Мемлекет және құқық теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 19:40, курсовая работа

Краткое описание

Жеке тұлға мен құқық қатынасында мемлекеттің араласу дәрежесі маңызды мәселе. Демократиялық құрылыс жағдайында мемлекеттің қоғам өміріне араласуы даусыз. Осы мөселенің төркіні жеке тұлғаның қол жеткен нәтиже үлесіне жармасуында жатыр, ал мұның өзі олардың қоғамдық өндіріске және оның өрлеуіне қосқан нақты үлеске сай келмеуі мүмкін. Осы жерде жеке тұлға мен құқық арасындағы қатынас күрделі мәселеге айналады.
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдауда “Құқық және жеке тұлға”- деген атауға тоқталу мақсатым, осы қоғамдық құбылыстардың саяси жүйеде өзекті мәселе екендігіне көз жеткізу. Құқық және жеке тұлға саяси жүйеде ерекше орын алады. Тұлғаны зерттеуде мотивация проблемасы адам психологиясы аспектiсiне кiрерi сөзсiз.

Оглавление

Кіріспе.........................................................1
І. Тұлға туралы ұғым.................................5
1.1 Жеке Тұлға.........................................7
1.2 Заңды тұлға........................................8
ІІ. Құқық ұғымы мен белгілері.................10
2.1 Құқық жүйесінің түсінігі мен жіктеулері...........12
2.2 Қазіргі замандағы негізгі құқықтық жүйелер..........16
2.3 Құқықтың пайда болуы..............................................20
2.4 Құқық және жеке тұлға...............................................22
ІІІ. Мемлекеттің түсінігі.................................................25
3.1 МЕМЛЕКЕТ БЕЛГІЛЕРІ.....................................32
3.2.Мемлекет пен құқықтың ара қатынасы............40
VІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 354.00 Кб (Скачать)
Бұл құқықтық мемлекеттің әлеуметтік мазмұндық  жағы.Мемлекеттік билікті құқықтың көмегімен шектеу, мемлекеттік құрылымдар үшін шектеу құқықтық режимін қалыптастыру (формальді заңды жағы). Құқықтық мемлекет функцияларын шартты түрде екіге бөліп қарастыруға болады. Оның ішкі функцияларына:
азаматтардың  құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың тең құқылығын және заңдылық негізінде қоғам мүддесін қамтамасыз ету;
меншіктің әр түрлі нысандарын тең қорғау;
монополизмді  жоққа шығаратын нарықтық экономиканың дамуын қамтамасыз ету;
азаматтардың  еңбек жағдайын жақсарту және еңбекті  қорғау;
азаматтардың  мүддесіне сай рухани құндылықтарды қорғау және байыту.
Құқықтық  мемлекеттің сыртқы функцияларына:
бейбітшілік және бейбіт қатар өмір сүру үшін күрес  функциясы;
елді  сыртқы басқыншылықтан қорғау;
дүниежүзілік  қауымдастық елдерімен экономикалық ынтымақтастық;
басқа мемлекеттермен саяси ынтымақтастық;
Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша өзге елдермен өзара әрекеттестіктің әр түрлі нысандарын қалыптастыру шаралары жатады.Аталған функциялардың негізінде азаматтық қоғамның еркі жатады, олар қатаң түрде қолданыстағы заңдарға және адам құқықтары бойынша халықаралық актілерге сай, тиісті органдарда жүзеге асырылады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарымен және олардың теңдігімен санасады. Сонымен, құқықтық мемлекет – заң жоғарылығына негізделген, оның жалпыға міндетті еркін білдіретін және жүзеге асыратын, жалпыны қамтитын қоғам ұйымы.Құқықтық мемлекеттің  негізгі принциптерінің қатарына заң жоғарылығы қағидасы жатады.  