Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 22:43, курсовая работа
Сұраныс және ұсыныс бүкіл экономикалық жүйенің ырғақты жұмыс жасауын көрсететін басты тұтқа болып табылады. Нарық өндірушілер мен тұтынушыларды өзара байланыстыратын ерекше нысан ретінде өндіріс пен тұтыну арасында болатын белгілі бір тепе-теңдікті қажет етеді. Сұраныс пен ұсыныс өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қатынасты көрсететін ерекше нарықтық нысан. Тауарға сұраныс мөлшері тұрғындардың ақшалай табыстық деңгейіне тура пропорционалды, ал баға кері пропорционалды болады. Баға неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тауарға сатып алушылардың тарапынан болатын сұраным азаяды, ал ұсыным керісінше жоғарылайды.
Сұраныстың бағалық икемділігіне мынадай факторлар әсер етеді:
Сұраныстың табыстық икемділігі (Еі) тұтынушы табысының көлемі 1%-ке өзгерген уақытта қарастырып отырған тауарға деген сұраныс көлемі неше процентке өзгеретінін көрсетеді. Сұраныстың табыстық икемділік коэффициенті Еі - оң сан, теріс сан және нольге тең болады. Егер табыс өскен уақытта затқа деген сұраныс та өсетін болса, онда Е1>0. Бұндай тауарларды кәдімгідей тауарлар дейміз. Ал егер сұраныстың табыстық икемділігінің мәні Еі<0 болса, онда бұл тауарлар-сапасыз тауарлар болады, себебі тұтынушының табысы өскен сайын қарастырып отырған тауарға деген сұраныс азаяды.
Сұраныстың табыстық икемділігі мынадай формуламен анықталады:
Е j (D) =dQ/dJ*J/Q
E j (D)-1 және 2 сұраныстың табыстық икемділік коэффициенті
dQ/dJ- сұраныс функциясының табыс арқылы алынатын алғашқы туындысы
J-тұтынушы табысы
Q-сұраныс көлемі
Егер табыс пен сұраныс көлемі белгілі бір уақыт аралығында өзгеретін болса, онда сұраныстың табыстық икемдігі мына формуламен анықталады:
Ej(D)= Q2-Q1/J2-J1*J1+J2/Q1+Q2
Мұнда, Q1, Q 2-1 және 2 кезеңге сәйкес келетін сұраныс көлемі
J1, J2 - 1 және 2 кезеңге сәйкес келетін тұтынушы табысы.
Микроэкономикада тауарлар бірін-бірі ауыстыратын және толықтыратын болғандықтан, бір тауардың бағасының өзгеруі, екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін, сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткішті енгіземіз. Бұл коэффициент у тауарының бағасы 1 %-ке өзгерген кезде х тауарына сұраныс көлемі неше процентке өзгеретінін көрсетеді және мынадай формалармен анықталады:
Е py (Dx) =dQx/dPy* Py/Qx
Мұнда, Е р (Dx)- қиылысқан икемділік коэффициенті
DQx/dPy - сұраныс функциясы Ру арқылы алынған алғашқы туындысы
Ру - у тауарының бағасы
Qx - х тауарына деген сұраныс көлемі.
Егер У тауарының бағасы мен Х тауарына сұраныс көлемі белгілі бір уақыт аралығында өзгерсе, онда Ер у (D x)-былай анықталады:
Epy(Dx)=Qx2-Qx1/Py2-Py1* Py1+Py2/Qx1+Qx2
Qx1,Qx2 - 1 және 2 кезеңдегі Х тауарына деген сұраныс көлемі,
Py1, Py2 - 1 және 2 кезеңдегі У тауарының бағасы.
Еру(Dx)>0, яғни оң сан болса, онда қарастырып отырған х және у тауарлары бірін-бірі ауыстыратын тауарлар болады, ал егер Еру(Dx)<0, яғни теріс сан болса, онда зерттеп отырған тауарлар бірін-бірі толықтыратын тауарлар болады. Еру(Dx)=0, онда х және у тауарлары бір-біріне қатысы жоқ тауарлар болып табылады.
2.ҰСЫНЫС ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Ұсыныс деп - тауардың бағасы мен сатушылардың белгілі бір уақыт аралығында сатқысы келетін заттарының көлемі арасындағы байланысты айтамыз. Ұсыныс заңы мынадай тұжырымды негіздейді: тауардың бағасы қымбаттаған сайын сатушылардың сату ынтасы арта түседі.
Тауардың бағасы мен сатушылар ұсынатын тауар көлемінің арасындағы байланысты кестелік әдіспен бейнелеуге болады. Ұсыныс көлемі дегеніміз ұсыныс кестесіндегі әр бағаға сәйкес келетін тауардың саны.
Кесте 3- Шұжықты ұсыну көлемі.
