Сұраныс және ұсыныс

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 22:43, курсовая работа

Краткое описание

Сұраныс және ұсыныс бүкіл экономикалық жүйенің ырғақты жұмыс жасауын көрсететін басты тұтқа болып табылады. Нарық өндірушілер мен тұтынушыларды өзара байланыстыратын ерекше нысан ретінде өндіріс пен тұтыну арасында болатын белгілі бір тепе-теңдікті қажет етеді. Сұраныс пен ұсыныс өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қатынасты көрсететін ерекше нарықтық нысан. Тауарға сұраныс мөлшері тұрғындардың ақшалай табыстық деңгейіне тура пропорционалды, ал баға кері пропорционалды болады. Баға неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тауарға сатып алушылардың тарапынан болатын сұраным азаяды, ал ұсыным керісінше жоғарылайды.

Файлы: 1 файл

сураныс курсовая.doc

— 219.50 Кб (Скачать)


 

                                                  КІРІСПЕ

Бұл тақырып бір-бірімен  бәсекелес көптеген сатушылар мен  сатып алушылар арасында болатын  нарықтың қызмет істеу механизмін талдауға арналады. Сатылатын тауар стандартты және тауардың әр данасы бірдей бағамен сатылады. Тауардың бағасын жеке адам белгілей алмайды, ол нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың өзара бәсекеге түсуі нәтижесінде тағайындалады. Бәсеке жағдайында бағаның қалыптасу механизмін түсіну үшін сұраныс және ұсынысқа талдау жасау керек.

Экономикалық ғылым  шектеулі ресурстарды – табиғи қорлар, капитал, еңбек ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалануға  бағытталған.    Басқа да ғылымдар сияқты экономика  ілімі де әртүрлі нақтылы жағдайларды  талдау үшін қажетті аксиомалар мен  дәлелдемелер жиынтығынан тұрады.

Кәдімгі қарапайым ағаш қалай өссе немесе үй қалайша салынса, ғылым да солай бірте бірте  қалыптасады. Өткен уақыттың ғалымдары  микроэкономика атты ғылымның негізін қалаған.  Бұл ғылымның зерделейтін негізгі объектілері болып нарық табылады. Микроэкономика кәсіпкерлер, жалданушылар, сатушылар және сатып алушылар арасындағы қатынастарды қарастырады. Ол сұраныс пен ұсыныстың заңын қалыптастырады.

Сұраныс және ұсыныс бүкіл  экономикалық жүйенің ырғақты жұмыс  жасауын көрсететін басты тұтқа  болып табылады. Нарық өндірушілер мен тұтынушыларды өзара байланыстыратын ерекше нысан ретінде өндіріс пен тұтыну арасында болатын белгілі бір тепе-теңдікті қажет етеді. Сұраныс пен ұсыныс өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қатынасты көрсететін  ерекше нарықтық нысан. Тауарға сұраныс мөлшері тұрғындардың ақшалай табыстық деңгейіне тура пропорционалды, ал баға кері пропорционалды болады. Баға неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тауарға сатып алушылардың тарапынан болатын сұраным азаяды, ал ұсыным керісінше жоғарылайды.

Экономикалық ғылым  шектеулі ресурстарды – табиғи қорлар, капитал, еңбек ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалануға  бағытталған. 

  Басқа да ғылымдар  сияқты экономика ілімі де  әртүрлі нақтылы жағдайларды  талдау үшін қажетті аксиомалар  мен дәлелдемелер жиынтығынан тұрады.

Кәдімгі қарапайым ағаш қалай өссе немесе үй қалайша салынса, ғылым да солай бірте бірте қалыптасады. Өткен уақыттың ғалымдары микроэкономика атты ғылым негізін қалаған.  Бұл ғылымның зерделейтін негізгі объектілері болып нарық табылады. Микроэкономика кәсіпкерлер, жалданушылар, сатушылар және сатып алушылар арасындағы қатынастарды қарастырады. Ол сұраныс пен ұсыныстың заңын қалыптастырады.