Аталған қағидаға сәйкес қандай да болмасын мемлекеттік орган, лауазымды тұлға, ұжым, мемлекеттік немесе қоғамдық ұйым не болмаса жеке тұлға заңға бағыну міндетінен босатылмайды. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының толық кепілдендірілуі және ажырамастығы, сондай-ақ азамат пен мемлекеттің өзара жауапкершілігі қағидасын бекіту және үнемі қолдап отыру болып табылады.Құқықтық мемлекеттің өзге де қағидалары: заңдылық адам құқықтары мен бостандықтарының ажырағысыздығы,идеологиялық және экономикалық плюрализмнің болуы Құқықтық мемлекет қалыптастыруды анықтаушы факторлар мен мәселелер төңірегінде сөз қозғағанда басым міндеттер қатарында материалдық және идеалдық сипаттағы алғы шарттарды қарастыру қажет. Материалдық сипаттағы қажетті алғы шарттарға әділ, тәуелсіз сот билігінің болуы, мемлекеттік билікті жіктеу, мемлекетте құқықтың (заңдардың) үстемдік құруы, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының шынайы кепілдендірілуі жатады. Құқықтық мемлекет қалыптастырудың өзге алғы шарттарына тоқталатын болсақ, алдымен оның қоғам тұрақты демократиялық, құқықтық, саяси, мәдени дәстүрлерді ұстанатын жерлерде пайда болатынын атауға болады. Егер мәдениет, құқық, демократия, заңдылық әрбір жеке тұлғаның ішкі құндылығына айналмайтын болса, онда құқықтық мемлекет туралы ойлар да негізсіз болады. Қоғам реттеусіз, яғни әр түрлі саладағы адам әрекетін тәртіпке келтірусіз өмір сүре алмайды. Адам әрекеті әлеуметтік және техникалық нормалар көмегімен  ретке келтіріледі. Әлеуметтік норма – адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршіліктерін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, әлеуметтік экономикалық негізде айқындалған, сана-сезім еркімен қалыптастырылған адамдардың мінез-құлық ережесі. Әлеуметтік нормалардың реттеу пәні қоғамдық қатынастар болып табылады;жалпылық сипаты болады, олар адамдардың саналы-ерікті әрекеті нәтижесінде құрылады субъективті құрамы әлеуметтік аяның өкілдері ретіндегі адамдармен байланысты;Әлеуметтік нормалар құқықтық, адамгершілік, діни, саяси, эстетикалық, әдет -ғұрыптық, корпоративтік және т.б. болып бөлінеді.Адамгершілік нормалары – халықтың ұлттық ұғымымен жақсылық, зұлымдық туралы қоғамда қалыптасқан әлеуметтік норманың бір түрі. Діни нормалар – әр түрлі діни сенімдермен тағайындалған және белгілі бір дінді тұтынушылар үшін міндеттілік маңызы болатын әлеуметтік нормалар. Әдет-ғұрып – қауымдағы адамдардың қарым-қатынасын реттейтін географиялық, ұлттық, экономикалық факторларға байланысты тарихи қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа беріліп дәстүрге айналған, қоғамдық әсер ету шараларымен қамтамасыз етілген әлеуметтік норманың бір түрі. Корпоративтік нормалар – қоғамдық ұйымдардың жарғыларында анықталған, ұйым мүшелеріне міндетті болатын әлеуметтік нормалар.Құқықтың қалыптасуының негізгі себептері мен жолдары. Құқықтың пайда болуы туралы негізгі теориялар:табиғи-құқықтық, теологиялық, нормативистік, марксистік, психологиялық, социологиялық.Құқық философия мен теория категориясы ретінде шынайы мазмұнды құрай отырып, инструменталдық роль атқарады.. Бірақ құқықты өмірде қолдануға келгенде міндетті түрде біркелкі ойдың, көзқарастың тұрғысынан табылу керек. Егер құқық әр түрлі мағынада ұғынылатын болса, онда ол өзінің құндылығын, қоғамдық қатынастарды тұрақтандыру мен ретке келтірудегі ролін жоғалтушы еді.
Құқық түсінудегі анықталғандық-қоғамдық қатынастардыңанықталғандығы мен тәртібінің бастауы.Құқыққа деген әртүрлі көзқарастар қоғамды демократияландырумен ұштасады, пікір плюрализміне сәйкес келеді. Субъективті, объективті факторлармен қатар, көзқарастардың көптігіне гносеологиялық та себеп бар. Таным барысында құбылыстың бір ғана жағына еліктеу, оны жоғары санап, өзгелерін жоққа шығару мүмкіндігі бар. Міне, осыдан құқықтың әртүрлі анықтамалары туындайды. Егер бір жақты анықтама өзгелерін алмастыруды мұрат тұтпаса, жалғыз дұрыс деген атауға ұмтылмаса, онда одан келетін еш жамандық жоқ. Құқықты терең түсіну үшін, егер ол шындыққа сәйкес келетін болса, кез-келген анықтама пайдалы. Ал, практикалық қолдану үшін құқықтың тұтас түсінігі болуы қажет.Құқық көп жақты, күрделі құбылыс. Сондықтан оған берілетін анықтамалар да сан қырлы. Құқық (жалпы әлеуметтік мағынада) тиісті мүмкіндіктердің заңда көрсетілген, көрсетілмегендігіне қарамастан адамгершілік, әдет-ғұрып тұрғысынан әрекеттің негізделуі мен еркіндік ретінде танылады. Құқықтың функционалдық анықтамасы – қазіргі кездегі экономикамен негізделген халықтың, көпшіліктің еркін білдіретін, нормативті анықталған және бұзылудан тәрбиелеу, сендіру және қажетті жағдайда мемлекеттік мәжбүр ету шараларымен қорғалатын, қоғамдық қатынастарды реттеу қызметін атқаратын, құқықтық демократиялық мемлекет қалыптастыру мақсатында қоғамдық келісім құралы болатын нормалар жүйесі ретінде көрсетеді.
Құқыққа мынандай белгілер тән:
-еріктілік  сипаты болады;
-жалпыға  бірдей міндеттілік күші танылған;
-нормативтілік;
-мемлекетпен  қалыптастырылады және қорғалады;
-жүйелілік;
-қоғамдық  қатынастарды реттеу қызметін  атқарады.
«Құқық» термині екі мағынада: обьективтік және субьективтік болып қолданылады, бірақ қай қайсысының да мағынасы толық ашылмаған. Бірінші мағынасында «құқық дегеніміз өмірдің заңдық тәртібі, мемлекетпен қорғалатын барлық құқықтық ережелердің жиынтығы», ал екінші жағдайда – құқық дегеніміз «жеке тұлғаның нақты құқық өкілдігіндегі абстрактылы ереженің нақты көрініс табуы». Құқық мәнін анықтау барысында екі түрлі көзқарасты ескеру қажет.
1.Таптық  қөзқарас, онда құқық экономикалық  үстем таптың  заңдастырылған  еркін білдіретін, мемлекетпен кепілдендірілген нормалар жүйесі ролін атқарады.
