тауардың келесі даналары тұтынушы үшін азайған пайдалылыққа ие болады, демек, оларға баға кеміген жағдайда алынады.
  3. кіріс әсері және ауысу әсерімен. Кіріс әсерінің мәні: тұтынушының тұрақты кірісі шартында тауар бағасының төмендеуі оны сатып алу қабілетін жоғарылатады да көп тауарды сатып алуға мүмкіндігі болады және керісінше. Алмасу әсері: тауардың бағасын көтергеннен ол қымбат зат болып саналады да, тұтынушы арзандау ауыстырушы – тауарларды алуын ұнатады. Кіріс және алмасу әсерлері келесі тақырыптарда толық қаралады.

 

    Бағалардан  басқа, сұранысқа бағалық емес детерминаттар да әсер етеді, олар: сатып алушының табысы, оның ұнатымдары, нарықтағы сатып алушылар саны, солармен қатар, ұштасқан тауарлардың бағалары. Бағалық емес детерминаттардың өзгеруі сұраныс көлемін өзгертеді де графикте сұраныс қисық сызығының жылжытуымен бейнеленеді. сұраныс көлемінің үлкеюі қисық сызықты жоғарыға және оңға жылжытады     

Кейбір  жағдайларда сұраныс заңы әрекет жасамайды. Мұндай ахуалдар сұраныс  заңының парадоксы (қайшылығы) деп  аталады. Олар 4 жағдайда айқын білінеді, әр қайсысын бөлек қарастырайық.[1, 98 б]    

1. Бай сатып алушыларға  көзделген тауарлар немесе әдемілік, салтанат заттары, олардың тартымдылығы – бағасында. Бұл тауарлар мәртебелі, қадірлі болып саналады да, бай, ауқатты сатып алушылардың «көпшілік алдында көрсету үшін», үлкен әсер ету үшін сатып алынады. (Веблен әсері). Сондықтан, оларға бағаның түсуі тартылымдылығын азайтып, сату көлемін кемітеді.    

2. Бағасы бойынша  сапасы жөнінде  айтылатын тауарлар. Сатып алушыларда тауар туралы аз мәлімет болғанда (ақпараттың бейсимметриясы), олар бағаға қарап, тауарды сынайды. Тауардың төмен бағасы сәйкес сапасы туралы белгі беріп, сұраныс заңының әрекетіне қарама-қарсы (қайшы) әсер тудырады.    

3. Гиффен тауарлары. Ағылшын статисті әрі экономисті Р.Гиффеннің байқауы бойынша, ХІХ ғасырдағы Англияда «нан неғұрлым қымбат болса, соғұрлым көп сатып алынады», кейін бұл байқаулар «Гиффен парадоксы» (қайшылығы) деп аталатын болды. «Гиффен парадоксының» мәні мынада: табыстарының деңгейі өте төмен Англия халқының негізгі бөлігінің ең басты тамағы – нан. Нанға бағалардың өскен жағдайында нан жалғыз, қол жетерлік тамақ болып саналады, өйткені басқа тамақ өнімдеріне (ет, көкөністер, жемістер) бағалар одан да жоғары. Осы себептен нанға деген сұраныстың көлемі өсе береді. «Гиффен қайшылығы, парадоксы» тұтынушылар табыстарының өте төмен жағдайында ең қажетті тауарларға қатысты пайда болады да табыс әсері ауысу әсеріне қарағанда сұранысқа үлкен ықпал жасауымен түсіндіріледі. Сонымен, ол сұраныс заңының әрекетіне қайшы келмейді, өйткені салыстырмалы арзандаған тауарға (бағасы көтерілсе де), сұраныстың өсуі орын алады.    

4. Инфляциялық күтулер – инфляция кезінде бағалардың көтерілуі сұраныстың үлкеюіне әкелуі мүмкін, себебі тұтынушылар келешекте бағалардың одан да жоғарылауын күтеді. [2]  
  

1.2.Ұсыныс  заңы. Ұсыныс қисығы.    

Ұсыным  – рынокта тұрған немесе оған әкелетін тауарлар.Экономикалық категориялардың  көмегімен ұсыным - өндіруші өндіргісі  келетін және және сата алатын тауарлар мөлшерінің сол өнім құнына және басқа  факторларға байланысын көрсетеді.    

Әрбір сәтте өз тауарларын рынокқа ұсынушы  өндірушілердің жағдайлары әрқилы болып келеді. Олардың  бір бөлігі тауарды көп өндіріп, рынокқа көп әкеледі, басқалары аз өндіріп, аз әкеледі. Олардың бәрі де өз тауарларын мейлінше жоғары бағамен сатуға тырысады. Оның өзінде тауарларының ағасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым белсенді түрде көбірек сатуға, яғни оның ұсынымын ұлғайтуға тырсады. Сонымен, ұсынымға ықпал етуші ең басты фактор баға болып табылады.    

Нарықта сатушылар ұсыныс жасайды. Ол (ұсыныс) өндіріс нәтижесі және де сатушы осы баға бойынша сатуға дайын тауарлар саны болып келеді. Ұсыныс функциясының түрі:    

Q= f (P, PS, PC,pres,  K,T,N), мұнда    

Q– тауар ұсынысы (supply)     

P – тауар бағасы     

PS, P– субститут – тауарлары мен комплементарий – тауарлардың бағалары    

Pres – ресурстар (қорлар) және өндіріс факторларының (resources) бағасы     

K – технология деңгейі      

Т – салықтар мен жәрдемақылар (taxes)    

N – нарықтағы сатушылар саны      

 Тауар бағасы  мен оған ұсыныс шамасы арасындағы  тура тәуелділік ұсыныс заңы деп аталады. Ұсыныстың қисық сызығы - ұсыныс заңының графикалық бейнеленуі

 

ІІ  – бөлім. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі

2.1.Баға  және табыс бойынша  сұраныстың икемділігі. Сұраныстың айқас  икемділігі.       