       Сұраныс  пен ұсынысқа талдау жасау  кезінде сатылатын және сатып  алынатын тауарлардың көлемі мен бағаларының арасындағы байланысқа көп көңіл бөлу керек, сонымен қатар тауарлардың бағасы мен көлеміне басқа да факторлардың қалай әсер ететінін  осы жұмыста қарастырамыз.  Құн тұрғысында сұраныс қажетті тауарлар бағасының саласы. Тауардың нарықтық бағасы мен сұраныс мөлшерінің арасында барлық уақытта да белгілі бір арақатынас болады.

       Сұраныс  жағдайына көптеген оның ішінде  экономикалық, аймақтық,  психологиялық,  демографиялық, кәсібилік, ұлттық, діни сипаттағы және басқа  да түрлі факторлар әсер етеді.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.СҰРАНЫС ТУРАЛЫ ТҮСІНІК          

       Көптеген адамдардың өмірі қанағаттанбаушылық сезімімен сипатталатын және өмір сүрудің жағдайларына байланысты  сан алуан қажеттіктерден тұрады. Өзінің керектік жағынан адамдар үшін бірінші деңгейдегі және екінші деңгейдегі қажеттіктер болуы мүмкін. Экономистер қажеттікті сұраныс деп атайды.

Сұраныс—бұл белгіленген  бағаға байланысты тауардың сатылуының мүмкін  мөлшері. 

      Сонымен қатар сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетін айтады. Ол тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді. Олардың бірнеше баламалы мүмкіндіктерін кесте түрінде былай көрсетеді.

 Кесте1- Картопқа сұраныс

1 кг-ның бағасы (теңгемен)

 Сұраныс көлемі (1 айға, кг)

      65

      60

       55

        50

       45

        40

        35

        30

        25

      4.5

       5

      5.5

      6

       6.5

       7

       7.5

        8

       8.5


 

Кесте1-де тағамның бағасы өзгерген кезде оны сатып алу көлемі қалай өзгеретінін көрсететін мәліметтер берілген. Бұл сұраныс кестесі деп аталады. Онда бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылардың қалауымен сатып алу қабілеті де өзгеретінін көрсетіп тұр. Тұтынушының таңдауы және сатып алу қабілеті деген ұғымға мысал келтірейік.  Мысалы, нарықта тұтынушы бір тауарды немесе өнімді қалап, оның таңдауына болады, бірақ оны сатып алатын ақшасы болмаса, оның ол ойы іске аспайды. Сондықтан тұтынушы тауардың бағасы өзгеруіне өзінің сатып алу қабілетіне қарай бірнеше мүмкіндіктерді қарастырады. 1-кестеге қарасақ баға неғұрлым төмендеген сайын тауарға деген сұраныс көлемі соғұрлым көбейіп отыратыны көрсетілген. Картоптың 1-кг-ның бағасы 65 теңге болса, онда тұтынушы айына 4.5 кг картоп ала алады, ал егер 40 теңге болса, онда ол айына 7 кг картоп алуға шамасы келер еді.

Бұл сұраныс кестесі  осы 9 мүмкіндіктің қайсысы нарықта  нақты бар екенін көрсетпейді, ол сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Сұраныс – бұл тұтынушының, сатып  алушының бір тауарды сатып алу  ойымен жасайтын  жоспарын кесте түрінде көрсету. Бұндай жағдайда белгілі бір уақытты көрсету керек, мысалы, күніне, айына, жылына және т.б.

 

 

    Сұраныс көлемі – сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғандағы, әр түрлі бағамен сатып алынатын тауардың санын көрсетеді.

1-кестеде берілген  көрсеткіштерді координаттар осіне  түсіріп, бейнелеуге де болады. Бұл қисықты D әріпімен белгілеп, оны сұраныс қисығы деп атаймыз.

 

         Р


 


Д  

                              Q


Сурет 1-Сұраныс қисығы.