2.Жалпы  әлеуметтік көзқарас бойынша  құқық қоғамның әр түрлі топтарының  арасындағы келістіруші ролін  атқарады. Құқықтүсінушіліктің негізгі типтеріне мыналарды жатқызады:
нормативистік;
әлеуметтік юриспруденция;
табиғи  құқық теориясы;
Құқық – қоғамның мемлекеттік еркін, оның жалпыадамзаттық және таптық сипатын  көрсететін жалпыға міндетті, формальды-анықталған нормалар жүйесі; мемлекетпен шығарылады  немесе санкцияландырылады және бұзылудан  мемлекеттік мәжбүр ету мүмкіндігімен қорғалады; қоғамдық қатынастарды өкімдік-ресми реттеуші болып табылады.(Байтин М.И.)Құқық – көмегімен құндылық тағайындалымдар анықталынатын және бекітілетін, белгілі бір социумның өкілдерімен жалпы маңызды ретінде танылған және заңдық кепілдіктер жүйесі мен заңдық жауапкершілік шараларымен қамтамасыз етілген біртектестендірілген әрекет стандарттарының жиынтығы.(Ромашов А.И.) Құқық – мемлекеттен бастау алатын және орындалуы онымен қамтамасыз етілетін әрекет тәртібі жүйесі. Сондықтан даулы мәселе құқықты қалай түсінуде емес, мәселе осы тәртіптің мән - мағынасын қоғамның қалай қабылдайтындығында - деп санайды. Раянов Ф.М.Экономика, саясат және құқық түсініктерінің арақатынасына тоқталмастан бұрын, олардың әрқайсысына жеке-жеке анықтама беру қажет. Экономика – нақты қоғамның өндіріс тәсілі, өндірістік қатынастарының жиынтығы. Саясат – билікке байланысты таптардың, топтардың қатынасын сипаттайтын қоғамды басқару өнері. Құқық туралы жоғарыда баяндалды. Аталған құбылыстардың арақатынасына екі түрлі көзқарас анықталған. Бірінші көзқарас бойынша олардың арасында басымдылығымен танылатын құбылыс жоқ, қоғам дамуындағы атқаратын ролі тең деп саналады. Себебі, қоғамдық қатынастардың пайда болуы мен қызмет етуінің алғашқы факторы ретінде адамдардың мүддесі танылады. Белгілі бір жағдайларда мүдде құқықта жүзеге асырылады да, содан кейін әлеуметтік байланыстардың өзге салаларына таралады. Бұл жағдайда құқықтың экономикаға тигізетін әсері туралы айтуға болады. Екінші көзқарас бойынша экономика саясатты да, құқықты да анықтайды. Кейінгілер қондырмалық құбылыс болғандықтан, базиске тәуелді болады.Дегенмен де экономиканың үстемдігі шартты, себебі саясат пен құқық экономиканың дамуына немесе кері кетуіне әсер ететіндей күшке ие. Бұнда да саясат экономика мен құқықтың дәнекері болып табылады.Саясат пен құқықтың да арақатынасы екі түрлі. Кейбір жағдайда ықпал етуші фактор ретінде саясат үстемдігі танылса, кейде үстемдік құқыққа тиесілі болады.Адамгершілік – адам әрекетін жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалар жүйесі. Адамгершілік пен құқық қоғамдық қатынастарды ретке келтіру барысында өзара әрекеттестікте болады. Олардың адам әрекетіне қоятын талаптары көбінесе ұқсас келеді.Ұқсастықтары мынада:
-әлеуметтік  нормалардың ішіндегі ең әмбебап  түрі, қоғамның барлық мүшелеріне  таралады;
-реттеу  объектілері қоғамдық қатынастар  болып табылады;
-қоғамнан  бастау алады.
Адамгершілік  пен құқықтың өз алдына жеке құбылыстар болуына байланысты өзіндік ерекшеліктері де бар:
-шығу  тегіне байланысты әртүрлі. Адамгершілік  нормалары адамзат қоғамымен  қатар пайда болса, құқық нормалары  мемлекетпен бірге пайда болған;
-көрініс  табу нысандары да әртүрлі.  Адамгершілік адам санасында  орын алса, құқық жазба нысандағы  мемлекеттің арнаулы актілерінде көрініс табады;
-әрекет  ету аймақтарына байланысты ажыратылады.  Егер адамгершілік қоғамдағы  барлық қатынастарды ретке келтіре  алатын болса, құқық барынша  маңызды бөлігін ғана қамтиды;
Құқық типін анықтау қазіргі кезеңде  екі түрлі нысанда жүзеге асырылады. Бірінші көзқарас бойынша құқық типі формациялық тұрғыдан анықталады. Оның басты өлшемі ретінде әлеуметтік-экономикалық белгілер алынады.  Аталған көзқарас авторларының ойы бойынша базис (өндірістік қатынастардың типі) қоғам дамуының шешуші факторы болып табылады да, тиісінше қондырмалық құбылыстарды – мемлекет пен құқық типін анықтайды. Экономикалық базис типіне сай құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық және социалистік құқық типтері анықталған. Аталған көзқарастың ұтымды тұстарымен (құқықты әлеуметтік-экономикалық факторлардың негізінде бөлумен) қатар осал тұстары да бар. Ол құқықтың нақты тарихи, ұлттық-мәдени және арнаулы заңдық қасиеттерін ашып көрсетуге мүмкіндік бермейді.Екінші көзқарас бойынша құқық нақты географиялық, ұлттық-тарихи, діни, арнаулы заңдық белгілеріне байланысты жіктеледі.