1 кг-ның бағасы (теңгемен) |
Ұсыныс көлемі (1 айға, тонна) |
650 |
8 |
600 |
7 |
550 |
6 |
500 |
5 |
450 |
4 |
400 |
3 |
350 |
2 |
300 |
1 |
Кесте2-дегі мәліметтер ұсыныс заңын бейнелейді, шұжықты ұсыну көлемі оның бағасы өскен сайын көбейіп тұр. Енді осы көрсеткіштің арасындағы байланысты кестедегі берілген деректер арқылы график түрінде көрсетуге болады.
Сурет12 - Ұсыныс қисығы.
Ұсыныс қисығы белгілі бір уақыттағы баға мен ұсыныс көлемінің арасындағы байланысты көрсетіп тұр. Шұжықтың 1 кг-ның бағасы 350 теңге болғанда, оны ұсыну көлемі 2 тонна болды, ал баға 500 теңгеге дейін жоғарылағанда ұсыныс көлемі 5 тоннаға дейін жоғарылады. Бағаның жоғарылауы ұсыныс көлемін көбейтеді.
Ұсыныс қисығы баға (P) мен тауардың ұсынылатын көлемінің арасындағы тура пропорционалды қатынасты көрсетеді. Енді осы айтылған байланысты функция түрінде бейнелесек, онда мынадай формуламен жазуға болады:
Q s=f (p)
Qs- ұсыныс көлемі, m ,кг, Р-тауардың бағасы, теңге.
Ұсыныс концепциясы тауардың бағасы мен сатушылардың сатуға ұсынған осы тауардың көлемі арасындағы қатынасты қарастырады. Әрине, бағадан басқа ұсыныс көлеміне әсер ететін басқа да факторлар бар. Оған жататындар: еңбектің бағасы, тауарды өндіруге қажетті материалдар мен шикізаттардың бағасы, қолданылатын технология түрі, тура сондай ресурстардың көмегімен өндірілген ұқсас тауарлардың бағасы және нарықтағы сатушылардың саны.
Мысалы, жанармайға бағаның өсуі таксидің шығынын жоғарылатады, нәтижесінде бұл такси иелерінің өз қызметін ұсынуын төмендетеді.
Тауар өндірісінің технологиясы сатушылардың нарыққа шығуына әсер етеді. Технологиядағы жеткен жетістіктер тауардың белгілі бір санын өндіру үшін қажетті еңбекті және басқа да ресурстарды төмендетеді. Егер өнімнің белгілі көлемін өндірудегі ресурстар мөлшері азайса, онда шығындар да төмендеп, бұл тауар өндірісінің тиімділігін жоғарылатады.
Мысалы, ет өңдейтін технологияның жақсаруы шұжықтың әрбір кг-ын өндірудегі шығынды төмендетеді.
Бірдей ресурстардың көмегімен өндіруге болатын тауардың бағасы өзгеруінің ұсынысы, талданатын тауар өндірісінің балама құнына әсер етеді.
Мысалы, жүгеріге деген
бағаның жоғарылауы фермерлердің нарықта
бидайды ұсынуын азайтады.
Осы айтылғандарды ескере отырып, ұсыныс функциясының жалпы түрін былай жазуға болады:
Qs=f( P, Pa, Pb, …..Pn, T, К, F)
Мұнда, Qs- ұсыныс көлемі,
Р - зерттеліп отырған тауардың бағасы,
Ра, Рв - осы тауарды өндіруде қолданылатын материалдар мен шикізаттар бағасы,
Pn - бірдей ресурстар көмегімен өндіруге болатын тауардың бағасы,
Т - салық мөлшері,
К - қолданылатын технология тәсілі,
F - нарықтағы осы тауарды сатушылар саны.
2.1 Ұсыныс көлемінің өзгеруі
Ұсыныс қисығы тауарды нарыққа шығуға итермелейтін бағадан басқа факторлар тұрақты деген жағдайда қарастырылады. Бұл жағдайда тауардың бағасы өзгеруіне байланысты ұсыныс көлемі өзгереді және бұл өзгеріс ұсыныс қисығының бойында болады.
Р
Q
Сурет13 - Ұсыныстағы өзгерістер
Ұсыныстың өзгеруі - ұсыныс қисығының тауардың бағасынан басқа факторлар әсер еткендегі толық өзгеруі немесе жылжуы.
Мысалы, малға беретін жемнің бағасының төмендеуі шұжық ұсынысының өсуіне әкеледі. Бұл жағдайда шұжықты сату бағасы өзгермесе, онда ұсыныс қисығы оңға жылжиды.
Қисықтың S1-ден S2-ге орын ауыстыруы, яғни ұсыныстың өзгеруі барлық мүмкіндік бағадағы ұсыныс көлемін өсіреді. Жаңа S2 қисығының бойындағы ұсыныс көлемі баға 650 теңге болғанда 8 тоннаға дейін жоғарылап тұр.
