Мемлекет және құқық теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 19:40, курсовая работа

Краткое описание

Жеке тұлға мен құқық қатынасында мемлекеттің араласу дәрежесі маңызды мәселе. Демократиялық құрылыс жағдайында мемлекеттің қоғам өміріне араласуы даусыз. Осы мөселенің төркіні жеке тұлғаның қол жеткен нәтиже үлесіне жармасуында жатыр, ал мұның өзі олардың қоғамдық өндіріске және оның өрлеуіне қосқан нақты үлеске сай келмеуі мүмкін. Осы жерде жеке тұлға мен құқық арасындағы қатынас күрделі мәселеге айналады.
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдауда “Құқық және жеке тұлға”- деген атауға тоқталу мақсатым, осы қоғамдық құбылыстардың саяси жүйеде өзекті мәселе екендігіне көз жеткізу. Құқық және жеке тұлға саяси жүйеде ерекше орын алады. Тұлғаны зерттеуде мотивация проблемасы адам психологиясы аспектiсiне кiрерi сөзсiз.

Оглавление

Кіріспе.........................................................1
І. Тұлға туралы ұғым.................................5
1.1 Жеке Тұлға.........................................7
1.2 Заңды тұлға........................................8
ІІ. Құқық ұғымы мен белгілері.................10
2.1 Құқық жүйесінің түсінігі мен жіктеулері...........12
2.2 Қазіргі замандағы негізгі құқықтық жүйелер..........16
2.3 Құқықтың пайда болуы..............................................20
2.4 Құқық және жеке тұлға...............................................22
ІІІ. Мемлекеттің түсінігі.................................................25
3.1 МЕМЛЕКЕТ БЕЛГІЛЕРІ.....................................32
3.2.Мемлекет пен құқықтың ара қатынасы............40
VІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 354.00 Кб (Скачать)
Құзіреттілігінің  сипатына байланысты жалпы құзіретті органдар және арнаулы құзіретті органдар деп бөліп қарастырамыз. Мемлекеттік аппарат - ұйымдастырылу мен әрекет етудің жалпы қағидаларымен өзара байланысқан мемлекеттік органдар жүйесі.
Мемлекеттік аппараттың ұйымдастырылуы мен әрекет етуінің қағидалары:
заңдылық  қағидасы;
адам  және азамат құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидасы;
демократизм қағидасы;
билікті тәуелсіз тармақтарға бөлу қағидасы;
жариялылық  қағидасы;
кәсібилік қағидасы;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдар жүйесі. Қазақстан Республикасы Президенті.  Қазақстан Республикасы заң шығару билігі. ҚР Парламенті. Сенат. Мәжіліс.  Қазақстан Республикасы  атқару билігі. үкімет. Премьер-Министр. Министрліктер. Мемлекеттік комитеттер. Конституциялық Кеңес.Қазақстан Республикасы сот билігі. Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты. ҚР жергілікті соттары. Қазақстан Республикасы прокуратурасы. ҚР Ішкі істер  органдары.  ҚР ұлттық Қауіпсіздік комитеті. Әскер.Мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың жергілікті органдары. Мәслихаттар. Әкімдер.Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орныАзаматтық қоғам және саяси жүйе. Билік және оның көрінісі. Қоғам өзара әрекеттестікте болатын әр түрлі саяси, әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, құқықтық жүйелер жиынтығы ретінде. Қоғамның саяси жүйесі – құқық және өзге де әлеуметтік нормалар негізінде тәртіпке келтірілген, белгілі бір елдің саяси өмірін қамтамасыз ететін және саяси билікті жүзеге асыратын мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы.Саяси жүйенің құрамына тікелей немесе жанама түрде белгілі бір саяси функцияларды атқаратын немесе өзінің қоғамдық роліне байланысты қоғамның әлеуметтік мақсаты мен идеалын қалыптастырушы әлеуметтік институттар кіреді. Саясатпен тікелей айналысатын әлеуметтік институттарға мемлекет пен саяси партиялар кіреді. Қоғамдық қозғалыстар, еңбек ұжымдары, кәсіподақтар, спорттық ұйымдар және т.б. саясатпен жанама түрде айналысатын әлеуметтік институттарды құрайды.«Мемлекет» және «қоғамның саяси жүйесі» түсініктері бөлшек пен тұтас категориялар ретінде арақатынаста болады.
Мемлекет  саяси өмір құбылыстарын «жалпы міндеттілік» өлшемі арқылы өткізіп, өз бойына саяси мүдделердің көпшілігін шоғырландырады. Міне осы тұрғыдан мемлекет саяси жүйеде ерекше роль атқарады, оған тұтастық пен тұрақтылық береді. Ол қоғам ресурстарын пайдалана және оның өмір сүруін ретке келтіре отырып, басқару бойынша әрекеттердің басым бөлігін атқарады. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде орталық, жетекші орын алады. Себебі:Мемлекет өзінің аумақтық шекарасы көлемінде азаматтық белгісі  бойынша біріккен бүкіл халықтың бірден-бір ресми өкілі ретінде көрінеді.Егеменділіктің бірден-бір иегері болып табылады.қоғамды басқаруға арналған арнаулы аппаратқа (көпшілік билігі) ие.«күштеу» құрылымдары болады (қарулы күштер, милиция-полиция, қауіпсіздік органдары және т.б.) көбінесе құқықшығармашылық монополиясына ие болады.материалдық құндылықтар жиынтығын иемдене алады (мемлекеттік меншік, бюджет,валюта және т.б.).Саяси жүйеде қоғамның саяси өмірінің маңызды әлеуметтік институты саяси партиялар расында үлкен роль атқарады. Саяси партиялар - өздерінің негізгі мүдделерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік билікті жеңіп алу, ұстап тұру және пайдалану мақсатын көздейтін идеологиялық және ұйымдық біріккен адамдардың ерікті қауымдастығы. Партияларды парламенттік - билікті демократиялық жолдармен, парламент жұмысына қатысу арқылы жеңіп алуды мақсат ететін және билікті күшпен басып алуды, қоғамдық құрылымды күштеп өзгерту міндетін қоятын партиялар деп ажыратуға болады. Мемлекет ісіне қатысуына байланысты парламенттік партиялармен қатар, басқарушы партияларды – билікті жеңіп алған және жүзеге асырып отырғандарды да атауға болады. Бағдарламалары мен әрекетінің әлеуметтік бағытталғандығына байланысты саяси партиялар социал-демократиялық, либералды-демократиялық, коммунистік, таптық, ұлттық, нәсілдік, фашистік, діни болып жіктеледі. Әрекетінің идеалдық негізіне байланысты доктриналдық (өз идеологиясын қорғауға бағытталған), прагматикалық және харизматикалық болып бөлінеді. Саяси спектрдегі орнына байланысты – солшыл, оңшыл және орталықшыл түрінде танылады. Саяси жүйелер бірпартиялық және көппартиялық (плюралистік) болып та жіктеледі. Қазақстан  Республикасы кеңестік дәуірдегі бірпартиялық жүйеден бас тартқалы бері, елімізде қабылданып жатқан нормативті-құқықтық актілерге сүйене отырып, әр түрлі саяси партиялар құрылып әрекет етуде. Оның құқықтық базасын ҚР Конституциясы, ҚР заңы «Саяси партиялар туралы», ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы»  заңдары құрайды.Қоғамдық саяси қозғалыстар – азаматтардың белгілі бір әлеуметтік тобының мүддесін көздеуге және маңызды саяси мақсатқа жетуге бағытталған қоғамның барынша белсенді тобы.
Мемлекет  және құқық теориясында  осы уақытқа дейін  мемлекет пен құқықтың арақатынасы туралы басты екі бағыт орын алған.
Бірінші – этатистік; бұл  бағыт мемлекеттің  құқыққа қарағанда  артықшылығын таниды,құқық  мемлекттің қызметінің өнімі, оның жалғасы ретінде қарастырылады.
Екінші  бағыт табиғи –  құқықтық көзқарастар  негізінде пайда  болды және құқықтың мемлекетке артықшылығын бекітті.Алайда, аталған мәселеге қатысты үшінші бағыт  та бар, бұл бағыт  жоғарыда аталған  екі бағыттардың көзқарастарын өзіне үйлестіре білген. Бұл теорияны жақтаушыларды алғашқы орының мемлекет пен құқықтың қайсысына тиесілі екендігі қарастырылмайды,олар мемлекет пен құқықтың қайсысына тиесілі екендігі қызықтырмайды, олар мемлекетпен құқықтың бір –бірінсіз өмір сүре алмайтындығына,яғни, олардың арасында функционалдық байланыс бар екендігіне назар аударады.  Бұл бағыт бір жақтылықты болдырмауға, құқықтың мемлекетке не беретінін түсінуге және мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі шынайы  рөлін анықтауға мүмкіндік береді.Мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі рөлі мынадан  көрінеді:Құқықшығармашылық қызметі жүзеге асырудан. тікелей мемлекеттік емес сипаттағы нормаларды мемлекеттің санкциялауынан. Мысалы, мұсылман құқығының қалыптасуы мемлекеттің мұсылмандық доктрина нормаларын санкциялаумен сипатталады. іс жүзінде қалыптасып қойған қатынастарды жүріс – тұрысты заңды міндетті реттеуші ретінде тануынан. Мысалы, әдет құқығы осылай қалыптасады. құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуден. Құқықты пайдаланудың мемлекетсіз жүзеге  асырылуы мүмкін емес. Мемлекет құқықты және құқықтық қатынастарды қорғауды қамтамасыз етеді. мемлекет құқықтың әлеуметтік кеңістікке таралуына жәрдемдеседі, яғни, қоғамдық қатынастардың қатысушылардын құқыққа сәйкес әрекет жасауға міндеттейді. Құқықтың  мемлекетке әсері  мыналардан көрініс табады:құқық мемлекеттің халықпен, жекеленген тұлғамен өзара қарым-қатынастарына әсер етеді; құқық мемлекеттің қызметін заңдастырады, мемлекеттің қорғау және мәжбүрлеу шараларының рұқсат етілуін қамтамасыз етеді; құқық арқылы мемлекеттің қызметтерінің шектеріғ азаматтардың жеке өміріне араласудың шектері анықталады; құқық  ұлттарының ерекше мүдделерін қамтамасыз етеді, осы арқылы мемлекеттік биліктің ұлттармен қарым- қатынасына әсерін тигізеді; құқықтық нысан мемлекеттік аппараттың қызметіне бақылау жүрізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, осы арқылымелекеттің халық алдындағы жауапкершілікті әрекеттерінің заңды кепілдіктерін бекітеді; құқық басқа мемлекеттермен , жалпы әлемдік қауымдастықпен байланыс тілі рөлін атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Әлеуметсіздік, - дейді Х. Досмұхамедов (1883-1939), - қазақта ұлт тіршілігі, ұлт  мемлекеті болуға мүмкін емес. Оңды әлеуметтілік құру үшін елдің өткен  – кеткен тұрмысын, бұрынға болған әлеумет қимылдарын тану керек».

 

 

Қосымша әдебиеттер: 

 

  1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2001.
  2. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды, 2003.
  3. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі. Қарағанды, 2001. 
  1. Байжанова Г.Т. Құқық теориясы. Қарағанды, 2004.
  1. Венгеров А.Б. Теория государства и права. Москва, 1996
  1. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999.
  1. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.

8.     Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы» 18 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы,1995.№12; 1999.№5.

9.    Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» 25 желтоқсан 2000 жыл// Егемен Қазақстан, 2000. 30 желтоқсан.

10.   Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі туралы» 29 желтоқсан 1995 // Жаршы. 1995. №24.

11.   Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасындағы прокуратура туралы» 29 желтоқсан 1995 // Егемен Қазақстан, 1996. 13 қаңтар.

12.   Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 30 желтоқсан 1995 // Егемен қазақстан, 1996. 15 қаңтар.

13.   Қазақстан Республикасының заңы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жыл// Парламент Жаршысы, 2001.№1.

14.  Қазақстан Республикасы заңы «Қазақстан Республикасындағы ұлттық қауіпсіздік туралы» 26 маусым 1998 // Егемен Қазақстан, 1996. 1 шілде.

15.  Қазақстан Республикасы заңы «Нормативті құқықтық актілер туралы» 24 наурыз 1998 // Қазақстан Республикасы Парламенті Жаршысы, 1998. №2-3, өзгерістері мен толықтыруларымен қоса.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           Қазақстан Республика білім және ғылым  минитрлігі

 

                 Орал қаласы көпсалалы «Болашақ» колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 Курстық жұмыс

                      Тақырыбы: Тұлға.Құқық. Мемлекет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                             Орындаған: Укасова Л.М

                                                                            Тексерген: Умаргалиева М.М

 

 

                                        

                                          

 

 

 

                                           Орал 2012

 

 

 

                                    




Информация о работе Мемлекет және құқық теориясы