Аталған өлшемдерге байланысты құқықтың мынандай типтері анықталған:ұлттық құқықтық жүйелер. Ол белгілі бір мемлекеттің нақты тарихи құқығының, заңдық тәжірибенің және үстем құқықтық идеологияның жиынтығы.Құқықтық семьялар. Бұл қайнар көздердің, құқық құрылымының және оның қалыптасуының тарихи жолдары ұқсастығы негізінде ерекшеленген құқықтық жүйелердің жиынтығы. Құқықтық семьялардың мынандай түрлері танылған: жалпы құқық, романо-германдық құқық, славяндық құқық, мұсылмандық құқық, индустық құқық және тағы басқалар.Бұл көзқарастың ұтымды жағы -  онда құқықтың ұлттық-тарихи, нақты географиялық және техникалық-заңдық белгілері ажыратылған. Осал тұсы құқық табиғатындағы әлеуметтік-экономикалық факторлардың ролі толық бағаланбаған.Қоғамның құқықтық жүйесі. Негізгі элементтері мен олардың сипаттамалары: заң ғылымы, құқықтық ұғымдар, заң техникасы. Заңды тәжірибе. Қазіргі кездегі құқықтық жүйелердің жіктелуі. Романо-германдық құқықтық жүйе, англо-саксондық құқықтық жүйе, дәстүрлі діни құқықтық жүйе.Құқық теориясында осы мәселеге қатысты дау әлі де болса дамылдамай отыр. Даудың басы кейбір ғалымдардың нормативті актілер, әдет-ғұрыптар мен прецеденттерді құқық нысаны деп тануы мен екіншілерінің аталған құбылыстарды құқықтың қайнар көзіне жатқызуында десек жаңылмаймыз. Құбылысқа әртүрлі анықтама беру оның мәнінің сан қырлылығын білдіреді дей отырып, аталған екі көзқарасты да қолдауға болатындығын ескеру керек. Аталған қос түсінікті де қолдануға болады, дегенмен де алдымен олардың әрқайсысының жеке мазмұнын анықтау маңызды. Құқық түп нұсқасы ретінде құқықтың пайда болуы мен әрекет етуін мүмкін ететін факторларды айтады. Бұндай факторларға мемлекеттің құқықшығармашылық әрекеті, халық еркі және қоғам өмірінің материалдық жағдайлары жатқызылады.  Құқық қайнар көзі құқықты тану барысында да қолданылатын термин. Бұл жағдайда оның мазмұнын құқықтың тарихи ескерткіштері (Ману заңдары, Орыс правдасы, Жеті Жарғы), археология мәліметтері, қолданыстағы құқық актілері, заңдық тәжірибе, келісім-шарттар, құқықтанушылардың еңбектері құрайды. Құқық қайнар көзінің бұдан да тар ауқымда қолданылатын түсінігі бар. Ол тәжірибеде нақты істі шешу барысында қолданылатын құжат. Бұнда мемлекеттік еріктің сомдалуын білдіретін құқықтың сыртқы нысаны көрініс табады. Құқық нысаны – жалпыға бірдей міндетті, заңды маңызы бар, қоғамда орын алған құқық нормаларын ұйымдастыру тәсілі.
Құқық нысанының негізгі 4 түрі танылған: прецедент, әдет-ғұрыптық құқық, нормативті акт, нормативті келісім.Прецедент - құзіретті мемлекеттік органның белгілі бір мәселе бойынша қабылдаған шешімінің осыған ұқсас өзге істерді қарағанда міндетті түрде қолданылуы. Прецедент әкімшілік және сот прецеденттері болып екі топқа бөлінеді. Англо-саксондық құқық жүйесінде қолданылады.Әдет-ғұрып құқығы тарихи қалыптасқан ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әдет-ғұрып, салт-дәстүр нормаларына мемлекеттік мәжбүр ету күші тағайындалатын құқық нысанының бір түрі. Қазіргі кезеңде көбінесе діни-ғұрыптық құқықтық жүйелерде (мұсылман құқығы, иудаистік және индустық құқықтарда) танылған. Нормативті құқықтық акт – құқық нормаларын бекітуге, өзгертуге немесе жоюға бағытталған, айқындалған тәртіпте қабылданатын мемлекеттік органның актісі. үлкен екі топқа жіктеледі: заңдар және заңға бағынышты актілер.Заң - мемлекеттің жоғарғы өкілді органы немесе тікелей халықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданған, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін реттейтін және жоғарғы заңдық күші болатын нормативті құқықтық акт. Оның белгілері.
заң шығару билігі органдарымен немесе тікелей халықтың дауыс беруімен қабылданады;
дайындау  және қабылдау тәртібі Конституция  мен парламент регламентімен  анықталады;
халықтың  еркі мен мүддесін көздеуі қажет;
барынша маңызды  қоғамдық қатынастарды реттейді;
жоғарғы заңдық күші болады.
Ол мынадан  көрінеді: 1)өзге құқықтық актілердің барлығы заңнан бастау алуға және оған қарсы келмеуге тиісті, егер белгілі бір қайшылықтар болатын болса, заң үстемдігі танылады; 2)заңдар оны қабылдаған органнан басқа ешкімнің бекітуін қажет етпейді;  
 Заңның өзі заңдық күшіне байланысты бөлінеді: конституциялық заңдар, заңдар. Конституциялық заңдар қоғамдық және мемлекеттік құрылымның аса маңызды мәселелерін реттейді және парламенттің басым көпшілік (депутаттардың 2/3 бөлігінің) даусымен қабылданады. Заңға бағынышты акт дегеніміз заң негізінде және заңға сүйене отырып қабылданатын, қоғамдық қатынастардың заңмен реттелмеген бөлігін қамтитын, міндеттілік күш болатын нормативті-құқықтық актінің бір түрі. Оның түрлері:
Президенттің  жарлықтары мен өкімдері;
үкіметтің қаулысы, Премьер-Министрдің өкімі;
Министрліктер, ведомстволар мен мемлекеттік комитеттердің  нормативті бұйрық, нұсқау, ережелері;
Нормативті келісім – субъектілердің өзара мүддесін есепке алуды мүмкін ететін құқықтық қатынастар жүйесін жасайтын, әрі азаматтық қоғамның дұрыс өмір сүруін қамтамасыз ететін, оның субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын құқық нысаны. Нормативті келісім - құқықшығармашылық субъектілерінің жаңа құқық нормасын қалыптастыратын келісімі. Нормативті актілермен қатар қолданылуы мүмкін.Нормативті актілер әрекеті кеңістік, уақыт және адамдар арасында таралады. Нормативті актілердің кеңістіктегі әрекеті территория ұғымымен анықталады. Нормативті актінің қабылдаған органның құзіреті қандай аумақта міндетті болса, актілер сол аумақта орындалады. Қазақстан Республикасының аумағына оның құрғақтағы аумағы, ішкі және территориялық сулар, әуе кеңістігі, жер қойнауы жатады. Сондай-ақ, шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің аумағы, ашық теңіздегі сауда кемелері мен әскери кеме, әуе кемесінің іші мемлекет аумағы ұғымына кіреді. Сондықтан, аталған жерлерде Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге заңға бағынышты актілерінің юрисдикциясы жүреді.Нормативті актілердің уақыт аралығындағы әрекеті оның заңдық күшіне енуі және заңдық күшінен айырылуы түсініктерімен беріледі. Заңның уақыт аралығындағы әрекеті үш түрлі қағидаға сәйкес жүреді.

Информация о работе Мемлекет және құқық теориясы