Мемлекет және құқық теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 19:40, курсовая работа

Краткое описание

Жеке тұлға мен құқық қатынасында мемлекеттің араласу дәрежесі маңызды мәселе. Демократиялық құрылыс жағдайында мемлекеттің қоғам өміріне араласуы даусыз. Осы мөселенің төркіні жеке тұлғаның қол жеткен нәтиже үлесіне жармасуында жатыр, ал мұның өзі олардың қоғамдық өндіріске және оның өрлеуіне қосқан нақты үлеске сай келмеуі мүмкін. Осы жерде жеке тұлға мен құқық арасындағы қатынас күрделі мәселеге айналады.
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдауда “Құқық және жеке тұлға”- деген атауға тоқталу мақсатым, осы қоғамдық құбылыстардың саяси жүйеде өзекті мәселе екендігіне көз жеткізу. Құқық және жеке тұлға саяси жүйеде ерекше орын алады. Тұлғаны зерттеуде мотивация проблемасы адам психологиясы аспектiсiне кiрерi сөзсiз.

Оглавление

Кіріспе.........................................................1
І. Тұлға туралы ұғым.................................5
1.1 Жеке Тұлға.........................................7
1.2 Заңды тұлға........................................8
ІІ. Құқық ұғымы мен белгілері.................10
2.1 Құқық жүйесінің түсінігі мен жіктеулері...........12
2.2 Қазіргі замандағы негізгі құқықтық жүйелер..........16
2.3 Құқықтың пайда болуы..............................................20
2.4 Құқық және жеке тұлға...............................................22
ІІІ. Мемлекеттің түсінігі.................................................25
3.1 МЕМЛЕКЕТ БЕЛГІЛЕРІ.....................................32
3.2.Мемлекет пен құқықтың ара қатынасы............40
VІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 354.00 Кб (Скачать)

 

Жеке тұлға -әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар; белгілі бір әлеуметтік қоғамның өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам. Ұлттық психика мен жеке адамның психикасының арақатысы диалектикалық ұқсастықпен жекеліктің айырмашылығымен сәйкес келеді. Жалпылық (ұлттық) және жекешелік (өзіндік) жеке адамның психологиялық кейпінде бірлікте болады. Бірақ олардың арақатысы әр адамда әртүрлі. Жеке адамның қатынас кеңістігі неғұрлым кең болса, өмірдің барлық жағымен оның байланысы және қарым-қатынасы да әртүрлі болады ішкі дүниетанымы да бай және жеке адамның өз ұлтына тән әлеуметтік сапасы да жоғары болады. Жеке тұлға белгілі бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және толық құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам. Жеке тұлға өз атынан әрекет етеді және ұжымдық құрылым болып табылатын заңды тұлға сияқты фирма құруға мұқтаж емес. Сондай-ақ ол құқық қатынастарына қатысушы адамды (азаматты) білдіретін термин ретінде де қолданылады.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша Жеке тұлға – ҚР немесе басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Яғни      “жеке тұлға” ұғымы “азамат” деген ұғымға тең мағынада қолданылады. Азамат (Жеке тұлға) – құқықтың жеке субъектісі, оның құқықтық қабілеті ( құқыққа қабілеттілігі), яғни азаматтық міндет атқару қабілеті бар. Азаматтық құқықтық қабілет туылған сәтінен бастап туындайды және барлық азаматтарға бірдей деп танылады. Ол адамның нақты құқықтары мен міндеттерінің пайда болуының шарты мен алғышарты. Азаматтық кодекстің 18-бабына сәйкес азаматтың ҚР шегінде немесе одан тыс жерлерде мүлікті, соның ішінде шет ел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құруға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысуға; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, зияткерлік қызметтің өзге де туындыларына зияткерлік меншік құқығы болуға; басқа да мүліктік және жеке беймүліктік құқықтарды пайдалануға құқы бар. Әрекет қабілеттілігі азамат кәмелетке, яғни 18 жасқа толғанда толық көлемде пайда болады. Әрекет қабілеттілігі азаматтың экономика қызметке қатысуын, атап айтқанда, жеке кәсіпкер ретінде қатысуын қамтамасыз етеді. Азамат өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді.   Жеке  тұлғаның құқықтық мәртебесі – бұл субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің, сондай – ақ мемлекеттік органдар мен заңнамамен танылған жиынтығы, солардың көмегімен олар өздерінің әлеуметтік ролдерін атқарады.  

Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.Заңды тұлғаның фирмалық атауы‚ дербес балансы мен сметасы‚ банктерде есеп айырысу шоттары, сондай-ақ мөрі болады. Ол дербес салық төлеуші ретінде әрекет етеді. Заңды тұлға мүлкінің құралуына қатысуына қарай оның құрылтайшыларында осы заңды тұлғаға қатысты міндеттемелік құқықтары не оның мүлкіне заттық құқықтары болады. Құрылтайшыларының міндеттемелік құқықтары бар заңды тұлғаға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акцион, қоғамдар, өндірістік кооперативтер мен тұтыну кооперативтері жатады. Мүлкіне құрылтайшыларының меншік құқығы немесе өзгедей заттық құқығы бар заңды тұлғаға мемл. және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындар, соның ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ, меншік иесі қаржыландыратын жекеменшік кәсіпорындар (фирмалар) жатады. Құрылтайшыларының мүліктік құқықтары жоқ заңды тұлғаға қоғамдық және діни ұйымдар (бірлестіктер), қайырымдылық және өзгедей қорлар, бірлестіктер (қауымдастықтар мен одақтар) жатады. Сондай-ақ, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда алуды көздейтін коммерциялық ұйымдар мен табыс алуды көздемейтін және алынған табысты құрылтайшылар арасында бөліспейтін коммерциялық емес ұйымдар да Заңды тұлғаға жатады.Жалпы мәртебе  - жеке тұлғаның мемлекеттік азаматы ретіндегі конституцияда бекітілген мәртебесі Арнайы  мәртебе азаматтардың белгілі бір котегориясының  жағдайының ерекшеліктерін бекітетін мәртебе.Жеке  мәртебе – жеке тұлғаның нақты сипаттамаларын айқындайды.Тұлғаның  құқықтық мәртебесі  – бұл субъектінің қоғамда заңды түрде  бекітілген  жағдайы. Құқықтық мәртебе тұлғаның іс жүзіндегі (әлеуметтік) мәртебесін, оның қоғамдағы нақты жағдайын бекітеді. Құқықтық мәртебе дегеніміз субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз әлеуметтік рөлдерін орындауға бағытталған өкілеттіктерінің конституция мен заңнамада танылған жиынтығы. Заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкiндiк беретiн өз атауы болады. Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетудi қамтиды.Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкiн. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетiледi.. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу тәртібі және олардың өкілеттілігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.

Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның да фирмалық атауы болуы тиіс. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып танылады.Құқықтық  мәртебе жалпы, арнайы және жеке – дара болып      бөлінеді. Жалпы мәртебе – бұл тұлғаның мемлекет азаматы  ретіндегі Конституцияда  бекітілген мәртебесі. Ол барлық азаматтар  үшін бірдей болып  табылады. Арнайы мәртебе  азаматтардың белгілі бір санаттарының ( студенттердің, соғысқа қатысушылардың, зейнеткерлердің және т.б.) жағдайының ерекшеліктерін бекітеді, олардың арнайы функцияларды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жеке – дара мәртебе жекелеген тұлғаның ерекшеліктерін (жыныс, жас, отбасы жағдайы, лауазым және т.б.) көрсетеді және тұлғаның жеке дараландырылған құқықтары мен міндеттерін білдіреді.  
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың жеке     құқықтары мен бостандықтарын демократиялық сипатта жариялайды және «адам және азамат» деген тарауда нақтылы сипатталған.

 

  А) Өмір сүру құқы  (15 бап) «Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің адам өмірін қиюға хақысы  жоқ»

 

  Б) Әркімнің өз құқықтары  мен бостандықтары  сот алдында қорғалуына құқы. (13 бап) жеке адамның заң қорғайтын құқықтары мен бостандықтарына, мүдделеріне қол сұғылған жағдайда сот арқылы қорғалады.

 

  В) Қықұ қажетті қорғану құқы. Әрбір азамат заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғануға құқығы бар. Атап айтқанда өмірі, жеке меншікті, денсаулығын.

 

  Г) Әркім өзінің  жеке басының бостандығына құқы бар. Қазақстан  Республикасында  соттың санкциясынсыз  ешбір адамды 72 сағаттан артық ұстауға  тыйым салынады. Және ұсталған немесе қылмыс жасады деп айыпталған адам қорғаушыға құқығы бар.

 

  Д) Адамның қадір –  қасиетін қорғау құқы. Мемлекетте ешбір  азаматты азаптауға, оған қарсы қатігездік, зорлық- зомбылық жасауға тыйым салынады. Мұндай әрекетке барғандар заң алдында қатаң жауапқа тартылады.

З) Қазақстан Республикасында  адамның жеке өміріне, өзінің және отбасының  құпиясына қол  сұғылмауына, абыройы  мен ар – намысының  қорғалуына құқы бар.

 

  

Саяси  құқықтары мен  бостандықтары. 

 

    А) Сөз бостандық  құқы. Әркім  заң  жүзінде  тыйым  салынбаған кез –  келген тәсілмен еркін  ақпарат алып, оны  таратуға құқы бар.

 

   Б) Қазақстан Республикасының  азаматтары бейбіт әрі  қараусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстратциялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға құқықтары бар.

 

     В) Азаматтар мемлекеттік  органдарды сайлауға  және сайлануға, референдумға қатысуға, мемлекеттік  қызметке кіруге құқы бар.

 

     Г) Бірлесу бостандығы құқы. Азаматтар өздерінің алдына қойған мақсаттарын, мүдделерін іс жүзіне асыру үшін партиялар, кәсіподақ, қоғамдық ұйымдар құруға құқы бар.

 

   3.Әлеуметтік – экономикалық және мәдени құқықтары  мен бостандықтары

 

   А) Жеке меншікке ие болу құқы. Конституция бойынша жеке меншік пен мемлекеттік меншік тең дәрежеде қорғалады.

 

      Б) Әрбір азаматтың  еркін кәсіпкерлікпен шұғылдануға құқы бар. Бұл қызмет «заң тыйым салынбағанның бәріне рұхсат» шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс.

 

      В) Қазақстан Республикасының  азаматы еңбек  ету бостандығына, қызмет пен кәсіп тұрін еркін таңдауына құқығы бар.

 

     Г) Демалу, денсаулығын  сақтауға, жасы келгенде, мүгедек болғанда, асыраушысынан айырылған  жағдайларда жалақы немесе зейнетақы алуына, неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекет қорғауында болу құқықтары.

 

     Д) Азаматтардың білім  алу құқы. Мемлекеттік  оқу орындарында  тегін білім алу  конкурстық негізде  болды.

 

 Адам  құқықтары мен  қатар мемлекет адамға арнайы құқықтық міндеттерде  жүктейді.Құқық міндетсіз болмайды. Қазақстан Республикасының конституциясында мынадай міндеттер жүктейді:А) Азаматтар Конституцияны, басқа адамдардың құқықтары мен  бостандықтарын сақтауға міндетті.

 

  Б) Әркім мемлекеттің  рәміздерін құрметтейге  міндетті.

 

  В) Заң белгілеген салықтар мен алымдарды төлеуге міндетті.

 

   Г) отанды қорғауға міндетті.

Адам  құқықтарының қағидалары ұлттық деңгейде Конституцияда (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 10-39 баптар) және заң актілерінде (мысалы, Азаматтық Кодексте, Қылмыстық Кодексте, жарлықтарда, арнаулы заңдарда) қарастырылады. Халықаралық деңгейде адам құқыларын қорғау, ең алдымен адам құқылары жөніндегі халықаралық билльде негізделген; оған адам құқыларының жалпыға бірдей Декларациясы (10.12.48), Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқылар туралы пакт (12.12.66), Азаматтық және саяси құқылар туралы пакт Азаматтық және саяси құқылар туралы пактіге факультативтік хаттама (19.12.66), Азаматтық және саяси құқылар туралы пактіге екінші факультативтік хаттама (19.12.66) енеді. Адам құқықтарының жекелеген аспектілері халықар. конвенцияларда көрініс тапқан.  «Құқық» терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және кызмет бабында қолданылады.Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құкыктың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады.Біріншіден, «құкық»— ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі.Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы,білім алу, меншік иесі болу,кәсіпкерлікпен шұғындану құқығы.Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады.Осы келтірілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады.Субъективтік (тұлғалар) құқық — тұлғалардың мүддесін канағаттандыру мақсатымен құкықтық нормалардың құкық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері.Мұндай мүмкіндіктер құқықтык қатынастарға катысатын тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды.Тұлғаның құқығы құкыктық қатынасқа катысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтык міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол кұқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.Заңи тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заңи негізде мүлікке ие болуға хақылы. Сондыктан Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: «Меншік міндет жүктеңді,оны пайдалану сонымен катар қоғам игілігіне де кызмет етуге тиіс».Субъективтік (тұлғалық) құқықтық міндет — құқықтық мүмкіндік берілген құкық тұлғасының заңи мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құкық тұлғасына жүктелген міндет. Бұл міндет құкықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде жүзеге асырылып, мемлекеттік мәжбүрлеу аркылы (міндетті орындамаған жағдайда) қамтамасыз етіледі.Екіншіден, «құқық» дегеніміз құқык нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы.Бұл объективтік мағынадағы құқык, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқык жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс больп саналады.
Құқық туралы Конституция былай дейді: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес зандардың,   өзгеде   нормативтік-құкықтық актілердің,Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінін, сондай қалған болар еді.Адам өзіне қажетті рухани және мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі белсенді әрекет жасауы керек.Адамнын әлеуметтік-құқықтық талаптарының мағынасы — оны мемлекеттің тануы, қорғауы, қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі.Нормативтік сипаты — құкықтың негізгі белгілерінің бірі. Құкық қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден тұрады.Қағида — тұлғалардың мінез-құлықтары туралы ереже.Былайша айтқанда, коғамдық қатынасқа қатысушылар өз іс-әрекеттерін,мінезін белгілі ережеде көрсетілген қалыпқа бейімдеулері қажет.Сондықтан құқықтың нормалары — тұлғалардың іс-әрекетінің, мінез-құлқының үлгісі.Мысалы, әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және кай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы.(Қазақстан Республикасының Конституциясы, 19-бап). Тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық қатынастарды қажетті арнаға бағыттап, жолға салады, реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрактандырады, бассыздықтан қорғайды.Формальды анықтылық — құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол құқыктың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құқыкты, оны құратын заңдарды, басқа да нормативтік актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет. Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары зандарды жасайды. Заң — ережелер жиынтығы. Олар жай ережелер емес, мемлекет атымен жасалатын болғандықтан ресми сипаты бар ережелер. Құқықтық мемлекет - адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын барынша толық қамтамасыз етуге жағдай жасайтын, мемлекеттік билікті құқық көмегімен шектейтін саяси билікті ұйымдастыру. Ол гуманистік бастауларды, әділеттілікті бекітуге арналған әлеуметтік құндылықтардың біреуі ғана емес, сонымен бірге жеке тұлға бостандығын, ар-ожданы мен намысын қамтамасыз етудің құралы, халықтық биліктің өмір сүруінің нысаны.Құқықтық мемлекеттің жай мемлекетке қарағанда айырмашылықтары болады:
1. Мемлекетте билік шексіздігімен  сипатталса, құқықтық мемлекетте құқық үстемдігі танылады
2. Мемлекет қоғамнан алшақ кетсе,  құқықтық мемлекетте азаматтық  қоғам мемлекет әрекетін бақылап отырады
3. Мемлекет өз тарапынан азаматтарға  бассыздық пен күштеуден қорғауға  толық кепілдік бермесе, құқықтық  мемлекетте адам құқықтары мен  бостандықтары шынайы қорғалады.    Құқықтық мемлекет мәнінің екі жағын ажыратып көрсетуге болады:Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын барынша толық қамтамасыз ету, жеке тұлға үшін құқықтық көтермелеу режимі қалыптастыру.

Информация о работе Мемлекет және құқық теориясы