Мемлекет және құқық теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 19:40, курсовая работа

Краткое описание

Жеке тұлға мен құқық қатынасында мемлекеттің араласу дәрежесі маңызды мәселе. Демократиялық құрылыс жағдайында мемлекеттің қоғам өміріне араласуы даусыз. Осы мөселенің төркіні жеке тұлғаның қол жеткен нәтиже үлесіне жармасуында жатыр, ал мұның өзі олардың қоғамдық өндіріске және оның өрлеуіне қосқан нақты үлеске сай келмеуі мүмкін. Осы жерде жеке тұлға мен құқық арасындағы қатынас күрделі мәселеге айналады.
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдауда “Құқық және жеке тұлға”- деген атауға тоқталу мақсатым, осы қоғамдық құбылыстардың саяси жүйеде өзекті мәселе екендігіне көз жеткізу. Құқық және жеке тұлға саяси жүйеде ерекше орын алады. Тұлғаны зерттеуде мотивация проблемасы адам психологиясы аспектiсiне кiрерi сөзсiз.

Оглавление

Кіріспе.........................................................1
І. Тұлға туралы ұғым.................................5
1.1 Жеке Тұлға.........................................7
1.2 Заңды тұлға........................................8
ІІ. Құқық ұғымы мен белгілері.................10
2.1 Құқық жүйесінің түсінігі мен жіктеулері...........12
2.2 Қазіргі замандағы негізгі құқықтық жүйелер..........16
2.3 Құқықтың пайда болуы..............................................20
2.4 Құқық және жеке тұлға...............................................22
ІІІ. Мемлекеттің түсінігі.................................................25
3.1 МЕМЛЕКЕТ БЕЛГІЛЕРІ.....................................32
3.2.Мемлекет пен құқықтың ара қатынасы............40
VІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 354.00 Кб (Скачать)

                                                  Жоспар

Кіріспе.........................................................1

І. Тұлға туралы ұғым.................................5

1.1 Жеке Тұлға.........................................7

1.2 Заңды тұлға........................................8

ІІ. Құқық ұғымы мен белгілері.................10

2.1 Құқық жүйесінің түсінігі мен жіктеулері...........12

2.2 Қазіргі замандағы негізгі құқықтық жүйелер..........16

2.3 Құқықтың пайда болуы..............................................20

2.4 Құқық және жеке  тұлға...............................................22

ІІІ. Мемлекеттің түсінігі.................................................25

3.1 МЕМЛЕКЕТ БЕЛГІЛЕРІ.....................................32

3.2.Мемлекет пен құқықтың ара қатынасы............40

VІ.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

                                                        Кіріспе
Қазақстан Республикасының Конституциясы  жеке адам, қоғам және мемлекет үшін өмірлік маңызы және ең жоғары әлеуметтік мәні бар құқықтар мен бостандықтарды баянды етеді. Олар әр еркін жеке тұлғаның ар-намысын қамтамасыз етудің алғы шарты болады. Олар азаматқа, қоғам мүшесі ретінде сол қоғамды басқаруға, жаңғыртуға қатысу үшін қажет. Олар адамның материалдық және рухани қажеттілігін қанағаттандыру үшін экономикалық     және әлеуметтік жағдайлар туғызады.Мемлекет, қоғам үшін Конституцияда бекітілген құқықтардың маңызы сонда, олар мемлекеттің демократиялық, құқықтық мәнін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.Конституцияда Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк мемлекет деп орнықтырудың екi негiзгi бастауы бар: бiрiншiден, Конституция болып табылады, өзiнiң қолданылуы арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiлiгiн қалыптастырудың басталуы негізiнде екендiгiн бiлдiредi; екiншiден, стратегиялық бағыт, мынадай Қазақстан Республикасы демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құру жолында дамуы тиiс. Демек Қазақстан Республикасының демократиялық бағытта дамуының Конституциялық негiзi қаланды.Адам құқығы - адамзат қоғамының өте құнды туындысы. Осы құқықтың сақталуы және қорғалуы әлемдік қауымдастықта күрделі мәселе. Казіргі таңда қол жеткізіп отырған жеңістер, оны ұстап қалу жағы, экономика мен мәдениеттің дамуы, қоғамдық қатынастың нығайа түсуі, қоғам мүддесі, жеке тұлға кұқықтары мен бостандықтары өркениетті демократиялық коғамды дамыту шарты.Қоғамдағы заңдар, соның ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясы әлеуметтік қатынастарды ретке келтіріп, адамдар мүддесіне зиян келтіретін әрекеттерге тиым салып, олармен ымырасыз күрес жургізуге бағытталған. Осы жерде жеке тұлғалар Конституция және басқа да заңдар принциптерін мүлтіксіз орындауға мүдделі. Осы мүдделерді жүзеге асыруда мемлекет орны ерекше. Мемлекет - қазіргі қоғамның ажырамас бөлігі. Жеке тұлға мен құқық қатынасында мемлекеттің араласу дәрежесі маңызды мәселе. Демократиялық құрылыс жағдайында мемлекеттің қоғам өміріне араласуы даусыз. Осы мөселенің төркіні жеке тұлғаның қол жеткен нәтиже үлесіне жармасуында жатыр, ал мұның өзі олардың қоғамдық өндіріске және оның өрлеуіне қосқан нақты үлеске сай келмеуі мүмкін. Осы жерде жеке тұлға мен құқық арасындағы қатынас күрделі мәселеге айналады. 
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдауда “Құқық және жеке тұлға”- деген атауға тоқталу мақсатым, осы қоғамдық құбылыстардың саяси жүйеде өзекті мәселе екендігіне көз жеткізу. Құқық және жеке тұлға саяси жүйеде ерекше орын алады. Тұлғаны зерттеуде мотивация проблемасы адам психологиясы аспектiсiне кiрерi сөзсiз.

 

Тұлға философиялық тұрғыда  адамды “адам” ретінде тануға, яғни оның рухани-адамгершілік, ділдік, мәдени қырларына баса назар аударумен пайымдалады. Психология тұлғаның өзіне тән күш-жігерін, мінез-құлқын,психо-физиология ерекшеліктерін зерттейді. Социологияда тұлға қоғам мүшесі ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік қырлары, саналы қоғамдық әрекеті жан-жақты зерттеледі. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласының қай-қайсында болсын адам орталық мәселе болғандықтан олар тұлға ұғымын ортақ қолданып, әрқайсысы әр қырынан зерттеп-таниды және осы ғылым салаларының зерттеу нәтижелерінің өзара ықпалдастығы мен бір-біріне әсері бар. Әр ғылым саласы тұлға сөзіне өзіне тән танымдық-ұғымдық мағына сыйғызады. Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам - жеке адам болып сипатталады. «Жеке адам» түсінігімен қатар біздің қолдануымызда «адам», «дара адам», «даралық» терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір – бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін – «адам» түсінігі қамтиды. Адам - өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғатпен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік – тектік мәнге ие болғанымен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде – дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен бөлектенбейді. Дара адам – «homo sapiens» тектілерінің өкілі, адамдық даму нышандарының иесі – нақты адам. Даралық - нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері «жеке адам» түсінігіне байланысты ең алдымен адамның қоғамдық мәнді сапалары еленеді. Адамның әлеуметтік мәні оның қоғаммен байланысында қалыптасады да көрініс береді.Әрқандай қоғамға орай адамның қасиет, сапа өлшемдері әрқилы келеді. Қоғам социологиясы нақты қоғамның психологиялық типін анықтап отырады. Жеке адам көп сатылы құрылымға ие. Осындай жеке адам психологиялық құрылымының ең жоғарғы да жетекші деңгейі қажетттік - себеп аймағы – жеке адамның бағыт - бағдарынан, оның қоғамға, басқа тұлғаларға, өзіне қатынасынан және қоғамдық әрі еңбектік міндеттерінен туындайды. Сонымен бірге, жеке адам үшін мәнді құбылыс тек оның ұстанған бағыттары ғана емес, оның өз қатынас мүмкіндіктерін іске асыру қабілеті де үлкен маңызға ие.Ал, бұл өз кезегінде адамның іс - әрекетік икемділігіне, оның қабілеті, білімі мен ептілігіне, көңіл – күй, еріктік және ақыл – ой сапаларымен байланысып жатады.Адам өмірге дайын қабілет, мінез және қызығуларымен келмейді, бұлардың бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады.Адам тәнінің негізгі, яғни генотипті оның анатомиялық–физиологиялық ерекшеліктерін, жүйке жүйесінің қозғалысын белгілейді. Жеке адам дамуы - өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қажеттіліктерін арттырып – барумен байланысты.

Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым- қатынастар аймағымен өлшенеді. Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адам аралық қатынастары да өте жай, күнделікті тіршілік күйбеңінен аспайды. Ал даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухани мәртебелілігімен, қоғамдық мәнді құндылықтарымен ерекшеленеді. Әрбір дара адам өзінің қлғамдағы өмірлік әдептерін ретттеумен күнделікті тіршілік проблемаларын шешіп береді. Бірдей қиыншылық, кедергілердің шешімін әр адам өз әдіс, тәсілдерімен табуы мүмкін. Осыдан, жеке адамды танып, білу үшін сол адамның алдында тұрған өмірлік міндеттерін, оларды іске асыру жолдары мен өмір барысында ұстанған принциптерін жете білу қажет. Қоғамдық қатынастарға араласып және оларды басшылыққа ала отырып, адам сол қатынастардың ықпалында қалып қоймайды. Әрқандай дара тұлға өз дербестігімен ерекшелігіне ие. Жеке адамның дербестігі оның ең жоғарға психикалық сапасы – рухани дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз инабат парызды түсіне білуі, болмыстағы өз орнына сай қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетілгендігі – бұл жоғары дәрежедегі саналық жетілу, ізгі мұраттарды басшылыққа алу, сонымен бірге, жаман ниеттер мен мезеттік шен – шекпеннен, жалған белсенділік пен өтірік - өсектен өзін аулақ ұстай алуы. Ал адамның мұндай қасиет, сапаларды бойына дарытуы көбіне қоғамдық салтқа тәуелді. Қоғамның даму дәрежесі неғұрлым төмен болса, ел ішінде баршаны бірдей теңестіру принципі өріс алады да ондай қоғам мүшелерінің көбі құлдық бағыну күйінен арыла алмайды. Дербестігінен айырылып, өз бетінше ой жүгіртпеген адам, өзін тұлғалық дамыту ниетінен ажырап қалады. Жеке адам сапалары сол адамның араласқан қатынастар өрісіне, әртүрлі әлеуметтік өмір аймағында қызмет ете алу қабілетіне байланысты келеді. Шығармашыл тұлға тікелей қоршаған әлеуметтік шеңберінде қалып қоймай өзін ауқымды қоғам аймағы негізінде қалыптастыруға ұмтылыс жасайды. Мұндай адам бойында өзі жасаған қауымның, тіпті бүкіл қоғамның болашақ өркениеті көрініп, ол өз дәуірінің сапалық деңгейінен көш ілгері жүреді. Жеке адамның өз дербестігіне ие болуы оның тұйық әлеуметтіктопқа бағынышты еместігін көрсетумен бірге сол адмның жоғарға деңгейде кемелденгенінің дәлелі. Дара адамның жеке адам санатына көтерілуі үшін маңызды факторлар: идентификация, яғни дара адамның өзін басқа адамдармен теңестіре, қоғам талабына сай болу ниетімен қалыптасып бару % - ы; персонализация – қадірі барын түсіне білу; сонымен бірге, нақты әлеуметтік топта өзінің кісілік мүмкіндіктерін іске асыра алуы. Басқа әлеумет мүшелерімен жеке адам өз «мені» негізінде қатынас түзеді. Ғылымда «жеке адамдық рефлекция» деп аталған бұл «мен» ұғымы өз ішінде әр адамның өз жөніндегі танымын сезе білу сияқты сапаларын қамтиды. Жеке адамның өзіне өзі берген бағасының астам не төмен болуынан сол адамның ішкі жан арпалыстары келіп шығады.

Қалай десек те тұлға туралы әркім әр түрлі түсінік берген. Қ. Жарықбаевтың айтуынша, жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің «менін» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс.Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды – көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам – мұраты, бағыт – бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бірсыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс – йрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман – жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар, жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері бар болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзтқа жаны қас жауыз тұлға. Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз ерекше қастерлейтін кісілік ұғымы, тұлғаның аса өнегелік түріне жатады. Бай тілімізде «Он үште оттау иесі» (қыз бала үшін), «Он бесте оттау иесі» (ұл бала үшін) дейтін аатлы сөз бар екені де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен балалық шақ аяқталады. Бұл - өмір талабынан, ауқымы кең тыныс – тіршіліктен туындайтын құбылыс. Халқымыз кез – келгенді кісі деп атай бермей, оның имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижесінде біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар – ожданы, кісілік, кескін – келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген. Кісіліктің түрліше деңгейі болады. Оның жаман, жақсысы, көргенді, көргенсізі, өнегелі, өнегесізі, т.б. түрлері болады. Жұрт имандылықты бойына дарыта білген пенделерді ғана пір тұтқан. Адамгершілігі төмен, не одан жұрдайларды «имнасыз», «көргенсіз» деп иттің етінен жек көрген. Ондайлар кінәлі әрі күнәлі деп саналып, ерте ме, кеш пе жазасын тартатын болған. Кісіліктің басты белгілерінің бірі – ол ұятқа кір келтірмеу, намысты аяққа баспау. Қазақта «жарлы болсаң да, арлы бол» деген сөз осыған орай айтылған. Ар – ұяты бар кісі ғана биязы, ақжарқын, иманжүзді, ақыл – парасатты келеді. Халық түсінігінде мінез – құлықтың әр түрлі жағымды жақтары «кісілік» ұғымының төңірегене топтасады. Кісліктің басты белгілері: ар – ұятты қастерлеп сақтау, намстылық, мейірімділік пен қайырымдылық, ізеттілік, адамдақ пен шыншылдық, ілтипаттылық пен кішіпейілділік.Қазақ дәстүріндегі үлкенді сыйлау, оның алдынан кесе өтпеу, оған міндетті түрде сәлем беру, үйге келгенде төрден орын беріп, кісінің көңіл күйіне қарап орынсыз сөзге араласпау кісілікке жарасымды қасиеттер.Сондықтан адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай қоғам мүшесі,нақтылы кәсібін, білімін, іс – тәжірибесін білуіміз қажет. «Әлеуметсіздік, - дейді Х. Досмұхамедов (1883-1939), - қазақта ұлт тіршілігі, ұлт мемлекеті болуға мүмкін емес.