Сұраныс қисығы зерттеліп отырған тауардың сатып алынатын бағасы мен оның сұраныс көлемінің арасындағы  тәуелділікті көрсетеді. Егер баға 55-теңгеден 60- теңгеге дейін жоғарыласа, онда сұраныс көлемі 5,5  кг-нан 5 кг-ға дейін төмендейді. Бағаның төмендеуі сұраныс көлемін көбейтеді. Сұраныс қисығы тауардың бағасы мен тұтынушылар қалап, сатып ала алатын тауарлар саны арасындағы тәуелділікті көрсетеді.  Сұраныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керісінше. Бұл заң нақты ақиқаттармен дәлелденген гипотеза. Мысалы:

  1. Күнделікті өмірде адамдар тауарды төмен бағамен және көп мөлшерде алғысы келеді. Бірақ тауарларды сатып алу кезінде тұтынушыға ең басты кедергі болатын көрсеткіш - баға. Жоғарғы деңгейдегі баға сатып алушыға үлкен кедергі болады да, ол өнімді көп алғысы келмейді, ал төмен деңгейдегі баға оның сатып алу қабілетін күшейтеді.
  2. Әр уақыттада тұтынушы өнімнің алғашқы бірлігінен көп қанағат алады. Мысалы, сіздің бірінші жеген бауырсағыңыз өте дәмді болып көрінеді, ал екіншісі ондай дәмді болмайды, үшіншісі екіншісінен де аз қанағат әкеледі. Бұл жағдайда тауардың шекті пайдалылығының азаю принципі тұтынуға әсер етеді. Сондықтан тұтынушы тауардың әрбір келесі бірлігін тек қана баға төмендеген жағдайда ғана  алады.
  3. Сұраныс заңын табыс әсері және ауыстыру тиімділігі арқылы түсіндіруге де болады.

            Табыс қалай әсер етеді? Баға  төмен болған жағдайда тұтынушы  өзіне керек тауарды керегінше  алады. Басқаша айтқанда, тауардың  бағасының төмендеуі ақшалай  табыстың сатып алу қабілетін күштейді, сондықтан тұтынушының өзіне қажетті тауарларын бұрынғыдан да көп сатып алуға шамасы келеді. Ал жоғарғы деңгейдегі баға керісінше әсер етеді.                                                                                                                          

           Енді ауыстыру тиімділігі деген  не? Тұтынушы кейбір қымбат тауарлардың  орнына солардың орнын басатын,  бірақ бағасы неғұрлым төменірек  тауарлар алуға ынталанады - бұл  жағдайды ауыстыру тиімділігі  дейді. Мысалы, егер  тұрғындар әдетте ресейлік «Шадринское»  консервісіндегі сүтті қолданып жүр деп болжамдайық. Оның бағасы сәл қымбаттаған сәтте тұтынушылар ол сүттен әлдеқайда төмен бағамен сатылатын «Молоко» консервілі сүтін қолдануға көшетіні заңдылық.  

          Тұтынушылар көбінесе қымбат тағамдарды олардан арзандау тағамдармен ауыстыруға әрекет жасайды. Мысалы, сиыр етінің бағасы төмендесе, онда тұтынушының табысының сатып алу қабілеті күшейеді және соның арқасында ол еттің мөлшерін бұрынғыдан да көбірек ала алады (бұл табыс тиімділігі). Бағасы төмен болғандықтан сиыр етін қой, шошқа және тауық етінің орнына да алуға болады (бұл ауыстыру тиімділігі).

 

 

  1.1 Сұраныстың өзгеруі

Сурет1-дегі сұраныс қисығы  картоптың бағасы мен тұтынушылардың  бір айда сатып алатын оның саны арасындағы  қатынасты көрсетеді (сұранысқа әсер басқа факторлар өзгермеген жағдайда).

 Егер де берілген факторлардың кез келген біреуі өзгерсе баға мен сұраныс көлемі  арасындағы тәуелділікте де сәйкесінше өзгеріс болады, сондықтан қайтадан жаңа сұраныс кестесін құрып, жаңа  сұраныс қисығын сызу қажет.

Сұраныс қисығының бойымен  қозғалу сұраныс көлемінің өзгерісі деп аталады. Ол бағаның өзгеруіне байланысты сатып алынатын тауар көлемінің өзгеруімен анықталады.

 

Сурет 1-ден көретініміз, картоптың бағасы 45 теңгеден 50 теңгеге дейін өскенде, сұраныс көлемі 6,5 кг-нан 6 кг-ға дейін төмендейді. Қозғалыс сұраныс қисығының бойымен солға қарай жоғарлайды. Осы мысалда тауардың бағасы мен сұраныс көлемінің арасындағы байланысты  зерттедік, онда сұранысқа ықпал ететін басқа факторлар өзгермейді деп аламыз. Математика  тәсілімен көрсетсек, оны сұраныс функциясы деп атаймыз және ол төмендегідей түрде жазылады:

               Q d = f (Р)

 мұнда, Q d – cұраныс көлемі,

              Р- зерттеліп отырған тауардың бағасы.

          Нақты өмірде сұраныс көлеміне  әсер ететін факторлар көп.  Олар: сол берілген тауарлардың  бағасы – Р, басқа тауарлардың  бағасы (Р а , Р b ...), тұтынушылардың табысы (I) және олардың талғамы (Т). Осы айтылған факторлар өзгерген уақытта сұраныс көлемі де өзгеріп отырады, бұндай тәуелділікті экономикада жалпы сұраныс функциясы деп атайды және оны былай көрсетеді:

               Qd =f(Р, Ра , Рв, …., I, Т)

    мұнда, Q -белгілі бір уақыттағы берілген тауарларға деген сұраныс көлемі ,

               Р1, Ра, Рв ….,-берілген  тауардың және басқа тауарлардың бағасы,

      1. тұтынушының табысы,

Т-тұтынушының талғамы, бағалауы.

Бұл мысалда қарастырылып отырған тауардың бағасы мен осы  тауарға  деген сұраныс көлемінің  арасындағы байланысты зерттедік және сұраныс көлеміне әсер ететін басқа факторлар өзгермейді.

Ал енді сұраныс көлеміне басқа факторлар да ықпал етеді.Сурет 2-де екі тауарға деген сұраныс  қисығы көрсетіледі. Қой етінің 1 кг-ының  бағасы 150 теңге болып, белгілі бір  уақыттан кейін 200 теңгеге дейін жоғарылады дейік.  Соның нәтижесінде қой етіне деген сұраныс көлемі бір айда 30 кг-нан 20 кг-ға дейін кеміді. а  суреттен көріп отырғанымыздай, басқа факторлар тұрақты болғанда, сұраныс көлемі оңнан солға қарай  жылжиды және осы тауардың бағасы жоғарылаған уақытта сұраныс заңына сәйкес көлемі азаяды.  Қой етінің 1 кг-ның бағасы 150 теңгеден 200-ге дейін жоғарылап, басқа факторлар тұрақты болғанда сұраныс көлемі  азаяды (2а- сурет). Құс етінің бағасы өзгермейді деп ұйғарғанда тұтынушылар қой етінің орнын құс етімен толтырады, сұраныс қисығы (2ә-сурет) түгелімен оңға жылжиды.

       Сұраныс  көлемінің                                              Сұраныс өзгеруі

              өзгеруі    а                                                          ә

        Р                                                                  Р


 


                      Д  

                                         Д1      Д2


                              Q                                                                          Q

 Қой етінің мөлшері, кг                               Құс етінің мөлшері, кг

Сурет2 - Қой етінің бағасы өсуінің құс етіне деген         сұранысқа тигізетін  ықпалы.

  Ал  ә-суретте осы  жоғарыда айтылған жағдайдың  салдарынан құс етіне деген сұраныс қалай өзгеретіні   көрсетілген. Қой етінің қымбаттауына байланысты, құс етіне деген сұраныс көбейеді де, сұраныс қиысығы түгелімен D 1 –ден D 2 –дейін оңға жылжиды. Бұл жерде есекеретін нәрсе, құс етінің бағасы тұрақты деп аламыз. Қой етінің бағасы 150 теңге болғанда, тұтынушылар айына 10 кг құс етін алатын болған, ал қой еті 200 теңгеге дейін қымбаттаған кезде олар айына 20 кг құс етін сатып алған.

Информация о работе Сұраныс және ұсыныс