 Икемділік – бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.

Икемділік түрлерімен өзгеру процестері 

 
     

Сұраныстың баға бойынша тура икемділігі (сұраныстың баға икемділігі) – сұраныс шамасының өзгеруіне баға өзгеру ықпалының дәрежесін көрсетеді. Икемділік бағаның пайыздық өзгеру нәтижесінде сұраныстың пайыздық өзгеру түрімен білінеді. Сонымен қатар икемділік тұтынушының рыноктағы товар бағасына сезімталдығын өлшейді. Ол үшін баға бойынша сұраныс икемділігі коэфиценті қолданылады. Бұл коэффицент баға 1%-ке өзгергенде сұраныс көлемі неше %-ке өзгеретіндігін өлшейді.  

Егер Ed>1 болса, баға бойынша сұраныс  икемді деп аталады.  

Егер Ed<1 болса, баға бойынша сұраныс  икемсіз деп аталады.  

Егер Ed=1 болса, оны бірлік икемділік.   

Егер Ed=0 болса, оны абсолютті  икемсіз. 

Егер Ed=∞ болса, оны абсолютті икемді.     

Сұраныстың  баға икемділік коэффициенті жалпы  формула бойынша есептеледі:     

Е= сұраныстың пайыздық өзгеруі/бағаның пайыздық өзгеруі.    

Баға  бойынша сұраныс икемділігі теріс  сан болып келеді, өйткені сұраныс  пен ұсыныс араларындағы тәуелділік, байланыстылық кері. Бірақ, кей жағдайларда (ахуалдарда) сұраныс пен ұсыныс заңы әрекетсіз (олар өткен тақырыпта қаралды). Талдаудың жеңілдігі үшін алу белгісі жазылмайды. Есептеу тәсіліне байланысты икемділік коэффициентінің2 түрін айырады:    

1. Нүктелі икемділік коэффициенті  – бастапқы мағыналарына қатысты  баға мен сұраныстағы пайыздық  өзгерістерді сипаттайды да 2 формуланың  біреуімен есептеледі:    

Е= [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [Р/ Q0] немесе Е= [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [Р/ Q1],    

мұнда Ржәне Р– өнімнің базистік және есепті нүктелеріндегі бағасы.    

Qжәне Q– базистік және есепті нүктелердегі сұралатын өнімнің саны.    

2. Доға тәрізді икемділік коэффициенті  – орташа мағыналарға қатысты  баға мен сұраныстағы пайыздық  өзгерістерді сипаттайды да мына  формула бойынша есептеледі:     

 Е= [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [[(P+ P1) / 2] / [(Q+ Q1) / 2]] = [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [Р / Q]    

Сұраныс икемділігінің келесі түрлерін айырады:    

1. Сұраныс баға бойынша икемді  деп саналады, егер бағаның аз  пайыздық өзгеруі сұраныстың  көп пайыздық өзгеруіне әкелсе. Икемділік коэффициенті бұл жағдайда 1-ден көп.     

2. Сұраныс баға бойынша икемді  емес (икемсіз) деп саналады, егер  бағаның көп пайыздық өзгеруі  сұраныстың аз пайыздық өзгеруіне  әкелсе, ал икемділік коэффициенті 1-ден аз. Ол сұраныс шамасы ұсыныс шамасымен қатал шектелген жағдайларда кездеседі.     

3. Мүлде икемсіз сұраныс – бұл  жағдайда икемділік коэффициенті  нөлге тең, өйткені бағаның  ешқандай өзгерісі сұраныстың  өзгерісіне әкелмейді (сұраныс  бағадан тәуелсіз). Бұндай сұраныс  өмірлік тұрмыста ең қажетті тауарларға жиі байқалады, оларды кейбір тұтынушылар бағасының өсуіне қарамастан сатып алады, мысалы, дәрі-дәрмектер. Сұраныс қисық сызығы баға қисық сызығының түрін алады     

4. Мүлде икемді сұраныс – бағаның  аз ғана өзгеруінде де сұраныс  айтарлықтай өзгереді (сатып алу мүмкіндіктердің шегіне дейін). Бұндай сұраныс бәсекелестік нарығында немесе инфляция жағдайында мүмкін (ол сатып алу күтулермен байланысты). Икемділік коэффициенті шексіздікке ұмтылады, ал сұраныстың қисық сызығы абцисс осіне жарыспалы түзу сызығына ұқсайды.    

5. Бірлікті икемділігі бар сұраныс  – бағаның пайыздық өзгеруі  сұраныстың бірдей пайыздық өзгеруімен  бірге жүреді, ал икемділік коэффициенті 1-ге тең     

Баға  бойынша икемділікке қатысты  бірнеше ережелер:    

1. Тауардың орнын алмастырушылары  неғұрлым көп, соғұрлым оған  деген сұраныс икемді, өйткені  баға өскен жағдайда оны арзандауымен  ауыстыруға болады.    

2. Тауар неғұрлым қажетті болса,  соғұрлым оған сұраныс икемділігі аздау.     

3. Тұтынушының шығындар құрылымында  тауардың неғұрлым көп меншікті  салмағы болса, соғұрлым оған  деген сұраныстың икемділігі  жоғары. Мысалы, басқа тамақ өнімдеріне  қарағанда (яғни басқалардан қымбат) – ет, шығындар құрылымында үлесі  жоғары тамақ өніміне баға өссе де, оған деген сұраныс басқа (салыстырмалы арзан) тамақ өнімдерінің сұранысынан көптеу деңгейде қысқарады.    

Информация о работе Сұраныс және ұсыныстар теориясы