Оңды әлеуметтілік құру үшін елдің өткен – кеткен тұрмысын, бұрынға болған әлеумет қимылдарын тану керек».Адам өмірі нақты тарихи - әлеуметтік аймақта жүріп жатады. Дүниелік жағдаяттар өндіру ерекшелігі, тұтыну аймағы, әлеуметтік қатынастар адамның тұрмыс салтын анықтап, оның тұрақты қылық әрекеттерін белгілейді.Әрқандай жеке адам өзінің өмірлік салтын жеке құндылық бағыттарына орай тіршілік жағдайларын өзгертудің, қайта құрудың жалпыланған, тұрақты тәсілдер жүйесін түзіп барады. Осыдан адамның тұрмыс, тіршілік салты оның жалпы өмір сүру, қоғамдағы өз орнын иелеудің бағдарына айналады.Әлеуметтік құнды   салт – бағыттан адамның жоғары инабатты, жасампаздық өмірі, рухани – этикалық, рухани – эстетикалық дүниетанымытуындайды. Адам өмірі, осыдан, бір мезеттік ықпалдар билігінде қалып қоймай, ішкі заңдылықты ниет – себептер жүйесін арқау етеді, өзінің әлеуметтік мәнді, мағыналы мұраттарын барластыра, саналы бағытта жасау мүмкіндігін алады. Маркстің байқауынша, жеке адам – «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Яғни жеке адам тарихи - әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада (белгілі қоғамда, ұжымда) ғана қалыптасады». И. С. Кон социолизацияны барлық әлеуметтік және психологиялы % - дің жиынтығы деген. Ол дегеніміз, жеке адам білімді жүйелі түрде меңгеруді, оның нормалары мен құндылығынн, оған қоғамның мүшесі ретінде жұмыс істеуге құқық береді. Адам - әлеуметтік тұлға. Ол өмірге келгеннен бастап әр түрлі әлеуметтік әрекеттестіктерге кіргізіледі. Адам тілі шықпастан бұрын ол әлеуметтік қатынасқа ие болады. Әлеуметтік үрдіс адамдардың қатынасы және бірлескен қызметтерімен тығыз байланысты, психологиялық көзқараспен қарағанда әлеуметтану механикалық бейнелеу сықылды қаралмайды. Әр түрлі тұлғалар бірдей жағдайлардан әртүрлі әлеуметтік тәжірибе шығара алады. Арнайы әлеуметтік институттарға ең маңызды функцияларының бірі болып әлеуметтік тұлға, оған қатысты мектеп, кәсіби оқу орындары, техникумдар, балалар және жастарға арналған ұйымдар жатада. Жанұя - әлеуметтік тұлғаның ең маңызды ролін атқарады. Осыған байланысты, тәрбие мен әлеуметтенуде қалай ұғыну да болады. Тәрбие шын мәнінде басқарушы және мақсатқа бағыт беруші әлеуметтені үрдісі. Әлеуметтану бірінші, екінші болып бөлінеді. Бірінші әлеуметтану көп нәрсені көрсетеде. Оқуға қарағанада әлеуметтану үрдісі ер жеткенге шейін тоқталмайды. Өзінің даму қарқынымен әлеуметтану ұлғасы анықталмаған соңғы үрдісімен байланысты және де осы үрдіс адамның отногенезінде тоқтатылмайды. Осыдан келіп мынандай шешім қабылдауға болады. Әлеуметтану – ешқашанда тоқтамаумен қатарешқашанда толық болмайды. Мүмкін біреулер бұл жерде писсимизм негізін көріп тұрған болар [32 бет, Геан]. Әлеуметтану - меңгеру және ұдайы өндіру тұрғысынан жеке адамның әлеуметтік тәжірибесін өмірден көрсетеді.

Информация о работе Мемлекет және құқық теориясы