Кесте-4 - Ұсыныс өзгерісін анықтайтын факторлар
Ұсыныс қисығын анықтаушы факторлар |
Автомобиль мысалында |
1. Технология |
Компьютерлендірілген өндіріс өндіріс шығындарын азайтады және ұсынысты арттырады |
2. Ресурстарға деген баға |
Зауыт жұмыскерлерінің жалақысын төмендету өндіріс шығындарын азайтады және ұсынысты арттырады |
3.Толықтырушы тауарларға деген баға |
Егер ауыр жүкті машиналарға баға өссе, онда жеңіл автомобильдерге деген баға төмендейді |
4. Мемлекеттік саясат |
Мемлекет импортталушы машиналарға деген квоталардан бас тартса немесе жоғары тарифтер тағайындаса отандық автомобильдер көп ұсынылады |
2.2 Ұсыныс икемділігі.
Ұсыныс көлеміне әсер ететін ең басты фактор осы қарастырып отырған тауардың бағасы болып табылады. Баға өзгерген уақытта ұсыныс көлемі де өзгеріп отырады. Осы байланысты табу үшін ұсыныстың бағалық икемділігі деген көрсеткішті қолданамыз.
Егер бағаның өзгеруіне өндірушінің оған деген жауаптық әрекетінің қарқыны жоғары болса, онда ұсыныс икемді болады немесе керісінше үдерісті байқауға болады.
Ұсыныстың икемділігіне
ықпал етуші факторлар
Өндірушінің уақыты неғұрлым көп болса, соғұрлым оның өз өнімін жақсарту және сол арқылы өндіріс көлемін өзгерту мүмкіндігі жоғарылайды, яғни икемділік те уақытқа байланысты. Келесі уақыт кезеңдерін қарастырайық:
а) өндірістің барлық факторлары тұрақты қысқа мерзімді кезеңде сұраныстың өсуі бағаның өсуіне әкеледі, бірақ оның ұсынысының мөлшеріне әсер етпейді (1 > ЕS > 0).
б) ұсыныс сұраныстың өзгерісіне қандай да бір деңгейде жауап қата алатын орта мерзімді кезең. Ұсыныс мөлшері өзгереді, бірақ аз мөлшерде ғана ( ЕS = 0);
в) өндіріс көлемін кеңейту үшін мүмкіндіктер мол болатын ұзақ мерзім.
Сурет-14 - үш кезеңдегі ұсыныс икемділігі
а) дәл осы кез – икемсіз ұсыныс;
б) орта мерзім аралығы – икемділігі 1-ге тең ұсыныс;
в)ұзақ мерзімді кезең – икемсіз ұсыныс.
Ep(S) - баға 1 процентке
өзгерген уақытта, ұсыныс
Ұсыныс икемділігі мынадай формулалармен анықталады:
1. егер ұсыныс функциясы берілген болса,
Ep(S)=dQs/dP*P/Qs
DQs/dP- ұсыныс функциясының
Р арқылы алынған алғашқы
Р-қарастырып отырған тауардың бағасы
Q-осы тауарды ұсыну көлемі
Уақыт факторынан басқа ұсынысқа тауардың сақталу дәрежесі (мысалы, қызан ұзақ уақыт сақталына алмайды, грек жаңғағы керісінше), құны және қоймада жату жағдайы әсер етеді .
Технологиялық үдерістің мүмкіндіктері де ұсыныс факторларына тікелей әсер етеді.
2. нүктелік икемділік
Ep(S)=DQ/DP*P/Q
3. доғалық икемділік
Ep(S)=Q2-Q1/P2-P1*P1+P2/Q1+Q2
Сұраныс пен ұсыныс икемділіктері микроэкономикалық талдауда жиі қолданылатын маңызды ұғымдар.
3.НАРЫҚТАҒЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
Нарықтар тауарлар мен қызметтерді сатып алушы мен сатушыларға баға нысанындағы ақпаратты береді. Осы ақпарат негізінде және білімдеріне байланысты сатушылар мен сатып алушылар өз қызметін жоспарлайды. Сұраныс пен ұсыныс қисықтары көрсеткендей, бағаның әр түрлі деңгейінде адамдар белгілі бір тауарлар мен қызметтерді сатуды немесе сатып алуды жоспарлайды.
Әр нарықта көптеген сатушылар және сатып алушылар болады. Олардың әрқайсысы өз қызметтерін бір бірінен тәуелсіз жоспарлайды. Егер сатып алушылар мен сатушылардың жоспарлары келіссі (сәйкес болса), онда ешкім де олардың жоспарларын өзгертуге тырыспайды, нарықта бір уақытта сатушы үшін де, сатып алушы үшін де жағымды тепе-тең жағдай туындайды.
Әрбір экономикалық модельдегі тепе-теңдік сол модельді түсіндіре алатын айнымалылар белгілі бір теңдестік жағдайына келген уақытта болады.
Егер біз сұраныстың және ұсыныстың қисықтарын бір графикке салатын болсақ, онда мынадай болып шығады: