Жұмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 23:20, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыссыздықтың түрлері олардың пайда болу себептеріне қарай өзгешеленеді:
Уақытша жұмыссыздық жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша жұмысты ауыстырумен байланысты, осындай жұмыстағылар өздеріне ыңғайлырақ жұмысты өз еріктерімен іздейді. Мұндай жұмыссыздық әрқашан және барлық жерде болады.
Құрылымдық жұмыссыздық ғылыми – техникалық прогрестің, өнеркәсіптің жаңа салаларының ашылуларының ықпалымен өндіріс құрылымының өзгеруінен туындайды. Осындай жағдайға байланысты жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс арасындағы сәйкессіздік пайда болады.
Кезеңдік жұмыссыздық өндірістің құлдырауы, экономикалық дағдарыстар кезінде, кәсіпорындар жаппай күйзеліске ұшырайтын, жұмыспен қамтылғандар саны көптеп қысқаратын жағдайларда пайда болады.

Файлы: 1 файл

Жамиля.doc

— 284.50 Кб (Скачать)

Қорытынды 

     Cонымен  қорытындылай айтар болсақ, жұмыссыздық  мәселесі қазіргі кезде бүкіл  дүние жүзі бойынша ауқымды  да, күрделі мәселеге айналып  отыр. Американдық еңбек базарында  жүргізілген көптеген зерттеулер  жұмыссыздық негізгі мінездемелерін  анықтап берді. Олар қатарына жұмыссыздық дәрежелері арасында жасы, жынысы және еңбек тәжірибелеріне байланысты ауытқулар, қарсы ағымдардың жұмылдыру мен жұмыссыздықты өсіруі және азайтуы, мұндай ағымдылықтың көпшілігінің циклдік сипатта болуы, көпшілік тұлғалардың қысқа мерзімге жұмыссыз қалуы жатады. Сондай-ақ құрылымдық жұмыссыдық дегеніміз экономиканың толық жұмылдыру жағдайында болатын жұмыссыздық болып табылады. Ал циклдік жұмыссыздық дегеніміз құрылымдық жұмыссыздықты басып озу болып табылады.

     Экономиканың қай уақытта толық жұмылдырылған жағдайда болатындығын анықтау экономикалық саясаттың негізгі мәселесі болып табылады. Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі мен құрылымдық дәрежесі мағыналары бойынша сәйкес келетін түсініктер болып табылады. Жұмыссыздықтың табиғи жағдайын анықтаушы факторлар жұмыссыздықтың жалғасуы және жиілігі терминдерінде көрініс табуы мүмкін. Жұмыссыздықтың жағасуы циклдік факторларға байланысты болады.

     Біздің  елдегі жұмыссыздықтыңнегізгі нысандары  – жасырын және фрикциондық болып  табылады. Нарық қатынастарының қалыптасуы

     барысында, жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа  айнала бастады

     Жұмыссыздық зардабын бәсендететін факторлардың бірі – ғылыми техникалық өрлеу, жаңа қосымша  жұмыс күшін қажет ететін өндіріс  саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтамассыз етуді көбейтеді.Жалпы, ғылыми –техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Онын ұлғаюы, тұрғындардың әр түрлі қызмет түрлеріне деген шығынның тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғары еғбек ауқымдылығымен сипатталады.

     Қазіргі кезде біздің елде қаржы саясаты  тұрақтанды деп айтуға     болады. Ұлттық Банк бағдарды инфляция бойынша ғана белгіленген болады.

     Сонымен қатар Қазақстан әлеуметтік- саяси  жағдайлар есебімен экономиканы  тұрақтандыруд және ақша айналымында  инфляциямен күрес жүргізуде  қолдануға тырысады.

     Жұмыссыздық – бүкілдүниежүзілік проблемалардың бірі болып саналады. Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды. Жұмыссыздық мөлшері жоғары болған сайын (жұмыссыз болу ұзаққа созылады) жұмыссыздық ұзақ уақытқа созылады және жұмыссыздық мөлшері неғұрлым жоғарыласа, жалақы мөлшері де соғұрлым төмендей береді.

     Республика  бойынша және оның  жеке аймақтары  бойынша да кедей адамдар да , жұмыссыздар да бар, бірақ, оларды одан әрі кедейлендірмеу үшін, олардың  қоғамдық өмірден, қоғамның ішкі өмірінен шеткері қалмауы үшін оларға жұмыс істеп жүрген басқа адамадар есебінен көмек көрсету керек. 

     Біздің  болашағымыз -  жасөспірімдер. Жұмыссыз жасөспірімдердің көбі  -  жұмыс  күші қатарына жаңадан келіп қосылғандар. Егер жастардың жұмыс іздеуге кеткен уақыты қысқартылған болса, онда олардың арасындағы жұмыссыздықты азайтуға болар еді. Жастарды мектеп бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыратын қызмет немесе орталықтар құрылуға тиіс.

     Жастардың жұмыс күші қатарына қосылып және одан шығуының бір себебі – сол жұмыс орны оларды қызықтырмайды. Жұмыс орнын жақсарту мәселесімен кейбір еуропалық елдер, әсіресе, Германия жастарды жұмыс орнына қызықтыру үшін техникалық тұрғыдан оқытуды қолға алып отыр.

     Жұмыссыздықты тереңірек болдырмау үшін, біздер белгілі бір шараларды қолдануымыз керек:

     Мемлекет  жаңа жұмыс орындарын ашу керек.

     Жаңа  жұмыс орындарын аша отырып, бірте-бірте  жалақыны өсіру.

     Адамдарды қоғамдық жұмыстарға тартумен қатар, өз ісімен, өз кәсібімен шұғылдансам  деген адамдарға шағын несие беріп, олардың өз кәсібін ашуына көмек жасауға көмек көрсету.

     Шетелдік  инвесторлар келген кезде, шетелдік мамандар мен жұмыскелер көбірек  орын алып кетпейтіндей етіп, сол жаңадан  ашылған жұмыс орындарына мамандығы  мен білікті бар адмдарымызды жұмысқа орналастыра алатындай  ішкі еңбек базарын құру қажеті де жоспарлануы қажет.

     Сонымен, жұмыссызыдық деңгейін төмендету шараларын  асыруға қажетпіз. Біз Қазақстандағы  әр отбасының кемінде бір мүшесін  жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуі тисті  және жұмысты жоқ халықты еңбек етуге ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын құруымыз біздің міндеттімізге жатады.Біздің  көзделіп отырған мақсаттар – жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүзеге асыру және негізінен еңбекке жарамсыз кедей азаматтарға, сондай-ақ, еңбек базарындағы жағдайы осал халыққа таулы көмек көрсету есебінен кедейліктің ауқымын қысқарту және жұмыссыздық деңгейін төмендету  болып табылады. 
 
 

Информация о работе Жұмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы