Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 23:20, курсовая работа
Жұмыссыздықтың түрлері олардың пайда болу себептеріне қарай өзгешеленеді:
Уақытша жұмыссыздық жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша жұмысты ауыстырумен байланысты, осындай жұмыстағылар өздеріне ыңғайлырақ жұмысты өз еріктерімен іздейді. Мұндай жұмыссыздық әрқашан және барлық жерде болады.
Құрылымдық жұмыссыздық ғылыми – техникалық прогрестің, өнеркәсіптің жаңа салаларының ашылуларының ықпалымен өндіріс құрылымының өзгеруінен туындайды. Осындай жағдайға байланысты жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс арасындағы сәйкессіздік пайда болады.
Кезеңдік жұмыссыздық өндірістің құлдырауы, экономикалық дағдарыстар кезінде, кәсіпорындар жаппай күйзеліске ұшырайтын, жұмыспен қамтылғандар саны көптеп қысқаратын жағдайларда пайда болады.
- Жұмыссыздық түсінігі
1.1 Жұмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы
Жұмыссыздық дегеніміз – әлеуметтік – экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады.
Жұмыссыздықтың түрлері олардың пайда болу себептеріне қарай өзгешеленеді:
Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ–ОЭСР) кіретін елдердің барлығында дерлік өсу үстінде. Тіпті экономикалық өсудің жоғары қарқындары белгіленген дамушы елдердің көпшілігі халық санының өсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен жұмыспен қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр.
Шығыс Еуропа және ТМД елдерінде кепілденген және толық жұмыспен қамтылуға ұзақ жылдар бойы дағдыланып қалған адамдар, кенеттен мемлекеттік секторды қайта құру мен жеке секторда жұмыс орындарын ашудың баяу қарқындары себебінен жұмыспен қамтылу кепілдігінен айырылып, жұмыссыздықтың өсу проблемасын бастан кешірді. Тіпті экономикасы өрлеу үстіндегі елдерде де жалақы деңгейінің төмендеуі байқалады.
Жұмыссыздық – экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс.
Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін (кейде едәуір көлемін) экономикалық әрекет жағдай жасайтын мүмкіндіктерге қол жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды.
Екіншіден,
жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы)
еңбек дағдыларын жоғалтуға, яғни жинақталған
адам капиталынан айырылуға
Үшіншіден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың әл–ауқатының деңгейін қолдауға, мемлекетердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлі бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін ресурстарды қоғамнан оқшауландырады.
Сонымен, жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды, адам капиталынан айырылуды, әлеуметтік саралардың күшеюін, жастар проблемасының шиеленісуін білдіреді.
Жұмыссыздық
деңгейін (u) жұмыссыздар санын (U) бүкіл
экономикалық белсенді халық санына
(L) бөлу арқылы табады және ол пайызбен
көрсетіледі:
Мұнда
- Е-жұмыс істеушілер саны
Ол
Халықаралық еңбек ұйымының әдісі бойынша
және әр мемлекеттің арнайы заң нормаларымен
есептелінеді. ХЕҰ әдісі бойынша, мемлекеттік
жұмыспен қамту органдарынан басқа қызмет
орындары мезгіл–мезгіл халықтық сұрақтану
жүргізеді. Қазақстанда жұмыссыздық деңгейін
есептеумен Статистика бойынша агенство
шұғылданады.
Кесте 1 – Қазақстан Республикасындағы 2006-2008жж. бірінші тоқсаныңдағы еңбек нарығындағы негізгі көрсеткіштер
Көрсеткіштер | 15жастағы
және одан жоғары жастағы | |||
I тоқсандағы | Анықтама: IVтқ. 2006ж | |||
2005ж | 2006ж | 2007ж* | ||
Жұмыссыз халық, мың. адам | 661,1 | 652,6 | 624,0 | 618,7 |
Жұмыссыздық деңгейі, % | 8,5 | 8,2 | 7,7 | 7,7 |
15-24жас аралығындағы Жұмыссыз ха-лық | 204,8 | 207,2 | 152,9 | 146,2 |
16-24жас
аралығындағы Жастардың |
14,7 | 14,7 | 11,1 | 10,8 |
Ұзақ мерзімдегі жұмыссыздық деңгейі,% | 4,8 | 4,3 | 3,5 | 3,8 |
Жұмыспен қамтылған халық,мың. адам | 7102,7 | 7289,0 | 7489,9 | 7414,9 |
Жұмыспен қамтылу деңгейі,% | 62,6 | 63,2 | 64,1 | 64,4 |
Жалдамалы жұмыскерлер,мың. адам | 4563,0 | 4719,4 | 4897,8 | 4811,6 |
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, мың.адам | 2539,1 | 2569,6 | 2692,1 | 2603,6 |
Экономикалық белсенді халы, мың.адам | 7763,2 | 7941,6 | 8113,9 | 8033,6 |
Экономикалық белсенді халық деңгейі, % | 68,4 | 68,9 | 69,4 | 69,7 |
Экономикалық белсенді емес халық, мың.адам | 3587,1 | 3582,8 | 3574,8 | 3488,5 |
Экономикалық белсенді емес халық деңгейі, % | 31,6 | 31,1 | 30,6 | 30,3 |
Алғашқы
мәліметтер бойынша Қазақстан
Сол
жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыздардың
саны (экономика- лық белсенді жастағы
халық, жұмыс орны жоқ, бірақ белсенді
жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа дайын
адамдар) 624мың адамды құраса, ал жұмыс-
сыздық деңгейі -7,7 % құраған. Бұл алғашқы
жылдың сәйкес кезенімен салыс- тырғанда
28,6 мың адамға немесе 4,4 %-ға қысқарғанын
көрсетеді. Жұмысыз халық ішінде ерлер
- 257,1 мың адам (41,2 %),әйелдер-366,9 мың адам(58,8
%)
Кесте 2 – 2007-жылдың I тоқсанындағы жұмыссыздық
Барлығы | Оның ішінде | Анықтамалы:
2006ж I тоқсан | ||||||
ерлер | әйелдер | Барлығы | Оның ішінде | |||||
ерлер | әйелдер | |||||||
Жұмыссыз халық,мың адам | 624,0 | 257,1 | 366,9 | 652,6 | 277,0 | 375,6 | ||
Жұмыссыздық деңгейі,% | 7,7 | 6,2 | 9,2 | 8,2 | 6,9 | 9,6 | ||
15-24 жас аралығын-дағы жұмыссыздар, мың адам | 152,9 | 78,5 | 74,4 | 207,2 | 97,0 | 110,2 | ||
Жастардың жұмыссыздық деңгейі,% | 11,1 | 10,4 | 2,1 | 14,7 | 12,7 | 17,2 | ||
Ұзақ мерзімді жұмыс сыздық деңгейі,% | 3,5 | 2,5 | 4,6 | 4,3 | 3,1 | 5,5 |
Жұмыссыздық масштабын азайту ретінде жұмыссыздық ретінде жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне жету көзделінеді. Өйткені жұмыссыз- дықты мүлдем жою мүмкін емес және ондай мақсатты қойып керегі де жоқ. Фрикциондық пен құрылымдық жұмыссыздықтар түрлері экономикаға табиғи тән элементтер болып танылады, сондықтан олардың деңгейлерінің қосындысы жұмыссыздықтың табиғи деігейіне тең болады. Осы деңгейге жеткенде еңбек нарығы тепе- теңдік жағдайда болады. Бірақ еңбек нарығының бұл жағдайында кәсіптік- біліктілік жағынан бос жұмыс орны мен онда жұмыс істегісі келетін адамдар арасында толық сәйкестік бар деуге болмайды, бірақ сан жағынан ұсыныс пен сұраныс бірдей болуы мүмкін. Жұмыссыздық нарықты қатынастардан туады, сондықтан ол экономикадағы өзгеріспен тығыз байланысты. Американдық экономист А.Оукеннің есептеуі бойынша, егер ұлттық ішкі өнім (ҰІӨ) 2,7 %-ке өссе, жұмыссыздық деңгейі өзгермейді; ал ҰІӨ қосымша тағы 2 %-ке өсуі жұмыссыздық деңгейін бір пайызға азайтады және ,керісінше,ҰІӨ-нің қосымша қысқаруы жұмыссыздық деңгейін көтереді
Жұмыссыздықтың – экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселенің бірі. Қазіргі кезде адамдардағы нақты біліктілік пен қажет етілетін, яғни сұраным бар біліктілік өзара қабыспай тұр. Міне, осы екеуінің арасын жақындастыру, үйлестіру керек. Ол үшін жұмыссыз жүрген адамдарды курстарға оқытып, даярлау бағдарламасы жасалған.
Осының бәрін ұйымдастырған кездің өзінде де, жұмысқа қолы жетпей қалатын адамдар болады. Ондай адамдарды қоғамдық жұмыстарға уақытша орналастыру қажет. Сөйтіп, қоғамға пайдалы еңбек арқылы оларға табыс көзін тауып беруіміз керек. Қоғамдық жұмыстарға тартумен қатар, өз ісімен, өз кәсібімен шұғылдансам деген адамдарға шағын несие беріп (шағын несие беру жөнінде арнайы бағдарлама мен қор бар), олардың өз кәсібін ашуына көмек жасау көзделіп жатыр.
Сондай-ақ шетел инвесторлары келген кезде, шетелдік мамандар мен жұмыскерлер көбірек орын алып кетпейтіндей етіп, сол жаңадан ашылған жұмыс орныдарына мамандығы мен біліктілігі бар адамдарды жұмысқа орналастыра алатындай ішкі еңбек базарын құру қажеті де жоспарланып отыр.
Бағдарламада халықтың еңбекке жарамайтын топтарына әлеуметтік көмек жасау да қарастырылған. Оның ішінде мүгедектер жағдайына көңіл бөлінеді. Оларды сауықтыру, қоғамның ішкі өміріне араласуын күшейту, протез-ортопедия бұймдарын жетілдірілген технологиямен жасау, балалар мен ересектерге арналған мүгедектер арбаларын шығару, тағы басқа мәселелер бағдарламада қаралады.
Бағдарламада жетім балалардың, панасыз балалардың жағдайына көңіл бөліп, көмектесу қарастырылған. Республикада 46 балалар үйі және 180отбасына ұқсас балалар үйі бар, олардағы балалар саны 5 мыңдай. Ондағы балалардың кәнелетке толған соң жұысқа орналасуына, баспана берілуіне көмек көрсетіледі.
Бағдарламада
жаңа жұмыс орындарын өнеркәсіпте
қаншалықты көбейтуге болаты, оның
әр саласы бойынша анықталған. 2003-2006
жылдары жұмыс орныдарын
1.2 Жұмыссыздықтың мәні мен себептері
Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халыұтың өндірісте жұмыспен қамтымауы.
Жұмыс
қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне
қосылмайтын жандар әдетте егделеу
адамдар немесе жұмыстан жолы болмай
жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз
адамдар жұмыссыздық
Адам мына төмендегі төрт түрлі себептің біріне байланысты жұмыссыз атанады:
Ол жұмыс күші қатарына жаңадан қосылуы мүмкін, яғни ол – жұмыс орнын бірінші рет іздеп жүрген адам. Немесе төрт аптаның ішінде өзіне лайықты жұмыс орнын таппай, қайтадан жұмыс күші қатарына қосылған адам,.
Бұл адам басқа жұмыс орнын іздеп жұмыстан босанады, ол осылайша жұмыс орнын тапқанша жұмыссыз болып саналады.
Адамды жұмыcтан босатып жіберуі мүмкін. Сөйтіп жұмыстан босатылғаны жөніндегі анықтамада төлем тоқталып, жұмысшы бұл жөнінде ескертілмей, бұдан бейхабар қалады.
Жұмысшы фирманың жабылуына байланысты жұмыссыз қалуы мүмкін. Ең соңғы жұмыс орнынан айырылу еріксіз жұмыстан босану деп есептелінеді.
Жұмыссыздық - еңбекшілердің бір бөлігінің жұмыс таппай, «артық» халыққа, еңбектің резерв армиясына айналуы, бұл – капитал құрылысқа тән құбылыс. Ол К.Маркс ашқан капиталистік қорлаудың жалпылық заңының әрекететуінен туады. Жұмыссыздық капиталистік өндірістің жемісі және шарты болып табылады. «Артық» адам болу азабын капитализм тарихында тұңғыш рет Еуропаның қазіргі экономикалық жағынан дамыған елдерінің, әсіресе Англияның еңбекшілері тартты. Капитализмнің жалпы дағдарысы кезінде жаппай жұмыссыздық дамыған капиталистік елдер үшін үнемі айрылмайтын тұрақты құбылысқа айналады. Сырттай қарағанда жұмыссыздық капиталистік рыноктың жұмыс күшіне деген сұранымы мен жұмыс күшін ұсынудың арасындағы сәйкессіздік сияқты болып көрінеді, ал іс жүзінде ол неғұрлым терең, ішкі себептердің салдарынан туады. Қосымша құнды неғұрлым көп алуға ұмтылу және бәсеке күресі кәсіпкерлерді жанды еңбекті қаруландыруға, өзгермелі капиталға қарағанда өндіріс құрал-жабдықтарын неғұрлым тез өсіруге мәжбүр етеді. Мыс., Қазақстанда 1993жылдан 2003 ж. дейін жұмысшылар саны 4 есе, ал капитал құны 12 есе өсті.
Информация о работе Жұмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы