Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 22:43, курсовая работа
Сұраныс және ұсыныс бүкіл экономикалық жүйенің ырғақты жұмыс жасауын көрсететін басты тұтқа болып табылады. Нарық өндірушілер мен тұтынушыларды өзара байланыстыратын ерекше нысан ретінде өндіріс пен тұтыну арасында болатын белгілі бір тепе-теңдікті қажет етеді. Сұраныс пен ұсыныс өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қатынасты көрсететін ерекше нарықтық нысан. Тауарға сұраныс мөлшері тұрғындардың ақшалай табыстық деңгейіне тура пропорционалды, ал баға кері пропорционалды болады. Баға неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тауарға сатып алушылардың тарапынан болатын сұраным азаяды, ал ұсыным керісінше жоғарылайды.